Маркетинг концепциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Февраля 2012 в 17:42, реферат

Краткое описание

Маркетинг (ағылшынның market – нарық сөзінен) – бұл кәсіпорынның өндірістік-өткізушілік және ғылыми – техникалық іс – әрекетін басқаруының нарықтық концепциясы, ол кәсіпкерлік өрісті, нарықты, тұтынушылардың нақты мұқтаждықтарын және өндірілетін тауарлар мен қызметтердің оларға бағыттылығын танып білуге арналған. Маркетинг негізінде өте қарапайым бастапқы ой жатыр: сатып алушы қалайтын және оның мұқтаждықтарын, қажеттіліктерін және сұранысын жалпы қанағаттандыра алатын затты, ол төлеуге дайын баға бойынша өндіру.

Содержание работы

1.Кіріспе ......................................................................................... 3
2. Негізгі бөлім
2.1 Маркетинг мәні мен мазмұны ............................................ 4 – 10
2.2 Маркетинг принциптері мен функциялары .......................... 11 – 14
3. Қорытынды ........................................................................................... 15
4. Қолданылған әдебиеттер тізімі ......................................................... 16

Содержимое работы - 1 файл

ИДЗ 2 маркетинг.docx

— 74.59 Кб (Скачать файл)

     Маркетинг – микс тұжырымдамасы – маркетинг – менеджмент теориясы мен практикасы дамуының әдістемелік негізі. Сондықтан ол маркетинг шараларын жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және бақылауға байланысты басқарушылық іс – әрекеттің негізі болып табылады. Экономикаға, өндірушіге және тұтынушыға ықпал ету тұрғысынан қарағанда маркетинг рөлі келесідей сипатта болады.Тиімді ұйымдастырылған маркетинг өндіруші табысына жол ашып, экономикалық және саяси факторлардың екіұдай жағдайында нарықтағы бәсекелестік қабілетін ұштайды. Маркетинг тауарлар мен қызмет көрсетуге сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігін анықтап, сондай – ақ өндіруші мен тұтынушылардың өзара ұзақ мерзімді қатынастарын орнықтыру негізінде еңбек тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Тұтынушының қажеттіліктерін зерттей келе, оларды қанағаттандыруға жәрдемдесуі маркетингтің әлеуметтік-экономикалық рөлін көрсетеді.

     Маркетингтің  негізгі сипаттарын, белгілерін, табиғатын  талдай келе, оны: қазіргі бизнес философиясы  мен идеологиясы; экономикалық үрдіс; шаруашылық қызметтің саласы; ойлау  жүйесі және тұжырымдамасы; шаруашылық етуші субъектілерді басқару  жүйесі; құнды игіліктерді жасау  және өткізу; ғылыми сала деп анықтауға  болады. Маркетингтің осындай белгілері  Қазақстан экономикасының әр түрлі  салаларында қалыптаса бастады. Қазіргі жағдайда ол білім және ғылым саласы ретінде қарқынды дамуда, бұл маркетинг жөніндегі мамандарды, ғылыми қызметкерлерді дайындап шығару, ғылыми – зерттеу жұмыстарды орындау мен осы ғылымды ұйымдастырушылық – әдістемелік жағынан дайындаудан көрінеді.

     Маркетинг көптеген ғылымдар тоғысында тұр, әсіресе  әлеуметтану және психология ғылымдарының қиылысында, оның маңызды міндеттерінің бірі әлеуметтік – психологиялық тұрғыдан қарағандағы сатып алушының мінез – құлқын зерттеу болып табылады. Сондықтан маркетингті экономикалық және әлеуметтік ғылымға да жатқызуға болады, өйткені оның зерттеулері әлеуметтік бағытта дамыды. Дамыған елдердің экономикасы мен менеджмент жүйесіндегі өзгерістер – 60 – шы жылдары мінез – құлық ғылымы негізінде қалыптаса бастаған тұтынушылардың мінез – құлқы туралы ғылымның маркетинг құрамында пайда болуына түрткі болған басты фактор. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 

     Маркетинг – бұл таза нарықтық түсінік, бұл  белгісіз нарыққа шығарылған тауардың аты мен хаттамаланыу емес, бұл сатып алушылардың талаптарын есепке алудың және талдаудың ғылыми құрастырылған концепция, және жаңа тауардың талап етілгені анақталған кездегі құрылым; бұл ынталандыру мен жарнама бойынша шараларды қоса алғандағы сатуларды ұйымдастыру жүйесі. Оның функциясы – белгілі нарықтық жағдайларда өндіруші, сатушы және тұтынушы арасында олардың барлығымен пайда алуды мақсат тұтатын арақатынасты дамыту.

     Менеджменттің әйгілі маманы Питер Друкердің ұйғарымы бойынша: «Бизнес мақсатының тек  бір ғана дұрыс анықтамасы бар, ол – тұтынушыны жасау. Фирманың болашағы мен табыстылығы үшін тұтынушы оның тауары туралы не ойлайды, тауар құндылығы  деп нені есептейді, осының барлығы  бизнестің мәнін анықтап, түпкілікті маңызын білдіреді, фирманың табысқа жету жолын айқындайды.

     Маркетингтің  негізгі сипаттарын, белгілерін, табиғатын  талдай келе, оны: қазіргі бизнес философиясы  мен идеологиясы; экономикалық үрдіс; шаруашылық қызметтің саласы; ойлау  жүйесі және тұжырымдамасы; шаруашылық етуші субъектілерді басқару  жүйесі; құнды игіліктерді жасау  және өткізу; ғылыми сала деп анықтауға  болады. Маркетингтің осындай белгілері  Қазақстан экономикасының әр түрлі  салаларында қалыптаса бастады. Қазіргі жағдайда ол білім және ғылым саласы ретінде қарқынды дамуда, бұл маркетинг жөніндегі мамандарды, ғылыми қызметкерлерді дайындап шығару, ғылыми – зерттеу жұмыстарды орындау мен осы ғылымды ұйымдастырушылық – әдістемелік жағынан дайындаудан көрінеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Алтынбаев Б.А. Маркетинг негіздері. Алматы 2002ж. – 165 б..
  2. Есімжанова С.Р. Маркетинг. – Алматы: «Экономика» 2003ж. – 466 б.
  3. Котлер Ф. Маркетинг менеджмент. Пер.с англ. СПб: Питер 2004г. – 798с.
  4. Питер Дойль Менеджмент: стратегия и тактика. Пер,с англ. – СПб: Питер 2000г. – 560с.
  5. Тойкин С.Х., Жайнақова Ә.Т., Тәмпішева Қ.Б. Маркетинг негіздері. Оқулық. – Астана: Фолиант баспасы., 2007ж. – 255 б.
  6. Петренко И.Я. Основы марктинга в сельском хозяйстве. Костанай, 1992г.
  7. Омарова С.К.Аграрлық  маркетинг. Алматы 2000ж. – 52 б..
  8. Давлетова М.Т. Халықаралық маркетинг. Алматы «Экономика»2002ж. – 319 б
  9. Камышбаев Р.А. Халықаралық маркетинг. Алматы 2005ж. – 152 б..
  10. Ламбен Ж. – Ж. Стратегический маркетинг Маркетинг: учебник для вузов/Г. Л. Багиев, В. М. Тарасевич, Х.Анн; Под общ. ред. Г. Л. Багиева. – М.: ОАО «Изд – во „Экономика“», 2001г. – 703 с.
 
 

  
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Маркетинг концепциялары