Орта ғасырлық

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 20:29, реферат

Краткое описание

Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасын жүзеге асыратын ведомстволық бағыныстағы органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асырады.

Содержимое работы - 1 файл

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың.doc

— 60.50 Кб (Скачать файл)


Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың,   қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасын жүзеге асыратын органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың қызметiн бақылау

Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасын жүзеге асыратын ведомстволық бағыныстағы органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың қызметiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен бақылауды жүзеге асырады.

 

25-бап. Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы туралы заңдарын бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.

 

Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыруды үйлестiруi

Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Балалар құқықтарын қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган:

1) бала құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделi уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiредi және бағыттайды;

2) баланың негiзгi құқықтарын iске асыру жөнiндегi әртүрлi бағдарламалар әзiрлейдi;

3) балалар өмiрi көрсеткiштерiнiң ең төменгi әлеуметтiк стандарттарын, нормалары мен нормативтерiн жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз етедi;

4) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органдардың халықаралық ынтымақтастық iсiндегi қызметiн үйлестiредi.

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады. 

2. Ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтару ата-ананың (олардың орнындағы адамдардың) балаларды тәрбиелеу мен күтiп-бағу мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, ата-ананың перзентханадағы (оның бөлiмшесiндегi) немесе балаларды емдеу мекемесiндегi баласынан бас тартуы, балаларды қадағалаусыз қалдыруы, оларға қатыгездiкпен қарауы, оларды қанауы ата-аналық құқықтарынан айыруға немесе оларды ата-аналардың орнындағы адамдардан шектеуге әкеп соғады. 

Баланы алып қойған кезден бастап балаға арналған жәрдемақы төлеу, сондай-ақ өзге де төлемдер соттың шешiмi бойынша тоқтатылады. 

3. Ата-ана (олардың орнындағы адамдар) балаларға арналған жәрдемақыларды және өзге де төлемдердi мақсатсыз пайдаланған жағдайда, егер бұл баланың мүдделерiне елеулi нұқсан келтiрсе, әлеуметтiк қорғау органдары, қорғаншы және қамқоршы органдар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар немесе прокурор бала мүдделерiне орай оған негiзсiз жұмсалған қаражатты өтеу туралы талап қояды. Сот арқылы өндiрiлген қаражат баланың жеке шотына аударылады.

 

 

 

 

52-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау

1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз етуге бағытталған және оны уәкiлеттi мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген құзыретi шегiнде жүзеге асырады.

2. Жеке және заңды тұлғалардың баланың құқықтарын iске асыруға бағытталған қызметi бақылау объектiсi болып табылады.

3. Бақылау тексерулер (жоспарлы, жоспардан тыс) түрiнде жүзеге асырылады.

4. Жоспарлы тексерулер уәкiлеттi мемлекеттiк органдар бекiтетiн кестелерге сәйкес жылына бiр рет кезеңдiлiкпен жүзеге асырылады.

Жоспардан тыс тексерулер баланың қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзу қаупiн дереу жоюды талап ететiн, сондай-ақ азаматтардың өтiнiштерiне дереу назар аударуды талап ететiн жағдайларда жүзеге асырылады.

Тексерудi жүргiзу мерзiмi бес күннен аспауға тиiс.

Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. № 125 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.

    

53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру

Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.

Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияны жүзеге асыратын ұйымдар

1. Балалар үйлерiне туғаннан бастап үш жасқа дейiнгi жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады. Балаларды Балалар үйiнде уақытша күтiп-бағу үшiн арнаулы бөлiмше ашылады. 

Мамандандырылған Балалар үйлерiне туғаннан бастап төрт жасқа дейiнгi, психикасының және дене бiтiмiнiң дамуында кемiстiгi бар балалар қабылданады. 

Арнаулы бiлiм беру ұйымдарына он бiр жастан бастап он сегiз жасқа дейiнгi, мiнез-құлқы ауытқымалы балалар орналастырылады. 

 

 

Баланың еңбек бостандығына құқығы

1. Әрбiр баланың еңбек бостандығына, қызмет және кәсiп түрлерiн еркiн таңдауға құқығы бар. 

2. Балалар он төрт жастан бастап, ата-аналарының рұқсатымен оқудан бос кезiнде денсаулығына және өсiп-жетiлуiне оңтайлы, баланың дене бiтiмiне, имандылығына және психикалық жай-күйiне зиян келтiрмейтiн қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға, сондай-ақ мамандық алуға құқығы бар. Бұл құқықты халықты еңбекпен қамту қызметi мен жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары қамтамасыз етедi. 

3. Он сегiз жасқа толмаған балалармен еңбек шартын жасасу және оны бұзу тәртiбi және еңбек қатынастарының басқа да ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленедi. 

4. Баланы ауыр қара жұмысқа, зиянды және (немесе) еңбек жағдайы қауiптi жұмыстарға қабылдауға немесе тартуға тыйым салынады. 

Жұмыс iстеу оқу процесiн бұзбауға тиiс.

Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. № 253 Заңымен. 

 

 

 

 

18 жасқа толмаған жеткіншек бала деп аталады. Ал кейбір жағдайда жергілікті ұлттық заңдар бойынша кәмелеттік жас одан ерте көрсетілуі мүмкін.
Құқықты іске асыру.
Мемлекет осы конвенцияда көрсетілген құқықтарды жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасау керек.
От басындағы тәрбие және бала қабілетінің дамуы.
Мемлекет баланың жан-жақты дамып келе жатқан қабілетін ескере отырып, оның тәрбиесі жолында ата аналар мен кеңейген от басылардың құқығы мен жауапкершілігін құрметтеуі тиіс.
Ата-анадан ажырау.
Бала өз мүддесіне қарама-қайшы келетін жағдайда ғана болмаса, ата-анасымен тұруға құқылы. Сондай-ақ бала ата-анасының екеуінен, немесе біреуінен ажыраған жағдайда олармен байланыс жасап тұруға құқылы.
Баланың көзқарасы.
Бала өз ойын, пікірін еркін жеткізуге құқылы және балаға қатысты мәселелерді шешу барысында бұл пікірлерге тиісті назар аударылуы лазым.
Пікір айту еркіндігі.
Бала қандай шекара болмасын өз ойларын ашық жеткізуге, ақпарат алуға, сондай-ақ ақпараттарды, идеяларды беруге, таратуға құқылы.
Жеке өмір сүру құқығын сақтау
Балалар өздерінің жеке, жанұялық және отбасылық өміріне қол сұғушылардан, сондай-ақ өз ара хат алмасуларына кедергі болушылардан, және арандатушылардан қорғау құқығына ие.
Тиісті ақпараттарды алу мүмкіндігі.
Мемлекет балаларға ақпарат алуға және әр түрлі ақпарат көздерінің мәліметтерімен танысуға жағдай жасауға міндетті. Сонымен қатар мемлекет бұқаралық ақпарат құралдарының баланың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпал ететін ақпараттар таратуын қолдап қуаттауға, сондай-ақ балаларды зиянды ақпараттардан қорғау тиіс.

Ата-ананың жауапкершілігі.

Ата-ана бала тәрбиелеудің  негізгі жауапкершілігін бірге тартады. Ал мемлекет бұл істе оларды барынша қолдап-қуатттауы қажет. Сонымен қатар мемлекет баланы тәрбиелеуде ата-анаға жеткілікті түрде көмек көрсетіп отыруы тиіс.

Әлеуметтік қамтамассыз ету.

Бала әлеуметтік сақтандырумен қоса әлеуметтік қамтамассыз етудің басқа да игіліктерін пайдалануға құқылы.

Білім алу.

Бала білім алуға құқылы. Ал міндетті түрдегіалғашқы тегін білім алуды, кез-келген бала оқи алатын орта білімді қолдауды, және қабілетіне байланысты жоғарғы білім алуды қамтамассыз ету – мемлекеттің міндеті болып табылады. Мектеп бағдарламасы баланың құқығын және ар-намысын еске түсіре отырып жүзеге асырылуы тиіс. Мемлекет осы құқықты іске асыру үшін халықаралық ынтымақтастықты дамытуы керек.
28-бап:
1.    Қатысушы мемлекеттер баланың білім алу құқығын мойындап, бұл құқықты жүзеге асыруға тең мүмкіндік негізінде біртіндеп қол жеткізу мақсатында, атап айтқанда:
а) тегін және міндетті бастауыш білім беруді енгізу;
ә) жалпы білім және кәсіби біліммен қатар орта білімнің  барлық түрінің дамуын ынталандырып, оған барлық балалардың қолы жетерліктей болуын қамтамассыз етеді және тегін білім беруді енгізу мен қажет болған жағдайда, қаржылай көмек көрсету сияқты қажетті шараларды қабылдайды;
б) әркімнің қабілеті негізінде барлық қажетті құралдар арқылы жоғары білімге баршаның қолы жетерліктей болуын қамтамассыз етеді;
в) білім беру және кәсіби даярлық салаларына қатысты ақпараттар мен материялдарға барлық баланың қолы жетерліктей болуын қамтамассыз етеді;
г) оқушылардың мектепке тұрақты бару мен мектепті тастап  кетуші оқушылар санын азайту жөнінде шаралар қабылдайды;
2. Қатысушы мемлекеттер мектептегі тәртіп баланың адамдық қадір
қасиетін құрметеуге бағытталған тәсілдер арқылы және осы Конвенцияға сәйкес орнықтырылуын қамтамассыз  ететін шаралардың бірін қолданады.
2.    Қатысушы мемлекеттер білімге, соның ішінде бүкіл әлемдегі надандық пен  сауатсыздықты жоюға және ғылыми техникалық білімге және қазіргі заманғы оқыту тәсілдеріне қол жеткізуді жеңілдету мақсатындағымәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты қуаттайды және дамытады.


Демалыс, бос уақыт және мәдени өмір.
Бала мәдени және творчествалық, яғни шығармашылық өмірге қатысуға, демалуға және бос уақытқа құқылы.
Бала еңбегі.
Бала өзінің денсаулығына, білім мен дамуына қауіп төндіретін жұмыс тапсырылған жағдайда қорғау құқығына ие. Мемлекет жұмысқа алуда бірінші кезекте адамның ең төменгі жас мөлшері мен еңбек жағдайына қатысты талаптарды белгілеуі керек.

Агресивті балалармен жұмыс істеу ерекшеліктері.

Ежелден мәлім қағида – адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – ата-ана. Өкінішке орай, кейбір реттерде  мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімделігі бар балаларға рухани және материялдық қолдау көрсетуге ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналар да кездесіп қалады.
Егер ата-анасының рухани жан-дүниесі кедей, мәдениеті төмен болса, ондай адамдардан ақыл-ойы нашар, жігерсіз нәресте дүниеге келетіні шындық. Ежелгі Қытай трактаттарында, үндістердің киелі жазбаларында бала құрсағында  оны дүниеге әкелудің нақты әрекеттерінен бұрын-ақ биоэнергетикалық жағынан қалыптасатыны айтылған. Бала ата-анасының психобиоэнергетиклық жағдайынан және олардың сүйіспеншілік сезімінен, жан-дүниесінің тоқыныстарынан пайда болады. Осынау көсіз де мөлдір қарым-қатынастар ақылы ерлі зайыптылар ғарыштан балаға тіршілік нәрін егетін қуат, қазақша айтсақ, баланың жанын тарататын көрінеді. Егер ерлі-зайыптылыардың арасында махаббат болмаса және рухани жағынан мүгедек болса, әлгі ғашықтық қуатты таратуға шамалары келмей, олардан туған сәбилер өмірге жағымсыз құбылыстардың алдында әлсіз болып жаратылады.
Сондықтан қоғам алдында рухани кемелденген адам қалыптасуындағы ата-ананың жауапкершілігі аса зор.
Мектепке балалар көбінесе отбасынан мінез-құлқы қалыптасып келеді де, бұдан кейінгі оқу-тәрбиес ісі оларға ата-анасы берген қабілеттерін шыңдау үшін бғытталады.
Бастауыш сынып оқушыларына білім беру үрдісінде  әсіресе «рекше» балалар мінез-құлқы өзіне көңіл аудартады. «Ерекше» балаларға әр сыныпта кездесетін: агрецивті балалар, өте белсенді балалар, мазасыз балалар тобы жатады.
Агрессия әрине, кенеттен пайда болмайды. Олар жеке адамдар арасында әр түрлі қарым-қатынастар, қорқытып-үркітуден пайда болды.
Адамның түскен ортасының ерекшелігі агрессивті әрекеттің жоғарғы  немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы тар, темекінің исі бар бөлмедегі агрессивті әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады.  Айталық, «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ,өзін-өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді.
Психолог-ғалымдар агрессияны бір неше түрге бөледі. Э.Формм екі түрі бар дейді  «зиянды», «зиянсыз».  
Зиансыз агрессия қауіп төнген кезде ғана пайда болып (қорғану мақсатында)артынан басылады.
Агрессияның бұл түрі барлық жастағы адамдарға тән,ал кейде ерте кезеңнен басталады.
Зиянды агрессия қатыгездікпен қауіпке толы болады. 
Бүгінгі кино, бейнефильмдердегі қатыгездік, күш көрсету көріністері көрермендердің агрессивті деңгейін арттыруға себеп болатындығын қазір ғылыми ізденістер дәлелдеді.
Егер, қандай да бір агрессивті қылық көрсеткені үшін ата-ана баланы қатаң жазаласа, ол өз ызы ашуын, ата-ана алдында көрсетпей ішіне сақтауға үйренеді, бірақ бұл оның басқа жағдайда агрессивті қылық көрсетпейтініне кепіл бола алмайды.
Балалар көп жағдайда барлық назарды өзіне аударту үшін де агрессивті қылық көрсетеді.
Ата-ананың көнгіштігі, шешім қабылдаудағы сенімсіздігі, мінез жұмсақтығы баланың бойында «айтқанымды істетемен» деген агрессивті әрекет туғызады.
 

 

 



Информация о работе Орта ғасырлық