Шокан Уалиханов

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 08:36, биография

Краткое описание

Шоқан Уалиханов – қазақ халқының тарихында өз елінің болашағын дұрыс болжап, сеніммен алға қараған, елізушілердің мүддесін қорғаған тұңғыш демократы болды.
Шоқан орыстың ХІХ ғасырдағы озат ойшылдары, революционер демократтары Белинский, Чернышевский, Добралюбовтардың идеяларынан рухани нәр алды. Бірақ Шоқан ол ұстаздарының дәрежесіне көтере алған жоқ.

Содержимое работы - 1 файл

Шоқан Уәлиханов.docx

— 22.23 Кб (Скачать файл)

Шоқан Уәлиханов

Шоқан Уалиханов  – қазақ халқының тарихында өз елінің болашағын дұрыс болжап, сеніммен алға қараған, елізушілердің мүддесін қорғаған тұңғыш демократы болды. 
Шоқан орыстың ХІХ ғасырдағы озат ойшылдары, революционер демократтары Белинский, Чернышевский, Добралюбовтардың идеяларынан рухани нәр алды. Бірақ Шоқан ол ұстаздарының дәрежесіне көтере алған жоқ. 
Шоқан – қазақ халқының шын мәніндегі тұңғыш ғалымы, оның ғылыми жұмысқа құмарлығы және оған икемділігі кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ белгілі бола бастайды. Бұған Г.Н.Потаниннің мына сөздері дәлел бола алады: «14-15 жастағы Шоқанғы Шоқанға кадет корпусының бастықтары болашақ зерттеуші, тіпті ғалым деп қарайтын... Шоқа ол кезде аса көп оқитын. Бұл көп оқуы оның сыншылдық қабілетін өсіді. Оның адамгершілік мәселесі және кейіннен өзінің мамандығы болып кеткен шығыс философия жөніндегі пікірлері бізді таң қалдыратын». 
Шоқан өз халқының тарихына, мәдениетіне, ауыз әдебитінің нұсқаларына ерекше көңіл бөлді. Ол өзінің жинаған материалдары туралы былай деп жазды: «Этнографиялық очерктер, статистік мәліметтер, тарихи хабарлар, үйсіндер мен қырғыздардың халықтық әдебиетінің ескерткіштерін бірнеше дәптер етіп жаздым». 
Орыс жолдастары мен достары Шоқан қайтыс болғаннан кейін оның жарияланбай қалған еңбектерін жинап бастырды. Шоқанның шығармалары 1904 жылы Петербургте академик Н.И. Веселовскийдің редакциясымен басылып шықты. Осы кітаптың алғы сөзінде академик Н.И. Веселовскйй былай деп жазды: «...Шоқан Уалиханов Шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың шығысты зерттеуші ғалымдарының барлығы да оны ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының тағдыры туралы ұлы және маңызде жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». 
Бұл – Ғалым Шоқанға берілген әділ баға еді. Шоқан- тарихшы, географ, этнограф, әрі ауыз әдебиетін жинап зерттеуші болды. Ол тек өз халқының ғана емес, Орта Азия және Шығыс халықтарының да тарихын, мәдениетін, әдебиетін зерттеді. Өзі билеуші таптың қатарынан шыққанымен, Шоқан қалың бұқараның аяусыз қаналып отырғандығын көре білді, халықтың ой-тілегін, арман-мүддесін қорғады, қазақ даласындағы басқарушылық тәртіптің өзгеруін қалады. Мұның барлығы Шоқанның демократтығын сипаттай түседі. 
Шоқан Орта Азия елдерінің артта қалуына себепкер болған жағдай- монархиялық тәртіп пен ислам діні екенін дұрыс түсінді. Сондықтан да кертартпалыққа қрындырып, дамуға кесел жасап отырған ислам дінін Шоқан қатал сынға алды. 
Ол жалпы дін атаулының прогреска бөгет болатынын, ғылым мен мәдениеттің дамуына кесел жасайтынын, әсіріі ислам дінінің реакциялық сипатын анық айтты. Ол тоқырау мен құлдыраудың себебі болған, халықтың басын айналдырып, санаын улаған дінді орта ғасырлық идеология деп санады. 
«Мұсылмандық туралы» деген еңбегінде Шоқан былай деп жазды: «Мұсылман изуверлігінің, дін фанатизмі атаулының бәрінің халықтардың әлеумет өмірінің дамуына келтіретін зияны туралы... көп айтып жатуды артық деп санаймыз. Европада да теологияның етек алып кетуі халықтардың дамуына мүлдем кесел болғаны белгілі». 
Орыс педагогикасының прогресшіл идеялары да Шоқанның ағартушылық көзқарастарына әсер етті. Шоқан мектеп оқуының ғылми негізде құрылып, табиғаттың сырларын ашуға бағыттылуын, халықтың жаппай білім алуын халқымыздың алдыңғы қатарлы, мәдениетті елдерді қуып жетуді аңсады. 
Ол мұсылман мектептері орнына, «ой мен сезімнің өсуіне бөгет жасаудан басқа түк пайдасы жоқ, жансыз схоластика болмайтын мектептер» ашуды талап етті. 
Ұлы ағартушы ең алдымен ұлы орыс халқынан үйрену керектігін, ол үшін орыс оқуына бой ұрып, қазақ даласына тарату халықтың орысқа деген достығын күшейтетіндігіні мұның өзі игілікті іс екендігін көргендікпен болжады. Шоқан қазақтарға орыс тілін білудің маңызын баса айтқан адам болды. «Орыс тілін білмеген қазақ,- деп жазды ол өзінің бір мақаласында,- оның заң-законын да білмейді». 
Шоқан туған халқының әдет-ғұрпы мен психологиясының біраз жақтарын талдай келіп, қазақ арасындағы кейбір жағымсыз әдеттерді мейлінше сынады, бұларды қазақ қауымын ілгері бастырмай келе жатқан мерездер деп ашынды. Мысалы, осындай феодалдық өмірдің басты мерездерінің бірі - барымта екендігін, оның жұрттың көпшілігі баюдың, мал жинаудың ең жеңіл әдісі деп қате түсініп жүргенін дәлелдеді. Ол мұндай «кәсіппен» айналысқан адамның еңбекке ынтасы болмайды, ал белгілі бір кәсіппен айналысу уақыт, зор ынта тілейді деп дұрыс тұжырымдады. Осылайша ол жастарды да мұндай жағымсыз кәсіптен бойын аулақ салуға шақырды. Бұл жағымсыз жексұрын әдеттің адамды арамтамақтыққа, еріншектікке итермелейтінін айта келіп, ол қазақ даласында түрлі кәсіптің дамуына оның кедергі келтіретіні жөнінде дұрыс қорытынды жасады. 
Шоқанның халықтық психология туралы пікірлерінде материалистік тенденция басым. Бұл оның көптеген еңбектерінен анық байқалады. Мысалы, «Записка №1» деген еңбегінде адам психикасы сыртқы ортаға, әсірісе географиялық, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасып отырады деген пікір айтады. Бірақ Шоқан адам психологиясының қалыптасуындағы тарихи-қоғамдық факторлардың шешуші рөлін дұрыс ұғына алмады. Оның ойынша, жұрттың сана-сезімін, әдет-ғұрпын географиялық орта билейді, халықтың прогреске жетуі материалдық өмір жағдайымен емес, идеологиялық факторлармен, ағартушылық әрекетпен жүзеге асатын болады. Осыған орай адамдардың мінез-құлқы мен әдет-ғұрыптарының қалыптасуында географиялық орта мен табиғаттың рөлін Шоқанның асыра бағалап жіберген кездері де болды.

Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары.

Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары. 
(1835-1865) 
 
Шоқан Уалиханов – ұлы ағартушы – демократ, қазақтың ғұлама ғалымы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф, фольклорист Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов қазақ мәдениеті мен әдебиетінің тарихында ерекше орын алады. Аса дарынды қазақ халқының ғалымы және ағартушының өмірі мен қызметі ерекше таң қалдырады. Өзінің қысқа өмірінің ішінде ғылым саласында орасан зор табыстары сол кездегі өзінің орыс достары мен жолдастарын, орыс ғалымдарын таң қалдырды. 
ХІХ ғасырда біздің отандық ғылым үшін Ш.Уалихановтың мәні ерекше белгілі болғандығы туралы академик Н.И.Веселовский былай деп жазды: «…Шоқан Уалиханов шығыстану әлемінің үстінен құйрықты жұлдыздай жарқ ете қалды. Орыстың Шығысты зерттеуші ғалымдарының бәрі де ерекше бір құбылыс деп танып, одан түрік халықтарының дағдыры туралы ұлы және маңызды жаңалықтар ашуды күткен еді. Бірақ Шоқанның мезгілсіз өлімі біздің бұл үмітімізді үзіп кетті». Бұл Шоқанға берілген жоғары баға болып табылады.  
Белгілі ғалым және саяхатшы П.П.Семенов-Тян-Шанский Уалихановты «ұлттық аймақтардың ішінде ең оқыған, білімді адамдардың бірі еді» деп бағалаған болатынды. 
Шоқан алғашқы білімді ауыл мектебінен алды, онда арабша жазуға және оқи білуге үйренді. Содан кейін 1847-1853 ж.ж.сол кездегі Сібірдегі ең алыңғы қатарлы оқу орындарының бірі саналатын Омбы Кадет корпусында оқыды. Оны «ағарту ісі мен патриотизмнің дәнін себуші» деп атады, корпусты бітірген түлектерінің сол кезде Ресейге белгілі саяхатшы, зерттеуші Г.Н.Потанин, белгілі публицист Я.М.Ядренцев, ғалым А.Ф.Анненский. Корпуста оқып жүрген кезінде Шоқан жағырафияны, тарихты, әдебиетті зерттеуде қабілеттілігін аңғартты. Ол көп оқыды. Естеліктерін ерекше аталғандай, саяси көзқарасының қалыптасуы мен әдебиет саласында ерекше өз достарынан, өз қатарынан көп озық жүрді.  
Кадет корпусында оқып жүргенде туған өлкесін зерттеу ерекше қызықтырды, сол кездің өзінде ауыз әдебиеті шығармаларын жазып алып отырды, қазақ даласының тарихын зерттеуге құлшынды, тарихи-архитектуралық ескерткіштердің суреттерін салып отырды. 
Г.Н.Потанин Шоқан туралы былай деп есіне алады: «Шоқанды арман алыстағы жұмбақ қыоғыз елдеріне, Тянь-Шань, Тибет тауларының баурайына апарды… Ол тіпті мектеп қабырғасында саяхатшының қызметін даярланды, Палластың, Рычковтың, Левашиннің, Вельяминов-Зерновтың және т.б. кітаптарын көп оқыды. Шоқанға 14-15 жастың өзінде, оған корпустың оқытушылары болашақ зерттеуші және ғалым ретінде қарады». 
Кадет корпусында оқып жүргенде халқына қызмет ету идеясын ұсынған болатынды. Кадет корпусын бітіргеннен кейін, әуелі Сібір казактары әскері кавалерия полкының қызметінде, кейін Батыс Сібір генерал-губернаторында Шоқан өзінің негізгі арманын іске асыруға кіріседі. 
1854-1857 жж. Шоқан Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстан, Қырғыстан жеріне саяхат жасайды, осы сапарларда ол көрнекті ғалым-географ П.П.Семенов-Тян-Шанскиймен бірге жүрді, ол Шоқанның қабілеттілігі мен біліміне ерекше назар аударады, оның ғылыми еңбектерін жоғары бағалады. 
Шоқан сол кезде Омбы және Семей қалаларына жер ауып келген орыс революцияшыл-демократы, ақын С.Ф.Дуровпен және жазушы Ф.М.Достаевскиймен жақын кездеседі. Шоқан мен Ф.М.Достаевскийдің достық қарым-қатынасы өте естен кетпестей болды. Өзінің хаттарының бірінде Достаевский былай деп жазды: «…Мен Сізді сондай сүйемін, күні бойы Сіз туралы және Сіздің дағдарыңыз туралы армандаймын. Бірақ армандарымның ішінде бір шындық болды: бұл Сіздің тайпаңыздың ішінде бірінші еуропалық білім алған Сізсіз. Демек, осы жағдайдың өзі ерекше, ол туралы Сізге еріксіз міндеттер жүктейді… Дағдыр Сізді тамаша адам ретінде қалыптастырды, Сізге жан мен жүректі сыйлады». 
Сол кезден бастап ғылыми-зерттеу жұмысымен тығыз айналысқан Шоқан 1855 жылы Омбыда Семей арқылы Іле, келесі жылы Жоңғар Алатауына дейін, одан кейінгі жылы Омбыда Ыстықкөлге дейін келген әскери-ғылыми экпедицияларға қатынасып, Жетісудың, Ыстықкөлдің өсімдіктер және жануарлар дүниесін, халқын, әдет-ғұрпын, тарихын, ауыз әдебиетін зерттеп, көптеген материалдар жинады, әрбір халықтың ерекшеліктерін байқататын суреттер салады. Ал мұның адында ол Қытай империясына жататын Құлжа қаласына аттанып, онда үш ай болып, қайтадан Омбыға оралған болатын-ды. Осы сапарларының нәтижесінде 20 жастағы Шоқан «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы», «Қырғыздар туралы жазбалар» деген және т.б.құнды еңбектер жазды. Сол еңбектері және басқа да ғылыми табыстары үшін Шоқан 1857 жылдың 27 ақпанында Орыс география қоғамының толық мүшесі болып сайланды. 
1857-1859 жж.Шоқан өзінің белгілі Қашқарға саяхат жасады. Бұл саяхат қажырлы саяхатшы және көрнекті ғалым ретінде оның атын шығарды.Сол елдің саяси құрылысы, табиғаты, халықының кәсібі, әдет-ғұрпы жайында қыруар ғылыми материалдар жинады. Сол саяхаты үшін арнайы Омбыдан Петербургке шақырылған Шоқанға берілген әскери Бас штабының жолдамасында: «Бұл мейлінше қызықты, мейлінше пайдалы еңбек», - деп көрсетілген. 
Қоғамдық құбылыстарды ол ағартушылық тұрғыдан түсіндірді. Өз халқын Еуропа мәдениетінен үйренуге прогреске шақырды. «Сот реформасы» туралы жазбаларында Шоқан патша өкіметі жүргізген сот реформасы бай, сұлтан, билердің, орыс отаршылдарының ғана мүддесі көзделінгендігін, қазақ еңбекшілері солардың қанауында қалып, олардың озбырлығына жол бергендігін әшкерелейді. 
Шоқан ғылымның көптеген салаларында өшпес мұра қалдырды. Шоқан тарихшы, географ, этнограф, фольклорист болды. Ол тек ғана қазақ халқының ғана емес, бүкіл түрік тектес шығыс халықтардың тарихын, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін зерттеуге ат салысты. 
Шоқан өз еңбектерінде барлық ғылым мен мәдениеттің жан-жақты дамуына кедергі келтіретін ислам дінінің реакциялық сипатын қатты сынады. 
ХІХ ғ.60-жылдарындағы Ресейде қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың, орыс педагогикасының озық идеялары Шоқанның ағартушылық көзқарасына тікелей ықпал етті. Шоқан арнайы педагогикалық еңбектер жазбаса да, оның қоғамдық және ғылыми еңбектері ағартушылық сиптта болды. Ол білімі мен мәдениеті озық елдерден үлгі -өнеге алуға, әсіресе, орыстың ғылымын, мәдениетінен үйренуге шақырды. 
Ол өз елінің оқу-ағартушы мен ғылымын дамыту үшін күресті. Қазақ халқының мәдениет пен экономика саласында артта қалуына қатты қынжыла да қинала ой жіберіп, халық бұқарасын сол азаптан арылту жолында талмастан үлкен жұмыс жүргізді. 
Ш.Уәлихановтың оыс-қазақ мәдени-педагогикалық байланысының тарихындағы өшбес еңбегі сол - ол орыстың озат білімі мен ғылымын таратушы, насихаттаушы болды, артта қалушылық пен надандыққа қарсы күресті. 
Шоқан Уәлиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы қағидасына сүйену қажет. Тілмаштар мен билеп-төстеуші чиновниктер әзірлейтін мектептердің орнына еуропалық ғылым мен гуманизмді таратушы болатын мектептер мен тәрбие жүйесінің ұйымдастыруды арман етті.  
Шоқан қазақтар арасында орыс білімін, оның ғылымы мен өнерін таратудың тиімді шаралары үшін күресті. Ол Қазақстанда «нағыз шынайы білімдер» ұясы болатындай мектеп түрлерін ұйымдастыруды талап етті. «Тек ақиқат білім ғана күдіктерден құтылуға жәрдем етіп, өмірмен материалдық әл-ауқатты бағалауға үйретеді», - деді ол. 
Халықтық тәрбиенің жаңа жүйесін ойластыра отырып, Шоқан ең алдымен жас өспірімдерді ғылым мен техниканың табыстарымен, дүние жүзі мәдениетінің бай қазынасымен таныстыра алатындай діннен бөлген дүниежүзілік білімдерді енгізуді жақтады. 
Қазақтар мен Орта Азия халықтарының артта қалуының басты себебі – Ш.Уәлихановтың пікірінше, монархиялық тәртіп пен ислам діні. 
Шоқан Уәлиханов қазақ халқының болашағы мистицизмге де, аскетизмге де емес, тек өркениет пен оқу-ағартудың табыстарына байланысты деп білді. Өзінің бұл талаптарын ол «Даладағы мұсылмандық» деген мақаласында негіздеді. 
Шоқан Уәлиханов орыс ғылымы мен педагогикасындағы халықтық және ұлттық қағиданы негізге ала отырып, қазақ ағартушыларының ішінен бірінші болып, өз елінің табиғатын, тарихын, өмірі мен мәдениетін зерттеуге баға жетпес үлес қосты. Шоқан еңбегінің тағы бір өзіндік өзгешелігі - өз елін орыс жұртшылығына таныстырып, екі халықты жақындастыруға тырысты. Сол халықтардың достығының, бауырластығының және өзара толық түсінушілігінің дамуына жағдай жасауды ойлады. 
Ш.Уәлихановтың көршілес халықтардың рухани мұрасын зерттеудегі баға жетпес еңбегі оның бауырлас қырғыз халқының ауыз әдебиетін, тарихы мен этнографиясын жете зерттеуінен айқын көрінеді. 
Бұған – Ш.Уәлихановтың қырғыз халықының әдеби мұрасы «Манас» жырын зерттеушілердің бірі, белгілі ғалым-академик Ә.Х.Марғұлан өзінің «Шоқан және Манас» атты монографиясында ол жайлы былай де жазды: «Манас» - тарихи заманнан таулы Азия қыратында ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан қызықты жыр, қырғыз халқының айтулы мұрасы.

Информация о работе Шокан Уалиханов