өндірісте экономиканы модельдеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 18:31, реферат

Краткое описание

Бәсекелестік- бұл нарық шуаруашылығына катысушулардың арасындағы өндірістің жақсы жағдайы үшін, тауарды дұрыстап сату мен сатып алу үшін бақталастық.
Бәсекелестік- экономикалық күрес, оқшауланған өндірушіредің өнім, жұмыс, қызмет көрсеті үшін өзінің мүдделерін қанағаттандырудағы өзара бақталастығы және олар осы өнімді сатумен жұмыстадағы өзара бақталастығы және олар осы өнімді сатумен, жұмысты орындаумен, сол бір тұтынушыға ғана қызмет көрсетуменбайланысты.

Содержание работы

1. Бәсекелестік түсінігі, мәні, маңызы
2. Бәсекенің түрлері
3. Бәсекелестікке қабілеттілік
4. ҚР-да бәсекенің даму ерекшеліктері,кәсіпорынның қысқаша экономикалық міңездемесі
5. Кәсіпорынның бәсекелестердің қызметін талдау
6. Қолданылған әдебиеттердің тізімі

Содержимое работы - 1 файл

моделдеу.маржан апай.doc

— 103.00 Кб (Скачать файл)

        3.Олигополистикалық нарық баға белгілеу саясатына және бір-бірінің маркетингілік стратегиясына өте сезімтал біршама сатушылардан құралады. Тауарлар бір-біріне ұқсас та (болат, алюминий), ұқсас емес те болуы мүмкін (автомобильдер, компьютерлер). Жаңа талапкерлердің нарыққа енуі өте қиын болғандықтан сатушылардың саны көп болмайтын. Әр сатушы бәсекелестің стратегиясына және қимылына дереу қарсы әрекет көрсетеді. Егер қайсы бір болат қорыту компаниясы өз бағасын 10 % төмендетсе, сатып алушылар дереу осы компанияға ауыса бастайды. Басқа болат өндірушілер бұл жағдайды ескеріп не бағаны төмендетуі, не атқаратын кызмет санын, не көлемін өсіруге тиіс. Олигополистер бағаны төмендету арқылы ұзақ уақытқа созылатын нәтижеге жететініне ылғи сенімде бола алмайды. Екінші жағынан олигополист бағаны жоғарылатса, оның бәсекелестері оған ермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ол бағаны не бұрынғы қалпына келтіруі керек, не өз клиенттерінің бәсекелестер жағына ауысуына дайын болуы керек.

       4 .Таза монополия жағдайында нарықта тек қана бір сатушы болады. Бұл мемлекеттік мекеме (мысалға, Қазақстанда темір жол компаниясы), жеке жүйеленетін монополия (мысалға, “Қарағанды-Жылу”) не жүйеленбейтін монополия (мысалға, нарыққа нейлонмен шығар кезеңіндегі “Дюпон”). Әр ерекше жағдайда баға белгілеу әр түрлі болып құралады. Мемлекеттік монополия баға саясаты көмегімен әр түрлі мақсатты көздеуі мүмкін. Ол тауар сатып алушылар үшін өте маңызды болып, бірақ олар оны толық бағасына сатып ала алмайтын жағдайда, оның бағасын өзіндік құнынан төмен белгілеуі мүмкін. Баға тек шығындарды қайтару, не жақсы табыс табуды көздеуі мүмкін. Тұтынысты жалпы қысқарту мақсатында өте жоғары баға белгіленуі де мүмкін. Жүйеленген монополия жағдайында үкімет компанияға “Әділ нормалы табыс” келтіретін, соның нәтижесінде мекемеге өндірісті қолдап отыратын, ал қажетті жағдайда оны кеңейтуге мүмкіншілік беретін баға тағайындауға ұлықсат береді. Оған керісінше, жүйеленбейтін монополия жағдайында фирма нарық көтеретін кез келген бағаны белгілей алады. Дегенмен бірқатар себептерге байланысты, фирма мүмкіншілігінше максимальды бағаны тағайындамайды. Бұл әрі мемлекеттік жүйелеуді енгізуден сескену, әрі бәсекелестерді елеңдетпеу, әрі төмен бағаны пайдаланып - нарықты игеруді тереңдете түсу.

     Сатушының не болса да сатам деген өте айқын құлшынысы. Сiздiң тұрақты мекен жайыңызды өзгертуiңiзге байланысты өз үйiңiзден тез арылғыңыз келетiн жағдайыңызды білетiн сатып алушы бағаны төмендетуге тырысады. Баға төмендейді деген қауіп төнсе, сатып алушылар ұсынылған тауардан бас тартады.

     Коммерциялық көрсету саласының ерекшеліктері: жеке тұтыну сипаты, қорланудың мүмкін еместігі, өндіру мен тұтынудың бөлек болмайтыны. Бұл ерекшеліктеріне қарай, мұнда баға құрылуының, оны анықтау тәсілінің және баға саясатын жүргізудің де өзіндік ерекшеліктері бар.

    Коммерциялық  маркетинг саласының бағасын  реттеу үш факторға бөлінеді:

-Мемлекет  реттейтін қызмет көрсету бағасының  тарифі;

-Нарыққа қатысушылардың өздері реттейтін қызмет көрсету бағасының тарифі;

 -Таза  нарық механизмі қалыптастыратын  қызмет көрсету бағасы;

      Бірінші топқа қызмет көрсетудің  мына түрлерін жатқызуға болады: байланыс, транспорт, денсаулық сақтау  және білім беру. Бұл топқа тарифті мемлекет реттейтін табиғи монополия да жатады.

      Екінші  топқа, қызмет көрсетудің  баға тарифін  әр түрлі бірлестіктер немесе нарыққа  қатысушылар келісімімен реттелетіндер  тобы жатады: авиа тасымалдау, нотариус қызметі, адвокат.

      Ал, үшінші топқа баға тарифі  толықтай нарық жағдайымен анықталатын  қызметтер жатады: тұрмыстық қызмет  көрсету, банк қызметі, коммерциялық, медициналық қызмет көрсету.

   ҚР-да бәсекенің даму ерекшеліктері, кәсіпорынның қысқаша экономикалық мінездемесі.

        «Рахат» акционерлік қоғамы – 60 жылдан артық тарихы бар, Қазақстандағы кондитер өнімдерін шығаратын ірі өндіріс орындарының бірі. 

Кондитер  өнімдері алғаш рет 1942 жылы ликер-арақ зауытының алаңдарында Мәскеу және Харьковтен соғыс кезінде әкелінген  жабдықтармен өндірілді. 

«Рахат» АҚ-нда 3.500-ге тарта адам жұмыс жасайды. Өндіріс қуаты екі жерде, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан. Өндірістің  жан-жақты сипаты, ауқымдылығы және какао бұршақтарын қайта өңдеу бойынша жеке өз желілерінің болуы компанияның отандық өндірушілер арасында кондитер өнімдерінің кең көлемдегі сұрыпталымына ие болуына мүмкіндік береді. Қазіргі күні «Рахат» АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 250-ден астам атауға ие, 10 түрлі топқа жататын әр алуан кондитер өнімдеріне толы. «Рахат» АҚ - диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгерген Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға калориясы төмен және табиғи шикізатпен тең қант алмастырғышы бар шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атаулары кіреді.

      Біздің  өнім отандық нарықтағыдай  жақын  және алыс шет елдер  нарығында  да белгілі.»Рахат»  АҚ өз өнімін ішкі нарықта жоғары деңгейде жеткілікті ету саясатын жүзеге асырады. «Рахат»  АҚ сату ауқымы бүкіл Қазақстанды  қамтиды, компанияның 14 облыс орталығын қосқанда 18 қалада өнім тарату жүйесі бар. Алматы қаласы бойынша өнім ірі көтермемен сатып алушылар арқылы, сонымен бірге фирмалық бөлшек сауда дүкендері арқылы таратылады. Республиканың басқа аймақтарына «Рахат» АҚ өнімін жеткізу фирмалық сапалы өнім сатуды жүзеге асыратын дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорындар) құрумен қамтамасыз етіледі. Осылайша «Рахат» АҚ-ның сату ауқымы бүкіл Қазақстанды және компанияның еншілес сауда ұйымы бар көрші Қырғызстанды қамтиды. Өнімді сыртқа шығару жоғары бәсекелестік жоқ және саяси-экономикалық жағдайлар ішкі саудаға кедергі келтірмейтін орталық-азия өңірлеріндегі елдермен (Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан) жүргізіледі. ТМД-ның басқа республикалары және алыс шет елдер тарапынан «Рахат» АҚ өніміне деген қызығушылыққа байланысты келешекте компания өндіріс көлемін арттыруды және экспорт көлемін ұлғайту жолымен өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр.

      Компания  тұтынушылардың мүддесін  ғана емес, өз қызметкерлері туралы  да ойлайды. Компания қызметкерлері  үшін өнімді және қанағаттанарлық  тұрғыда еңбек етуге мүмкіндік  беретін жағдайлар жасайды. Бірінші  және екінші ауысым қызметкерлері үшін ыстық тамақпен қамтамасыз ететін асхана жұмыс істейді, жоғары санатты дәрігерлер қызмет істейтін санитарлық бөлім бар, сауна мен жаттығу залы бар сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Түрлі сала мамандарының біліктілігін көтеру бойынша жүйелі сабақтар жүргізілетін оқу класы бар, мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған.

Біз өз қызметкерлерімізге серіктес болғымыз келеді, сол себепті әр қызметкерімізді  бағалаймыз, жұмысқа әлеуметтік бағытта  жағдайлар жасаймыз, компанияның толық қанағаттанарлық әрі беделді жұмыс орны болуын қалаймыз.

     Кәсіпорынның бәсекелестердің  қызметін талдау 

    Бәсекелік ортаны зерттегенде  маркетингтік зерттеулер жүргізіледі,  кәсіпорындардың өндірістік қызметі осы нәтижелерге негізделеді.

    Нарық сарапшыларының көпшілігі, әсіресе отандық өндірушілердің кондитерлік өнімдерінің сапасының жақсаратынын болжайды. Қазірдің өзінде тұтынушылардың отандық өнімді таңдайтыны байқалады. Кондитерлік өнімді өндірушілердің маркетингтік белсенділігі де дамып келеді.

    Батыс компаниялары негізінен  шоколад  шығаруға (карамельден  немесе печеньеден қымбат әрі  пайдалы) басымдық береді, сондай-ақ  өздерінің белгілерін жылжытуға  инвестиция салуды дұрыс деп  санайды. Осы тұрғыдан «Рахат»  кондитерлік фабрикасының стратегиясы қызығушылық тудырады. Аталмыш фабрика ұлттық кондитерлік белгі жасауды жоспарлап отыр. Компанияның осы стратегиясы оған келешекте нарықтың көшбасшысы Nestle-ге жетуге мүмкіндік беруі ықтимал. Өнім өндіру мен оны сату бойынша «Рахат» кондитерлік фабрикасы көп жылдар бойы көш бастап келеді. Ол жылына 52 мың тонна тәтті тағам шығарады, екінші орында «Баян сұлу» фабрикасы – 23 мың тонна, Қарағанды фабрикасы – 11 мың тонна және Ақтөбе кондитерлік фабрикасы – жылына 3 мыңға жуық тәтті өнім шығарады.

    Негізгі бәсекелестері – ресейлік  өндірушілер: олар өндірген тауар  жергілікті кәсіпорындармен   салыстырғанда сапасы мен бағасы  жағынан және орамы бойынша  әлдеқайда бәсекеге жарамды. Олардың  негізгілері: Мәскеу – «Красный  Октябрь» ОДО, «Рот-Фронт» ААҚ,  «Бабаевский» концерні, Санкт-Петербург – «Азарт» ААҚ, құрамына «Конфи» (Екатеринбург), «Волжанка» (Ульяновск) ашық акционерлік қоғамдары және «Кондитер» (Новосибирск) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кіретін «Сладко» кондитерлік бірлестігі.Сондай-ақ еліміздегі нарықта Түркиядан, Германиядан, Швейцариядан, Финляндиядан, Австриядан әкелінген, мүлдем жаңа технология бойынша өндірілген тауарлар да бәсекелестікке түсіп отыр.

    Бәсекеге  қабілеттілікті кәсіпорынның рейтингін  әзірлеу негізінде бәсекеге қабілеттілік факторларының жиынтық ықпалының негізіндегі бәсекеге қабілеттілік құрамдастарының жиынтық ықпалын ескере отырып бағалауға болады. Осылай бағалау міндетті түрде ресми есептілік деректеріне негізделуге тиіс. Біздің ойымызша, Қазақстанның кондитерлік өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарын рейтингтік бағалау үшін бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы рейтингтік бағалау әдістемесін ұсынуға болады.

    Ұйымдастыру-экономикалық механизмін  пайдаланып өнімнің бәсекеге  қабілеттілігін бағалауға, оның  келешектегі  жай-күйін болжап, осы өнім ұйымның  бәсекеге қабілеттілігіне қалай  ықпал ететінін білуге болады. Ұйымның  өсу стратегиясы өнім мен кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау нәтижелеріне негізделеді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Қолданылған әдебиеттердің тізімі

    1  Проблемные вопросы современной  экономики Казахстана // Жас ғалымдар  – Қазақстан тәуелсіздігінің  10 жылдығына. Халықаралық конференциясының  еңбектері. ҚазҰТУ. – Алматы, 2001.–  30-35 б.-0,3 б.т.

    2  Развития конкуренции в кондитерской  промышленности Казахстана // Материалы международной конференции Состояние и перспективы конкурентоспособности экономики Республики Казахстан: современная методология промышленного маркетинга, финансировании и управления». – Алматы, 2007. – №1. – 150-154 б. -0,4 б.т.

    3  Формирования государственный  инновационной политики в зарубежных  странах и в Республике Казахстан  // Материалы международной конференции:  Состояние и перспективы конкурентоспособности  экономики Республики Казахстан:  современная методология промышленного мар-кетинга, финансировании и управления». – Алматы, 2007. – №2. – 143-145 б. 

-0,3 б.т. 

    4  Республикадағы кондитерлік  сала кәсіпорындарының бәсеке  қабілеттілігінің ерекшеліктері  // Халықаралық ғылыми тәжірибелік  конференция. «Көлік коммуникациялық кешені дамуының қаржы-экономикалық механизмін жетілдіру». – Алматы, 2008. 231-233 б. -0,2 б.т.

    5  Кондитерлік тауарларды жылжытуға  тауарлық саясатпен стратегияны  қалыптастыру // Халықаралық ғылыми  тәжірибелік конференция. «Көлік  коммуникациялық кешені дамуының қаржы-экономикалық механизмін жетілдіру». – Алматы, 2008. – 229-231 б. -0,2 б.т.

    6  Методика оценки конкурентоспособности  хозяйствующих субъектов // Материалы  международной научно-практической  конференции, посвященной 75-летию  КазНУ им. аль-Фараби. «Конкурентоспособность экономики Казахстана: ускоренная модернизация национальной экономики и развития корпоративных структур». – Алматы, 2008. – №2. – 176-182 б. 

-0,7 б.т.

    7  Кондитерлік саладағы кәсіпорындардың  бәсеке қабілеттігін көтеру // Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы. – Алматы, 2008. – №2. 86-88 б.

-0,3 б.т.

Информация о работе өндірісте экономиканы модельдеу