Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2013 в 19:44, сочинение
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл – шалқыған шалқар теңіз.Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз. Тіл – тіршілік жүрегі дейміз. В.И.Ленин: “Тіл – адам қатынасының аса маңызды құралы” – дейді. Мұның мәні – тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін емес деген сөз.
Тілім – менің қасиетім.
Туған
елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін! – деп
, ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай
тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті.
Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың
бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың
әрі жаны, әрі ары. Тіл – шалқыған шалқар
теңіз.Тіл жай сөз емес, өмірдің талай
сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес
өрістей түскен толыққанды ақиқат десек,
жаңыла қоймаспыз. Тіл – тіршілік жүрегі
дейміз. В.И.Ленин: “Тіл – адам қатынасының
аса маңызды құралы” – дейді. Мұның мәні
– тіл жоқ жерде адамдардың бірлесіп жұмыс
істеуі, қоғамдық өндірістің қай саласын
болса да ұйымдастыруы, дамытуы мүмкін
емес деген сөз. Ел мен елді ұғыныстыратын
да, жауластыратын да тіл екені ақиқат.Халыкта
«Оқ жарасы бітер, тіл жарасы бітпес» ,«Жақсы
сөз жараны да жазады» деген сөздер бар.
Әрбір саналы азамат ең алдымен анасының
ақ сүтін ақтауға міндетті. Ананың ақ сүтін
ақтау дегеніміз, сол туған ананың тілін
де құрметтеу деген сөз. Ана тілі – бұл
атаңның, анаңның, халқыңның тілі. Адам
өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға,
оның орынсыз шұбарлануының қандайына
болса да қарсы тұруға тиіс. Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы,
өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі,
пікір алмасады, ойын жеткізеді.Тіл
арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған
мамандықты игереміз.Тіл арқылы даналар
сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз.
“Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан
шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды,
дамиды, өркендейді.Тіл тағдыры - ел тағдыры
екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам
өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін
меңгеру міндетті. Тіл байлығы - әрбір
елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға
мирас болып қалып отыратын баға жетпес
мұра. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан
Республикасының әрбір адамзатының парызы.
. Әрине ұлттың ең бірінші, ең қасиетті
сипаты – оның ана тілі. Ұлт анасы тіл
болып есептеледі. Сонымен бірге ұлттың
өмір сүруінің бірінші шарты. Әлемдегі
мүйізі қарағайдай елдердің санатына
енуді көздеген халықтың басты мақсаты
да сауаты ұрпақ тәрбиелеу. Сауатты ұрпақ
тәрбиелеу дегеніміз, өз ана тілінде еркін
сөйлей алатын, оны терең меңгерген ұрпақ.
Ал ана тілін жақсы білмейінше сауатты
сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол
қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті
адам бола алмайсың. Туған тілдің абыройын
асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы.
Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымыз,
салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет
пен тілімізде жатыр. Әр халықтың өткен
тарихы, өлең-жырлары, кітаптары, табиғат
пен қоғамы, сезімі бәрі-бәрі ана тілінде
айтылады. Тәуелсіз елдің елдігі , жас ұрпағын
парасатты да білімді, іскер де қабілетті,
отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда
мемлекетік тілдің атқаратын қызметі
орасан зор .
Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл
білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен,
алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін
білуге міндеттісің.
Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың
бар саласын өркендете түсуге себепші
күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере
беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай
отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы,
қуатты қаруы. Бірақ осындай әдемі туған
тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер
де көп. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды
да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден
безу - ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен
бердей. Осы кезде Паустовскийдің: “Туған
тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,”
– деп, ашына айтқаны ойға келеді. Ана
тілін ұмытқан адам өз халықының өткенінен
де болашағынан да қол үзеді.
Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді
шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын
лайлау. Айналаңды танып білу, туған тіліңді
білуден басталады. Мен ана тілімен мақтанамын
және мемлекеттік тілін құрметтеймін!