Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Октября 2011 в 22:33, реферат
Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады.
1941
ж. Ұлы Отан соғысы
1941
жылғы күзгі, қысқы
Бауыржан
Момышұлы жау шептеріне ішкерлей
еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс
тәжірибесінде алғаш
Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды.
Момышұлы, Бауыржан (1910-1982) - екінші дүниежүзілік
соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы,
қазақтың көрнекті жазушысы.
Туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы
Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен
кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда
жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге
шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы
командир атағын алады. Туған ауылына
қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы
мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан
Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі
әскери бөлімдерде взвод, рота командирі
болады.
1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен,
Бауыржан даңқты генерал майор И.В.Панфиловтың
басшылығымен Алматы маңында жаңадан
жасақталған 316 атқыштар дивизиясының
құрамында майданға аттанады, батальон,
полк командирі қызметтерін атқарады.
Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық
дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі
жеке басының қаһармандық ерлігімен және
ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен
ерекше көзге түседі. Бірнеше ре тжау қоршауынан
жауынгерлерін аман сау алып шығады. Москва
түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің
өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады.
Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі
орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе»
(қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл
шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.
Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы
Бас штабының Жоғары әскери академиясын
бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен
айналысып, Совет Армиясы әскери академиясында
сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен
отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық
жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс
тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде
көрген білгендерін арқау етеді. Оның
қаламынан туған, өмір шындығын арқау
еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері
қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына
айналады. Олар бірнеше қайтара басылып
шығады.
Бауыржан бірнеше орден, медальдермен
наградталады, Кеңестер Одағының батыры
атағын алды. Алайда халықтың өзі «батырым»
деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына
бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін
жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген
болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті
Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық
қаһарманы» деген атақ берілді.
Азамат. Қаламгер. Қаһарман
Қазақ халқының даңқты перзенті Бауыржан Момышұлының аса күрделі өмір жолы Ел басындағы ірі тарихи кезеңдермен тұспа-тұс келеді. Өткен XX ғасырдың басында, атап айтқанда — 1928 жылдан бастап үнемі ат үстінде сапар шегіп, бұрынғы КСРО, қала берді одан тыс алыс елдерді аралап, көзімен көріп қайтты. Шығысы - сонау Қиыр Шығыспен, батысы - Америка континентіндегі Куба мемлекетімен, оңтүстігі — Термез, солтүстігі — мүк басқан, азулы азынаған аязды, бет қаратпайтын боранды терістіктің кең алқабын аралап қайтқаны белгілі.
1932 жылы алғашқы әскери дайындықты Өзбекстанның Термез қаласында өткен Б.Момышұлының әскери өмір жолы осы жерден бастау алған болатын. 1933-1936 жылдары кіші командирлер құрамын дайындайтын курсты да сонда тамамдап, ішкі командир санатында іріктелген арнайы топтың құрамында әскер қатарына шақырылған. Кеңес Қызыл Армиясының қатарына командир ретінде шақырылған алғашқы қазақтардың бірі. Мұнан кейін ол тұрақты әскер қатарына біржолата қалып, ғұмырының 25 жылында, яғни 1955 жылға дейін Қызыл Армия құрамында әртүрлі шенде құрама командирінен ливизия командиріне дейінгі дәрежеге жетті.
1936 жылы Қиыр Шығыстағы шекаралық әскери құрамы артиллериялық взводының командирі дәрежесіне көтеріліп, өзі қызмет еткен полктің ат спорты командасының капитаны, әрі жаттықтырушысы міндетін қоса атқарған.
Қиыр Шығыста әскери қызметін өтеп жүрген Б.Момышұлы әскердегі адал, әрі шынайы қызметі үшін армия құрамындағы ат спорты жарысының жеңімпазы ретінде маршал В.Блюхердің қолынан марапат алды. Ол түста бүкіл КСРО әскери қүрамында бес маршал ғана болғаны анық. Бауыржан Момышүлы сол бес маршалдың біреуі В.Блюхердің қолынан арнайы марапат алған.
Момышұлы 1941 жылдың басынан Қазақ КСР-і әскери комиссариатында аға нұсқаушы қызметін атқарып жүрген кезінде - еріктілердің бірі ретінде батальон командирі дәрежесінде 316 атқыштар дивизиясының құрамында Ұлы Отан соғысына - майданға аттанды.
1942 жылы И.Панфиловтан кейінгі сегізінші атқыштар дивизиясының командирі генерал И.Чистяковпен тізе қоса қан майданды бірге кешті.
Бауыржан Момышұлының қаһарман командир ретіндегі атақ-даңқы, әсіресе, фашистер КСРО астанасы — Москваны басып алу үшін барлық қарулы күштерінің негізгі тобын шұғыл шоғырландырып, Волоколам, Старая Русса — Холм бағыттарында жанталаса ұмтылған кезеңде 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың алғашқы айларында бүкіл елімізге әйгілі болды. Сол кездерден бастап барлық Кеңес баспасозі қазақ халқынан шыққан қайтпас, қайсар қолбасшы туралы тоқтаусыз жазатын еді.
Б. Момышұлы 1955 жылы әскер қатарынан толық босағаннан кейін жазушылық жолға түсіп, өзінің әскери мемуарлық шығармаларын жазуға кірісті. Жазушылықпен айналысып қана қоймай, Жазушылар Одағының қоғамдық өміріне етене араласып, әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастырып, заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовпен бірлесе отырып, үнді жазушылары мен Қазақстан жазушылар арасында шығармашылық көпір салып, сол қоғамдық ұйымды басқарды.
Жазушының 1941 жылы жазыла бастаған "Үшқан ұя" шығармасы 1946 жылы баспаға ұсынылды және 1960 жылдардың аяғында жазушы Т.Иманбековтің аудармасымен қазақ оқырмандарына толықтай таныс болды. Оның бұл шығармасы негізінен аяқталмаған. Кейбір зерттеу деректеріне сүйенсек, бұл шығарма үш кітаптан тұруға тиіс екен.
Куба саяхаты жазушының өміріндегі ең зерделі сапары болып есептелінеді. 1959 жылы Куба революциясы жеңіске жетіп, Америка континентіндегі алғашқы социалистік мемлекет ретінде қатыптасып жатқан тұста Б.Момышұлы Куба мемлекетінің басшысы Ф.Кастроның арнайы шақыртуымен бір айға жуық сол елді аралап қайтып, өзінің "Куба әсерлері" деген атпен сапарнамалық шығармасын жарыққа шығарды.
Мекемтас
МЫРЗАХМЕТҰЛЫ, Мұхамеджан
КӘТІМХАН
Туған жері Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені.
Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота командирі болады.
1941 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен, Бауыржан даңқты генерал майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. Соғыс кезіндегі жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман сау алып шығады. Москва түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде Одақ көлеміне аңыз болып жайылады. Бауыржанның осындай ерлігі жөнінде белгілі орыс жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» (қазақшасы «Арпалыс») повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылады.
Соғыстан кейін Бауыржан Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери педагогикалық жұмыспен айналысып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады.
Бауыржан бірнеше орден, медальдермен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алды. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын.
Жас сардар Бауыржан Момышұлы Мәскеу түбінің қалың қарына малтыға жүріп, бес рет қоршауды бұзып, жалпы саны 207 рет қол бастап, ұрысқа кіріп, 27 рет әскери ғалымдардың айтуынша, соғыс тарихында болмаған тактикалық жаңалық жасады. Командир Момышұлы жетік стратег, асқан тактик болумен қоса, сұңғыла психолог та еді. Момышұлы өмірбаянының осы ең жауапты кезеңінде Мәскеу түбіндегі шайқас ерекше орын алады. 1941 жылы қазанның он бесі күні таң атар-атпастан панфиловшылардың И.В.Капров басқарған 1073-полктің қорғаныс шебіне фашистер шабуылын тынымсыз қайталай берді. Алған жолынан, айтқан сөзінен қайтпайтын қайсар командир Бауыржан роталардың соғыс қимылын жаңа тактикаға жанастыра отырып, операцияны орынды басқара білді. Осы күндердегі арпалыс кезеңдерінде жауға қайсарлықпен қарсы тұрып, майдан даласында ерлік көрсеткендердің ішінде Қ.Шәріпов, Р.Жанғозин, Б.Жетпісбаев, М.Әлімжанов, Д.Снегин, Е.Таймасов, Т.Ахтановтардың ерлігі бір төбе. Алайда аласапыран қысылшаң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соқты. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі – Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасады. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарды. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарды. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырды. Қалың қарағайлы тоғай іші қар. Жауынгерлер шаршады. Әйтсе де табанды төзімділік көрсеткен батальон екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шықты. Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспапты. Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В.Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. «Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алды. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қақты. Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерін қырды, көптеген техникасын жойып жіберді. Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан небір қасиетті сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-құлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін керемет білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған. Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды.
Қазақстанда батырдың атымен Алматы, Тараз, Атырау, Семей қалалары және Жамбыл облысындағы Асса селосындағы көшелерге батырдың аты берілген; Алматы (№ 131), Тараз (№ 44), Шымкент (№ 42), және Алматы қаласындағы әскери мектеп интернаттарыда батырдың есімімен аталады. Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгі ғимараты мен Астана қаласында Бауыржан Момшұлының ескерткіші орнатылған. Жамбыл облысының бұрынғы Бурное ауданы қазір Бауржан Момышұлы ауданы болып өзгертілген.
Соғыс кезінде 1942 жылы 6 маусымда -«Қызыл ту» орденімен 1944 жылы 6 маусымда -«Москваны қорғағаны үшін» медалімен 1945 жылы шілдеде- 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды 1970 жылы «Еңбек қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен 1980]] «Халықтар достығы]]» орденін иеленген КСРО Президентінің 1990 ж 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941-1945 ж соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді. 2000 ж «Ғасыр адамы» деп танылды
Жазушы қаламынан шыққан «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Жонарқа», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы» туындылары- жұртшылықтың қолдарынан тастамай оқитын, өзінен кейінгілерге өнеге ретінде ұсынатын маңызды қазыналар.
Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Б.Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындыларына куә болдық.