Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Января 2012 в 16:51, реферат
Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы. Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды.Мазмұны [көрсет]
Морфология (гр. morf — түр, тұлға, logos — сөз, ілім) — дербес сөздердің грамматикалық мағыналарын тексеретін, грамматикалық сөз тұлғалардың қызметі мен қалыптасу, даму заңдылықтарын зерттейтін тіл ғылымының бір сапасы. Морфологияның негізгі материалы — морфема. Морфология сөздің грамматикалық тұлғаларын жеке бір тілдегі сөздердің диахрондық (тарихи даму), синхрондық (қазіргі кездегі) көрінісімен де зерттейді. Морфология сөз тұлғаларының түрленуін, бөлшектенуін, әр түрлі өзгеріске түсуін анықтау мақсатында салыстыра зерттеу жүйесімен де айналысады. Сөздің тұлғасы, мағынасы және атқаратын қызметі сөйлем құрамында ғана анықталатын болғандықтан, сөзді синтаксиспен байланысты қарастырады. Демек сөзді лексика-грамматикалық сипаты тұрғысынан айқындайды.Мазмұны [көрсет]
Жалаң және күрделі сөздер
Қазақ тіліндегі сөздер морфологиялық тұрғыдан жалаң және күрделі болып екіге бөлінеді. Жалаңдар сөздің түпкі мағынасын білдіретін түбір сөздер де, күрделілер кем дегенде екі сөзден құралатын біріккен, қосарланған, күрделенген (ақ құба, ақ сары) сөздер. Жалаң сөздер құрамы жағынан түбір тұлғалар мен қосымшалардан құралады. Түбірлер сөздің негізгі лексикалық мағынасын білдіреді де, қосымшалар түбірге неше түрлі грамматикалық мағыналар үстейді. Мысалы, ұйымдастырушылардың бірі деген сөз тіркескендегі алғашқы сөз ұйым+дас+тыр+у+шы+лар+дың болып 7 бөлшектен тұрады. Мұндағы ұйым — негізгі түбір, -дас — сөзжасам қосымша, -тыр - өзгелік етіс жұрнағы, -у — қимыл есім жұрнағы, -шы — сөзжасам жұрнақ, - лар — кептік жалғауы, -дың — ілік септігі жалғауы. Бұлардың әрқайсысының өзіндік лексикалық және грамматикалық мағыналары бар.
Морфологияның дамуына үлес қосқан ғалымдар
Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі — сөздерді белгілі бір сөз таптарына тәндеп бөлу. Сөз таптарының айқындалуына 30-жылдары ерекше үлес қосқан ғалымдар: А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, Н. Сауранбаев, А. Ысқақов. 40-50- жылдары морфологияның әрбір жеке мәселелері арнайы жүргізілетін күрделі монографиялық ғылыми- зерттеудің объектісіне айналады да, осы зерттеулердің негізінде кептеген көлемді еңбек- тер жарыққа шығады. I. Кеңесбаев, А. Ысқа- қов, К. Ахановтардың жыл сайын шығып отыр- ған орта, орталау мектептерге арналған "Қазақ тілі грамматикасы" мен Н. Сауранбаевтың педучилищеге арнаған "Қазақ тілі" (1948) және жоғары оқу орындарына арналған "Қазіргі қазақ тілі" (1954) атты көлемді еңбектерімен қатар, морфологияның жеке сөз таптарын әр жақты баяндауға арналған морфология Балақаевтың "Қазақ тілі грамматикасының кейбір мәселелері", А. Ысқақовтың "Қазақ тіліндегі үстеулер", Ғ. Мұсабаевтың "Сын есімнің шырайлары", Ә. Хасеновтың "Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер", Р. Әміровтың "Қазақ тіліндегі шылаулар", Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі одағайлар" т. б. зерттеулерін айтуға болады. 60-жылдары мұндай еңбектер саны жағынан да, тақырып жағынан да молая түсіп, жеке сөз таптарына байланысты тағы да көптеген жеке зерттеулер: Ш. Сарыбаевтың "Қазақ тіліндегі еліктеуіш сөздер" (1960); Ж. Шакеновтың "Қазақ тіліндегі сын есім категориясы" (1961); Ә. Ибатовтың "Қазақ тіліндегі есімдіктер" (1961); Ә. Төлеуовтың "Қазақ тіліндегі есім категориясы" (1963) атты еңбектері жарық көрді. Бұлардың бәрінде де әр түрлі сөз таптары өзіндік лексико-грамматикалық ерекшеліктері тұрғысынан әр жақты талдауға түседі. Морфология мәселелеріндегі бұрын-соңды жетістіктердің бәрін жинап, оны жүйелі тәртіпке келтіріп, теориялық тұрғыдан ғылыми бір ізге түсіріп баяндаған күрделі еңбек 1967 ж. Қазақ КСР ҒА "Ғылым" баспасынан шыққан "Қазақ тілінің грамматикасы" болды. Морфологияның негізгі міндеттерінің бірі — сөз формаларын зерттеу. Сол себептен сөз формалары жайындағы зерттеу сөздердің түрлері жайындағы қандай да болса ережелердің бәрін түгел қамтып, сөздерді морфологиялық категориялардың қандай түріне жатқызу және оларға тән формаларды анықтау сияқты заңдылықтарды да қамтиды.
Сөз формаларының жасалу тәсілдері
Қазақ тілінде сөз формалары, әдетте, лексика-грамматикалық , не лексикалық-семантикалық мағыналарды тудырудың нақтылы тілдік жамылғышы болып келеді. Сөздердің формалары негізінен екі түрлі тәсіл арқылы жасалады: синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсіл. Сөз формаларын жасаудың бұл амалдарын зерттеп анықтау, әрине, қазақ тіл білімінде бірден қалыптасып кете қойған жоқ. Кеңес дәуірінің алғашқы кезінде бұлар тек сөз жасаудың морфологиялық тұрғысынан ғана қаралып келсе, бертін келе, атап айтылмағанмен, синтаксистік тәсілдің де ескеріле бастағаны байқалады. Қазақ тіліндегі сез жасаудың синтетикалық (морфологиялық) және аналитикалық (синтаксистік) тәсілдері 50-жылдары практикалық та, теориялық та тұрғыдан әбден қалыптасып орнықты. Сөйтіп кейбір күрделі еңбектерде ол сөз жасаудың тиянақталған негізгі амалдары ретінде ұсыныла бастайды да, жеке ғылыми мақалалық зерттеулер объектісіне көшеді.
Сөздерді түр-тұрпатына, тұлғаларына қарай айыру
Сөз формаларына қатысты негізгі мәселердің бірі —сөздерді түр-тұрпатына, тұлғаларына қарай айыру. Сөздерді бұлайша айқындау кеңестік дәуірдегі қазақ тіл білімінде алғашқы күндерден бастап-ақ оқыту ісіне арналған грамматикалар мен оқулықтар жүйесінде дараланып көрсетіле бастаған. Ал оның ғылыми талдау жасалып, тілдік зерттеу негізінде теориялық анықтамаға ие болуы 30- жылдардан бастап айқындалған деп айтуға болады. Сөз тұлғасы (немесе сөздің түрлері) жайында еңбектер сан жағынан көп емес. Бул мәселе жөніндегі арнайы пікірлерді біз Қ. Жұба-нов, А. Ысқақов, Ә. Қайдаровтың еңбектерінен кездестіреміз. Аталған ғалымдардың сөз тұлғалары (түрлері) жайындағы пікір жүйелері негізінде бірдей, бірақ сөз тұлғаларын іштей жіктеу және оларды атау жақтарына келгенде, аздап айырмашылық барлығы аңғарылады. Сөздердің жеке-жеке тұлғалары (түбір сөздер мен күрделі сөздер) жайында мынаны айтуға болады.
1. Сөздердің негізгі тұлғасының бірі — түбір сөздер туралы ойлар кеңестік дәуірдегі барлық оқулықтар мен грамматикаларда кездеседі. Түбір сөз туралы пікір алшақтығы немесе өзгеше сипаттау әдеті кездеспейді. Оның анықтамасы Қ. Жұбановтың "Сөздің түбірі қосымшасыз өзі ғана тұрса, түбір сөздер дейміз" деген ережесінің негізіне құрылған. Бұған қосылған ұғым — туынды түбір, яғни әр түрлі жұрнақтар арқылы негізгі түбірден өрбіп табылған сөздер жайындағы түсінік.
2. Сөз тұлғаларының
ең бір күрделі және соншалық қиын түрі
— күрделі сөздер мәселесі. Күрделі сөздердің
жеке тараулары (біріккен сөздер, қос сөздер,
қысқарған сөздер) жайы Кеңес дәуірінің
алғашқы кездерінен бастап-ақ тек оқулықтар
емес, сонымен қатар жеке ғылымы мақалалық
зерттеулер объектісіне айналды да, 40-50-жылдардан
бастап ішінара диссертациялық зерттеу
тақырыбына көшті. Бұл зерттеулердің бәрінде
де зерттеулер жүйесінің көлемі және мақсатына
байланысты кездесетін ерекшеліктер болмаса,
жалпы принципті мәселелер туралы пікір
алшақтығы байқалмады. Бірақ жалпы алғанда,
қазақ тілі білімінің күрделі сөз мәселесі
толық шешіліп болған жоқ. Мысалы, осы
уақытқа дейін күрделі сөздердің іштей
грамматикалық мағынаны тудыратын түрлерінің
өзара жігі айқындалып, тұрақты бір межеге
тіркелмей келеді. Күрделі сөздердің ішінде
біріккен сөздер үнемі лексикалық жаңа
мағына тудырып отыратынына дауа жоқ.
Бірақ кез-келген қосарланған сөз тіркестері
үнемі лексикалық жаңа мағына тудыра бермейді.
Мысалы, қора-қора (қой), тау-тау (шәп) дегеннен біз тек грамматикалық көптік мағынаны ғана ұғынамыз. Ал қора-қопсы, тау-тас десек, лексикалық мағына. Осы сияқты қазіргі қазақ тілінде ащы ішек, соқыр ішек, жер май, асықжілік, боз торғай, қос аяқ, ақ кұтан т.б. сияқты күрделі формаларда қолданылатын сөздер мол-ақ. Мұндай сөздер көпке тарап кеткен (бірақ теріс) түсінік бойынша, егер бірігіп жазылса, өз алды бір лексикалық бірлік (единица), демек, жеке сөз (біріккен сез) болып танылады да, егер бөлек жазылатын болса, бір бүтін лексикалық бірлік (единица) емес, демек, бір сөз емес, өз алдына бөлек-бөлек сөздер болып шығады. Оны фразалық тіркестер қатарына, сөз тіркесіне ығыстыра салады. Сөздерді анықтауда негізгі критерий олардың бірігіп немесе бөлек жазылуында болмаса керек. Ол — таза орфографиялық мәселе. Қайта ондай тіркестердің лексика-грамматикалық , лексика-семантикапық жақтарына баса көңіл бөліп, қажеттілігіне қарай оларды күрделі сөздер ретінде таныған жөн. Әдетте мұндай сөздер екі түрлі (көбіне атау) сөздердің тіркесіп айтылу негізінде компоненттердің әуелгі мағынасын осалдата барып, жаңа бір конкретті мағынаға ие болу түрінде айтылады. Мысалы, соқырішек, ащыішек, жер май, боз торғай, шуда жіп т. б. деген күрделі сөздердегі соқыр, ащы, жер, боз, шуда сияқты сөздер әуелгі дербес мағынасында жұмсалып тұрған жоқ. Сол сияқты, ондай тіркестегі сөздер әуелде жеке-жеке жалпы есімдер болса, тіркестің қазіргі ұғымындағы түрінде бір ғана жалқы есім сапасына көшкен. Демек, әуелгі жалпы есімдерден жаңа бір жалқы есім пайда болған. Олардың тіркескен түрде бір ғана сөйлем мүшесі болуы, тіркесін жазбай тұрып әр түрлі сөз қоспай жұмсалуы сияқты толып жатқан қасиеттері тағы бар. Мұндай қасиеттер бұл сияқты тіркестерді қалайда күрделі сөздер дәрежесінде тануға итермелейді. Олай болса, қазіргі ешбір күмәнсіз мойындапып жүрген күрделі сөздер (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер) қатарына күрделі сөздердің тағы да бір жаңа түрін, ол құрамды сөздер бола ма немесе тіркестегі сөздер бола ма, әйтеуір күрделі сөздің бір түрін қосу керек болады. Бұны біз тек лексикаланған күрделі сөздер жайында ғана айтып отырмыз.[1]
Пайдаланған әдебиет
↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3