Өндіріс шығындарының есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 13:40, реферат

Краткое описание

Ұйымдар — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) түратын күрделі механизм.
Ұйымның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі жэне қосымша өндірістер болып екіге белінеді.

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 49.00 Кб (Скачать файл)

Өндіріс шығындарының есебі 
 
Ұйымдар — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) түратын күрделі механизм. 
Ұйымның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне қарай барлық өндірістер негізгі жэне қосымша өндірістер болып екіге белінеді. 
Негізгі ондіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және зауыт ішінде тұтынуға (желілік, үсталық, престеу — машина жасау зауыттарында) арналған шалафабрикаттарды дайындайтын ондірістер жатады. 
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің енімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім ондіруге, қызмет корсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-механикалық және аспаптық цехтар, электр-көліктік, сумен жабдықтау және т.б.). 
Өндірістік есепті дұрыс үйымдастырдың кез-келген ұйым үшін маңызы зор. 
Өндірістің бухгалтерлік есебін үйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына (типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс болып үш топка (тұрпатқа) болінеді. 
Жеке-дара (жекелеген) өндіріс — өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Жеке-дара өндірісте, әдетте, шығындарды есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс қолданылады, бүл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша есепке алынады. 
Сериялық өдіріс біркелкі бүйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын қайталанып отыруымен сипатталады. Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі сериялық өндіріс (өнім жыл бойы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану анағұрлым тар, ал ондірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық жағынан мамандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен үсақ сериямен онім шығаруға арналған). 
Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің озіндік кұнын калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады. 
Жаппай өндіріс — ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын ондіріс тұрпаты (типі). Шығарылатын өнімдердің ассортименті (түрлері) көп болмағанымен олардың шығарылатын молшері айтарлықтай кеп болуы мүмкін, белгілі бір салаға ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі жөне өндірістің жүмыс ырғағыньң жоғары болуы өндірістің осы түрпатына тән белгілер болып табылады. Бүл арада әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің өзіндік қүнын есепке алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі крлданылады. 
Өндірісті үйымдастыру типі (түрпаты) тек шығындарды есепке алуға және өнімнің өзіндік қүнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке да әсер етеді. Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ сериялық өндірістерде — жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне маршруттық парақтарына жазылады. 
Кез келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік құнын есептеу (калькуляциялау), қызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің нақты шығысын толық, дер кезінде жөне шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы бизнесті үйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін ақпаратгарды жинау және бақылауды көздейді.  
Шешімді қабылдау үшін ақпаратгарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін: 
— шығындардың туындайтын орындары (өндірістер, цехтар, учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өндеуі) бойынша, ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау кезінде ұйымның есеп саясатында анықталғандай етіп бөлінеді; 
— қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына енеді; 
— шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей — өнімнің өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама — өнімнің езіндік құнынатаратылып бөлінетін, яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді; 
— өндіріс шығындары өнімнің көлеміне қатысты екіге болінеді: айнымалы - шығарылған өнімнің көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін (негізгі материалдар мен шикізаттың шығысы, технологиялық энергия мен отын, өндіріс жұмысшыларының жалақысы жөне т.б.); тұрақты — өнімнің шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі кұралдардың амортизациясы); 
— шығыстар түрі бойынша (баптары және элементтері бойынша); экономикалық элементтер бойынша шығындарға: материалдық шығындар; еңбекақы шығындары; еңбекақыдан аударылатынтын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы (тозуы); басқа да шығыстар кіреді. 
Шығындар баскару қызметі (функциясы) бойынша: 
— өндірістік (ондіріс процесінің барысында пайда болады); 
— коммерциялык (сатумен байланысты); 
— әкімшілік (басқару процесімен байланысты). 
Коммерциялык жөне әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады, олардың сызбасын (схемасын) мынадай етіп салуға болады: Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың кұжаттары бойынша қандай калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін, шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме шығыстарды баптары бойынша жөне шығындарды калькуляциялау объектілері бойынша дүрыс топтастыруға мүмкіндік береді. 
Орташа және ірі мекемелерде өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің, өзіндік құнын калькуляциялау үшін ұйым бухгалтериясы кұрамында, біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылық және басқару бухгалтериясы болуы мүмкін. 
Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарының 10-80-бөлімшелеріне енетін шоттарын жүргізіп, есептің Бас кітабын, ұйым балансын және қаржылық есеп беруін жасайды. 
Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспарының 90-бөлімшелеріне енетін шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы акпаратты қорытып, өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шалафабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің нормативтік, жоспарлық және талдамалык жүмыстарын атқарады. Басқару бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде кандай да болмасын бір "ноу-хауды" және өндірісті басқарудың озық деңгейін ұйымдастыруды, "жаңалықтарды" өз бәсекелестері өздерінен бүрын пайдаланып кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының сыртқы тұтынушылар үшін ғана емес, сонымен бірге осы ұйымның қызметкерлері үшін де "жабық" болуы мүмкін. 
Қаржылық және басқару бухгалтериясының арасында өзара қарым-қатынастар болады. 
Көсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін 211 - "Негізгі өндіріс", 212 "Өз өндірісінің шалафабрикаттары", 213 - "Көмекші өндіріс", 214 - "Басқа да" шоттары пайдаланылады. Бұл шоттардағы топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-екі күнде аяқталмаған өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік кезеңнің соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 211-214 шоттары дебеттеліп, 900, 910, 920, 950 шоттары кредиттеледі), содан соң келесі жылдын басында қайтадан қаржылық бухгалтериядан өндіріс бухгалтериясына беріледі (демек, 900, 910, 920, 950 шоттары дебеттеліп, 211- 214 шоттары кредиттеледі). 
Сонымен, 211-214 шоттар "бір күндік шоттар" болып табылады жене оның қалдықтары осы шоттар бойынша ұйымның қаржылық есеп беруіне енгізу үшін арналған. 
Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни, оның құнына) басқа да шығындарымен қатар қосылады.  
Жұмыс күшіне жұмсалған тікелей шығындар — бұл өнімді әзірлеуге тікелей қатысқан өндіріс жүмысшыларына есептелген еңбекақысы (еңбек ақыдан аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады. 
Қызмет көрсететін цех жүмысшыларының еңбек ақысы тікелей еңбек ақы
болып табылмайды, ал олар үстеме шығысқа жатқызылады. 
Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды (тікелей материалдар шығындары мен өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы) шегеріп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына: амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, түрғын-үй қызметі, жарықтандыру және басқа да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқтап қалуының шығыстары т.б. жатады. 
Жалпы алғанда, өндіріс есебін төрт негізгі кезеңге белуге болады: 
- өндіріс түрлері бойынша "транзиттік" шоттарда ұйымның есепті кезеңнің барысында тікелей шығыстар туралы ақпараттарға шолу жасалады (негізгі, көмекші т.б. өндірістері бойынша). 
- "Үстеме шығыстардың" шоттары бойынша ұйымның үстеме шығыстары жинақталып, олардың жалпы деңгейі туралы ақпараттар беріледі; 
- үстеме шығыстарын белгіленген тәсіл бойынша негізгі, көмекші өндірістерге таратады; 
- "Транзиттік" шоттардағы жинақталған шығыстарды дайын өнім шотына есептен шығарып, дайын өнімнің нақты өзіндік құны калыптасады, сондай-ақ аяқталмаған өндірістің де үлесі анықталып, тиесілі саласына жатқызылады. 
Негізгі өндіріс шыгындарынын есебі. 
Өндіріс шығындарын есептеу үшін 90 - "Негізгі ондіріс" болімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған. 
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау (шолу) үшін 900-"Негізгі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттың 901 - "Материалдар", 902 - "Өндіріс жұмысшьшарының еңбек ақьісы", 903 - "Еңбек ақыдан аударылатын аударымдар", 904 "Үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл соңында 900 "Негізгі ондіріс" шотында қорытындыланады. 
Калькуляция дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметгердің бір өлшемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол ұйым жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік қүнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады. 
Өндірісті үйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік қүнын калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады 
Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала және кейінгі (немесе кезектегі) болып екіге бөлінеді. 
Алдын ала зкасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативтік калькуляция жатады. 
Жоспарлы калькуляция — өнімге (жұмысқа, қызметке) және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістің технологиясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі. 
Сметалық (болжамдық) калькуляция - бұл жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады. 
Нормативтік калькуляция ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады. Бұл аталған әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және ұйымның өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын қолданады. Оның негізінде қол жеткен шығындар деңгейін сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп түрған нормаларды пайдаланады. 
Нормативті калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға карағанда дәлділігі анағұрлым жоғарылау болып келеді. 
Кейінгі (немесе кезекті) калькуляция онім шығарылғаннан соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады. 
Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты (есеп беру калькуляциясы) және шамаланған калькуляция жатады. 
Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын және шығындарды есептеу объектісін дұрыс белгілеу өте үлкен роль атқарады. 
Шығындардың есеп объектісі болып сол шығындардың өндірістегі аналитикалық есебі саналады. Калькуляцияның объектісі болып өнім түрлері, жүмыстар, қызметтер саналады. Ұйым есеп объектісі өте жиі калькуляциялау объектісімен сәйкес келеді. 
Өндірістің технологиялық және ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың және өндіріс шығындарын есептеудің бірнеше әдістері пайдаланылады. Өнімнің өзіндік қунын калькуляциялау және өндіріске кеткен шыгындарын есептеудің әдісі деп, ұйымның шығынын бақылау үшін өнімнің нақты өзіндік құнын есептеу және өндіріс шығындары туралы ақпараттарды есепте топтастыру, жинау бойынша әдістерінің жиынтығын атайды. 
Өнімнің өзіндік кұнының әдісіне әсер ететін негізгі факторлар ретінде мыналарды атауға болады: 
- өндіріс типі; 
- өндірістің күрделілігі; 
- шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен сипаты; 
- өндіріс циклының ұзақтылығы; 
- аяқталмаған өндірістің қолда бары, құрамы және көлемі. 
Өндірістік циклы ұзак өнеркәсіп салаларында өзіндік қүнын калькуляциялау әдістемесін жасау бірнеше айға немесе маусымға созылуы мүмкін және олар бірнеше сағаттар немесе күндер кұрайтын сомалармен салыстырғанда біршама күрделі болып келеді. Оның күрделілігі, ең алдымен, үлкен аяқталмаған өндірістің шығысты тарату мәселесінің және басқа да арнайы жағдайларының әсерінен болуы мүмкін. 
7 БЕС шығынды есептеудің үш негізгі әдісін қарастырады. Одан басқа іс жүзінде жай (процесстік) әдісі де қолданылуы мүмкін.

Информация о работе Өндіріс шығындарының есебі