Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2012 в 22:17, реферат
Өнім сертификациясы өнімнің белгілі бір талаптарға сай екендігін растайтын әдістің бірі.
Ұлттық сертификация жүйесі әрекет етуші дүниежүзілік ИСО және СЕРТИКО құқықтары мен нормаларына сәйкестендіріліп құрылады.
Сертификациялаудың сәйкестікті растау процедурасынан айырмашылығы ол тұтынушы және дайындаушыдан тәуелсіз үшінші жақпен орындалады, бұл өз кезегінде оның нәтижесінің объективтілігіне кепілдік беріледі.
1. Сертификаттау туралы жалпы түсінік.
2. Өнімді сертификаттауды ұйымдастыру және сертификаттауды жүргізу тәртібі.
3. Өнімді сертификаттау түрлері.
4. Қазақстан Республикасында өнімді сертификаттау.
5. Дүниежүзілік, халықарылық сертификаттау жүйесі.
- банк ұйымдарының кәсіпорынды несиелеу саясатының қажеттілігін анықтауды;
- сақтандыру ұйымдарының кәсіпорынды сақтандырудың қажеттілігін анықтағанда;
- басқа жағдайларында, кәсіпорынның тұрақты қажетті деңгейдегі өнімді шығара алатындығын дәлелдегенде.
Сапа жүйесін және өнеркәсіпті сертификаттау жұмысы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінің әрі қарай сапа жүйесін және өндірісті сертификаттау органы, ол болмаған жағдайда ҚР мемстандарт комитетінің өкілетті органы жүргізеді.
Өндірісті сертификаттау жұмысы, өнімге таралатын нормалық құжаттардың талабы бойынша, сертификаттаған дайындаушы кәсіпорынның тұрақты өнім шығаруды қамтамасыз етуіне, техникалық және ұйымдастырушылық мүмкіндігі бар екендігіне көз жеткізеді және бағалайды. Сапа жүйесін сертификаттау дайындаушы кәсіпорынның МЕМСТ 40.9001-40.9003 (ИСО 9001- ИСО 9003) талаптарына сай, сапа жүйесін анықтау және бағалау.
Сапа жүйесін және өндірісті сертификаттаудың негізгі принциптері: өз еріктілігі және құпиялылығы, міндеттілігі, бағалаудың объективтілігі, бағалау нәтижесін жаңғырта алу.
Өндірісті сертификаттау тәртібі:
- сертификаттауды өткізуге сұраным беру;
- алдын-ала бағалау;
- сертификаттаудың тәсілін құрастыру;
- тексеру жүргізу;
- сертификат беру;
- сертификатталған өндірісті инспекциялық бақылау.
Алдын-ала бағалау сұранымды алған күннен бастап бір ай ішінде аттестатталған эксперт-аудиторлар тобы жүргізеді.Топ құрамына технологияның сапасын бақылау және сынақ жүргізуде жеткілікті тәжірибесі бар, сертификаттау органының аттестацияланған эксперт-аудиторлар кіреді, қажет болған жағдайда, басқа ұйымдардың мамандары да шақырылуы мүмкін. Топ құрамына кәсіпорынның адамын кіргізуге болмайды.
Алдын-ала бағалауға кәсіпорын берген материалдарды сараптау және бағалауға, кәсіпорынның сертификаттау өткізуге дайындығы туралы тұжырымы кіреді. Сараптау және бағалау, негізгі материалдарды, сертификаттайтын өндірістің өндіретін өнімге нормалық құжаттар талабын, сертификаттау тәсілінің талаптарын талдау және өнім сапасы жөнінде тәуелсіз жерден мәліметтер алу арқылы жүргізіледі.
Алдын-ала бағалау тұжырымы кәсіпорынға жіберіледі, онда бағалауды әрі қарай жалғастыру немесе байқалған кемшіліктер көрсетіледі.
Тексеруді өндірісті сертификаттау органы бекіткен комиссия жүргізеді.
Тексеру нәтижесі бойынша акт жасалынады. Актіде өндірістің өнім сапасын тұрақты қамтамасыз ете алатындығы және өндірістің талаптарға сай екендігі туралы қорытынды көрсетіледі. Комиссия 1 ай мерзімде акт жасап, өндіріске жібереді.
Сертификат күші мынадай жағдайда тоқтатылуы мүмкін:
- өнім нормалық құжаттарға сәйкес болмаған жағдайда;
- өнімді жасау технологиясы өзгеріп, ол өнім сапасын төмендетуге соқтырған жағдайда.
Сертификат күшін ұзарту туралы шешім сертификат күші бітпестен 3 ай бұрын берілген сұраным бойынша, тексеруден кейін беріледі.
Қызмет етуді сертификаттау.
Қызмет етуді сертификаттау көрсетілетін жұмысқа нақты стандарт талабы болуын қажет етеді. Республикада қалыптасқан тұрмыстық қызмет етудің ішінде –шаштараз, монша, тұрмыстық, радиоэлектроника, электр аппараттары, бас киім, сәнді бұйымдар тігу, автокөлік жөндеу, химиялық тазарту, аір жуу, аяқ киім тігу және жөндеу, үйді жөндеу т.с. кең тараған. Нарықтық экономикаға көшкелі халықаралық туризм және қонақ үй қызмет ету жұмысы да кең тарап келе жатыр.
Аталған қызмет көрсету жұмысы сертификаттауды талап етеді. Қызмет етудің қаіпсіздігіне байланысты басты міндеті бірнеше сатыларға бөлінеді. Осы көрсеткіштерге қарай сертификаттау құрылымы да өзгеріп отырады. Мысалы, шаштараз қызмет ету жұмысында әр түрлі пайдаланатын химикаттар т.б. заттар адам өміріне қауіпсіз болуы керек. Осындай көрсеткіштер автокөлік, киім тазарту т.с.с. қызмет етуде де орындалуы қажет.
Қазақстан Республикасында қызмет етуді сертификаттау автокөліктерге қызмет көрсету және өңдеу химиялық тазарту мен бояу, туристік, қонақ үй қызмет ету, жолаушыларды автокөлікпен тасымалдауды сертификаттау қалыптасты.
Қызмет етуді сертификаттау жүйесінің қағидалары өнімдерді сертификаттау жүйесімен бірдей. Сонымен қатар қызмет етуді сертификаттаудың өзіндік ерекшелігі де бар, қызмет ету барысында орындаушы мен тұтынушының қарым-қатынасы, тұтынушыға көрсетілген қызметтің әсері, уақыты, сапасы т.б. Қызмет етуді сертификаттау құрылымына мына жұмыстарды қосуға болады:
- материалдық қызмет етудің нәтижесін тексеру;
- көрсетілген қызметтің сапа жүйесін сертификаттау;
- қызмет ететін жұмыскерді аттестациялау;
- қызмет ету технология тәсілін аттестаттау;
- қызмет көрсетеін кәсіпорындарды сертификаттау;
- инспекциялық бақылау.
Сертификаттау бұл өнім істеп шығару және оның сапасы бойынша әлемдік тәжірибеге өтудің бір жолы және отандық кәсіпрындар үшін әлемдік нарықтағы бәсекеге даярланудың ең тиімді әдісі болып табылады. Қазақстанда өнімдер мен қызметтерді стандарттау, сертификаттау, тіркеу және нормативтік құжаттардың міндетті түрде жүзеге асырылуын Индустрия және сауда министрлігі қадағалап отырады.
Өнімді сертификаттау экономиканың, өнеркәсіптің, ғылымның, сауданың барлық салаларының дамуына ықпал етеді, яғни ол еліміздің индустриалдық дамуының негізі болып табылады. «Қазақстан Республикасының индустриялық инновациялық даму стратегиясын» жүзеге асыру барысындаға экономикалық өзгерістер, еліміздің БСҰ кіру мәселелері осы кезге дейін қалыптасқан ұлттық өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесін өзгертуді талап етеді. Осы іс-шаралар нормаларын халықаралық тәжірибеде қолданылатын нормаларға сәйкес келтіру қажет. Бұл мәселе заңнамалық актілерді, нормативтік құжаттарды үйлестіру, метрологиялық қызметтің техникалық негізі –республикалық эталондық базасын дамыту жолымен жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта, осы айтылған іс-шараларды Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі құрамындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі комитеті, республика аймағында қолданбалы жұмыстарды іске асыратын «Қазақстан метрология институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорын және құрамында маман метрологтар жұмыс істейтін кәсіпорындар мен мекемелердің 300-ден астам метрологиялық қызметтері бар. Осылардың ішінде заттар мен материалдардың құрамы, стандарттық үлгілердің уақыты мен жиілігін, экологиялық, гидрохимиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулерді жүзеге асыратын мамандандырылған қызметтер бар.
Аталған қызметтер мәліметі бойынша, қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған 12832 кәсіпорынның тек қана 116-сы (0,9%) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сапа басқару сертификатталған . Енді бар болғаны 94 кәсіпорын сапа жүйесін енгізуге дайындықтарын жалғастыруда. Стандарттау, сертификаттау және метрология жөніндегі комитет 13000-нан астам халықаралық стандарттарға иелік етеді. Оның тек 288-і, яғни 2,2% ғана отандық кәсіпорындар талабына сай келеді. Машина жасаумен айналысатын 1400 кәсіпорынның тек қана 14-і ИСО-9000 сериясының талаптарына сәйкес сапа жүйесімен сертификатталған. Бұл жағдай машина жасау саласының халықарлық бәсеке былай тұрсын, Қазақстан ішіндегі бәсекеге жауап бере алмайтындығын көрсетеді. Қазақстанда құрылыс индустриялық құрылыс саласында қазіргі кезде 40 кәсіпорын сапа жүйесімен сертификатталған болып, бұл салада жағдай біршама дұрыс.
Қазіргі кезде әлемдегі экономикада бәсекелестікке қабілетті өнімдер ИСО-9000; ИСО-14000 сериялары бойынша сертификатталған болып, 500 мыңнан астам компаниялар ИСО сапа басқару жүйесімен жұмыс істейді.
Халықаралық стандарттарға сәйкес келетін сапа жүйесіне өту және халықаралық стандартты енгізу үшін кәсіпорындрдың өздері дайындық жұмыстарымен белсене айналысып, өз өнімінің сапасын жоғарлатуымен қатар, өндіріс бойынша жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс.
Қазақстанда қазіргі кезде бұл салада жоғары жетістіктермен жұмыс істеп отырған кәсіпорындар да баршылық. Мысалы, Петропавл қаласындағы электроизоляциялық материалдар істеп шығару кәсіпорын (ТОО «ППЭИМ»), өз өнімдерінің 80% шетелге шығарады. Мұның басты себебі, кәсіпорын өнімдерінің жоғары сапалылығы мен тиімді бағасы олардың қуатты бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуінен туындап отыр. Бұл кәсіпорын келешекте ғылыми зерттеу, инженер-конструкторлық жұмыстарды жеделдету арқылы қазіргі заман талаптарына жауап беретін электроизоляция материалдарын істеп шығаруды көздеп отыр.
Петропавл қаласындағы ауыр машина істеп шығару заводы Қазақстанда бірінші болып халықаралық ИСО -9001 сапа сертификатын алған.
Өнімдерді сертификаттау арқылы олардың сапасын арттырады, ішкі және сыртқы саудадағы бәсекелестігін өсіреді.
Европалық экономикалық комиссияның (ЕЭК) анықтамасы бойынша, сертификаттау деп «өнім немесе қызмет түрлерінің белгілі стандарттарға және техникалық шарттарға сай екендігін сәйкестік сертификат немесе сәйкестік белгі арқылы растауды» айтады, басқаша айтқанда, сертификаттау - өнімнің стандартқа немесе басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сай екендігінің кепілдігі.
Халықаралық тәжірибеде сертификаттаудың екі түрі қабылданған: 1) сертификаттау (немесе «өндірушінің мәлімдемесі» ), 2) «үшінші жақ тарапынан» сертификаттау.
Сертификаттаудың бірінші түрі көбінесе АҚШ пен Канадада көп тараған; мұнда өндіруші өнімнің стандартқа сай екендігі туралы сертификаттар толтырып немесе сертификат белгісін қойып мәлімдейді. Бұл жағдайда өнім қандай сынақтардан өткізілгені туралы ақпараттар тұтынушыларға беріледі.
«Үшінші жақ тарапынан» сертификаттау сертификаттаудың көбірек тараған түрі. Мұнда өнімді сынақтан өткізуді және сертификаттауды өндірушілер мен тұтынушыларға тәуелсіз әділетті органдар жүргізеді; әдетте мұндай органдар сынақтың ресми орталықтары (лаборатория, институт) немесе стандарттау ұйымдары болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. «Сертификаттау» оқулығы К.Сағадиев, А. Смағұлов, Б.Барақбаев, А.Қалиев, Алматы 2000ж.
2. «Егемен Қазақстан №121-122» 26 СӘУІР СЕНБІ 2008 ЖЫЛ Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК. «Метрология күніне арналды»
3. журнал Ізденіс=Поиск: Серия.Гуманитария 2004 жыл №2
4.