Асан Қайғы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 19:17, реферат

Краткое описание

Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы[1](14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) –мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Керей мен Жәнібек хандардың ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы Шиелі ауданы «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі Асан Қайғы мазары делінеді.

Содержание работы

1. Ғалымдардың зерттеуі
2. Өмір сүрген кезеңі
3. Толғаулары
4. Философия дүниетанымы
5. Пайдаланылған әдебиеттер

Содержимое работы - 1 файл

РЕФ Асан қайғы.docx

— 38.36 Кб (Скачать файл)

Артқы топтан адаспа!

Күнінде өзім болдым деп,

Кең пейілге таласпа!

Артык үшін айтысып,

Достарыңмен санаспа!

Ғылымым жұрттан асты деп,

Кеңессіз сөз бастама!

Жеңемін деп біреуді,

Өтірік сөзбен костама!

Сара жолдан жаңылған.

Ханға зират қазылмас,

Сөгілгелі тұр қабырғаң,

Кеселің бар жазылмас,

Тарқат ханым шеріңді,

Намазыңа асыкпа.

Құрыштан берік елімді,

Алауыздыкпен жасытпа!

Біреу өсірген қауынды,

Тұрсың босқа жарғалы.

Досыңнан іздеп жауыңды,

Тұрсың жалғыз қалғалы.

Үмыттың қазақ даласын,

Ұлғайттың жанды жарасын,

Бір атаның баласын,

Екіге бөліп барасын,

Жолын ханым талпасаң,

Бүлінеді барлық жұрт.

Таң боп қайта атпасаң,

Басқалы тұр қара бұлт...

Бұл сөз Асанқайғы бидің  көптен бері ханға айтуға реті келмей жүрген іш құса ыза толғауы еді. Осы  бір ащы, уытты сөз өңменіне қадалған оқтай болған Әбілқайыр хан "намаз уақтысы өтіп бара жатыр екен ғой" деп сылтауратып отырған орнынан тұрып, далаға шығып кетеді. Асан ата да, өзге отырған ел басшы игі жақсылар да ханның "намазды" сылтау қылып, сыртқа шыққанын іштерінен сезеді, сезсе де сыр білдірмегенсиді. Ал, көмейіне лықсып келген ойын бүкпесіз, бетке тіке айтатын Асан би сөзін былайша жалғастыра түсіпті дейді:

Көлде жүрген қоңыр қаз,

Қыр қадірін не білсің?

Қырда жүрген дуадақ,

Су қадірін не білсін?

Көшіп-қонып жүрмеген,

Жер қадірін не білсін?

Көшсе кона білмеген,

Қонса көше білмеген,

Ақылына көнбеген,

Жұрт қадірін не білсін?

"...Халқының болашағын  ойлап қамығады. Оның ойынша жер  үстінде адамзат тіршілігінде көруі мүмкін ұжмақ бар, оның аты - "Жерұйык". Бұл елді жау алмайтын, малға жұт келмейтін, шөбі шүйгін, суы мол қоныс. Онда жұрттың бәрі тең, бәрі де шат-шадыман тіршілік кешеді, ел ал асы, ру таласы жоқ. Малға жай, елге ырыс осындай мекен барын ғайыптан болжап білген, Асанкайғы енді сол жерді іздеп табу үшін желмаяға мініп, тәңіректің төрт бұрышын кезеді. Жолында кездескен тау, өзен, шұрайлы жерлерге, халыққа пайдалы жағын есептеп, тиісті бағасын беріп отырады". Ертісті көргенде: "Мына шіркіннің баласы тойдым деп қарап отырмас, қарным ашты деп жылап отрымас. Сиырдың мүйізі, доңыздың құлағы шығып тұрған жер екен", - депті. Түндікті өзенін көргенде: "Он екі қазылық Ой Түндік, маңырап жатқан қой Түндік. Қойдың құлағы тұтам шығып тұрған жер екен", - деп тастап кетуге қимай, артына үш қараған екен. Сонан "Үш кара" атанған екен таудың аты. Қызылтауға келгенде: "Тау-тасы кеш болганда қой болып ыңыранып жатады екен. Тоқты қысыр қалмайтын жер екен", - депті. Баянауыл тауын көргенде: "Ат ерін алмайтын жер екен. Бауырында тұзы бар, ол тұзы ауыр екен; бір түн түнеп кетемін деген адам, бір жұма тоқтап қалады екен. Тұзы жібермейді екен", - депті. Сарысуды кешіп өтерде: "Мына шіркіннің екі жағы борбас екен. Баланың іші қуырылмайтын, пышағы қыннан суырылмайтын, еркегі ат болатын, ұрғашысы жат болатын жер екен", - депті. Қаратауды көргенде: "Көкектен басқа құсы жоқ, көкпектен басқа шөбі жоқ, жер азғыны мұнда екен", - депті. Ащы бойына келгенде, артына қарап: "А, Баянауыл! Сенің қоныс болып тұрғаның мынау, Ащының арқасы екен. Мал жазғытұрым бір жұма ащылайды екен, күзге таман бір жұма ащылайды екен. Сонысы бір жылға татиды екен", - депті. Шідерті өзенін көргенде: "Мына шіркіннің топырағы асыл екен. Алты ай мініп арықтаған ат, бір айда майға бітетін жер екен. Жылқы шідерлеп койғанда тоқтайтын, жылқынын қонысы екен", - депті. Өлеңті өзенін көргенде: "Тоқтап ешнәрсе айтпай, өлеңдете берген екен. Аз тұрып: "Өлеңтінің суы - май, Шідертінің шөбі - май", - деп жүре беріпті. Сілентіден өтіп Жалаңаштын тұсына барғанда: "Аттың төбеліндей Жалаңаш, сені алдыма өңгерейін бе, артыма бөктерейін бе, қай жарама тартайын? Айналаң аз, онан басқа мінің жоқ, табылмайтын жер екенсің", - депті. Есіл өзенін көргенде: "Алты күнде ат семіртіп мінетін жер екен", - депті. Торғай өзенің көргенде: "Ағар суы бал татыған, ақ шабағы май татыған жер екен", - депті. Терісаққан өзенін көргенде: "Сарыарқаның тұздығы екен", - депті. Сулы Келес, Құрлы Келес өзендерін көргенде: "Мөңіреуін, сиыр болып мөңіреуін кара! Сиыр тұқымы үзілмейтін жер екен".

Екі Келес, бір Талас,

Бал татыған жерін-ай,

Ағайының аралас,

Тату екен елің-ай.

Желмаяға өңгертіп,

Алып кетер едім-ай,

Сыймаған соң алдыма,

Әттең, дүние, дедім-ай!

-депті. Асанқайғы Жиделібайсын  жеріне қызығып: "Ай, Жиделібайсын, артыма бөктеріп кетер едім, әттең атым көтере алмайды-ау! Қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын тып-тыныш мамыражай ел екенсің", - депті.

- Ерейментауына қарап  тұрып "Қыс болса жылқы тұрмас, жылқы тұрса ішінде кұлын тұрмас... панасы жоқ сары дала сықылды  тау екен" дейді.

- Қарақойын - Қашырлы деген  жерге келгенде "Бауырында бір жұтқын айдаһар бар екен, әйтпесе жылқы үзілмейтін жер екен" деп ескертеді. Бұл жерде бір үлкен көл бар екен, көлге жазда ыстықтап, қыста ықтап келіп түскен жылқы батып кететін түбі батпақ - құян болса керек".

- Батыста Асанқайғы Манғыстауға үш барып, үш кайтыпты. Екі баласы: "Маңғыстау малға жайлы қоныс бола алар ма?" - деп сұраған екен. Сонда Асан бабамыз: "Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас" - деген екен.

- Шыңғырлауды көргенде: "Ай Шыңғырлау жылқы өзі өскен жоқ Шыңғырлау сен өсірдің" - деп үш айналып, Шынғырлаудың суына қолын малып отырып: "Шыңғырлау өкпелер, аттың ерін ал, қонайық, ат суарып, аунап қунап кетейік", - депті.

- Жуалының қара топырақты,  қыртысы құнарлы жерін көргенде: "жерің семіз, қарың мол,  қадіріңді егін салған ел білер" дейді.

   Шу өзенін көргенде: "Ей, Шу, атыңды теріс койыпты... мынау ну қамысың еліңді жұтқа бермес" депті. Сыр бойын көргенде: "Басы байтақ, аяғы тайпақ қоныс екен, Қаратауды жайласам, Сырдың бойын қыстасам, қоныс болуға сонда ғана дұрыс екен", - депті. Ақмешіт тұсындағы (Қызылорда) жерді көргенде: "Ей Акмешіт жерің шаң екен, суың жар екен. Елің жұтамас, малыңның көзіне сақ бол" - деп ескертіпті. Осы күнгі Мерке жеріндегі Аспараны көргенде "Ей Аспара көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер" деп жүріп кетіпті. Түркістанның қасында ескі қорған Сауранды көргенде: "Әттеген-ай, тақырдың бетіне, Шөлістанның өтіне салған екен. Сарқырап аққан суы жок, жайқалып тұрған нуы жоқ - түбі тұрақты қала бола қоймас" - деген екен. Сайрам, Шымкент маңын аралағанда Асан әулие айтыпты:

- Екі бассаң - бір базар

Саудасы кызған жер екен.

Екі бассаң - бір мазар

Молдасы азған ел екен

-депті. Сөйтіп, Асан туралы аңыз "шұрайлы қоныс, нұрлы өлке - Жерұйықты таба алмапты" дейді. Ол туған жерін аттап кетпейді. Жиделібайсынды бөтен елден іздемейді, қазақ топырағынан іздейді.

   

Толғаулары

 

Жыраудың бір алуан  толғаулары Әз Жәнібек ханға арналған. Ол ең әуелі ханның айналасына көз салмай, шабылып жатқан халқының жағдайын ойламай бейғам отыруына наразылық тұрғысында айтылады («Қымыз ішіп қызарып, мастанып неге терлейсің, өзіңнен басқа хан жоқтай елеуреп неге сөйлейсің?»). Ертеңгі халық болашағын Жәнібек ханның ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды. Осы арнауында жырау күншығысқа көз алмай қарайтын көрші патшалықтан сақтанудың қажеттігін арнайы ескертеді («Қилы-қилы заман болмай ма, Суда жүрген ақ шортан, Қарағай басын шалмай ма?»). Асан Қайғы осы «ақ шортан» мен «қарағай» бейнесін келесі бір толғауында кеңірек ашып, орыс патшасы отарлауының мән-жайын алдын ала айтып, көрегенділік танытады. Халық басына төнген бұл қауіптің зардабын, оның немен тынатынын да дәл болжайды («Ол күнде қарындастан қайыр кетер, Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер, Ұлы, қызың орысқа бодан болып, Қайран ел, есіл жұртым сонда не етер?»). Асан Қайғы Қаласының жыр, толғаулары негізінен үлгі-өсиет, мақал-мәтел іспеттес болып құрылады. Жырау ру-тайпалық одақтардың генеалогиясын, халықтық әдет-ғұрып, дәстүрлерді дәріптеп, өмір сүрудің мәні туралы, жақсылық пен жамандық, әділдік пен зұлымдық, үлкенді сыйлап-қастерлеу, олардың ақылын алу, бір-бірімен босқа қырқыспау, бейбіт өмір кешуге, ізгі ниетті, қарапайым, адал, шыншыл, иманды болуға шақырады («өлетұғын тай үшін, қонатұғын сай үшін, желке терің құрысып, бір-біріңмен ұрыспа»). Түсіністікпен үйлесімді өмір сүру үшін әр адам өзін-өзі жетілдіруі қажет, ізгілікті болу – бүкіл адамзат атаулының бәріне ортақ дейтін гуманистік тұжырым жырау шығармашылығының негізгі арқауы («Әділдіктің белгісі, біле тұра бұрмасауыл Ақылдының белгісі, өткен істі қумасауыл Жамандардың белгісі, жауға қарсы тұрмасауыл..»). Енді бір алуан жырлары тұрмыста түйген ой-тұжырым, болжау түрінде келеді («Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер, аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер?»). Асан Қайғы есімі тек қазақ халқына ғана емес, басқа да ағайын халықтарға (қырғыз, қарақалпақ, ноғай тағы басқа) кеңінен тараған. Бұл орайда жырау толғауларындағы жоғарыдағыдай философия және психология мәні зор қанатты сөздердің атқарған өзіндік рөлі ерекше.[3]

 

 

Философия дүниетанымы

 

Асан Қайғы Қаласының  философия дүниетанымы үш бағытқа бөлінеді:  этикалық дүниетаным – ұлы жыраудың философия ойларының өзегін құрайды. Адам, адамшылықтың басты қасиеттері, олардың мәні мен сипаты жоғары имандылық деңгейінде қарастырылған. Поэтикалық формамен берілген этикалық ұғымдар, түсініктер, қағидалар Шығыс өркениетіне тән ерекшеліктермен сабақтастық тауып, адамгершіліктің алуан қырлы болмысын айқындайды.

Поэтикалық зерде және философияның қазақ дүниетанымында егіз ұғым екенін жырау өз толғаулары арқылы толық дәлелдеп берді. Адам өмірінің мәні, мақсаты, өлімнің растығы, қоршаған дүниені тану мәселелері Асан Қайғы философиясының басты бағыттары.

Асан Қайғы гуманизмі, адамға деген сүйіс пеншілігі тарихи сана арқылы түркі халықтарының жадында сақталған. Ноғай, өзбек, түрікмен, қырғыз, қарақалпақ халықтары арасында Асан Қайғы есімі ілтипатпен аталып, құрмет тұтылады. Оның ақындық ойы мен жыраулық философиясы өзінің танымдық құдіреттілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқы ғасырлар бойы тарихи сатыларында Асан Қайғы есімін үстемдікке, озбырлыққа, әділетсіздікке қарсы ұстанған ізгілік символына айналдырды. Асан Қайғы Оқшы ата қорымына жерленіп, басына кесене тұрғызылған.

Асанқайғының нақ жерленген  жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша, Жезқазған облысының Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16 шақырым жерде жерленген екен. Асанқайғыға арнап жасалған ескерткіш Асан ата кесенесі "Жеті әулие" қорымында. [4][5][6] [7]

  Пайдаланылған әдебиеттер

↑ Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. ISBN 978-601-282-175-8

↑ Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7

↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас  редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

↑ Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы  оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2

↑ Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазакстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647

↑ Отырар. Энциклопедия. –  Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN: 9965-17-272-2


Информация о работе Асан Қайғы