Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 07:21, реферат
1. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақтың ұлттық ойындары
Қазақтың
ұлттық ойындарының
зерттелуі.
1. Ұлттық ойындарды оқу және тәрбие үрдісінде
пайдаланудың өзектілігі
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін
бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие
беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар
мен адамның айналадағы дүниемен жеке
тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық,
адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын
халқымыздың мәдени рухани мұрасының,
салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына
дарыту арқылы жүзеге асыруға болады.
Осымен байланысты бағдарлама халқымызға
тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік,
т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген
қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән
ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен,
асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы
танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы
деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың
ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының
асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі
ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Бірақ оны жүргізуге арналған нақты әдістемелік
құралдар жоқтың қасы. Зерттеу жұмысында
орыс тілінде жазылған әдебиеттер қолданылды.
Соның нәтижесінде қазіргі таңда тақырыптың
өзектілігі туындап отыр.
Халық педагогикасының адам, отбасы, өскелең
жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын,
орныққан пікірлерін, ұсыныстарын қамтып
көрсететін педагогикалық идеялар мен
салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің
арасындағы байланысты көрсетеді.
Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік
мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып,
ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең
ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің
негізі болып, оларды келешектегі қызметіне
дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада
еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады.
Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің
әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып
табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен
тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
өмірлік тәжірибе береді және халықтың
даму барысында шешуші роль атқарады.
Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой,
эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі
қатар жүреді.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді
құралдарының біріне ойын жатады. Ойын
арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше
зерделейді.
Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын
іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне
еліктейді.
Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды
отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін
жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық
ойындары: «Бәйге», «Көкпар», «Алтын сақа»,
«Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ»
т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы
мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз – адамның ақыл-ойын дамытатын,
қызықтыра отырып ойдан-ойға жетелейтін,
тынысы кең, алысқа меңзейтін, қиял мен
қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз,
музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз,
фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі
болмайды», - дейді. Демек, шәкірттің ақыл-ойы,
парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы
баии түседі.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін
пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына
сай алынады. Сонда ғана оның танымдық,
тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды
әсіресе, «Сиқырлы қоржын», «Көкпар», «Асық»
секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте
тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес.
Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту
немесе қайталау кезінде қолдану керек
деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде
не соңында өзінің қатысу белсенділігіне
қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім
әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып
отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы
мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке
баулиды.
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген
көзқарасын құрметтеуге сөз әсемдігін
сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке
тәрбиелейді. Ендеше еңбекке баулу сабағын
ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып
түсіндіру пән тақырыптарын тез, жылдам
меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік
қорын байыта түседі.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі,
аса көрнекті жазушы М.Әуезов: «Біздің
халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында
өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой.
Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру,
жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру
ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары
болған», - деп тегіннен тегін айтпаса
керек. Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының
бай этнографиялық материалдарын жинақтаған
және оның ішінде ұлт ойынының тәрбиелік
маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский,
А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов,
Ә.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазаревский,
П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин,
А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов,
т.б. болды делінген.
Е.Сағындықов өз еңбегінде: «Қазақтың
ұлт ойындары тақырыпқа өте бай және әр
алуан болады», - дей келіп, ұлт ойындарын
негізінен үш салаға бөліп топтастырған.
Ә.Диваев «Игры киргизских детей» атты
еңбегінде тарихта алғаш рет қазақтың
ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың
бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен,
оның «О рождении и воспитании детей киргизов,
правилах и власти родителей» (Орынбор,
1891) атты еңбегіңн атауға болады.
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен
бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің
өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру
тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды.
Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар
қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев,
Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.
Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың
маңызы мен қажеттілігін көрегендікпен
қарастырған ғалым Б.Төтенаев «Қазақтың
ұлттық ойындары» (Алматы, 1994) атты еңбегінде
қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп,
ойын шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік
мәнін зерделеп, ойын білдірген.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар
мен бастауыш мектептерде ұлттық ойынды
ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу
және дене шынықтыру пәндерінде оқушылардың
өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе,
онда оқушылардың білімге деген құштарлығын
арттыруға және халықтың асыл мұрасын
бойына сіңіріп, ұлттық сананы қалыптастыруға
болады.
2. Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының
белгілі бір мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық
тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан
халық арасында қалыптасқан ойындар туралы
сипаттамалық жинақтар, деректер және
құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет
етеді.
Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел
арасындағы беделі, тарихи қоғамдағы алатын
орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі,
оның шығу тарихы туралы ғылыми тұрғыдан
бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді.
Осы мәселеге байланысты зертелеген ғылыми
еңбектерді біз хронологиялық шектігіне
қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.
1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі
алғашқы орыс әскери шенеуніктері мен
миссионерлерінің көшпенділер хақындағы
зерттеу жұмыстары;
2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия
және Қазақстан халықтарының ұлттық ойындары
туралы жазылған ғылыми еңбектер;
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене
шынықтыруға баулу әдістерін педагогикалық
сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан
зерттелген жинақтар.
4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі
(1992 жылдан бүгінге дейін) аталған тақырыпқа
қатысты ізденістер.
Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық
тізгінін Ә.Диваевтың еңбегін талдаудан
бастайық. Ол өзінің «Игры киргизских
детей» атты еңбегінде тарихта алғаш рет
қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп
қарастырады.
Ә.Диваев алғашқы топтағы ойын түріне
рулық-қауымдық құрылыс кезеңінде өмірге
келген ойындарды, екінші топтамадағы
дәстүрлі ойындарға қозғалыс ойындарын,
үшінші топқа – спорттық ойын түрлерін
жатқызады. Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше,
халық ойындары балалардың іс-әрекетін,
қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын
шыңдауда тездетуші үрдіс әрекетін атқарады.
Ә.Диваев: «Как киргизы развлекают детей»
деген мақаласында: «бала бас бармағын
көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп
көк аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат
сұраған», - дей келіп, «Бес саусақ» ойыны
мен саусақ атауларын алға тартады және
аталған мақалада саусақ пен қимыл-қозғалыс
жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп,
шынықтырудың үлкен даналық философиялық
мағынасы жатқандығы сөз етіледі.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың
бірі – орыс ғалымы А.Алекторов. Мәселен,
оның «О рождении и воспитании детей киргизов,
правилах и власти родителей» (Орынбор,
1891) атты еңбегін атауға болады.
Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының
өмір сүру салтындағы баланың дүниеге
келген сәтінен бастап өсу динамикасына
дейін ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс
әрекетінің алатын орны және балғындардың
денсаулығы мен дене мүшесінің қалыптасып
дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті
жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі
ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға
білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары
бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын
құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін
танып түсінуде жастардың эстетикалық,
адамгершілік ой талабының өсуіне оның
атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев
ойындарды халық мәдениетінің бастау
алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу
қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің
негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық
ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының
жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың
өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі,
ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық
туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке
ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға
мән берілуі – халық данышпандығының
белгісі.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф
М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын былайша
жіктейді:
1. Жалпы ойындар;
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
3. Ашық алаңқайдағы ойындар;
4. Қыс мезгіліндегі ойындар;
5. Демалыс ойындары;
6. Ат үстіндегі ойындар;
7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық
ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп
қараған ғалым М.Гуннер қазақ ойындарына
топтамалық жіктеу жасай отырып, ұлттық
ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға
ұсыныс жасайды. Бұл жерде айта кететін
бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар
Кеңесінің 1943 жылғы шешіміне сәйкес 1949
жылы жарық көрген «Краткий сборник казахских
народно-национальных видов спорта» атты
еңбегі М.Гуннердің толықтырып, өңделген
кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді
халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен,
қалмақ, т.б. отар елдері туралы этнографиялық
деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің
тармағы – халық ойындары, оның ішіндегі
құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді
Түркістан генерал-губернаторы арнайы
шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға
жүктеген. Орыс ғалымы А.Васильев «Игры
сартовских детей» атты мақаласында Ферғана
және Сырдария аймақтарын мекендеген
өзбек халқының ұлттық ойындарының бірнеше
түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты
зерттеген.
Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының
күнделікті ойнайтын ертеден келе жатқан
дәстүрлі «Гимчук тушты бошимга» ойыны
Ташкенттегі сарт балаларына таныс емес
екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен
жазылған «Перепелиный спорт у Ташкентских
сартов» атты мақаласына өзбек халқының
ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл
мезгілдерінің белгілері уақытында «Құстар
ойынын» (тауық, қаз, т.б.) ойнаудың ережесі,
ойын түрлері, тәртібі зерттеледі.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық
дәстүрлі халық ойындары күн тәртібіндегі
өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол
тоталитаризм кезінде дәстүрлі ұлттық
ойындарды зерттеген авторлар қатарында
М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев,
т.б. есімдерін атауға болады. Әсіресе
М.Тәнекеевтің қазақтың ұлттық және дәстүрлі
ойындарын зерттеген деректерінің өзі
жеке мәселе. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы
спорт пен дене тәрбиесі саласына арналған.
Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің халықтық
педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің
негізін қалаған М.Тәнекеевтің авторлығымен
шыққан алғашқы туынды «Казахские национальные
виды спорта и игры» (Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде
ізденуші қазақтың «Тоғызқұмалақ» ойынының
ереже тәтіптерін таразылап, халық ойынының
қажетті жақтарын ашып, сонымен қатар
басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық
ойын түрлеріне тоқталып, анықтама беріп
жіктеп, құнды мұрағат деркетеріне сүйене
отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады.
Ғалым негізінен Қазақстандағы Қазан
төңкерісіне дейінгі кезеңде дене тәрбиесі
мәдениетінің дамуын талдай отырып, тарихта
тұңғыш рет, дене мәдениеті мен спорттың
екі даму бағытын қара халқтық және ақсүйектік
деп көрсетіп, оны формациялық әдістемеге
сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан қарастырады.
Сонымен бірге ғалым зерттеуіне әскери
қолданбалы маңызы бар кейбір спорт және
ойын түрлерінің өрлеуіне отаршыл Ресей
патшалық өкіметінің саяси көзқарасын
көрсетеді. М.Тәнекеевтің аталған еңбегінде
таптық-формациялық идеологиялық көзқарас
тұрғысынан сол заманға сай зерттелгеніне
қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын
жоймаған, ғылыми тұрғыдан аса жоғары
еңбек болып табылады. М.Тәнекеевтің басшылығымен
бұдан басқа да бірнеше ғылыми монографиялық
еңбектер жазылды. Кеңестік кезеңдегі
ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілдігін
көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев
«Қазақтың ұлттық ойындары» (Алматы, 1994)
атты еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын
бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын жазып,
жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп,
ойын зерделеген.
Аталған автор қаламынан халықтың этнопедагогика
мен ұлттық ойындар арасындағы байланыс
және ойындардың ертеңгі болашаққа керекті
қасиеттілігін зерттеген басқа да қомақты
ізденістер дүниеге келеді. Е.Сағындықовтың
авторлығымен жазылған ғылыми монография
«Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану»
(Алматы, 1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте
қазақ мектептерінде І-ҮІ сыныптарда қазақ
халық ойындарын жекелеген классификацияларға
топтап, оны сабақта және сабақтан тыс
тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері
анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық
талдау жасалып, оқу үрдісінде пайдалану
қажеттілігі негізделеді. Ә.Бүркітбаевтың
авторлығымен 1985 жылы жазылған «Спорттық
ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік
мәні» жинағында ұлт спорты түрлері мен
ұлттық спорт ойындарының балалардың
күнделікті өміріндегі алатын орны, тәрбиелік
маңызы және ат спорты мен ұлттық ойындардың
ережесі қарастырылса, М.Балғымбаевтың
«Қазақтың ұлттық спорт ойыны түрлері»
(Алматы, 1985) атты еңбегіндегі ат спортына
қатысты бәйгені бастап жорға жарыс, аударыспақ,
жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс түрлеріне
салыстырмалы талдау жасалады. Бала өміріндегі
ұлттық және спорттық қимыл-қозғалыстың
және ойынның алатын орны, формасы және
мазмұны үлкен адамның тұрмыстық күйімен,
еңбек түрімен және мазмұнымен салыстырылса,
қаладағы қажеттіліктің бір тұсы адамды
дағдыға үйрету екендігін байқаймыз. Ғалым
А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың
дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді
танып-білуге, белсенді әрекет етуге жол
ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша
шынайы өмірде баланың аты – бала. Өз бетінше
әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан.
Қам-қарекетсіз өмір ағысына ілесіп кете
барады. Ол ойын үстінде ол бейнебір ересек
адам тәрізді өз күшін сынап көреді». Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқыту барысндағы спорттық
жаттығулар И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев,
Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова
және тағы басқалар ерекше назар аударған.
И.Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық
құралдарға ғана сүйеніп, мектепке дейінгі
балалық кезді заттар жөнінде жекелеген
нақты түсініктер, жинақтау кезеңі деп
түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде
дене шынықтыру мен ақыл-ойын ақыл-ой дамуына,
жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуында,
маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру,
қорыту, қабілетіне қажетті организм деп
аударған. И.Давыдов ойын-ойыншық және
дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп
мектептке дейінгі барлық кездерге заттар
жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау
кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді.
Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына,
жалпы түсінік пен ұғымның қалыптасуына,
маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру,
қорыту қабілеттеріне қажетті организм
деп тұжырымдайды.
Д.Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру
жаттығуларын ойынмен ұштастырған сәтте
баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің
қалыптасуы айқын сезіледі, сондықтан
дене шынықтыру күнделікті қажеттілік
болуымен қатар денсаулықтың, шыдамдылық
пен тез қимыл-әрекеттің символы болып
табылады.
М.Контарович, Л.Михайлованың авторлығымен
жазылған еңбекте жыл мезгіліне сәйкес
қыс айларында ойналатын ойындар, топ
болып ойнайтын, жеке бір балаға арналған
далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының
әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері
мен шарттарын бала жасына қарай бөліп
классификация жасап, бірнеше халық ойындарын
ұсынған. Олардың ішінде «Қояндар» (2-3
жасарларға), «Аңшы мен ит және қояндар»
(4 жастағылар үшін), «Торғай мен мысық»
(5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы
ойындарын зерттеп, қолданысқа түсірген.
А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан
«Физическое воспитание в детском саду»
кітабында балабақшаның әр тобында жас
ерекшелігіне қарай өткізетін қарым-қатынас
ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу
әдістері, т.б. мәселелер қарастырылған.
Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы
күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге
үйрету, сонымен қатар барлық баланың
қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі,
яғни белсенділер мен жайбасар әлсіз балалар
арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті,
оларды әр түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау,
ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату
барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен
қатар психологиялық тұрғыдан сенімділігінің
артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады.
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы
дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне
басқаша сын көзбен қарауды талап етеді.
Осы орайда соңғы жылдары біздің қарастырып
отырған ізденіс тьақырыбымызға орай
бірнеше ғылыми еңбектер жарық көрді.
Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын
дамыған қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық
құрылыммен байланысты қарастырады. Дене
шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін
қазақтың ұлттық ойындарының тәжірибелік
жағымен біртұтас алып қарайды.
А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы
білім беретін қазақ мектептерінің дене
шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы
материалдарына, оның ішінде халық шығармашылығы
мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың
ғылыми теориялық-әдістемелік негіздеріне
сүйене отырып талдау жасаса, А.Айтпаеваның
ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын
мектептердің бастауыш сынып оқушыларын
тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының
ойындарын пайдаланудың теориялық-әдістемелік
негіздері жасалып, олардың тәрбиелік
мүмкіндіктері айқындалған.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың
ұлттық ойындарының басқа халықтардың
ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның
шығу, пайда болу тегінің ерекшелігіне
байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат
бірлігін көздейтінінде.