Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Октября 2011 в 17:52, автореферат
Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі — батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың шапқыншылық шабуылдарына қарсы аттанған, одан ел-жұртын қорғап қалған батырларды, олардың ерлік істерін ардақтап халық аңыз-әңгіме, жырына қосқан. Сондай-ақ, халық адал еңбекті, еңбек адамдарының көпшілік үшін жасаған істерін де жырлаған, оған да ерлік сипат берген. Еңбек адамдарының ерлік ісін ел қорғаған батырлардың ісінен кем санамаған. Сондықтан да бұл екеуі халықтың ерлік істі суреттейтін батырлар жырының негізгі әңгімесіне айналған.
Қазақ ауыз әдебиетінің ертеден келе жатқан күрделі саласының бірі — батырлар жыры. Бұл жырлардың көпшілігі халықтың отанды сүю, басқыншы жаудан ел қорғау, халық үшін ерлік еңбек ету идеясынан туған. Басқыншы жаудың шапқыншылық шабуылдарына қарсы аттанған, одан ел-жұртын қорғап қалған батырларды, олардың ерлік істерін ардақтап халық аңыз-әңгіме, жырына қосқан. Сондай-ақ, халық адал еңбекті, еңбек адамдарының көпшілік үшін жасаған істерін де жырлаған, оған да ерлік сипат берген. Еңбек адамдарының ерлік ісін ел қорғаған батырлардың ісінен кем санамаған. Сондықтан да бұл екеуі халықтың ерлік істі суреттейтін батырлар жырының негізгі әңгімесіне айналған.
Әрине, батырлар жыры бір ғасырдың ғана жемісі емес. Ол халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына, қоғамдық өміріне байланысты туып, солармен бірге жасасқан. Сондықтан да батырлар жыры өзінің қалыптасып даму процесінде талай қоғамдық және таптық тілектерге сәйкес көптеген өзгерістерге ұшыраған, әрбір тарихи кезеңнің, қоғамдық және таптық ой-сананың, көзқарастардың алуандаған әсерін бойына жинай берген. Әрбір қоғамдық құрылыс, әрбір тап батырлар жырын өз тілегіне, өз мүддесіне сай етіп өзгертіп те отырған, олар батырлар жыры арқылы өздерінің қоғамдық және таптық идеясын таратуға тырысқан.
Қазақтың батырлар жыры ертеден келе жатқан мәдени мұраның ең мол түрі дедік. Бірақ Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейін оларды ел арасынан жинап алушылар болса да, оны шын мәнінде ғылыми жолмен зерттеушілер болған жоқ. Рас, қазақтың батырлар жыры туралы Шоқанның, Радловтың, Потаниннің бірен-сарандап айтқан пікірлері болды. Дегенмен олар қазақтың батырлар жыры өте көп, әрі көркем, оны жинау керек деген пікірден онша асып кете алмады. Олар қазақтың батырлар жыры жайында арнап зерттеу еңбектер жазбаған. Сондықтан да олар батырлар жырының тууына әсер еткен қоғамдық, тарихи жайларды, батырлар жырындағы халықтық, қоғамдық мәселелерді ашып көрсете алмады. Мұнымен қатар, олардың батырлар жыры жайында айтқан кейбір пікірлері қате, теріс те еді. Шоқанның Едіге мен Абылай жайындағы жырларды асыра мақтауы, Потаниннің батырлар жырын зерттегенде әрбір халықтың творчестволық қабілетін кемітуі, жырдың мазмұнын бір халық екіншісінен алып отырады деуі, Радловтың қазақта батырлар жыры жоқ деуі т. б. ағат айтылған қате пікірлері, теріс көзқарастары болатын.
Батырлар жырын зерттеу ісі советтік дәуірде қолға алынды. Батырлар жыры жайында газет, журналдық мақалалардан бастап, кандидаттық, докторлық диссертацияларға дейін еңбектер жазылды, орта мектепке арналған оқу құралдары көлемінде зерттелді. Советтік дәуірде қазақтың батырлар жырын зерттеуде М Әуезов, С.Мұқанов, X. Жұмалиев, Ә. Марғұлан, Б.Кенжебаев, А. С. Орлов секілді әдебиетші-ғалымдар бірсыпыра жұмыстар жүргізді. Бұлардың еңбектері ірілі-ұсақты кемшіліктері бола тұрса да, батырлар жырын ғылыми тұрғыдан зерттеудің алғашқы бастамасы еді.
Батырлар
жырын зерттеуде қате-
Қазақтың ауыз әдебиеті халықтың ертедегі тұрмыс-тіршілігіне, тарихына байланысты туды десек, мұны батырлар жыры жайында да айтуға болады. Батырлар жырының алғашқы ұсақ үлгілері сонау ерте заманда, патриархтық-рулық құрылыс кезінің өзінде-ақ туа бастаған. Сол кездің тарихта аттары мәлім рулары: үйсін, қаңлы, қоңырат, керей, қыпшақ т. б. өздерінің ру тәуелсіздігін сақтап қалу үшін күрескен. Мұндай күрестер кезінде әр рудың батырлары өз руларын қарсы жақтың шабуылдарынан қорғап қалу жолында ерлік жасаған. Олардың бұл жолдағы ерлік істері ру арасында өлең-жырға, аңыз-әңгімеге айналған.
Дегенмен,
патриархтық-рулық құрылыс
Батырлар жырын тудырушы халық десек, енді сол жырлардың халықтық сипаттары қандай болмақ? Бұл сұраудың да жауабын марксизм-ленинизм классиктерінің, орыс халқының революцияшыл ұлы демократтарының және А.М. Горькийдің еңбектерінен табамыз. Олардың айтуынша, қоғам өмірінен, халық бұқарасының тұрмыс-тіршілігінен оқшау тұратын батырлар жыры болмайды. Батырлар жыры қай кезде болса да белгілі бір таптың идеясын, арман мүддесін, қоғамдық көзқарасын білдіріп отырады. Батырлар жыры халықтың тұрмысында, тарихында болған елеулі оқиғаларды көркем образ арқылы жинақтап бейнелейді және ол оқиғаларды халық өзінше бағалайды, өзінің көзқарасын білдіреді. Қоғам өмірінде материалдық игіліктерді, рухани мәдениетті, тарихты жасаушы, оларды алға бастырушы негізгі күш — халық деп үйретеді.
Бұл айтылғандар батырлар жырының халықтық сипатын ұғынуымызға толық мүмкіндік береді. Оны мынадан байқауға болады. Біз жоғарыда қазақтың батырлар жыры өткендегі тарихи оқиғаларды жырлау негізінде туды дедік. Ол оқиғаларды халық жырының бағалауы бір басқа да, феодалдық жырдың топшылауы, бағалауы екінші түрде. Аталған оқиғаларды феодалдық жырлар үстем таптың, халықты езушілердің тұрғысынан бағалайды. Феодалдар мен хандар өздерінің халықты езуін, шапқыншылық, ел талағыштық, қанқұмарлық іс-әрекеттерін «ерлік» деп жырлайды. Сондай-ақ, феодалдық жырлар көбінесе жеке адамдардың істерін суреттеуге, даралықты, жеке меншіктілікті дәріптеуге көңіл бөледі. Жеке адамдарды дәріптегенде, олардың көпшілік үшін атқарған қызметін айтып ардақтамайды, асса ат төбеліндей қанаушылардың, қалса олардың қара басының даңқын көтеру үшін дәріптейді. Осы жолда олардың ел талағыштық, қан-құмарлық, шапқыншылық жорықтарын «ерлік» деп жырлайды, сөйтіп, тарихи шындықты бұрмалайды. Бұған «Ер Сайын» жыры мысал болады.
Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-тәнімен беріле адал қызмет еткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған батырлар жайында шығарылған жырлардың халық әдебиеті тарихынан алатын орны үлкен. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.
Халық өткен кезде батырлар жырын жастарды ел-отанды сүюге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелейтін құралдың бірі есебінде пайдаланған. Жырдағы батырлардың ел қорғаудағы ерлік істерін жастарға үлгі, өнеге еткен. Бұл ретте де батырлар жырының тәрбиелік мәні болған.
Ертеден
келе жатқан батырлар жыры біздің советтік
заманымызда да халықтық мәнін жойған
жоқ. Ескі мәдени мұраны қадірлей білетін
совет халқы бұл жырлардың
ең таңдаулысын, идеялық-көркемдік
сапасы жоғарыларын пайдалануда. Бұған
батырлар жырының ең таңдаулы үлгілерінің
жинақ болып бірнеше рет басылуы, ғылыми
еңбектер жазылуы, оқу орындарында оқытылуы,
театр сахналарында және киноларда көрсетілуі
дәлел. Сондай-ақ, патриоттық ерлік істерді,
Отанды сүюшілікті суреттейтін батырлар
жырын совет халқы аса жоғары бағалайды,
ескіден сақталған мәдени мұраның ең жақсы
үлгілері деп таниды.
Жоспар
І. Кіріспе бөлім.
Батырлар жыры.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) батырлар жырының жиналуы және зерттелуі.
ә) батырлар жырының тарихқа байланыстылығы.
б) батырлар жырының халықтық сипаты.
ІІІ. Қорытынды бөлім.
Батырлар жырының
мәні.
М.Ғабдуллин
“Қазақ халқының ауыз әдебиеті” Алматы
1958 ж.