Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Июня 2013 в 01:45, курсовая работа
Қазақ қыздарының бойындағы қайрат - жігері, жеңісі Жүсіпбек Аймауытовтың кейіпкерлері Ақбілек, Күнікей бойларынан терең танылады. «Ақбілек» романының негізгі идеясы Жүсіпбекке «Қартқожаны» жазу үстінде (мүмкін, одан да ерте ) түскенге ұқсайды. Өйткені, романда елімізде азамат соғысының аяқталар тұсында қызылдардан жеңіліп, оңтүстік шекараға қарай шұбырған ақ әскерлерінің жолдағы қазақ ауылдарына жасаған зорлығы, елді тонауы, қыз - келіншектерді жәбірлеуі сияқты фактілер суреттелген еді» деп Жүсіпбек Аймауытов шығармашылығын зерттеуші академик Серік Қирабаев тұжырым жасайды. Жасаушы таланты «Ақбілек» (1928) романында айқын көрінеді.
КІРІСПЕ..................................................................................................................3 - 5
І. ТАРАУ. Ж.Аймауытовтың әдеби мұрасы.
«Ақбілек» романындағы көркемдік жүйе......................................................6 - 8
1.2. Жүсіпбек Аймауытұлының суреткерлік қуаты...........................................8 - 10
1.3. Жекелеген бейнелердің монологтары.......................................................10 - 17
ІІ. ТАРАУ. «Ақбілек» романың сабақта қолданылатын әдіс - тісілі
2.1."Ақбілек" романы — бір ғана қазақ қызының күрделі тағдыры.............18 - 28
2.2. «Ақбілек» романның ағартушылық сипаты.............................................28 - 34
ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................35 - 39
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................41
Автор «Қартқожа» мен «Ақбілек» романын нақты оқиғалар негізінде жазуды бір мезгілде ойластырғаны мәлім. Екі романның желілері әр тұстан үндесіп жататыны содан да болуға керек. Сондай- ақ ортақ бір желі - өзге жұрт тақырыбы. Кеңес қызметкерлерінің арасынан «Ақбілекте» Иванов деген орыс көрінеді. Қылмыскер қазақты қызметінен жоғарылатамын деп әрекеттенеді. Бірақ қазақ «кәмесерлерінің» араласуымен ол ниеті жүзеге аспай қалады. «Ақбілек» романында басым суреттелген Қара мұрт, отрядтағы офицерлер. Кешегі төсін қаққан шенділер азып- тозып адамгершілік кейпін мүлдем жоғалтқан. Бұлардың бейбіт ауылға шауып, бей- берекетін шығарып, ойына келген зұлымдыққа баруында рәміздік сыпат бар. Ресей империясының өзімшіл, озбыршы бейнесін көзге елестетеді. Қарауындағы басқа елді ел емес, мал санайтын психологиясын айғақтайды. «Орыс шіркін өзім ғана өмір сүрсем дейді екен- ау! Өзгені жан десейші! Аяу деген болсайшы... деп ширығады Ақбілек, кеше құшып- сүйіп емешегі үзіле жаздайтын Қара мұрт нағанын суырып өлтіре жаздағанда.
Роман өткен күндердің тарихи шындығын айта отыра, бүгінгі заманмен де іштей тоғысады. Тұп- тура қазіргі ой- сезімінің үстінен түскендей.
«Ақбілектің жанын жынның ойнағындай ойраңдап кеткен озбыр омырау, өсікті күндер орыс мінген аттардың аяғымен бірге алыстап бара жатты.»
Көркем образдың құдіреттілігі деп, міне, осындай бейнелі көріністі айтса керек. Еліміздің тарихындағы үлкен бір трагедиялық ауыр кезеңнің қорытындысын шығарып тұрған жоқ па? Жауыздықтың артына Ақбілекке қосылып, оқырман да топырақ шашады. Ақбілек азаттығын ел азаттығындай қабылдайды. Тәуелсіз елінің аясында алаңсыз өмір сүретініне шүкіршілік етеді. «Ақбілек» көркемдік те, тәрбиелік те мәнін жоғалтпайтын шығарма.
Бүгінгі күнмен орайлас роман тақырыбының бірі- тіл. Бекболат қалыңдығы Ақбілекке:
«Ғиззетлұ уә құрметлұ ғазиздан көргуші машұқым Ақбілек жанға көптен- көп езгу саламларымызды ырсал ойладік...»- деп басталатын хат жазады. Құдай қосқан жары Бекболат орыс талқысына түскен қарды несіне аламын деп бас тарта ма деп қауіптеніп жүрген Ақбілек қуанудың орнына мырс етіп күліп жібереді. Бекболатқа түсінікті ана тілінде жатық жауап қатады. Романда Жылтыр атты ала аяқтың Әбен байдың үстінен жазған арызы- «Мағлынама» да: «Осындай өз қолымен сайлап қойған ауылнай старшындар һәм народнай судьяларының мұһрлары Әбе Матайұлының қолында болады да, өзі керек қылған кезінде баса береді.» ,- деген сияқты татарша, орысша мен қазақшаны араластырған қойыртпақ стильде жазылған.
Сонсоң ғой қазақ тілінің мұң шағып жүргені:
«Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Мен не көрмедім?
Маған әкеліп араб пен парсыны қосты. Бертін келе шүлдірлетіп ноғайды, былдырлатып орысты араластырды. Бір күндерде мені мүлде жоқ қылғысы келгендер де болды».
Тіл тазалығы тақырыбы роман сюжетінен туындайды. Сондай жымы, жігі білінбейтін қосымша тақырыптар, оларды көтеретін ірілі- уақты кейіпкерлер – бәрі де романның идеялық – эстетикалық келісті көркін ажарлап аша түседі. Тынысын, өрісін кеңейтеді.
Эпизодтық рөл атқарып тұр десе де, Әбен бай мен диуананың бейнелері қанық шыққан. Әбен- көп жылдардан соң Ғабиден Мұстафин «Дауылдан кейін» романында бейнелейтін Шөкен секілді ішкі есебі толық, әр қимылы санаулы, әр жақсалығы сатулы, жұртты жеудің айла- амалында, алдына жан салмайтын аяр залым бай.Мамырбайға Өрік атты бір жесірді екі баласынан тірідей айырып тоқал етіп алып беріп, одан да кіріс кіргізеді. Аққа да, қызылға да бірдей жағымды Мұқашты жанға білдірмей ізім- қайым жоқ қып жібереді...
Іскендір Диуана- қай уақыттан да тыс бейне. Ел үстіндегі адам. Қысы- жазы жалаң аяқ жүреді. Үйі жоқ. Кез- келген үй, тау, тас, сай- сала, мола- оған бәрі де үй. Дүние жимайды. Қолына ақша тисе, бала жарыс ұйымдастырып, бәйгеге үлестіріп жібереді. Ең қымбат қасиеті- «адам баласына жамандық ойламайды.»
Диуана- реалистік те, идеалистік те бейне. Негізгі сөзі: «Алла хақ!» Сюжетке қатысты Ақбілекті үйіне жеткізіп салуымен тынады. Әйтсе де дүние- мүлікті тәрк ететін сопылығымен, жақсылығын сатпайтын, жаманшылыққа бармайтын мінезімен есте қалады. Жерде емес, көкте емес мұндай жанның дүние- үй қоғамның кенересінен орын табуы екіталай. Кей қасиеті, өтірік айта алмайтыны желкесіне мінгізіп ауылға алып келген Ақбілекке зиянға шығады. Ауылға бет алып келе жатқан бойда бір жарлының үйіне қонақтайды.Ақбілек диуанадан бұл үйге менің кім екенімді айтпағын деп өтініш етеді. Сонда диуана тұрып:
- Ә, балақайым! Өтірік айтқан жарай ма? Өтірікші алланың дұшпаны ғой,- деп аяндай берді.
Диуана қонуға түскен үйдің қатыны Күмсінайға қасына ертіп келген бұрымды Мамырбайдың қызы екенін айтып қояды. Күмсінай жаңалықты бір қылым ұн сұраған боп барып, Мұсабайдың қатыны «Саулы бозінгенге» жеткізеді. Одан бүкіл ауыл естиді. Көрші ауылдағы Ақбілек туысқандарына да хабаршы жетеді. «Бозінген», Өрік, Ұрқия, т.б. іспетті өткінші кейіпкерлердің өзі суреткер қаламының бірлі- екілі сызуынан бойына жан бітіп дараланып шыға келеді.
Автор әр тұста роман оқиғаларына публицистиканың отты тілімен үн қосып отырады. Мұндайда проза алқасына жыр нөсерін төгеді. Ақынша бұрқанады, егіле сөгіледі, қара сөздің митыңына шыдай алмай, шабытына қамшы басады., ұйқасты өлең сөз екпініне түсіп құйғытады.
«Сорлы Ақбілек! Сен жыламай, кім жыласын? Тас емшегін жібіткен, тар құрсағын кеңіткен, аруанадай анаңнан айырылдың! Келешектегі бақытты өміріңнің кілтіндей көріп, сары майдай сақтаған алтын қазынаңнан айырылдың! Ар- ұятың төгілді, адалшылығың жойылды. Жас нәуетек жүрегің соқпай жатып, өрт болды. Жаңа шыққан жауқазын піспей жатып жоқ болды. Шам шырақтай жас жаның, жанбай жатып шоқ болды. Есіл, ерке балалық, аяққа құйған астайтын, шолтаң етті, тоқталды. Жыла, жасың бұла! Жасыңмен қайғың жуылсын! Жасыңнан теңіз жиылсын, теңізді дауыл толқытсын! Құтырсын толқын, туласын! Зарлатқан сені мұндарлар тұншықсын- сонда улансын! Қатын- қызы тұл қалып, сендей болып шуласын».
«Ақбілект» сол пафос Алтайдың тамылжыған табиғатымен ұласады. Қайғысына көз жасымен жуып, ақыры арманына жеткен Ақбілекпен оқырман былайша қоштасады.
«Марқакөлдің суы балдай. Марқакөлдің суын ішіп, отын жеген сары қарын, тұтам емшек жануардың бауырынан сүт сорғалап, сүт емес- ау, құт сорғалап көнек-көнек лақылдайды...
Марқакөлдің жиегінде Мамырбайдың Ақбілегі, Жас Балташтың сүйген жары Іскендір құшып, сүйіп, бала болып, нан балып, көп әйелден дана болып кеудесіне бағы сыймай, кемерінен аса шыпылдайды».
2.2. Ақбілек» романның ағартушылық сипаты
ХХ ғасыр басында ұлттық санада ерекше өрлеу мен серпін, даму айқын аңғарылады. Осы кезеңде ұлт руханиятының көш-керуенін бастаған Алаштың қайраткер – қаламгері Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатұлы, М.Жұмабаев, Қ.Кемеңгеров, С.Сәдуқасұлы т.б. бірге Жүсіпбек Аймауытұлы да әдебиет әлеміне еркін еніп, талант қуатын кең көлемде көрсетті. Өткір ұшталған ұшқыр қаламымен ұлттық сөз өнерінің әр алуан жанрында ерен еңбек етіп, ар айнасы, әсемдік әлемі - әдебиетке мол рухани мұралар қосты...
Ж.Аймауытұлының «Ақбілек» романы шабытты шақ пен талант қолтаңбасын айқындауымен қоса негізгі тұлғаның (Ақбілек) өмір жолы, уақыт сыры мен тағдыр «сыйы», кезеңінің қоғамдық-әлуметтік жағдаяттары, қыр елінің тұрмыс-дәстүрлері, тәрбие тағлымдары т.т. терең танылады.
«Ақбілек» романы «Әйел теңдігі» журналының 1927 жылғы 2,5,11 және 1928 жылғы 3, 4, 9, 10 сандарында жарияланды. Бірақ дербес кітап болып басылған жақ. Демократия тағылымы нәтижеснде Жүсіпбек Аймауытұлының аталмыш романы белгілі аудармашы Х.Өзденбаетан алынған нұсқасы бойынша 1989 жылы «Жазушы» баспасынан таңдамалылар жинағында (құрастырғандар М.Атымов, Қ.Керейқұлов) жарық көді. Роман бұдан кейін «Жұлдыз» журналында жарияланады (1989, №6- 9 сандары). Жазушының бес томдық шығармалар жиынтығының бірінші томына енді ( А,. Ғылым, 1996, 144-125 беттер). Астанадан да жарық көрді.
Романға қатысты кейбір дерек көздері Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Жүсіпбек Аймауытовтың өзара жазысқан хаттарында да көрінер еді. «Хатқа» маңыз беруіміздің себеп-сыры – « Ақбілек» романының шығармашылық тарихына қатысты ұнамды, ұтымды пікірлер білдіруінде деп білеміз. Мәселен, романға қатысты ойын автор былай білдірген: « Екі жарым ай болды, үйден түзге шықпағаны ма. Не істеді десеңіз, «Қылауатта» жатып бір роман жазып бітірдім, өзіңіз көрген «Қартқожадан» үлкендігі екі есе болады. Бар ойым, ынтам, рухым сол романға кетіп, тап жынды кісідей болыппын, досты, жолдасты, құрметті қымбат ағаны ұмытып кете жаздаппын. Мен күнді қалай өткізеді десеңіз, міне былай: таңертең сағат сегізде тұрамын да, шай ішіп, қызметке- бала оқытуға кетемін. Күніне алты сағат бала оқытамын. Сағат үште үйге келемін, тамақ ішемін. Одан кейін ұйықтаймын, Сағат алты- жетілерде оянамын. Сөйтем де жазуға отырамын. Сол отырғаннан түнгі сағат екі- үшке дейін отырып қаламын. Әбден талғанда барып ұйықтаймын. Міне, екі жарым айдай көрген өмірім осы». Бұдан кейін автор сөз еткен романның соңғы нүктесін қойып, «баспаға жіберіп отырамын» дейді. Жазушы өмірі мен шығармашылығын зерттеушілер үшін бұл келтірілген үзіндінің маңызы жоғары екені арнайы дәлел, дәйектемені қажет етпесе керек.
Жалпы, жоғарыда еске алған «Хат» автордың М.Ж.Көпеевпен байланысты болғанын ғана көрсетпейді, сонымен бірге әдеби мұраны жинау, бастыру, көпке ұсыну мәселесін де көтереді. Айталық, 1927 жылдың 20 мамырында Шымкент шаһарынан жазылған хатта М.Ж.Көпеевтің өткен өмірі, көп жасағанын еске ала отырып автор: «... қалған өмірде қаламмен сырласып өткен дұрыс» дейді. Оған тоқсан үш жастағы түркімен ақынның сөзін, Майлы (Майлықожа) мен Шәңгерей өлеңдерінен маңызды ой, ұтымды мысалдар келтіреді. Сөйтіп, кейіңгі және бүгіңгі өлеңдерін, қазақ шежіресі мен ақындар айтысын, би- шешендердің өнегелі сөздерін еске түсіріп, жинап, жолдауын өтінеді, «... өз атыңызбен басылады» деуді де ұмытпайды. Бұл – Жүсіпбек Аймауытұлының ұстаздық- ғаламдық, шығармашылық жұмыстарынан тыс әдеби мұраға, ұлттық қазынаға деген көзқарасын айқын аңғартады.
Ендігі бір түйінді мәселе- «Ақбілек» романының қайда жазылғандығы хақында. Біздіңше, мұның жауабы қысқа: алғашқы көлемді де көркем, «ұзақ әңгімесі» ( автор осылай көрсеткен- Р.Т.) «Қартқожа» 1926 жылы Қызылордада жарық көрген, көп ұзамай Шымкент қаласында алдымен ұстаз, сосын директорлық қызмет атқарған( педтехникумда). Жүсіпбек Аймауытұлы келесі көркем әрі шабытты жазылған, талант қарымын мол жұмсаған «Ақбілек» романын қысқа мерзімде аяқтады. Оны жоғарыда еске алған «Хат» та, филология ғылымының кандидаты Ә.Оспанұлының «Ақбілек» Шымкентте жазылған атты мақаласындағы : «...ең әуелі жазыла бастауы да, аяқталуы да біздің облыс орталығында жүзеге асқан» деген жолдар нақтылай түседі.(«Жібек жолы» журналы, 1990, желтоқсан).
«Ақбілек» романының жазылуы мен оған әсер еткен өмір- тұрмыс жағдаяттары, жалпы жазушының осы тақырып төңірегіндегі мұрат- міндеттері Қ.Оспанов, Қ.Тіленішұлы секілді шәкірт- оқырмандарының сыр- сұхбаттарынан, ақын- қаламгер Д.Әбілов пен ұстаз- ғалым Б.Кенжебаевтың естелік- әңгімелерінен, әдебиет пен өнер зерттеушілері С.Қирабаев, Б.Құндақбаев т.б. ізденіс, еңбектерінен де кеңінен көрінеді.
Жоғарыда еске алған естелік- әңгіме, дерек көздерінің қайсысы да «Ақбілек» романының өмірден алынғанын, шынайы шабыт пен шын шеберлік жемісі екенін жоққа шығармайды. Айталық, жоғарыдағы «Хаттан» келтірілген үзіндіден- ақ аталмыш романның өмірге келу сәті, яки жазылу тарихы хақында мол мағлұмат аламыз. Сондай- ақ, автордың көлемді романды қысқа мерзімде ( екі жарым ай көлемінде) аяқтауы мен қолтаңба ерекшелігі, таланты, ықыласы жөнінде де өз аузынан естиміз. Ең негізгісі, «Хат» авторының М.Ж.Көпеевке ықылас- құштарлығы жоғары, әдеби мұраға деген жанашыр көзқарасы, тазалығыда ерекше танылады. Сондай- ақ, Б.Кенжебаев, Д.Әбілев т.б. айтып, жазған естелік, әңгімелерінен де өткен күндердің белгі- бедер, Ақбілек әлемі, қазан төңкерісінен кейіңгі қазақ ауылының өмір- тірліктері, ақ гвардияшылар әрекеті т.т кеңінен көрініс береді. Маңыздысы- жазушының жан әлемін «жаулап алған» болашақ туынды табиғаты, қазақ қызының тағдыр- талайы, шеберхана өрнектері йқын аңғарылады. Аристотель кезеңінен белгілі ақиқат- адам өмірі, тағдырынан тыс сөз өнері болуы мүмкін еместігін ойға алсақ, Жүсіпбек Аймауытұлының шығармашылық әлемінде әдебиеттің негізгі нысанасы- адам, өмір шындығы сол арқылы ғана көркем, нақты бейне, бедерге айналады. «Ақбілек» әлемінің сыры, ұлттық- эстетикалық әсері, рухани олжасы осында жатыр.
Романның жазылу әдіс- мәнерінде аса бір қалыптасқан жүйелілік жоқ. Автор өмір арнасы мен оқиға өміріне сай алдымен Алтай өңірін, Күршім мен Марқакөл маңайын, табиғат тамашаларын әсерлі, шабытты сөз етсе, енді бірде ала ат мінген жалғыз адам туралы, оның өзі бірнешеу болып бейбіт елге зәбір көрсетуін, сосын жекелеген бейнелердің (Ақбілек, Бекболат, офицер, Мұқаш) өзін сөйлетеді.
Адамдық мұрат пен міндет төңірегінде кейіпкер монологтары да қолданылады. Романның соңғы бөлімінде әуелдегі бейнелердің бірсыпырасымен есейген, көзқарастары өзгерген қалпында қайта кездесеміз. Әсіресе, Ақбілекпен Кәмилә әңгімесі, Ақбала- Ақбілек, Балташ желілері, күнделік жазбалары жаңа өмір белгілері ретінде сыр толғайды. Бұл айтылған жайлар роман композициясына көркемдік нұқсан келтіріп тұрған жоқ. Керісінше, шындық өмірдің бейнесі ретінде оңды, сенімді әсер қалдырады. Мұның мысалын романның әлеуметтік мәнінен, рушылдық- феодалдық тартыстарынан, жекелеген кейіпкер мен өмір оқиғаларынан көптеп кездестіреміз. Айталық, романның әлеуметтік мәніне назар аударсақ, сол кезеңнің саяси ахуалы, қазақ ауылы мен ондағы адамдар өмірі, тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық жануарлар мен қайшылықтар, басқа да көптеген мәселелер уақыт сырына сай суреттеледі. Туынды тұлғалары дәуірі мен бетпе- бет келіп, өмір, уақыт талаптарына лайық әрекеттер жасайды. Бұл ретте автор Ақбілекті өмір- тағдыр талқысына сала отырып, ауылдың өсек- аяңынан арашалап, қара мұрттың алдындағы әлсіздігін де сездірмей, қаладан бақытына жолығуы – кеңестік кезеңнің талабы, қазақ әйелінің еркіндік алған салтанатының қызықты, жемісті сәті.
Информация о работе «Ақбілек» романың сабақта қолданылатын әдіс - тісілі