Жер мониторингі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Февраля 2012 в 15:10, реферат

Краткое описание

Жер мониторингі дегеніміз жер қорының сапалық және сандық жай-күйін ұдайы бақылау болып саналады, оның өзі болған өзгерістерді дер кезінде анықтау, оларды бағалау, болжау, қолайсыз процесстердің зардаптарынан сақтандыру және болдырмау жөніндегі ұсыныстарды дамыту, әрі әзірлеу мақсатында жүргізіледі.

Содержание работы

1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлім.
Жер мониторингінің нәтижелерін қарастыру және бекіту.
3. Қорытынды.
4. Пайдаланған әдебиеттер.

Содержимое работы - 1 файл

Жер мониторингі дегеніміз жер қорының сапалық және сандық жай.doc

— 70.00 Кб (Скачать файл)


 

 

 

 

 

                    Мазмұны:

1.      Кіріспе.

2.      Негізгі бөлім.

Жер мониторингінің нәтижелерін қарастыру және бекіту.

3.      Қорытынды.

4.      Пайдаланған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                    Пайдаланған әдебиеттер:

1Құрманова Г.К., Сартабаева Ғ.С. «Жер мониторингі» Оқу әдістемелік кешен. Астана – 2008

2 Мұқауұлы С.,  Үпішев Е. “ Табиғат пайдалану экономикасы ” Алматы 1999 ж.-270 бет

3 Қазақстан Республикасының Жер кодексi 2007ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            Жер мониторингі дегеніміз жер қорының сапалық және сандық жай-күйін ұдайы бақылау болып саналады, оның өзі болған өзгерістерді дер кезінде анықтау, оларды бағалау, болжау, қолайсыз процесстердің зардаптарынан сақтандыру және болдырмау жөніндегі ұсыныстарды дамыту, әрі әзірлеу мақсатында жүргізіледі.

   Республикамызда жер мониторинггі ҚР Үкіметінің 19.09.03ж. № 956 «ҚР – да жер мониторингін жүргізу және оның деректерін пайдалану ережесін бекіту туралы» Қаулысы арқылы жүргізіледі.

            ҚР жер кодексінің 159 бабына сәйкес жер мониторингi болып жатқан өзгерістерді уақытыла анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау, және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай – күйін байқау жүйесін білдіреді.

            Жер мониторингi Қазақстан Республикасының жер ресурстар басқару жөніндегі Агенттігі жүргізеді. Жер мониторингi геоэкологиялық мониторингігің құрама бөлігі болып табылады.

            Қазақстан Республикасының жер қоры 7 жкр санаттарынан құралады. Олардың бөлінуі нысаналы мақсаттарымен байланысты. Мониторинг термині латын сөзінен шықты, айқындалатын, алдын ала қарайтын деген мағына береді.

            Мониторинг термині 1971 жылда қоршаған орта бойынша БҰҰ Стокгольм конференцияға дайындалғанда шыққан. Үкімет аралық мониторингіне арналған бірінші мәжіліс 1979 жылда Найроби қаласында өткізілді. Осы мәжілісте мониторинг түсінігі – қайтадан байқау жүйесі деп аталған.

            Жер мониторингін жүргізуді реттейтін негізгі нормативті-заңды құжаттар – Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 25 қаңтардағы “Жер туралы” Заңы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 17 қыркүйектегі № 1347 “Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізудің тәртібін бекіту туралы” және 2001 жылдың 6 маусымдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Жер қатынастарын реттеудегі кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөніндегі” Қаулылары.

            Зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының бүкіл жер қоры болып табылады.

            Жер мониторингінің мазмұны жердің сапалық күйінің өзгерістерін ұдайы бақылау, Қазақстан Республикасының жер мониторингі жүйесін құру.

            Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылындағы нәтижесі:

      8 ғылыми-әдістемелік құжаттар шығарылды;

      негізгі табиғи-климаттық аймақтар (кіші аймақтар) бойынша базалық жер мониторингі жасалды;

      223 станционарлық бақылау пункттерінде жүйелік бақылау орнатылып, жүргізілуде;

      Атырау облысындағы мұнай шығарылатын аймақтарда санитарлық-қорғау мониторингтік экожүйесі бойынша жергілікті 7 сынақ полигоны бар;

      экологиялық жағдайларды тұрақсыз (Арал маңы, Каспий жағалауы, Балқаш өңірі, Семей ядролық сынақ алаңы) аймақтардың топырақ және геоботаникалық карталары, станционарлық пункттерді бақылау жобалары жасалды.\

            Жер мониторингінің аумақтық-аймақтық схемасы

 

      159-бап. Жер мониторингi

 

      1. Жер мониторингi болып жатқан өзгерiстердi уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрi дамуын болжау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында жүргiзiлетiн жер қорының сапалық және мөлшерлiк жай-күйiн базалық (бастапқы), жедел, мерзiмдi байқау жүйесiн бiлдiредi.

      2. Жер мониторингi қоршаған табиғи ортаның жай-күйi мониторингiнiң құрамдас бөлiгi және сонымен бiр мезгiлде басқа да табиғи ортаға мониторинг жүргiзу үшiн база болып табылады.

      Халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларға сәйкес Қазақстан Республикасы жердiң ғаламдық мониторингi бойынша жұмыстарға қатысуы мүмкiн.

      3. Жерге меншiк нысандарына, жердiң нысаналы мақсаты мен пайдаланылу сипатына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық жерi жер мониторингiнiң объектiсi болып табылады.

 

      160-бап. Жер мониторингiнiң мiндеттерi

 

      1. Жер мониторингiнiң мiндеттерi:

      1) жердiң жай-күйiнiң өзгерiстерiн уақтылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және керi әсерi бар процестердi болдырмау мен зардаптарын жою жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

      2) мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзудi, жерге орналастыруды, жердi пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттiк басқарудың өзге де функцияларын ақпараттық қамтамасыз ету болып табылады.

      2. Жер мониторингiнiң жердiң санаттарына сәйкес келетiн iшкi жүйелерi болады. Аумақты қамтуына қарай республикалық, аймақтық не жергiлiктi жер мониторингi жүзеге асырылады.

      3. Жердi жүйелi түрде бақылаудың, суретке түсiрудiң, зерттеудiң, түгендеудiң нәтижелерi, жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылаудың материалдары, мұрағаттық деректер, жердiң сапалық жай-күйi туралы басқа да мәлiметтер жер мониторингi үшiн ақпарат көздерi болып табылады.

 

      161-бап. Жер мониторингiн жүргiзу

 

      1. Жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      2. Жер мониторингi бойынша мемлекетаралық және халықаралық бағдарламаларды iске асыру Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан келiсiмдерi мен шарттарында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады.

      3. Жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

 

      162-бап. Жер мониторингi ақпаратын алу мен пайдалану

                әдiстерi

 

      1. Жер мониторингiн жүргiзу кезiнде қажеттi ақпаратты алу үшiн қашықтықтан зерделеу, жер бетiн суретке түсiру және бақылау әдiстерi, сондай-ақ қор деректерi қолданылады.

      2. Жер мониторингiн техникалық қамтамасыз ету жер ресурстарын басқару жөнiндегi тиiстi аумақтық органдарда ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау пункттерi бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады.

      3. Жер мониторингiнен алынған нәтижелер автоматтандарылған ақпараттық жүйенiң мұрағаттарында (қорларында) және деректер банкiнде жинақталады.

      4. Азаматтар, кәсiпорындар мен мекемелер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды және жеке тұлғалар жер мониторингiнiң мәлiметтерiн белгiленген тәртiппен пайдаланады.

 

 



Информация о работе Жер мониторингі