Инвестиция дегеніміз не

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Декабря 2011 в 12:27, курсовая работа

Краткое описание

Инвестиция туралы ұғым банк ісі ғылымының арнайы бөлігі болып табылады. Бұл инвестициялық қызметтің неғұрлым белсенді және ірі ресурстар бар мүшелер. Сондай – ақ оларды ұйыммен және тұрғындармен жинақтарды тарту олардың инвестициялық ресурстар трансформациялануы өндірісті дамыту үшін оларды бөлу және пайдалану бойынша туындайтын экономикалық қатынастар табылады. Қазіргі уақытта инвестициялық процессті қаржыландыру нарықтық тетікті бір қалыпқа келтіру Қазақстан Республикасы экономиканың дамуының басты проблемаларының бірі болып табылады. Тиімді инвестициялық тетікті қалыптастыру арқылы өнеркәсіптік өндірісті қалпына келтіру және сапаны қайта құру үшін әр түрлі көз-қарастар мен тәсілдер ұсынылуда. Осыған байланысты экономикалық жақсы дамыған сигмент ретінде банктік жүйеге келтіріледі. Болашақ мамандар инвестициялық процесті ұйымдастыру және жүзеге асыру саласына, кәсіби білім алуына мақсатты теориялар және тәжірибелік түрде бағытталған шетелдерде қалыптасқан инвестициялық инфрақұрлымның, қызмет ету мөлшері және оларға банктердің қатысу тәжірибесін қарастырады.

Содержание работы

1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
1.1 Ивестицияның пайда болуы және даму тарихы
1.2 Инвестицияның қызметі мен операциялары1.3 Шет мемлекеттердегі инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында тартымды ресурстардың құрлымы мен даму ерекшелігі
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
Инвестицияның түрлері мен есептеу әдістері
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары
2.3 2004-2006 жылдардағы инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАРЫСЫНДА ТАРТЫМДЫ РЕСУРСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер
Қазақстан Респулликасының инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары

Содержимое работы - 1 файл

инвестия.doc

— 265.50 Кб (Скачать файл)

       Сөйтіп, қатені түзеу үшін қететін шығындар түгелімен кәсіпорын қалтасынан шығады. Осындай батпаққа батқаннан  шығу өте қиын болады. Ал, егер осында "байланып қалу" бір уақытта 3-4 инвестициялық жоба бойынша болғанда не болады? Капиталды сіңіру саласы үлкен болып қалғанда, іскерлік серіктестіктер де мықтылар болады да, қатені түзеу үшін көп шығынға бататының анық болады. Міне, осыдан барып, инвестициялық жобаны іске қоспас бұрын, алдын-ала оның тиімділігін есептеп алған жөн. Тіпті 100 беделді фирмалар ақыл бергенімен, қате жібермеймін деп ойлауға болмайды. Нарықтың аты нарық. Бәрібір тәуекелділіктің аз болғаны дұрыс. Кәсіпорын басшылары тиісті шешім қабылдаудан қорықпауы керек, олар өздерінің жоспарларын жөндеуде өте икемді болулары қажет, конъюнктураның уақытша өзгеруіне және басқадай фактордарды көре біліп, тиімді істерді бастай алулары қажет.

       3. Күрделі қаржыны салуда материалдық  және тиімділіктерді бағалау  үйлесімділік принципі. Тиімділікті бағалаудың  үш  варианты бар:

       1) Шығындар мен шығарудың салыстырмалы бағаларын салыстыру арқылы, яғни тек қана құндылық, ақшалай таддау.

       Бірақ әлемдік инвестиция жасау тәжірибесі тек қана тиімділіктің ақшалай бағалануы жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, мұндай тәсілдік инфляцияның ауыздықсыз кеткен жағдайында, су түбіне мүлдем батырады. Сондықтан ақшалай бағалауды техникалық есептеумен толықтыру керек болады.

       2) Тиімділіктің ақшалай және техникалық белгілерінің үйлесімділігі. Бұл тәсіл сенімдірек болады.   Өйткені инвестициялық жобаға салынған технологияға көп жағдай байланысты. Өндірістік күш-қарқынның артуының өзі тікелей технологияға қарай болады да, осыдан барып, инвестициялық мақсаттардың жүзеге асуына себебін тигізеді.

       3) Тиімділікті бағалаудағы таза түріндегі техникалық тәсіл. Бұл бизнестегі нарықтық бағалауды есепке алмайды, сондықтан оның қолданылуы: әзірше Қазақстан жағдайында басты орында болмай тұр.

       4. Үйренушілік шығындар принципі.

       Үйренушілік шығындар деген не? Бұл - жаңа инвестицяялық  ортаға үйренуге байланысты болған барлық шығындар. Бұларды қайта құрудан және кадрларды қайта даярлаудан жоғалтқан өнім шығарумен өлшенеді, жаңа жабдықтар қойылғанда, оны конъюнктура өзгеруіне қарай, қайтадан өзгертіп, құрастыру керек болады.

       Уақытша жоғалту деген - табысты да жоғалтумен бірдей деп есептелінеді.

       Әрқашанда да жаңа инвестиция жөніндегі шешім мен оны іс жүзінде асыру, орнын толтыру арасында уақытша қалып қоюшылық «лаг» бола береді. Бірден үйренушілік болмайды. Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек. Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде. Бірақ мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді.

       Өндірістік  инвестицияаудағы үйренушілік шығындары одан да асып кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.

       Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық). Солардың кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып, жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім шарттардың орындалмай қалғандарына айыппұл төлеу.

       Мұнан туындайтын қорытынды : үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді. Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да іркілмей бара беретін боласыз.

       Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп уақыт осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ , бұл инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.

       5. Мультипликаторлық (көбейткіш) принципі.

       Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді. Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар, пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэфффициенттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан (басқа    салалармен), алдын-ала  бұл байланыстылықтың мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік.

       Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын  білесіз. Мультипликатор арқылы салалар  арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да білдіреді.[2; 67]

       Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр түрлі  уақытта болады. Егер мысалы, ондай  тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы  болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе азайта ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет болады.

       Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны  саласының басқа саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды. Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да, инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені рынок үнемі қозғалыста болып түрады.

       6.Q - принципі

       "Q" - принципі - бұл қор биржасындағы  бағалау мен актив құнын нағыз  қалпына келтіру арасындағы өзара  тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш  - қатынасы :

       Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) / бұл активтерді ауыстырудың (сатып алу)  күнделікті шығындары.

       Егер  бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда, артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы.

       Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным  бағасы мен ұсыным бағасының өз ара  қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:

       Q ═ фирманың барлық биржалық  құны / оның материалдық бөліктерін  орнына келтіру шығындары.

       Тұтастай  алғанда, бұл принциптің қолданылу  деңгейінің аз болуы,   мемлекеттік  реттеушіліктің көп болуына қарай туады.[16;138-144] 

      1.3 Шет мемлекеттердегі  инвестициялық қызметті қаржыландыру  барысында тартымды ресурстардың  құрлымы мен даму ерекшелігі 

       Батыс елдердің бір қатарында қазіргі  несие жүйесінде инвестициялық  банктер өздерінің дамуын алды. Батыс елдердің инвестициялық банктердің пайда болып, басқа банктерден бөлінуіне еңбек бөлінісі және несие аясындағы мамандану әкелді.

       Инвестициялық банктердің негізгі қызметі -ұзақ мерзімді ссудалық капиталды мобилизациялау және оны қарыз алушыларға акцияларды, облигацияларды және орналастыру арқылы, қарыздық міндеттемелердің басқа түрлері арқылы беру. Әр ірі фирма, корпорация әдетте өзінің инвестициялық банкісімен жұмыс істейді және сол банктің қызметін пайдаланады. Қазіргі инвестициялық банктердің екі түрі қызмет етеді:

       1.Бірінші  типті инвеегациялық банктер.

       2.Екінші  типті инвестициялық банктер. 
Мұндағы    бірінші    типті    инвестициялық банктер тек бағалы қағаздарды орналастыру және сатумен айналаысады. Ал екінші типті твестициялық банктерге келетін болсақ олар үзақ мерзімді несиелеумен айналысады.

       Батыс Еуропаның континенталды елдеріне және дамушы елдерге негізінен осы  атап кеткен екінші типті инвестициялық  банктер тән. Бірінші банктер XIX ғасырдың бірінші ширегінде жауапкершілігі шектелген серіктестіктер формасында құрылған болатын. Инвестициялық банктер аса тез дамуы XX ғасырдың 20-шы жылдарында байқалады.

       Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен  мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының пайда болуымен  олар  үлкен компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражаттарын мобилизациялайды, жаңа компанияларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметтің бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.

       Бірінші типті иңвестициялық банктер  соңғы кезде көбінесе корпоративті секторлардың бағалы қағаздарымен операцияларды жиі жүргізеді. Мұндай банктер акциялар мен облигацияларды орналастыру арқылы өндіріс, транспорт және сауда кәсіпорындарының ақша қаражаттарын алуда делдал ретінде қатысады.

       Бірінші типті инвестициялық банктер капиталды тарту, бағалы қағаздар нарығында қызмет көрсету бойынша бірқатар функцияларды атқарады:

    • Акциялар мен облигацияларды қайта орналастырумен айналысады;
    • Халықаралық бағалы қағаздарды еуровалюта нарығында орналастыруда делдал болады;
    • Корпорацияларға инвестициялық стратегияның сұрақтары бойынша және бухгалтерлік есеп пен есеп беру жөнінде кеңестер береді.

       Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар  инвестициялық банктердің көмегінсіз ұзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі тәжірибесінде мұндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыспасада, компаниялар құрылып қызмет ете алмайды. Осындай елдердің қатарына келесі елдерді мысалға келтіруге болады: Канада, Ұлыбритания, Австралия, Америка Құрама Штаттары.[5; 97-99]

       Екінші  типті инвестициялық банктер  соғыстан кейінгі . Батыс Еуропаның  экономикасын қалпына келтіруде  және дамушы елдердің салаларын құруда үлкен рөл атқарды. Осыған байланысты келесі бірқатар елдерді ерекше бөліп көрсеткен дұрыс болады: Франция, Италия, Испания, Португалия, Скандинавия елдері. Аталған елдерде аралас және мемлекеттік инвестициялық банктер өндірісі ұзақ мерзімді несиелеудің және онда жаңа салалардың құрылуының жоғары деңгейін қамтамасыз етті. Аралас және мемлекеттік типтегі инвеетициялық, әлеуметтік экономикалық даму бағдарларын және экономиканы тұрақтандыру жоспарларын іске асыруға белсенді қатысты. Қазіргі кезде бұл инвестициялық банктер ссудалық капитал нарығында әртүрлі операцияларды жүргізеді: заңды және жеке тұлғалардың жинақтарын аккумуляциялайды, орта және ұзақ мерзімді несиелеу жүргізеді, жеке және мемлекеттік бағалы қағаздарға салымдар жасайды, әртүрлі қаржылық қызметтерді дамытады.

       Дамушы мемлекеттердегі мұндай инвестициялық банктер негізінен 1960 жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзақ мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады. Сонымен қатар, бірқатар елдердің бірінші типті және екінші типті инвестициялық банктердің операцияларын қатар асыратын банктер қызмет етуде.

       Көптеген  елдерде инвестициялық банктердің қызметін басқа да қаржылық-несиелік мекемелер немесе коммерциялық банктер атқарады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ РЕСУРСТАРЫН  БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІГІ
 

  • Инвестицияның түрлері  мен есептеу әдістері 

           Инвестициялар бірнеше түрге бөлінеді: венчурлық, тікелей, портфельдік, аннуитеттік түрде болады. [Қосымша А]

           Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі  қаржыны салуды білдіруде қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен  тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде. Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.

           Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорның клиенттердің акцияларының бір бөлігін сатып  алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-өнертапқыштық фирмалардың-венчурлық деп аталатын құрылуына деддалдық жасайды.

           Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.

           Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін  құрап алумен байланысты және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып  алу болады. Портфель - бұл әртүрлі  инвестициялық құндылықтардың бірігіп жыйнақталғаны болады да, салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі   немесе әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жыйнақ және депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистер және басқалары кіреді.

           Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл зейнеткер болып кеткеннен кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына салынатын қаржы.

    Сақтандыру компаииялары және зейнетақы қоры қарыздық міндеттемелер шығарады да, оның иелері келешекте оны аяқ астынан болып қалған шығындарын жабуға пайдалана алады. Өзін-өзі сақтандыру арқылы, мезгілсіз қайтыс болған жағдайда, қаржылық қыйыншылыққа ұрынбайды. Зейнетақылық қор өз клиенттерін  зейнеткерлікке шыққаннан  кейін    ақшалай қормен қамтамасыз  етеді. Сақтандыру компаниялары өмірін қамсыздандырғандарға сақтандыру полисі бойынша бір уақытта алғысы келгендерге ақша немесе ануитетті беруі мүмкін.[2;184]

           Инвестицияның орны толу мерзімі, тәуекелділік жағдайы, алдағы инфляция қарқыны, салық төлемдерінің жағдайына қарай келіп, оның тиімділігін  қалай анықтауға болады? Сұрақтан сұрақ туып, басқадай тиімді тәсілдің болмағаны ма?

           Ең  тиімді, оңай тәсіл болып, ақшаны дұрыс  пайдалану тек оны банкке салып, процент алу ғана. Осыдан келіп, ең бірінші ережеге айналғаны: ақшаны банкте сақтаудан гөрі қаржыны өндіріске жұмсап, бағалы қағаздарға және тағы басқаға беру арқылы, егер бұлардан таза пайданы (салықты шығарып тастағанда) көбірек алғанда.

           Инвестициялық шешімге барғанда, онымен бірге инфляцияны да есепке алу қажет. Егер, біз жыл аяғында пайданы 100.000 теңге көлемінде аламыз деп есептесек, алдағы болатын инфляция қарқынын 10% деп есептесек, онда нағыз пайда 90 мың теңге ғана болады.

           Егер  инвестор 100 мың теңгені 15% жылдық өсіммен  салғанда, инфляция болмаса, жыл аяғында 15000 кіріс алады. Сондықтан, 10% инфляция болғанда, инвестор жылдық процентті (15% + 10% = 25%) 15% кем салуына болмайды.

           Тағы  бір мысал келтірейік. Сіз бір  шаруашылық объектісін салуға 500 мың  теңге салатын болдыңыз. Егер инфляция деңгейінің болжамы жылына 8% болады делінгенде, онда сізді салған инвестицияңыздың тиімді болуы мына жағдайларға байланысты болады. Егер жылына алатын пайдаңыз 40 теңгеден асқанда, яғни 500 мың теңгеден 8% - түскен. Онда мұндай әдіспен баруыңыз сіздің инвсетицияны сақтауды және ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

           Мұнан кейінгі - екінші ереже: егер инвестициялау  тиімділі инфляция қарқынынан асып жатса, қаржыны инвестициялау, мәні арта түседі.

           Қайта орнына келуге мерзімі - бұл қаржы  салымының басындағы көлемін  жобадан түскен пайда есебінен орнына келтіруге қажетті кезең.

           Мұндағы пайда деп отырғанымыз таза пайда  яғни, салықты алып тастағаннан кейінгі, оған қаржылық шығынды, проценттерді және амортизацияны қосқандағы.

           Пайданың  жай нормасына негіз болатыны пайдалану жөніндегі есептесулер. Бұл бойынша бір жыл бойына пайдаланылған пайданың ең соңғы  инвестициялық шығынға қатынасын  есептеп шығаруға мүмкіндік туады. Сөйтіп, пайданың жай нормасының көлемі, пайда мен капиталдың қалай анықталғанына байланысты болады. Есептеп шығару варианттары:

           1) Жалпы пайда немесе салық алынатын, жалпы инвестициялық шығынға  жатқызылған пайда;

           2)  Таза пайда   +   жалпы   инвестициялық шығынға жатқызылған амортизация.

           Пайданың  жай нормасының кемшіліктері болады:

           а) негізге алатын белгілі бір жылды  табу қыйын болады;

           б) пайданың жай нормасы салықтық жеңілдік болған жылдарды есепке алмайды.

           Компаундинг: бұл әдістің мәні мынада - жыл сайынғы кірістің өсуіне қарай, капиталдың базалық сомасының қалай өсетінін есептеп шығамыз.

           Мұндай  есептің тәжірибелік мәні: егер өсу  процентін өзгерте алмасаңыз, онда келешек кірістің көлеміне қажетті  болатын базалық соманы өзгерте  аласыз. Егер алғашқы салынған салым сомасы сізге оңай болмаса, онда сіз жылма-жылға кірістің процентін көбейтуге тырысыңыз, сонан кейін бірнеше нақтылы жылдардан соң өзіңіз тілеген, өскен мөлшердегі сомаға жетесіз.

           Үшінші  варианттың мүмкіндігі бар: базалық  сома да, процент те сізге байланысты емес. Онда сіз бәрібір, бірнеше жылдардан кейін барып, өзіңізге қажетті сомаға қолыңыз жетеді. Егер де, қандай да болмасын вариант бойынша, өзіңізге қажетті сомаға өзіңізге керекті уақытта жете алмасаңыз, онда бұл варианттан алдын-ала бас тарту керек те, инвестицияны басқа біреуіне салу керек болады.

           Мына  мысалды қарап көрейік. Сіздің старттық сомаңыз 10000 теңге. Әр жұма сайын, бизнестің  кірісі - 23%. Базалық сома 1250 теңгеге  өсу үшін неше күн керек болады? Мұнда қажетті өсуге жеткенше инвестициялауды жүргізе береміз. Осындай есуге қол жеткізу үшін қанша уақыт керек болады, егер осы соманы басқа бір бизнесменге әр жұма төлемін 15% кредитке берсек?

           Инвестициялық процесс әр уақытта да тәуекелділікпен  байланысты болады, өйткені уақыт  анықтауды күшейте түседі, шығындардың орнын толтыру мерзімі ұзақ болған 1 жобаның тәуекелділігі қиындай түседі.

           Сондықтан, шешім қабылдағанда уақыт факторын есепке алу қажет яғни, шығындарды бағалау, түсімді, пайданы қандай да болмасын жобаның іске асуындағы экономикалық тиімділікті уақытша өзгерістерді есептей отырып, бағалау керек. Бұл операция шығындарды дисконттау деп атайды да, мұны әдетте бірнеше бара-бар варианттарға жасайды, яғни мезгілдегі шығындарды белгілі бір уақытқа келтіру процесі.

           Дисконттаудың негізі болатыны қандай да болмасын сома келешекте алына ма, бүгінгі күнінде де объективті пайдалылығы төмен болады, егер осы соманы айналысқа салып кіріс әкелуге жұмсасақ, онда ол бір жылдан соң, екі, үш жылдан кейінде де сақталып қана қоймай, ол өсе береді.

           Дисконттау  арқылы қазіргі соманың ақшалық  эквивалентін келешектегі алынатын сомадан анықтауға мүмкіндік  болады. Ол үшін, келешектегі күткен соманы, күрделі процент ережесі  бойынша, белгілі мерзімдегі өсетін табысқа азайту керек. Егер, біз бүгін 100000 теңгені 10% жылдықпен инвестицияласақ, онда бір жылдан кейін біздің алатынымыз -100.000 теңге х (100%+ 10%), немесе, сондай - 100.000 теңгені х (1+0,1) = 110.000 теңге. Екі жылдан кейін: 100 000 теңге х (1 + 0,1) х (1 + 0,1) = 121.000 теңге және тағы әрі қарай осылай. Мұндай капиталды инвестициялауды, одан алынған табыспен қоса, тағы да келесі кезеңдерде көп табыс алу үшін жүргізілген процесті "проценттерді қосу" деп айтады да, оны мына формуламен көрсетеді:

           КС = БСх(п + г), мұндағы -

           КС - келешектегі ақша сомасы (келешек құн);

           БС - бастапқы (қазіргі, күнделікті) құны;

           г    - процент төлемі немесе табыс нормасы;

           п   - табысты қосып есептейтін жылдар саны.

           Келешек ақша сомасы мен проценттік төлемді  білу арқылы, осы формула бойынша, осы ақша сомасының қазіргі кездегі құнын анықтауға болады, алдыңғыдан шығатын.[17;168]

           Шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек  және қандай пайда келтіреді? Ірі  инвестициядан алғашқы табысты  ең кем дегенде үш-бес жылда  ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған Қазақстандағы инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені олар қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз нарығын кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек. Алайда Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын қажет.

           Бірінші кезекте, шетел инвестициялары бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар үшін берік валюта әкеледі.

           Екіншісі  және шетел инвестициясымен ере  келетіндерің ең маңыздысы - технология мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған жұмысшылар жақсы жұмыс  істейді де, жоғары жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың бизнесін ашу үшін жақсы мүмкіндігі бар. Оқыту - кәсіпкерлер қатарынан көбеюіне және шағын бизнестің қанат жаюына өріс ашады. Ақырында, қаншалықты қисыны байқалмаса да, инвестициясы елдің тәуелсіздігін нығайтуға қызмет етеді, Дербес жекешелендірудің жобасындағы бірінші оқиға болған темекі комбинатын Филип Морис компаниясының қолға алуы елге 300 млн. доллардың қолма-қол әрі инвестиция түрінде келуіне жол ашты.

           Сөйтіп, инвестициялар - Қазақстан экономикасының қозғаушы күші екенін ұғынуымыз керек. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

  • Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметті реформалау заңдары  
  •        Қазіргі кезде Кдзақстан Республикасының  үкіметі басты назарды инвестицияның  сапасына бөлу қажет деп санайды.

           Қазақстан Республиканың өнеркөсіп құрылымында минералды-шикізат кешенінің үлесі шамамен 65 % тең. Бұл салада капиталды ерекше  белсенділігіне   қол  жеткізілгенмен  жер  қойнауын пайдалану мен  жағдайын талдау   кезінде   оның толықтай игерілмегендігі анықталды.[1;12]

           Геологиялық ізденіс жұмыстарына бағытталған  инвестиция көлемі күрт төмендеді, егер 1997 жылы ол инвестицияның жалпы көлемінен 14 % кұраса, 2000 жылы тек 5 % құрады. 2001 жылдың 1 жартысында салынған инвестиция 121,7 млн. АҚШ доллар болды. Инвестицияның пайдалы қазбаларды геологиялық ізденіс жұмыстарына тек 3 % бөлігін құрады.

           Қазақстан Республикасының үкіметі мемлекет саясатының минералды-шикізат ресурстарының  корларын ұлғайту мақсатында ізденіс  жұмыстарына инвестиция тартуда  қосымша ынталандырушыларды жасақтауға негізделгенін көрсетеді. Оған Казақстан Республиканың үкіметі жасаған республиканың минералды-шикізат кешенінің даму бағдарламасы маңызды орын алуы тиіс. “Инвестициялар туралы” заң 2003 жылы 8 қантар №373-11 шыққан, кейіннен 2005 жылы 4 мамыр №48, және 2006 жылы 31 қаңтар №125 өзгертулер енгізілген.

           Екінші  жағынан бүгінгі күні жоғары косымша  құны бар және өңдеуші салаларды  жақсартуға барынша күш салу қажет. Осы мақсаттарды үкімет "Инвестициялар  туралы" заң жобасын дайындады. Заң жобасының басты мақсаты экономикада отандық және шетел инвесторларының құқықтары мен мүмкіңдіктерін теңестіру болып, Қазақстан Республикада жасалған инвестицияларға қатысты мемлекеттік кепілдіктерді болашақта ұлттық экономиканы реформалау кезіңде инвесторлар 
    мүдделерінде қайшылық туғызбайтын деңгейде үйлестіру болды. Бұл тұрғыда заң жобасының 6 бабы кайшылықты туғызды. Мұндай шетел инвесторларына берілген кепілдік конститутционалды экономикалық іс-әрекет субъектілерінің тең құқықтығы дәрежесіне күмән келтіретіні сөзсіз.[19;28]

           Инвестициялық хал-ахуалды нашарлатпау мақсатында заң жобасына бұрын қойылған келісм — шарттардың тұрақтылығын қамтамасыз ететін өтпелі қағидалар енгізілді. "Шетел инвестициялары туралы" занның 6 бабынан біртіңдеп бас  тартуын, мемлекет әлемдік тәжірбиеде орын алған осындай саяси және реттемелі тәуекелділіктен сақтандыру жүйесін құруды ұсынуда. Саяси және реттемелі тәуекелділіктерді сақтандырудың құқықтық негіздері мен әрекет етуші механизмін жасақтау арқылы, Қазақстан мүмкін болатындау таластарды шешулін өркениетті әдістерін жасақтауға бір қадам жасады.

           Одан  басқа Қазақстан Республикада "Жер  койнауы мен оны пайдалану" мен "Мұнай туралы" заңдарға өзгеріс  енгізу туралы заң жобасы дайындалуда. Заң жобасы пайдалы қазбаларды пайдалану  құқықтарын беру, мемлекет пен мердігерлер   арасында   табиғи   ресурстарды   тиімді және кешенді пайдалану аясынадағы нормаларға қатысты бір қатар кағидаларды жетілдіру көзделген.

           Қазақстан Республикамыздың үкіметімен 2004-2005 жылдарға тікелей инвестиция тарту бағдарламасы жасалды. Оған жобаларды қоса қаржыландыру мен мемлекеттік үлеске ену сияқты инвестицияны ынталандыру формалары енгізілді. Бағдарламада капитал салымшыларды ынталандыру мақсатында жеңілдіктер жүйесі қарастырылып, оған тездетілген амортизация, шығынды қайтару нормасының ұлтайтылуы сияқтылары енген.

           Қазақстан Республикасының Президентінің 2000 жылдың 6 наурызындағы № 349 жарлығымен «Экономикалық басты салаларына инвестициялық іс-әрекетті асырушы  инвесторлар мен келісім —  шарт жасауда жеңілдікпен преференциялар беру тәртібі» бекітілді.

           Тәртіпке  сәйкес, жеңілдіктер мен преференциялар беру жағдайына:

           1) инвестициялық    жобаның    экономиканың басты секторларына  қатысты болуы;

           2) инвестициялық жобаны жүзеге  асыруында қазақстаңдық   заң   тұлғасының   негізгі   қорларына тікелей инвестицияларды жүзеге асыру.

           Инвестщиялық  жобаның тиімді жүзеге асырылуы үшін инвестиция бойынша Қазақстан Республика агентігін келесідей жеңілдіктермен преференциялар беруі мүмкін:

           - натуралды мемлекеттік гранттар;

           - келісім-шарт жасасудан 5 жыл мерзімге жер мен мүлік салығынан босату;

           - салық алына бастайтын табыс  алу кезінен 5 жылға табыс салығынан  босату;

           - инвестициялық жобаны жүзеге  асыруға қажетті құрам-жабдық, шикізат,  материалдар импортты кезііще  кедендік баға салықтарынан толықтай  немесе бір бөлігінен босату.

           Салықтық  жеңілдіктер беру мерзімі негізгі  қорға инвестиция көлемі мен экономиканың басты секторларына жатқызылуына байланысты беріледі. Ал кедендік баға салықтарынан босату оның Қазақстан Республикасында  өндірілмеген немесе көлемі инвестациялық жобаны жүзеге асыру жағдайына сәйкес келмеу жағдайында беріледі.

           Мемлекеттік натуралды гранттарға:

           1) негізгі қорлар — жер учаскелері, ғимараттар, өндіріс  құрал-жабдықтары,   машиналар,   есептеуіш техника  және басқалары.

           2) бейматериалды активтер-ғимаратты, жермен пайдалану құқығы мен басқадай құқықтар.

           3) өндірістік қорлар, аяқталмаған   құрылыс, салықтар, дайын өнім.

           Реформалардың жүзеге асырылуы ғаламдық, жүйеаралық институтционалды-экономикалық өзгерістер қажеттілігінің дәлеллі.

           Бұл жағдай инвестициялық саясат аясында интеграция процестері мен әлемдік нарыққа шығумен байланысты шараларды жүзеге асыруын талап етелі. Машина жасау, жеңіл өнеркәсіп пеп агроөндірістік кешенің бір бөлігінің потенциалды толықтай қамтылмағандығымен сипатталады.

           Реформалардың бастапқы кезеңіндегі болашақ белгісіздігі, көптеген экономикалық агенттердің  әрекет ету мүдделерін қатты өзгеріске  ұшыратқаңдықтан, инвестициялық механизм тиімсіз әрекет етті. Инвестициялық  саланы қалпына келтіру мен халықтың жинақтарын инвестиция түрінде тартуға бағытталған кешенді шаралар экономика реформасының басты бағыты болып табылады.

           Осыған  байланысты отаңдық қор нарығын  дамытудың басты бағыттарына  ішкі инвесторлар институтын күшейту  мен қаржы құралдар тізімін ұлғайту  болып табылады.

           Зейнет  ақы жүйесін реформалау негізінде  зейнетақы қорлары сияқты мүмкіндігі мол инстуцоналды инвесторлар пайда  болды. Қазіргі кезде олардың  активтері 530 млн. АҚШ долларына тең  көлемге жеткен. Қазақстан Республикасының  орналастырған еурооблигацияларының 45 % дейін көлемі зейнетақы корларына тиесілі.

           Корпоративті  бағалы қағаздарға көп мөлшерде инвестицияларды  екінші деңгейлі банктер жүзеге асыра  алады. Бүгінде шетел банктерінде  ностро-есеп шоттарында 52 млрд. теңге  сәйкес мөлшерде қаржылар сақталуда. Бұл  қаржыларды экономиканың нақты секторына немесе бағалы қағаздарға инвестицияға бағыттауға болады. Ол үшін республикада несиелеу келешегі мол жобалардың көп болуы қажет.

           2000 жылы сақтадыру компаниялары  тарапынан экономикалық нақты  секторымен бағалы қағаздарға , инвестиция көлемі 300 млн. АҚШ доллар құрады.

           Қазақстан Республикасы үкіметінің мәжілісінде  сөз сөйлеуде елбасы Назарбаев Н.Ә. жыл сайын елімізге келетін 1,5 млрд. доллар инвестицияны еліміздін  ішкі қорларымыздан алуға толық мүмкіндік  барын мәлімдеді.

           Қазіргі кезде Қазақстаңда шикізат секторының басым болуына қарамастан, ғылыми сыйымды өндіріс үлесін жоғарлату  тенденциясы үстем болуы тиіс.

           Реформалар  жүргізудің алғашқы кезеңдерінде Казақстан  Республикасына инвестицияларды тарту  мәселесі объективті сипатта болды. Ішкі қаржы ресурстарынын жетіспеушілігіне байланыста мемлекеттің экономикалық саясатында шетел тікелей инвестицияларын тарту мен қолайлы инвестициялық хал-ахуалды калыптастыру басты бағыт болды.

           Жыл сайын тартылатын тікелей шетел  инвестициялар көлемі бойынша Қазақстан ТМД елдері ішінде бірінші орында болып, шетел инвестицияларының көлемі әр түрлі жылдарды 1 млрд. АҚШ доллары мөлшерінде болды.

           АҚШ мемлекетінің республика экономикасына  инвестиция ағымынын басты ерекшелігіне оның 90 жылдардың ортасында күрт өсуі болды. 1998-1999 жылдары капитал салымдарының көлемі 2.9 млрд. долларға тең болды. 1999 жылдан бастап жыл сайынғы көлемі 1 млрд. доллардан төмен болған жоқ. 2000 жылы республикаға 2 млрд. доллардан астам инвестиция келді, бірақ осы жылы қайтарым 785 млн. долларды құрады. 2001 жылы азиялық дағдарыс әсерінен тікелей шетел инвестиция көлемі күрт төмендетеді, бірақ оның мөлшері 1 млрд. доллардан төмен түскен жоқ.

           Тікелей шетел инвестиция көлемі бойынша  абсолютті көрсеткішке 2002 жылы қол  жеткізілді, бірақ осы инвестиция қайтарым көлемі 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады.

           1994 жыл мен 2000 жыл аралығында инвестициялық  іс-әрекетті реттейтіи заң негіздері  қалыптастырылып, инвестициялық  механизмдер үйлестірілді. "Шетел  инвестициялары туралы" және "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" заңдар қажетті кепілдіктерді беріп, экономикаға шетел капитталының келуіне жағдай жасады.

           Қазіргі Казақстан экономикасы дамуында жаңа сапалық дәрежедегі кезеңге  келді. Экономикадағы тұрақтандыру процесі аяқталып, тұрақты өсу деңгейіне жетті. Осы жағдай инвестициялық саясатта өзгерістерді тудырды.

           Бүгінде бұл инвестициялық саясат бір  қатар мәселелерді шешуі шарт. Біріншіден, тартылатын инвестициялардың сапалық сипаттамаларына басты  назар аудару. Екіншіден, барлық экономика субъектілері үшін тең дәрежелі жағдайды қалыптастыру. Үшіншіден, экономикалық жан-жақты әлеуметтік бағытын ұстану болып табылады.[19;26]

           Жаңа  жағдай заң негіздерін жетілдіру  етеді. "Инвестициялар туралы" жаңа заң қабылданды, сонымен қатар "Қазақстан Республикасының заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы", "Жер қойнауы мен оны пайдаланушылар туралы", "Мұнай туралы" заңдар дайындалып, "акционерлік қоғамдар туралы" заңға сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделуде.

           Жаңа  инвестициялық саясат концепциясында нарықтың барлық агенттерінің халықтың, банктердің, қаржы институтарының, қор нарығы, инвестициялық белсенділігін жоғарлату маңызды орын алуда.

           Қазақстан Республикасының инвестициялық  іс-әрекетті реттеудің тиімділігін  жүзеге асыру мақсатында жаңа Салық кодексінде 138-140 беттерінде инвестициялық салықтың преференциялар қарастырылған. Инвестициялық салықтық преференциялар корпоративті мүлікке табыс салығы бойынша беріледі.

           Инвестициялық салық преференциялары жаңа өндірісті  қалыптастыру, не әрекет етуші өндірісті ұлғайту мен жаңарту мақсатында негізгі қорға инвестиция жасаушы салық төлеушілерге, жалпы жылдың табыс салығын белгіленген сомаға қысқарту, немесе негізгі қор мүлігі салықтан босату мүмкіндігі қарастырылған.

           Қазақстан Республикада инвестициялық іс-әрекетті реттеуге бағытталған заңдардағы өзгерістер мен толықтырулар, оны белсенді жүргізілуі ықпал етеді. 
     
     
     
     
     
     
     

        2.3 2004-2006 жылдардағы инвестициялық қызметті қаржыландыру ресурстарына талдау 

           Қазақстан тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаев нарықтық қатынастары ерте қалыптасқан, нарықтық құрылымдары әбден дамыған Америка Құрама Штаттары, Европа, Азияжолбарыстары болып саналатын Оңтүстік Корея, Гонконг, Тайвань, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Тайланд және Филипин елдерімен дипломатиялық достық қарым-қатынас орнатып, олардың әлемдегі ірі-ірі транс-ұлттық компанияларын Қазақстан экономикасына тартты. Соның арқасында, әсіресе, шикізат саласына миллиардтаған доллар шетелдік қаражат ұзақ мерзімге әкелініп, Қазақстан экономикасына қан жүгіре бастады. Мысалы, Қазақстан экономикасына тартылған инвестицияның көлемі 28 миллиард долларды құрады. Қазақстан шетелдік инвестиция тартудан ТМД елдері арасында бірінші орынға шықты. Ал 1993 жылдан 2004 жылға дейін 31 миллард долларға инвестиция тартылды. Қазақстан нарығында инвестиция тартуда Америка Құрама Штаттың пайыздық көлемі, басқа мемлекеттермен салыстырғанда өте жоғары екен. Мәселен, Америка Құрама Штаты 30,7%, Англия 13,7%, Италия 7,0%, Швецария 5,7%. Алдағы 25 жылға сомасы 100 миллиард Америка Құрама Штат долларын құрайтын келісім шарт жасалып қойылды. [Қосымша Б] Тағы бір қуатты жағдай Қазақстанда шетелдік қаражатпен 5500 бірлескен кәсіпорын ашылып, қазір тәп-тәуір жұмыс істеп отыр. Ресейде бірлескен кәсіпорынның 1042 жұмыс істесе, Қырғызстанда 99, Украинада 74 ғана жұмыс істеуде. Қазіргі экономикалық өрлеуіміз, жетістіктеріміз шетелдік инвесторлардың арқасы. Сол ағылып келіп жатқан инвестициялардың әсерінен ел еңсесі біршама көтеріліп қалды. Инвестиция тартудың ең маңызды жері – тәуелсіз еліміздің тұтастығын, шекарасын қорғайды. Америка Құрама Штаты, Европа мемлекеттері, еліміздің экономикасына миллиарттаған қаржы сала отырып, Қазақстанға басқа мемлекетің қоқон-лоқы жасалуына жол бермейді. Мәселен, Шеврон, басқа да транс-ұлттық шет мемлекеттік компанияларда Кондализа Райс секілді мемлекет қайраткерінің акциялары бар. Шетелдік ірі компаниялар Қазақстан нарығынан үлкен пайда тауып отырады, сыртқы жауға беріп қоймайтыны анық. Мысалы, кеңестік империя ыдыраған соң, Каспий теңізін бөлер кезде Тұран заманындағы қызылбас ағайындылар теңіздегі шекераны бұрынғысынша қалдырайық деп дипломатиялық  қарсылық көрсетіп бақты. [8;38]

           Қазақстанның  тағы бір ерекшелігі – географиялық құрылымдық жағдайы мұхиттармен  шектеспейді. Соның кесірінен, шикізат  пен өнеркәсіп тауарларын шетке шығару немесе шетелден әкелу әжептәуір шығындар мен жоғарыкәсіби дипломатиялық келіссөздерге қажет. Мәселен, Түркістанда зират арқылы өтетін болғандықтан мұнай-газ құбырын жүргізуге жергілікті тұрғындар қарсылық білдіріп, ойланғандарын іске астыртпай тастады. Кейбір мемлекеттір өз аумағындағы құбырдан өтіп жатқан мұнайды заңсыз жолмен бұрып та алады екен.. Әдейі жарып жіберетіндері де табылады. Халықаралық келісім бойынша, Қазақстан аумағы мұхитпен шектеспейтін болғандықтан халықаралық ұйым   біздің елге өтемақы төлейді. Әлемдегі кез-келген дамыған елдердің барлығы да мұхиттармен шектеседі. Ондай мемлекеттедің әртүрлі тауар таситын үлкен танкерлері балады. Халықаралық келісім бойынша, бейтарап зона белгіленіп қойылады. Ол белгілетен бейтарап зонамен кез-келген мемлекеттің кемелері ешқандай ақы төлемей өздерінің жалауларын желбіретіп жүзе беруге хақы бар. Мәселен, күншығыс елінен танкир шықсын, араб мемлекеттеріне барарда өзіне өнеркәсіп тауарларын толтырып тиеп алады да, қайтар кезінде мұнай шикізатымен елінее оралады. Кедергісіз әрі шығыны аз. Оларды шекарада құрлықтағыдай ешкім ұстап, тексеріп жатпайды.

    «Миттал – Стил Темиртау» трансұлттық корпарациясын  бүкіл әлем біледі. (Бұрынғы   аты   « Испат - Кармет»). Түсінікті болу үшін бұрынғы    атымен атай берейік. Оның қожайыны —Лакшами Миттал. Британия азаматы, ұлты индус. Лакшами Миттал әлемдегі ірі бай адамдардың бірімен саналады, оның жеке байлығының мөлшері 20 миллиард доллардан асып жығылады.  FогВes журналы Лакшами Митталды Еуропада саясат пен экономикаға өз ықпалын жүргізетінін жазған. Лакшами Миттал Мексика, Оңтүстік Африка, Индонезия, Алжир, Польша,  Чехия, Франция және Германиядағы болат қарытатын ірі-ірі зауыттардың қожайыны. Еуропа құрылығындағы ең ірілердің қатарына жататын Румыниядағы болат қорытатын зауытқа да оның ықпалы бар көрінеді. Лакшами Миттал 1995 жылдан бастап Испат-Кармет иесі.  «Еconоlust Сrоuр» мәліметі бойынша, ол Қарағандыдағы болат қорытатын зауытты 400 миллион долларға сатып алған екен. Енді «Қазақстан кеңістігінде жұмыс істеп жатқан «Испат-Кармет» ел экономикасына не берді, қандай мөлшерде инвестиция құйды? деген сұрақтар туындайды. Бүгінгі «Испат-Кармет» әлемдегі ірі деген болат қорытататын зауыттың бірі. Жылына 5,5 миллион тонна болат береді. Өндірілген өнімнің 96% шетелге жіберіліп, әлемнің 65 мемлекетіне жөнелітіледі екен. Сыртқы Істер министрлігінің мәліметі бойынша, «Испат-Кармет» 1996 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан мемлекетінің бюджетіне 552 миллион доллар төлеген. Ал, одан басқа 630 миллион доллар көлемінде зауытқа, әлеуметтік салаларға инвестиция салыныпты. Қаржыгерлердің есебі мен болжамы бойынша, «Испат-Кармет» Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 7-10% беретін көрінеді. (ЖІӨ — 37,5 млрд. доллар құраса, демек оның 10%  3 миллард 750 миллион доллар болады). Ал, 2007 жылы Лакшами Миттал 1 миллиард долларды зауыттың техналогиясын жаңалап модернизациялауға, яғни жаңартуды жоспарлап отыр екен. Енді «Испат-Кармет» 1 миллион 400 мыңдай халық тұратын ірі кәсіпорындары бар Қарағанды облысын 6-7 жылдың ішінде аяғынан тік тұрғызып қана қоймай, республикалық бюджетке де көп мөлшерде салық төлеуде. Мемлекеттік мудде жағынан қарағанда, Лакшами Миттал секілді инвесторлар мемлекетке қаржы-экономика жағынан өте тиімді. Қазақстанда тұратын және шетелде тұратьш қалталы қазақтардың қайсысы отанымыздың экономикасына инвестиция кұйыпты? Жеңіл жолмен тапқан ақшаларын супер-маркет пен козинолар, базарлар, сауна салудан әрі бармайды. Біздің қалталыларымыз бір күндік қарын тоқтығын ойлайды. Дана бабаларымыз айтпақшы «Үш күндігін ойламаған әйелден без, үш жылдығын ойламаған еркектен без». [14;15]

           Инвестицияларды кейде капиталды салымдар ретінде қарастырады. Осындай қате түсінік, инвестициялық ресурстарды пайдалану объектілері толық анықталмағандықтан туындаған. Егер де олар тек жай және ұлғаймалы ұдайы өндірістің негізгі қорларына бағытталса, инвестиция түріндегі капитал салымдары құрылыс - монтаж жұмыстары, сатып алынған құрал-жабдықтар және тағы басқадай шығындар құны енеді. Сондықтан инвестиция түсінігі капиталды салымдар мәнінен кең ұғым болып табылады. Бұл түзетудің маңыздылығы "юридикалық тұлғалар, азаматтар мен мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асырудағы тәжірибелік іс-әрекеттер жиынтығы" түсінігіндегі инвестициялық іс-әрекет мәнін түсінуге қажет. Оларды жүзеге асыру инвестициялық сфералардың:

    • инновациялық,
    • капиталды құрылыс,
    • қаржы капиталын әр түрлі формада колдануға іске асады.

           Инвестицияны  тар мағынадағы анықтамасын капитал  құнын сақтау мен оны өсіруді  қамтамасыз ететін, пайда, басқаша айтканда оң табыс көлемін әкелетін капитал  орналастыруын айтуға болады. Бос ақшалай қаражаттар инвестиция емес өйткені ақшаның құндылығын ицфляция азайтуы мүмкін және ол ешқандай табыс акелуін қамтамасыз ете алмайды. Егер осы соманы жинақтау банкісіне салынса, оны инвестиция ретінде қарастыруға болады. Өйткені осы салым кепілденген табыс береді. Көбінесе инвсстиция деп - пайда, табыс пен әлеуметтік қажеттіліктерді алу мақсатындағы кәсіпкерлік іс-әрекет пен әртүрлі экономика салаларының объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалды құндылықтардың барлық түрлері түсіндіріледі инвестиция құрамына ақшалай қаржылар, мақсатты банк несиелері акциялар мен басқадай құнды қағаздар, қозғалмалы және қозғалмайтын (ғимараттар, құрал-жабдықтар және тағы басқалары) мүлік, жерді пайдалану құқығы. табиғи ресурстар, мүліктін құқықтар және тағы басқалары кіреді.

           Инвестицияның экономикалық мағынасындағы анықтамасында  оны "тірі және затталған еңбектің өндірістін қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс үрдісінде  тірі еңбек тұтынуына қарағанда  косымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі". М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс, көлік, ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға, ұзақ мерзімді пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады.

           Дж.М.Кейнс  пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды  мүліктің осы кезендегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі.

           2005 жылы Қазақстан Республикасындағы  инвесгициялық қызметтің нәтижесі - қаржы емес активтерге жұмсалған  1307,2 млрд. теңге инвестицияны шеру  болды, мұның 1100 млрд теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған. Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84,2 % қүрады.

           Негізгі капиталға жұмсалған  инвестициялар  көлемі  2003 жылғымен салыстырғанда   10,6 % (2004 жылы 44,7 % , 2005 жылы 48,5 % ,  2006 жылы 33,0%) өсті.

           2003 жылдың деңгейіне қарағанда негізгі   капиталға жұмсалған инвестициялардың  өсуі республикадағы 14 облыстың  онында және Алматы, Астана қалаларында  байқалды. Көлемнің едәуір өсуі Қызылорда (1,9 есе), Ақмола (1,2 есе) облыстарында және Алматы қаласында (1,2 есе) байқалды. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың 13 - 1 % шегінде өсуі Батыс қазакстан, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарында, Астана қаласында байқалды.

           Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардын өңірлік құрылымындағы көлемнің жартысынан астамын (53,1 %) республиканың  батыс өңірлеріндегі кәсіпорындар (Атырау облысы - 22,2, Батыс Қазақстан - 18,0 %, Ақтөбе - 7,5 %, Маңғыстау -5,4%) игерген. Мұнда, Алматы (13,9%) және Астана (9,3 %) қалаларының үлесі басым.[Қосымша В]

           Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар  көлеміндегі ірі кәсіпорындардың  үлесі - 47,0%, орташаларынікі - 27,9%, шағындарынікі - 23,9%, халық үлесі -1,2% құрады.

           Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45,0% құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайыздық пункте артық. Тұрғын үйлерге салынған салымның үлесі 0,6 пайыздық пункте өсіп, 4,8% құрады. Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың үлесі 1,6 пайыздық пунктке төмендеді.

           Негізгі капиталға жұмсалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады, оның 89,1% геологиялық  барлауға жұмсалған.

           Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартысынан астамын меншіктін жекеше нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырған (54,2 %) (2004жылы 54,3%). Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2004 жылмен салыстырғанда 0,5 пайыздық пунктке төмендеді. Мемлекеттік кәсіпорындар үлесінің 0,6 пайыздық пунктке өсуі, басымдығы экономика салалары: көлік коммуникациялық кешенді нығайту және дамыту, аграрлық - өнеркәсіптік кешенді қолдау және ауыл инфрақұрылымын дамыту, сумен жабдықтау, экология, әлеуметтік секторды дамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылатын Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асырумен байланысты.

           Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы 2004 жылмен салыстырғанда  аздаған өзгерістерге ұшырады. Негізгі  капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмақ бұрынғысынша кең өндіру өнеркәсібіне (41,5%), өңдеу өнеркәсібіне (9,4%), көлік және байланысқа (11,1 %) келеді.

           Кең өндіру өнеркәсібінде негізгі капиталға  жұмсалған инвестициялардың барлық көлемі дерлік шикі мұнай мен табиғи газ өндіруге және осы салаларға қызмет көрсетуге келеді (93,8 %).

           Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия  өнеркәсібінің үлесіне ғана негізгі  капиталға жұмсалған инвестициялар  көлемінің 44.4 % тиеді.Көлік және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес салмағы құбырлармен айдауға (42,3 % ), әуе көлігіне (15,4 %) және электр байланысқа (19,8 %) келеді.

           Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлес салмағы жылжымайтын мүлік  операцияларымен, жалға берумен  және тұтынушыларға қызмет көрсетумен (12,6%) байланысты қызмет түрлерінде елеулі, мұньң 68 % геологиялық барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.

           Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл шаруашылығында бұрынғысынша мардымсыз (1,3 %).

           Білім беру мен денсаулық сақтаудағы инвестициялық  белсенділік денгейі әлі төмен  қалпында. Бұл салалардың негізгі  капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы  тиісінше 0,7 және 0,4 % кұрады.

           Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі де табиғат қорғау шараларына мардымсыз болды (2,0%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінде үйлер мен ғимараттарды күрделі жөңдеуге кеткен шығындар үлесі 13,3 % құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 4,2 пайыздық пунктке артық. Күрделі жөндеуге кеткен шығындардың жалпы көлемінен үйлер мен ғимараттарға - 52,3 %, машиналар мен жабдықтарға кеткен шығындар - 47,7% құрады.

           Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды  қаржыландыру көздерінің құрылымында  меншікті және сырттан тартылған қаражаттың ара салмағы сақталады. Басым қаржылаңдыратын көз ретінде кәсіпорынның меншікті қаражаты қалады, оның негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі 55,2 % (2004 жылы 59,3 % ) құрады. Сонымен, меншікті қаражат экономикалық қызметтің мына түрлерінде: темір кеңін ашық әдіспен өндіруде; ағашты өңдеу және жиһаздан басқа ағаш пен тоздан жасалған бұйымдар өндіруде; қағаз массасын, қағаз, картон және осылардан жасалған бұйымдар өндіруде; кокс, мұнай өнімдерін және ядролық материалдар өндіру мен темір жол көлігін шығаруда негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландырудың бірден-бір көзі болды. Меншікті қаражаттың едәуір үлес салмағы киім өндіру, үлбір өндеу және бояу; химия өнеркәсібі, темекі өнімдерін өндіру, электр энергиясын өндіру және бөлу, металлургия өнеркәсібі, уран және торий кеңдерінен басқа түсті металл кеңдерін өндіру бойынша кәсіпорындарда және құрылыс қызметін жүзеге асыратын ұйымдарда байқалды (98,5 - 83,2 %). 2005 жылы инвестициялық мақсаттарға жұмсалған меншікті қаражаттың едәуір бөлігі бөлінбеген табыс есебінен қаржыландырылды (89,6%). Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды қаржыландыруға жұмсалған амортизациялық аударымдар 5,5 % құрады. Маңызды бөлігі - кәсіпорынның жұмыстарды іске асыру мен қызмет көрсетуден түскен айналым қаражаты болып табылатын меншікті қаражаттың басқа түрлері 4,9 % құрады. Сырттан тартылған қаражат құрылымында бюджет қаражатының үлесі 2004 жылғымен салыстырғанда 1,5% өсті, бұл республикалық инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлуге байланысты. Отандық банктердің және өзге де қаржыландыру көздерінің кредиттер үлесі тиісінше 2,7 және 0,6 % есті. Шетелдік банк кредиттері үлесін 5,7 % темендегені, басқа шетелдің қаражаттың 5,0 %  өскені байқалды.[Қосымша Г]

           Негізгі капиталға жұмсалған инвестицияларды  қаржыландыруға жұмсалған қаражаттың жалпы  көлеміндегі сырттан тартылған  қаражаттың үлкен үлес салмағы геологиялық  барлау мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындарда (94,6%), мемлекеттік басқару ұйымдарында (90,2 %), былғары және одан жасалған бұйымдарды өндіру, аяқкиім өндіру бойынша кәсіпорындарда (81,5%), денсаулық сақтау ұйымдарында (78,2%) және газ тәріздес отынды өндіру мен бөлу бойынша кәсіпорындарды (77,7%) байқалды.

           2004 - 2005 жылдары негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көп жағынан шетелдік қаржыландыру көздерін тарту есебінен қаржыландырылып келсе (тиісінше 65 және 59%), енді 2006 жылдан бастап инвестициялық мақсаттарға жұмсалған ішкі ресурстар шетелдік салымдардан басым түскенін айта кеткен жөн. Сонымен, 2004 - 2005 жылдары негізгі капиталға жұмсалған ішкі инвестициялардың үлесі тиісінше 55 және 56 % құрады.

           Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялар  құрылымындағы өндірілмеген материалдық  және материалдық емес активтерге кеткен шығындар үлесі мардымсыз (мұнда тегі табиғи активтерді, патент, лицензия, тауар белгілерін, тауар маркаларын және тағы басқаларын сатып алуға кеткен шығындар кіреді) және 0,3% кұрайды.

           Жоғарыда  айтылғандардың барлығы экономиканын өсуі мен капиталдың корлануының негізгі көрсеткіші - негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің өсумен сипатталатын экономикалық өсу үрдісінің дамуын көрсетеді. Мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануға, ішкі жинақ ақшаны жұмылдыруға, тікелей отандық және шетелдік инвестициялар түсімін ынталандыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоспарланған бағдарламасын іске асыру - болашақта инвестшшлық қызметте оң үрдістерді сақтауға мүмкіндік береді.[18;16-19]

     

           

      1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ  ҚЫЗМЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БАРЫСЫНДА ТАРТЫМДЫ РЕСУРСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
     

  • Қазақстан Респулликасының  инвестициялық қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер 

           Инестициялық  саясатта кездесетін мәселелердің бірі: Осыдан бірер жыл бұрын «Қазақстан тарихында балмаған ірі ұтылыс» деген мақала Караван газетінде жарық көрді.

          «На этой неделе руководитель одиой из нацкампаний оставил в Алматинском казиио 430 тысяч долларов» деп жазыпты газет. Инвесторлар сияқты миллиардтаған қаржы салатын шетелде тұратын немесе Қазақстанда тұратын отандастарымыздың ішінде Қазақстан экономикасының өркендеуіне ықпал ете алатындай бай адамдар бар ма ? Жоқ қой. Бұл шыңдық. Біздің жас түркілердің де қалай байығанын білеміз. Әкелерінен қалған байлығы жоқ екенін, бесіктегі ана сүтін еметін баладан бастап, пайғамбар жасынан асқан кәріге дейін біледі. Мысалы, өнеркәсібі дамымай мешеулеп қалған, экалогиясы құрып біткен Қызылорда облысына Канададан келген «Харрикейн-Құмкөл» (қазіргі аты Рetro Kаzакshan) кампаниясы облыстық бюджетке ақша құймаса не болар еді? Мәселен, «Испат-Кармет» пен Харрикейнді жас түрік пен бұрынғы бір партократ алсын-ақ дейік. Екі облыста да бұрынғы байланыстың үзілуі кесірінен кәсіпорындар тоқтап жатты, он мыңдаған адамдар жұмыссыз ақшасыз қалды. Облыстардың қарыздары шаш-етектен, ол тіпті, жылдан-жылға өсе түсті. Соның кесірінен бюджетке салық түспей қойды. Қарағанды облысында 1 млн 400 мыңдай, Қызылорда облысында 603,8 мыңдай халық бар. Президенттің алдында үлкен жауапкершілік тұрды. Қалайда жаңа жүйеге көшіп, осы тығырықтан өте қысқа мерзімде шығып кетуді көздеді. Ол ушін екі облысқа тек қана инвестиция —  шетелдің капиталы ауадай қажет еді. Бұл кезінде өте дұрыс қабылданған шешім екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр емес пе?

             Әлгі екі облыстағы компанияны қазіргі жағдайға жеткізу үшін , енді оған миллиардтаған ақша, жаңа көзқарас, жаңа менеджмент, озық техналогиялар керек емес пе? Оған миллиардтаған қаржыны қайдан алады ? Біреуі өзміздің коммерциялық банктен алса, екіншісі облыстағы банктен алуы керек. Өздерінде сонша ақшаның жоқ екені рас қой. Өзіміздегі банктен ақша алғанан гөрі мемлекетке шетелден өзімен бірге ақша алып келген капиталистер тиімді емес пе? Алғашқы жылдары біздің банктерде ондай қаржы жоқтың қасы еді. Қазақстанға ірі қаржының екі-ақ рет түскенің білемін:

           1.Елбасы  қаржыға амнистия жариялағаннан  кейіп, 100 қалталы қазақтың шетелге  тыққан 500 миллион долларын зорға  дегенде қайтардық.

            2. Гиппер инфляция кезінде қазіргіАлматы.  қаласының әкімі И.Н.Тасмағамбетов мырза «Қара-Шығанақ» кең орнына түскен 600 миллион долларды Елбасының атынан бюджетке аударғанын бүкіл халық алдында айтты.

           Сондықтан мемлекеттік мүддені бірінші  орынға. қойып, барды бар, жоқты жоқ  дегенміз жөн шығар.

         Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отатрып реттелінбесе, онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негізгі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде ннвестицияны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде "әлеуметтік және экономикалық кұрылымдарды қатер қалыптастырып, ескеріп отырғанда ғана дүниежүзілік және аймақтық дағдарыстардан құтылуға болады. Инвестицияның жоғарғы қарқынмен дамуының, жақсы экономикалық көрсеткіштердің халықтың әл-әуқатына тікелей әсері мол. Бұған дәлелді инвестициямен жан-жақты қамтылған батыс аймақтардан көптей көруге болады. Мысалы, Маңғыстау облысындағы "Өзенмұнайгаз" кәсіпорны мен Өзен әкімшілігі арасында 2004—2006 жылдарға арналған екіжақты келісімшарттың негізінде әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру көздері анықтальгп, іске асырылып жатыр.  Яғни инвестициялардың тартымды екенін ескере отырып, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымды дамытуға бағытталған инвестицияларды тартуды қолға алу керек. Бұл мәселеде, яғни экономиканың әлеуметтік бағыттылы-ғын күшейтуде мемлекеттің ролі ерекше.[7;14]

         Әлеуметтік  жобалар тез кайтарымды және де табысты  жобаларға жатпайды. Сондықтан да бұл саладағы жобаларды кепілдік беру арқылы, бюджеттен қаржы беру арқылы жүзеге асыру кажет.  

           Әлеуметтік жобаларды қаржылаңдырудың  бір түрі - ол мемлекеттік несиелендіру. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес органдары тек қана аймақгық парлар бойынша тікелей карызы бар. Осы жоспарларға жергілікті атқарушы оргаңдардың карыз алу негізінде каржжыландыруды көздейтін жобалар қамтылады. Бұл қарыздарға жергілікті бюджет кепілдік береді.

           Сонымен қатар шетел инвестициясын әлеуметтік салаға тартудың тағыда бір тиімді әрі озық әдістеріне муниципалдық құнды  қағаздар шығару жатады. Инвесторлар  үшін көптегсн корпоративтік құнды  кағаздардың тиімділігін есксре отырып, мемлекеттік құнды қағаздардың Казақстан кұнды кағаздар нарығын|да инвестициялық белсенділікті арттыратын негізгі тетік екенін атап өткен жөн. Ұзақ мерзімді қаржылардың өтімділігін арттыруды қамтамасыз ету 
    үшін, оның қорына қаражат және басқа да бағалы қағаздар рыногында айналымда жүрген банкілік акцепттерді, коммерциялық кағаздарды, тауарлық- 
    несиелік корпорациялардың брокерлік карыздары мен куәліктерін, орналастырады.

           Коммерциялық  банктердің инвестициялық қызметтен  табатын кірістері, экономикалық факторлар  мен ұйымдастырушылық жағдайларға байланысты болады, яғии мемлекеттің тұрақты дамыған экономикасы, өндіріс және кызмет саласындағы әртүрлі меншік түрлері, бағалы кағаздар және оның нарықтық субьектілерін дамыған рыногының болуы, бағалы қағаздарды шығару және оларды айналымға келтіріп реттейтін зандылық актілер мен ережелердің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі және бағалы кағаздардың жоғары сапалы топқа жататын түрлерін айналымға келтіру сияқты маңызды қызмет саласында шешуші роль атқарады.

         Қазіргі кезде бұл банктерсіз бағалы қағаздарды сату өте қиынға түседі. Көптеген компаниялар инвестициялык банктердің көмегінсіз үзақ мерзімді ақша қаражаттарын ала алмаған болар еді. Кейбір мемлекеттердің қазіргі төжірибесінде мүндай банктер компанияның бағалы қағаздарын орналастырумен айналыепа-сада, компаниялар қүрылып қызмет ете алмайды.

         Инвестицияны  әлеуметтік салаға тартудың көрсетілген  бағыттарынан басқа да істеріне кепілдік қоры, ипотекалық несиелендіру  де инвестицияның  тұрақты, уақыт талабына заңдық нысандар кұру жатады.

         Сонымен, инвестициялық процесті пайда табу  арқылы  әлеуметтік тиімділікке жеткізетін процесс үрдісінде қарастыру керек. Инвестциялық іс-әрекетті,  оның тиімділігнше экономикалық факторға кем әсер етпейтін әлеуметтік факторларды ескермей жасау мүмкін емес. 
     
     

  • Қазақстан Респулликасының инвестициялық  қызметті қаржыландыру барысында кездесетін мәселелер және жетілдіру жолдары 
  •        Эконамиканың  дамуында жақсы қалыптасқан ол инвестициялық  саясат. Экономикадағы бағаны ырықтандыру  және қайта құру саясатының арқасында  пайда болған 136 аса ірі және орташа тауар өндірушілердің біріктіретін индустриялық базаның маңызы зор.

           Мәселен, жаңашылдықты пайдалану мақсатында көптеген ірі жоба іске қосылған. Оның ішінде: "Алкан Пэкеджинг" жауапкершілігі шектеулі серіктес (ЖШС), "Райымбек Агро" ЖШС, "САФ" әйнек компаниясы, "Вимпек" спирт зауыты, "Ерка" ЖШС, СП аккумулятор зауыты, "Эфекс Карағанда" Жабық акционерлік қоғам (ЖАҚ), Ақ жол" ЖШС, "Шамалған спирт" ЖШС, "Зеленый дом" ЖШС. "Алтын нан' ЖШС, "Кнауф Гипс Капшағай" ЖШС, ″Қазақстан қағазы" ЖАҚ бәсекеге төтеп беретін ыңғайда толық қуатында жұмыс істеуде. Айталық, қазіргі кезде қайта өндеу кәсіпорындары шығарған өнімнің көлемі ғасыр басындағы мөлшерден еселеп артып отыр.

           Сондай-ақ жеміс-жидек өндейтін 20 цех пен  зауыт, 5 кант зауыты, 29 сүт өндірісі, 25 шарап зауыты, 12 құс фабрикасы, жугеріні калибрлейтін 5 өндіріс орны, тағы баска да кәсіпорындар оны өндіру бағытында толық қайтарымен жұмыс істеуде. Сол сияқты Казақстан Рсспубликасының Индустриялық-иновациялық даму стратегиясы бойынша облыстың кластерлік өнімдер өндіру жөніндегі ізденістері де қуантарлық. Бұл тұрғыда көкөніс, жеміс-жидек, шарап, темекі, сут және құс етін қайта өндеу мақсатындағы жұмыстар нақгы нәтиже беруде.

           Ұлан-байтақ аймаққа орналасқан облыс байлығын тізіп айта берсек, ұзақ-сонар әңгімеге арқау болары анық. Өйткені, өсу көкжиегі сәт сайын кеңейген көптеген басқа да салалар аз емес. Соның бірі балық кәсіпшілігі, балық зауыты, кұрылыс материалдарын өндіру, шағын өзендерде энергетикалық нысандар салу аралығы олардың куатты энергетикалық кешеңдерге баламалық қабілетін күшейту, ірі караның және үй кұстарының еті мен ішек-қарын, тағы басқа мүшелерін қайта өндеу және бұқтыру, сүт, қант, сусын, ұн, кондитерлік бұйымдарды қайта өңдеу кәсіпорындарын барынша көбейту де күн тәртібінен, уақыт ауанынан түспейтін мәселе.

           Ауыл  шаруашылығы дегенде, тіл ұшына  алдымен ірі қара, жылқы және кұс, жүгері, қант қызылшасы, майбұршақ, темекі, картоп пен көкөніс өсіру және сүт пен жұмыртқа, жүн өндіру кәсіптері  оралады. Өйткені, аграрлық кешенде  көпсалалы, тұрақты 4 жылда орта есеппен жыл сайын 455,3 мың тонна көкөніс өсірілгені осының дәлелі. Айталық, Еңбекшіқазақ ауданында қуаттылығы 20 тонна табиғи шырын шығаратын ″Ақжол" ЖШС іске қосылды. Ал "Фуд Мастер Компания" ЖШС "Пике" сауда маркісімен табиғи жеміс-жидек және көкөніс шырындары шығарылуда. Сол сияқты Текелі қаласындағы "Зеленый дом" ЖШС ұзақ мерзім сақтауға шыдас беретін сапалы өнімдері де мол сұранысқа ие.  

           Облыстың  жеміс-жидек өсірудегі тәжірибесі мол. Жеміс ағаштарының, жалпы көлемі 17,2 мың гектарды, оның ішінде күзімдік алқалардың өзі 4,5 мың гектарды алып жатыр. Соңғы жылдары алманың ежелг ″Апорт'" сортын қалпына келтіру қолға алынды.  Сондықтан, Алматы облысының өз атынаа лайық дүниежүзіне даңқы жайылатын кезі де алыс емес екендігіне сенім мол. Бұл бағытта, Қарасай, Жамбыл, Іле, Еңбекшіказақ, Талғар аудандарындағы бағбандар еңбегі үлгі, етуге тұрарлық.[22;24-26]

           Жүзім шаруашылығын дамытуда да жақсы істер  бар. 4,5 мың гектарға жуық алқапты  осы жеміс ағашынан жасалатын  сапалы жүзім шарабы ауыл шаруашылығының тиімді буындарының қатарына жатады.

           Облыстағы қаржылық саланы дамытудың тағы бір  көзі — туризм. Табиғат таңғажайып облыстарымыздың тау-тасы, өзен-көлі, таза ауасы кімді болса да тамсандырмай қоймайды. Өйткені шөл дала мен мәңгі қарлы  шындары бар 5 климатық аймақтың өзіндік ерекшеліктерін айтып жеткізу мүмкін емес. Ежелден бері Талгиз, Алмалық, Құйған, Қойлық, тағы басқа атақты елді мекендері болған байсын өлкеде қазір Алматы, Алакөл  мемлекеттік қорықтары мен Іле Алатауы, "Алтынемел" табиғи парктері бар. Шынында да бір кездері көршілес Қытайдан шыққан Жібек жолымен Жетісу арқылы Түркия және Еуропа елдерін шарлауға мүмкіндік беретін киелі жерімізде тарихи орындар қаншама десеңізші.

           Облыс Қытай мен Орталық Азия республикаларының, Ресей мен Қырғыстанның  және Тәжікстанның арасындағы қолайлы көлік дәлізі ретінде де үлкен маңызға ие. Достық темір жол бекеті және Қорғас автокөлік жолдары арқылы Қытайға және одан   әрі   әлемнің   басқа   да   елдеріне қазақстандық тауарлар экспортка еш кедергісіз шығарылады. Көліктік логистикалық қызмет көрсетулер кластерін дамытудың аясында Алматы қаласының "Достық'' бекетінін; жол желілерінде ірі көліктік-логистикалық орталықтар кұру көзделіп отыр.

           Инвестиция  салымдар құрылысқа жұмсалған қаржының үлсс салмағы басым 61,2 пайыз. Жаңарту және техникалық қайта жарақтау жалпы инвестиция көлемінің 28 пайызын құрайды.

           Қазақстанның  интеллектуалдық және рухаи потенциалдығын негізі болып саналатын білім  жүйесі туралы қазіргі заманның талабына сай жалпы ұлттық жоспар қабылдап, әртүрлі тәжірибелерді тоқтатып, оларды реттейтін уақыт жеткен сияқты. Толыққанды білім жүйесіне мүмкіншілік беретін экономикалық - ұйымдастыру тетіктерін жетілліру - мемлекет алдында тұрған үлкен міндет. Бұл мәселеде бюджеттің әлеуметтік салаға үлесін көтеріп қана коймай, бюджеттен тыс қаржылаидыру мүмкіншіліктерін жетілдіру қажет. Осы орайда инвестицияның орны ерекше. Еліміздегі үлкен-үлкен коммерциялық компанияларды бұл  мәссле  бойынша   жоспарлары  болып олардың жүзеге асырылуы мемлекет тарапынан бақыланып отырылуы керек. Мұндай оңтайлы процесті одан әрі дамыту үшін Қазақстан экономикасындағы шынайы жағдайды сараптап, инвестициялық  процестін даму стратегиясын жасау кажет. Ең бастысы, бұл стратегия алдымен салаға инвестиция жүмсаумен жене шаруашылық инвестициясынан түсетін кайтарым мен ерекшеленуі керек. Инвестициялық іс-әрекет әлеуметтік факторларды ескере отырып реттелінбесе онда ол жалпы дағдарысқа апаратын негзігі себептердің біреуі болып табылады. Сондықтан да экономиканы, соның ішінде инвестицяны әлеуметтік тұрғыдан талдап, соның негізінде әлеуметтік және экономикалық" кұрылымдарды  қатар  қалыптастырып,   ескеріп   отырғанда   ғана дағдарыстан ептеп құтылуға болады. [Қосымша Д]

          Әрине,   экономикалық   және   әлеуметтік  тиімділіктерді, дегенімен де олардың нақты қырларын айқындап, нәтижелерін қадағалап отыру қажет. Сонда ғана инвестициялық процесс әлеуметтік-экономикалық саланың құрамдас бөлігі ретінде өз міндеттерін атқарып отырады.[22;18-19] 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

           ҚОРЫТЫНДЫ 

         Инвестициялық қызметті жүзеге асыру арқылы мемлекет иновациялық жетістіктерге жете алады. Ескере кететін болсақ ұзақ мерзімді қаржыландырудың бірден бір қайнар көзі болып табылатын инвестициялар, лизингтер, бағалы қағаздар болып табылады. Бүгінгі күні біздің елімізде осы инвестициялық саясат, лизингтік келісім және қор биржасындағы бағалы қағаздардың қарқынды дамуы күннен күнге өз мәресіне жетуде.

         Менің бұл курстық жұмысты таңдаған себебім: Кез-келген істі бастау үшін міндетті түрде қаражат керек. Сондықтан  қаржыландырудың көздерін анықтап және оларды қалай басқарудың амалдарын саралап және де Қазақстан Республикасындағы банктердің, қаржылық институттардың, кәсіпкерліктердің, ұйымдардың ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерінің басқарылуын жан-жақты талдап, зерттеп білу. Онда кездесетін кемшіліктерді ескеріп, оңтайландыру шаралары мен бағыттарын ұсыну.  

         Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржыландырудың  ұзақ мерзімді көздерін бастапқы түп  тамыры қайдан алынады? Қалай жүзеге асырылады? Олардың әдістері мен  бағыттары қандай? Деген сұрақтарға жауап жаздым. Сондай-ақ  шетелдердегі күрделі қаржы салымдарының жүйесін қарастырдым. Дамушы мемлекеттердегі мұндай ұзақ мерзімді қаржыландыру көздері негізінен 60-шы жылдары олар саяси тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болды. Бұл банктерді құруға дамыған елдердің банктерді белсенді қатысты. Дамушы елдердің инвестициялық банктері орта және ұзак мерзімді несиелеумен, бағалы қағаздармен операциялармен айналысады.

           Екінші  бөлімде мен инвестиция туралы заңдылықтар  мен нармативтік актілерді сараладым.   Қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздерін басқару аспекттілерін жаздым. Және де екінші бөлімнің соңғы бөлімшесінде Қазақстан Республикасының  аумағындағы 2004-2006 жылдар арасындағы мәліметтер бойынша кәсіпкерліктердің ұзақ мерзімді қаржылық салымдарына талдау жасадым. Инвестициялық банктердін пайда болуын негізінен мемлекеттің бағалы қағаздарын орналастырумен байланысты деп көрсетеді. Кейіннен ұйымдастырудың акционерлік формасының    пайда    болуымен    олар    үлкен

    компаниялар мен корпорациялар үшін олардың акциялары мен облигацияларын орналастыру арқылы ақша қаражатгарын мобилизациялайды, жаңа компаняларды құруда, қайта құруда, біріктіруде белсенді қатысады, сонымен қатар мемлекеттік биліктің барлық деңгейінің мемлекетгік бағалы қағаздарын орналастырады, оның ішінде орталық үкіметгін бағалы қағаздарынан бастап, жергілікті әкімшіліктің бағалы қағаздарына дейін орналастырады.

         Курстық жұмыстың соңғы бөлімінде  ұзақ мерзімді қаржыландыру көздерін басқаруда кездесетін бір қатар өзекті мәселелелерді  талқыладым. Олардың алатын деңгейімен қаншалықты екенің анықтап, сондай-ақ қаржыландырудың ұзақ мерзімді көздері, яғни инвестициялар мен лизингтер, бағалы қағаздарда тууы мүмкін мәселелердін шешу және оңтайландыру бағыттары мен жетілдіру жолдарын қарастырдым.      
     

      ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

          
    1. Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы”  заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
    2. М.В Ивошин «Инвестиция. Организация управления и финонсирования.»//Москва 1999 год//
    3. Аналитическая  информация  о   состоянии рынка ценных бумаг Республмкиа Казахстан. // Рынок ценных бумаг Казахстана. N° 1. 2006 г,
    4. Бочаров В.В. “Современный финансовый менеджмент”  Москва Санкт-Петербург, Нижний Новгород Воронеж Ростов-на-Дону Екатеринбург, Самара Новосибирск Киев-Харьков. Минск. 2006 год. 
    5. Бочаров В.В. “Управление денежным оборотом предприятий и корпораций. Москва Финансы и статистика 2001.г.
    6. Васина А.А. “Финансовая диагностика и оценка проектов” – СПб: Питер 2004. г.
    7. Журнал “Хабаршы” 2004-2006 жылдар
    8. Инвестициоиный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2006 г.
    9. Интернет сайт WWW.WFIN.KZ
    10. Косжанов.Т.Н. “Промышленная  и  инвестиционная политика в долгосрочной стратегии экономики страны, //Транзитная экономика,№ 7.2005 г,
    11. Казахстанская правда. // С.Тай «Влияние прямых иностранных инвестиций// 07.03.2006 г.
    12. Крушевиц Л. “Инвестиционные расчеты” Питер 2004г
    13. Ковалев В.В. Финансовый анализ  Алматы Финансы и статистика. 2004 год.
    14. Қаржы-қаражат А. Қантарбаев //Инвестицияларды талдау// 2004-2006 жылдар
    15. Маулимбердина С.Т.  “Рынок    ценных    бумаг” вводенме в проблему. //Саясат, 10-11,2006 г.
    16. Методические рекомендации по оценке эффективности иевестиционных проектов: Официальное издание. – Москва Экономика 2000г
    17. Нәдірбек Әпсәләмов, Қазиқан Исабеков, Өмірзақ Сұлтанов “Экономикалық теория негіздері” Алматы ғылым 1999 жыл. 479-492б
    18. Нурланова. Н.К. “Инвестиционная     ситуация    в Казахстане    и   перспективы    ех   позитивных    сдвигов” //Европейское сообщество.    М 3. 2004 г,
    19. Реформировамие экономики Казахстана: Про их решения. Алматы, 2004, С. 343.
    20. РЦБК  2004-2006 жылдар
    21.   Стоянова Е.М. “Финансовый менеджмент: теория и практика.
    22. Хес О. //Совмещение акцептов с количества иа качество иностранных инвестиции// Панорама. -24.08.2005 г.
     

    ҚОСЫМША А

     

     

    Сурет 1 Инвестициялардың түрлері 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    ҚОСЫМША Б 

     

      Сурет 2 Қазақстанға  тура шетел инвестицияларының 1993-2005 жылдар аралығында құйылуы 
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

    ҚОСЫМША В 

     

    Сурет 3 Қазақстан  қалаларына инвестициялардың құйылуы 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    ҚОСЫМША Г 

     

           Сурет 4 Қазақстанға шетел инвестицияларының 2004-2006

          жылдарда  салалар бойынша жұмылдыруы 
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           

    Мәселелер Шешу жолдары Нәтиже
    1 Қазақстаның экономикасын көтеру. Қазақстанның  экономикасын көтеруде шет мемлекеттердің қасқан үлесін айтуға болады. Шет мемлекеттер  инвестицияларының құйылуы, олардың банктерінің берген қарыздарын айтамыз. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы. Шет мемлекеттер инвестицияларының  тиімді пайдалануы және Қазақстан аумағында  салаларды дамыту жолдарын айтуға болады.
    2 Қазақстан Республикасының  кәсіпорындары мен салаларын дамыту. Қазақстан Республикасының  қаржы саясатының дұрыс және тиімді басқарылуы. Салық жеңілдіктері және төмен ставкасын орнықтыру. Осы арқылы салалардың күрт дамуын көруге болады. Қазақстан  аумағында инвестицияларды тарту  мақсатында жаңа кәсіпорындарының ашылуы, жұмыссыздықтың төмендеуін көруге болады.
    3 Әлеуметтік  салаларды инвестициялау. Қазақстанда әлеуметтік қорғаудағы адамдарға көмек беру, кадр мәселелерінің шешілуі, білім  берудің жоғарғы сапалығы және тағы басқалары. Қазақстан тұрғындарының тұрмысының жақсаруы, білім берудің Европалық стандартқа сай келуі, әлеуметтік жағдайдың жақсаруы.

    ҚОСЫМША Д 
     

    Кесте 1 Қазақстан  аумағындағы өзекті мәселелер мен  шешілу жолдары

    Информация о работе Инвестиция дегеніміз не