Менеджментің мақсаты,мiндетi, онын кұрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Апреля 2012 в 18:06, реферат

Краткое описание

Қазақстан экономикасында ақырғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар өндіріс пен басқару үдіріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілердің және іскерлік серіктестіктердің арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субъектілердің жұмысын бағалау өлшімімен бірге, осы субъектілердің өздері үшін іс-қимылдарының негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті.

Содержание работы

КІРІСПЕ 3
1.МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТІ, ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 4
2.МЕНЕДЖМЕНТТІҢ НЕГІЗГІ КАТЕГОРИЯЛАРЫ 5
3. БАСҚАРУДАҒЫ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕР 7
4 БАСҚАРУДЫҢ ЗАҢДЫЛЫҒЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ 11
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 16

Содержимое работы - 1 файл

МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МАҚСАТ1.doc

— 65.50 Кб (Скачать файл)

Бұдан соң «ағаш  мақсаттарының» көмегімен негізгі  мақсатпен және басқа мақсаттар  өзара үйлестіріліп, қатарлараы белгіленгеннен кейін, бағдарлама әдетінше барлық орындаушыларға міндеттелетін директивтік құжаттың фомасын алады.

Қабылданған бағдарлама орындалуға беріледі. Бірақ оны жүзеге асыру үрдісінде басқаруда және қоршаған ортада өзгерістер тууы мүмкін, бағдарламаны қабылдаған уақытта бұлар мүмкін болмаған (немесе есепке алынбаған).

Бақылаудың нәтижесі бойынша талдау жасалынады, оны жасаған  уақытта алынған нәтижелер бағдарламаның  негізгі мақсатымен (мақсаттарымен) салыстырылады, ауытқушылық болған жағдайда оның себебі анықталады.

Біздің елде барлық деңгейдегі бағдарламалы-мақсатты басқару бойынша мәнді тәжірибе жинақталған. Бірақ, бағдарламаның  кейбіреуі толық күйде және өз уақытында жүзеге аспаған. Бағдарлама тапсырмасының орындалмау себептерінің ішінде бақылаудың ойдағыдай ұйымдастырылмағанын, жауапкершіліктің төмен дәрежеде болуын және бағдарламаны жүзеге асыруға қатысатындарды тиісті ынталандырудың болмауын атап көрсетуге болады.

Жүйелі тәсіл  мен бағдарламалы-мақсатты басқару  менеджмент әдістемелігінің іргелі қағидасы ретінде басқарудың заңдылығымен, принциптерімен, функцияларымен және әдісімен тығыз өзара байланыста болады.  

4 БАСҚАРУДЫҢ  ЗАҢДЫЛЫҒЫ МЕН ПРИНЦИПТЕРІ  

Басқаратын және басқарарылатын жүйелердің басқарудың объектісі мен субъектісінің  салыстырмалық заңдылығы басқару сферасының басқару объектісінің талабына сәйкес екенін көрсетеді. Солай, 70 жылдары Қытайда байқалған эконгомиканың дамуындағы сапалы өзгерістер барлық атарбасының белгілі бір өзгеріске ұшырауын талап етті, бұл 1975 жылы жүзеге аса бастаған кешенді реформада өзінің көрінісін тапты. Осының нәтижесінде Қытайдың экономикасы мен оны басқару ғылыми-техникалық прогресстің талабына зерек болды, тұрақты дамудың тенденциясын алды, реттелетін нарықтық қатынастарға өту дағдарыссыз және сілкініссіз жүрді.

Егер жалпы  заңдылық басқаруға тұтас түрде  тән болса, ал жеке заңдылық басқарудың бөлек жақтарын және жүйесін сипаттайды. Жеке заңдылыққа басқару функцияларывның  өзгеру заңдылығын, басқару сатыларының  санын оңтайлау заңдылығын басқару  функцияларын шоғырландыру заңдылығын және бақылаудың өрістелу заңдылығын жатқызуға болады.

Басқару функциялардың  өзгеру заңдылығы басқарудың әртүрлі  иерархиялық сталыраныда белгілі  бір функциялардың артқанын және келесі кейбіреулерінің азайғанын  көрсетеді.

Басқару сатыларының санын оңтайлау заңдылығы басқарудың артық буындарын қысқартуды ұйғарды. Бұл оның дереулігін және икемділігін көтереді.

Басқару функцияларын шоғырландыру заңдылығы басқарудың әрбір сатысы фһункцияның көбірек  шоғырланғанына ұмтылады. Яғни, басқару  персоналдың сандарының өсуіне және өсіруіне бұл заңдылықты барлық елдерде байқалатын бюрократтық аппарат санының өсуі туралы деректер көрнекі суреттейді.

Бақылаудың өрістелу заңдылығы бағынғандардың саны мен  және олардың мүмкіншілігінше тиімді басқару іс-қызметін, іс-әрекетін басшы жағынан бақылау арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Бұл басшының қол астында 7-10 бағынған адамдар болса да оңтайлы деп есептелінеді.

Басқарудың жалпы  және жеке заңдылықтары объективті сипатта  болады және адамдардың басқару іс-қызметтерін үрдісінде жүзеге асады.

Басқарудың принциптері  – басқаруды ұйымдастыруға және оның құрылымына, жүйесіне қойылатын  негізгі талаптары анықтайтын басшылықтың  ережесі. Басқарудың заңдылығы сияқты оның принциптері де жеке және жалпы  болып екіге бөлінеді.

Басқарудың жалпы  принциптері әмбебап сипатта  болатындығымен және басқарудың барлық сферасы мен халық шаруашылығының барлық салаларына ықпалын тигізетіндігімен сипатталады.

Басқарудың жалпы  принциптеріне мақсаттылық, жоспарлылық, құзыреттілік, тәртіптілік, ынталандыру, иерархия№

Мақсаттылық принципі басқарудың бағдарламалы-мақсаттық  мәнімен анықталады және әрбір кәсіпорын  мен оның бөлімшелерінің алдына айқын  мақсатты қойғандығын ұйғарады. Бұл  орайда мақсат нақты, жетуге болатын  және деректі анықталған шекті болуы керек, сонда ғана бұл оның орындауға персоналдың күшін жұмылдырады және оның жұмысына дұрыс мағына береді.

Мақсаттылық принцип  мақсаттарды қоюды ғана емес, онымен қатар олардың қажетті ресурстармен аралық қатынасына қатысты болғанын ұйғарады. Бұл орайда, мақсаттардың оларға жетуге қажетті басты ресурстармен байланысын қамтамасыз ету ғана емес, осы мақсаттарға жетуге кедергі жасайтын ең әлсіз буынға назарды аударған жөн.

Басқарудың жоспарлау  принципі де бағдарламалы-мақсатты басқарумен байланысты және іс-қимылдың бағдарламасын жасауды, оны жүзеге асыруды алдын-ала қарастырады.

Құзыреттілік  принцип пен жердің басқару объектісі  бойынша білімнің болуынан немесе ең жоқ дегенде шешім қабылдаған уақытта маманның құзыретті консультациясын  дұрыс ұғыну қабылетінен көрінеді. Құзыреттілік принцип басқарудың функциялары бойынша еңбектің жатық бөлінісімен байланысты.

Басқарудың ажырамайтын  принципі тәртіптілік, бұл басқарудың қандай жүйесі қай сатыда болса да сақталуы керек. Тәртіптілік басшының нұсқауын, лауазымды қызметтің міндеттерін, инструкцияларды, бұйрықтарды және басқа директивтік құжаттарды сөзсіз орындағанды ұйғарады.

Ынталандыру принципі ең алдымен материалдық және моралдық стимулдарды пайдаланудың негізінде  еңбекті іс-жұмысқа сылтауратуды ұйғарады. Материалдық ынталандыру жұммыскерлердің еңбек нәтижесіне қарасты жеке экономикалық мүдделігіне негізделсе, ол моралдық негізінен жұмыскерлерге психологиялық әсер көрсетуден тұрады.

Иерархия принципі басқару еңбектің тік бөлінісін  көрсетеді, яғни басқарудың сатыларын бөлінуін және басқарудың төменгі сатылардың жоғарыдағыларға бағынғандығын көрсетеді.  

ҚОРЫТЫНДЫ  

Менеджмент басқару  үрдісінде адамдардың өзара қатынасын  зерттейтін басқарудың маңызды бөлігі болып табылады. Менеджмент пен басқарудың негізгі категорияларының мазмұны бірдей болады: басқарудың субъектісі мен объектісі, тура және кері байланыс, басқару жүйесі, қоршаған орта.

Менеджменттің әдістемелігі үрдістік, ахуалдық, жүйелі және бағдарламалы-мақсатты тәсілдерге негізделеді:

ð Үрдістік тәсіл басқаруды негігі функциялардың Ұжоспарлау, ұйымдастыр, ынталандыру және бақылау үздіксіз өзара әрекетінің үрдісі ретінде қарастырғанды ұйғарады;

ð Ахуалдық тәсіл басқаруды жай жағдайда қарай болғанын талап етеді;

ð Жүйелі тәсіл саланы тұтас ретінде және әрбір кәсіпорынды толық жүйе ретінде қарауға және олардың іс-қимылының оңтайлы параметрін анықтауға мүмкіншілік береді;

ð Бағдарламалы-мақсатты тәсіл мақсаттардың айқын анықталуын, олардың қатарларының лайықты болуын және дәйектілікпен жүруін күні бұрын ескереді.

Басқарудың заңдылығы  – бұл басқару үрдісінде дұрыс  байқалатын, қайталанып отыратын және әртүрлі элементтермен және құбылыстардың  арасындағы мәнді өзара байланыстар№

Басқарудың принциптері  – бұл басқаруды ұйымдастыруға, оның құрылымына және жүйесіне қойылатсын негізгі талаптарды анықтайтын басшылықтың ережесі.  

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ  

1. Т.И. Есполов,  Ж.Ж. Сулейменов. Менеджмент –  Алматы, 2003

2. Веснин В.Р.  основы менеджмента – М: Триада  ЛТД, 1996


Информация о работе Менеджментің мақсаты,мiндетi, онын кұрылымы