Елдiн орге басуы - елбасынын енбегi

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 06:14, реферат

Краткое описание

Бүгінгі биіктен тұрып қарасақ, өткен жылдардағы жүзеге асқан ауқымды істер өз кезегімен, оңай атқарыла қалған секілді көрінеді. Тәуелсіздікті ала қойдық та, кездескен экономикалық қиындықтардан шығып, Астанамызды Сарыарқаға көшіріп, қазіргі елдік жетістігімізге бірден қол жеткізе қалғандай сезіледі. Шынымен солай ма еді?

Содержимое работы - 1 файл

Бүгінгі биіктен тұрып қарасақ.docx

— 23.52 Кб (Скачать файл)

Бүгінгі биіктен тұрып қарасақ, өткен жылдардағы жүзеге асқан ауқымды істер өз кезегімен, оңай атқарыла қалған секілді көрінеді. Тәуелсіздікті ала қойдық та, кездескен экономикалық қиындықтардан шығып, Астанамызды Сарыарқаға көшіріп, қазіргі елдік жетістігімізге бірден қол жеткізе қалғандай сезіледі. Шынымен солай ма еді?

Келер жылы Қазақстанның егемен ел ретінде қалыптасқанына 20 жыл толады. Ата-бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің өзі бір-ақ күнде келе қалған жоқ. 1989-1990 жылдары КСРО-ның күні батып бара жатқаны белгілі болды. Сол кезден бастап өзге одақтас республикалар секілді Қазақстан да жеке ел болуға іштей дайындығын бастағанын бүгін ашық айтуға болады. Ол кезде Кеңес Одағының өз ішінде саяси тұрақтылық жойылып, аумалы-төкпелі заман басталған-тын. Бірақ ол кезең қыңыр саясат ұстанатын заман емес еді.

Біз егемендік алған тұста қандай едік? Әуелі тәуелсіздігімізді жариялап, ертеңгі күнімізге алаңдаумен қарадық. Ұлан-ғайыр жеріміз бар. Алайда, еліміздің мемлекеттік шекарасы заңмен нақты бекітілген жоқ еді. Өзіміздің төл теңгеміз түгілі, жеке экономикалық жоспарымыз да болған жоқ. Одақ кезінде КСРО құрамындағы республикалар Мәскеудің бекітіп берген жоспары бойынша жұмыс істеп келді.

1991 жылдың 16 желтоқсанынан бері қарай атқарылған қызметтің ауқымы бір ғасырға татиды. Нарық экономикасының қиындықтарын еңсере білуде, жаңа мемлекет құруда, Елтаңба, Әнұран, Мемлекеттік Туды бекітуде Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі орасан зор. Әлемнің көптеген елдерімен ынтымақтастық қарым-қатынас орнатылды. Тұрақтылығы сақталғандығы дәлелденген соң, елімізге инвестиция келді. Соның нәтижесін бүгін көріп отырмыз. Одан кейін 1993 жылы 15 қарашада төл теңгеміз қолданысқа енді. Көрші Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанмен мемлекеттік шекарамыз нақты айқындалып, келісімдерге қол қойылды және мәңгілік мызғымайтындай заңмен бекітілді.

1997 жылы Елбасының бастамасымен елордамыз Алматыдан Сарыарқа төріне көшірілді. Он жылдың ішінде жаңа Астананың негізгі құрылысы толықтай салынып бітті. Әлем назарын өзіне аударған ХХІ ғасырдың келбетті шаһары пайда болды.

Осындай игі бастамаларды көтеріп жүрген Нұрсұлтан Назарбаев қазір әлемдегі беделді саясаткерлердің бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тек Президент қана емес, бүгінгі тәуелсіз, экономикасы тұрақты даму жолына түскен мемлекетті – Қазақстан Республикасын қалыптастырушы тұлға екені анық. Ол халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізді және күллі өркениетті әлемге өзін мойындата білді.

Үстіміздегі жылы қаңтардың 29-ы күні қос палатаның бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.

Әлемді алаңдататын мәселе көп. Бір елдерде қақтығыстар болып жатса, енді бір мемлекеттерді қаржы дағдарысы тығырыққа тіреді. Кейбір елдер экономиканың шапшаң дамуынан да зардап шегуде. Өйткені, бюджет жүйесі мен қаржы айналымының тепе-теңдігі бұзылып, экономиканың “күйіп” кетуі орын алады. Ал артта қалған елдерде халқының аштыққа ұшырап, балалардың шетінеуі бірінші орынға шығып отырғанын да әлемдік жаңалықтардан біліп жатырмыз.

Дүние жүзі елдерінің ішінде дамыған 50 мемлекеттің қатарына қосылуды мақсат тұтқан Қазақстан жаһандық қаржы дағдарысынан “ат-көлігі” аман-есен шығып келеді. Бұл Мемлекет басшысының жедел шешім қабылдауының, Үкіметке дағдарысқа қарсы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру жөнінде нақты тапсырма бергендігінің және соның нәтижелі орындалғандығының арқасы екені анық. Сонымен қатар Парламент елді дағдарыстан алып шығуға құқықтық негіз жасайтын отыздан астам маңызды заңды жедел қабылдағаны да белгілі.

Іргелі істерімізді, бейбітшілік жолындағы бастамаларымызды мойындаған әлемдік қоғамдастықтың Қазақстанға деген жаңаша көзқарасы қалыптасты. Соның нәтижесінде шетелдің танымал саясаткерлері, сарапшылары және қарапайым азаматтары да елімізде үлгі аларлық қадамдардың көп екендігін жиі қайталайтынына куә болып келеміз. Азия және ТМД елдері ішінде бірінші болып Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету мәртебелі миссиясына ие болды. Келесі жылы Қазақстан Ислам Конференциясы Ұйымына жетекшілік етеді. Осының бәрі тәуелсіз еліміздің дүние жүзіне кеңінен танымал болуына даңғыл жол салып беретіні даусыз.

Елбасы инновациялар ғана еңбек өнімділігінің шұғыл артуына жол салып беретінін ескерте келіп: “Менің тапсырмам бойынша Үкімет Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын және Елді индустрияландырудың егжей-тегжейлі картасын әзірледі. Бұл құжат – таяудағы бес жылда біз нені, қайда және қашан салатынымыздың толық іс-қимыл жоспары”, – деді.

Елімізде инвестицияларының жалпы көлемі 6,5 триллион теңгені құрайтын 162 жобаны іске асыру міндеті тұр. Бұл мемлекетіміз ІЖӨ-сінің 40 пайыздан астамын құрайды. Ол жобалар таяудағы үш жылда ғана 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын тікелей ашуға мүмкіндік беретіні жоспарланып отыр.

Ел Президенті Қазақстанның ТМД-дағы интеграциялық үдерістердің белсенді қатысушысы екенін ескерте келіп, Кеден одағының деңгейінде бәсекеге қабілетті отандық өнім шығаруды, өз тұтынушыларымызды сапалы тауармен қамтумен қатар, оны шетелге экспорттауда да табысқа жетудің тың жолдарын қарастыру міндетін алға қойды.

Нұрсұлтан Назарбаев – әлемдегі қауіпсіздікті сақтау, ядролық қарулануға қарсы күресу жолын ұстанған танымал қайраткер. Және де ол – біздің мемлекетіміздің мүддесі үшін нағыз тарихи шешімдер қабылдап келе жатқан тұлға. Сондықтан Президентіміздің қол жеткізген жетістіктері тек Қазақстан халқының емес, түркі тілдес елдердің де ортақ мақтанышына айналып отыр.

Осыдан 15-20 жыл бұрын осындай деңгейге жетеміз деп ойладық па? Бүгінгі таңдағы қол жеткізген табыстарымыз, шын мәнінде толайым. Дегенмен, өмір ағысы тоқтамайды. Бүгінгі жетістігіміз – ертеңгі толағай табысымыздың іргетасы. Сондықтан алда тұрған асқаралы міндеттер бар. Оны абыроймен атқару – Елбасы бастаған Қазақстанның барша азаматтарының мәртебелі міндеті, жауапты қызметі.

Әрқашанда елдің бірлігі мен ынтымағы, Елбасының сарабдал саясаты жас мемлекетімізді кемел келешекке бастай беретініне кәміл сенемін. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                             Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі

                                                  Атырау Мұнай және Газ Институты 
 
 
 

    

    БАЯНДАМА

  «ЕЛДІҢ ӨРГЕ БАСУЫ – ЕЛБАСЫНЫҢ ЕҢБЕГІ»

Информация о работе Елдiн орге басуы - елбасынын енбегi