Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 00:05, реферат
Алғашқы қауымдық құрылыстың кластар пайда болу дәуіріндегі
қорытынды құлау сатысында құқық нормалары туындайды. Дегенмен, құқық
нормалары мен адам құқығы - әртүрлі кезеңдік құбылыс. Әлемнің көптеген
аймақтарының құқықтық жүйелері ірі қоғамдық еңбек бөлінісіне, оның
өнімділігінің артуына байланысты қалыптасты. Бұлар артық өнімнің пайда
болуы және қоғамдық байлықты қалыптасып үлгірген артықшылығы бар
туыстық ұйымдар арқылы басқару процесін жүзеге асырушы жоғарғы
топтардың қолына жинау мүмкіндігін жасады. Олар үстем тап өкілдерінің
қоғам мүшелерінен көпшілігіне қолданатын зорлық, күштеу әдістеріне баса
негізделген еді. Еркіндік деңгейі өте төмен болып, ол тек билік жүргізуші
жоғарыдағыларды ғана қамтыды.
нормалары мен адам құқығы - әртүрлі кезеңдік құбылыс. Әлемнің көптеген
аймақтарының құқықтық жүйелері ірі қоғамдық еңбек бөлінісіне, оның
өнімділігінің артуына байланысты қалыптасты. Бұлар артық өнімнің пайда
болуы және қоғамдық байлықты қалыптасып үлгірген артықшылығы бар
туыстық ұйымдар арқылы басқару процесін жүзеге асырушы жоғарғы
топтардың қолына жинау мүмкіндігін жасады. Олар үстем тап өкілдерінің
қоғам мүшелерінен көпшілігіне қолданатын зорлық, күштеу әдістеріне баса
негізделген еді. Еркіндік деңгейі өте төмен болып, ол тек билік жүргізуші
жоғарыдағыларды ғана қамтыды.
«Еркіндік» сөзінің өзін қолдану, айтушыларға қарағанда, б.д.д. ХХІV
ғасырда пайда болған. Ол кезде монарх Шумер өзінің қол астындағылар
үшін, арсыз салық жинаушыларға қарсы санкция қолдану, билікке ие
адамдардың әділетсіз істерінен жесірлер мен жетімдерді қорғау және
первосвященниктердің храм қызметшілерін құлға айналдыру тәжірибесін
тоқтату арқылы «еркіндік» белгіледі /5/. Б.д.д. V-ІV ғасырларда ежелгі
полистердегі (Афинада, Римде) адам құқығы идеяларының тууы, азаматтық
принципінің пайда болуы прогресс пен еркіндікке қарай жылжу жолындағы
ірі қадам болды. Римдіктер әуелі билікті қарапайым бөлуді жүзеге асырып,
содан кейін табиғи құқық концепциясын жасай отырып азаматтық
бостандықтың дамуына өз үлестерін қосты. Демократ еңбектерінде (б.д.д
460-370 жылдар
адамның пайда болуы мен
қоғамды әлемдік дамудың табиғи процесінің бір бөлігі ретінде қарастыруға
алғашқы талпыныстардың бірі кездеседі. Софист Ликофрон мемлекеттік
қауымды адамдардың арасындағы өзара одақ жөніндегі келісімдерінің
нәтижесі ретінде сипаттады. Оның ғылыми тұжырымдамасында заң да жәй
келісім және «жеке құқықтың жәй кепілі» болып шығады. Римнің көрнекті
ойшылдарының бірі Цицерон (б.д.д 106-43 ж.) бойынша ізгі азаматтың
міндеттері ақиқатты тану, әділдік, рух ұлылығы мен сыпайылық сияқты
ізгіліктерді ұстану қажеттілігімен белгіленеді. Азамат өзі басқаға кесір
келтірмеуімен қатар жапа шегушіге жәрдем беруі тиіс /6/.
Орта ғасырларда азаматтық бостандықтар аздап қана нақты көрініске ие
болды. Абсолюттік табиғи идеясын Аврелий Августин және айырықша,
Фома Аквинский өзінің «Сумма теологии» атты шығармасында дамыта түсті.
Бұл кезеңде еркіндік өте шектеулі еді, өйткені феодалдық қоғам – бұл
жалпыға бірдей тәуелділік қоғамы. Сыртқы экономикалық мәжбүрлеу,
әлеуметтік иерархия, көпшіліктің құқықсыздығы, озбырлық, күштеу,
қорқыту үнемі зорлық-зомбылық туғызды. Дегенмен осы кезеңнің өзінде
Англияда монарх құқығын шектеу, монархияны сословие өкілдерімен
біріктіруге ұмтылыстар жасалып, монархтың өктемдік жүргізуі үшін ол
қадағалауға тиісті ережелерді белгілеуге тырысу пайда болды. Монархтың,
барондардың, рыцарлардың бір-біріне қарсы тұруы еркіндіктің Ұлы
хартиясын қабылдаумен аяқталады (1215 ж). Онда король шенеуніктерінің
өктемдігін ауыздықтауға бағытталған статьялар, сот, шерифтер және
констебтер қызметіне заңды білмейтіндерді, не оны орындағысы
келмейтіндерді тағайындамау талаптары енгізілді. Ұлы хартияның 39-бабы
ерекше орын алды, онды еріктілерге қатысты шара қолдану тендестердің
заңды үкімі және ел заңы бойынша қарастырылды.
Англиядағы буржуазиялық құрылыс қалыптасу кезеңіне жататын
Құқық туралы петиция (1628 ж) монархқа қол астындағыларды король
әкімшілігінің озбырлығынан қорғауға тиісті нақты міндеттер жүктеді. Адам
құқығын қамтамасыз етудің келесі қадамы «тиісті процедуралар» ұғымын
енгізген Хабеас корпус акті (1679 ж) болды. Ол жеке адам еркіне қол
сұғылмау кепілдігін, кінәсіздік презумпциясы принципін және басқа да жеке
адам құқығын қорғауға арналған аса маңызды институттарды бегіледі.
Нығайған буржуазия мен жер өңдеушілердің басқарушыларының
арасындағы бекіген ымыраластықтың, конституциялық монархияның беку
актісі Билльдің құқық туралысы (1689 ж) болды. Билль парламентке үлкен
рөлі берді, оның келісімінсіз заң әрекетін тоқұтатуға, так пайдасы үшін
салықтар мен түсімдер өндіруге, бейбіт кезде тұрақты әскер ұстауға тыйым
салды. Сонымен қатар Билль адам құқына бағалы үлес қосып, парламентте
сөз бостандығы мен пікірталас еркіндігін, парламентке сайлау еркіндігін,
қол астындағылардың монархқа петиция беру құқығын бекітті.
Көрсетілген нормативтік актілер – адам құқығы мен оларды қорғау
үшін қажетті билік бөлісі саласында Англияның алғашқы жол салушы
екендігінің айғағы. Жөнге салу жөніндегі акт (1701 ж) парламенттің заңнама
саласындағы үстемдігін, соттардың ауыстырылмау принципін, король
министрлерінің парламент мүшелері болуына тыйым салуды бекітті.
Мұндай жаңашылдықтар буржуазиялық қатынастардың қарқынды дамуына,
феодалдық озбырлық пен шексіздікке тыйым салуды талап еткен
буржуазиялық сословие билігінің күшеюіне байланысты мүмкін болды.
Белгілі тарихи құжаттарда көрініс тапқан адам құқығы мен еркіндік
идеяларын одан әрі дамыту АҚШ-та орын алды. Бұл құбылыстың қайнар көзі
ағарту философиясында, ежелгі грек философтарының ілімдерінде,
құқықтық доктриналарда Англиядағы буржуазиялық құрылыс қалыптасу
кезеңінде пайда болған Еркіндіктің ұлы хартиясы, құқық туралы петиция,
Билль құқық туралы, Хабеас корпус акті тәрізді актілерден түзілген.
Табиғи құқық туралы ілімді Т.Пейн мен Т.Джеферсон өздерінің
Англияға тәуелсіз ел құруға негізделген, АҚШ-тағы буржуазиялық-
демократиялық және орталыққа қарсы революциядағы жеңістері үшін
күресте қолданды. Т.Джеферсон бала дүниеге еркін болып келеді, бұл
еркіндік табиғат сыйы, ол еркіндік туралы білетіндердікі ғана емес, балалар
кішкентайынан және балалық шағында үлкендердің қамқорлығына берілген,
сондықтан қажеттігіне байланысты олардың шектеулі билігі аясында болады.
Бұл билік пен қамқорлық баланың жағдайы мен оның қамы үшін
қолданылуы тиіс. Бала өз әкесінің ешуақытта жеке меншігі болмайтындығы
себепті, ол ересек адам болған кезде өзі жеке құқық субъектісі бола отырып,
өзінің дене қуаттық және рухани күштері мен өз еңбегінің жемісін
қалауынша пайдалану құқығына ие болады деп атап көрсетті /7/.
Пейн мен Джеферсон идеяларының қуаты тек демократиялық
мемлекеттікті бекітуге ғана емес, сондай-ақ адамның ажырамас табиғи
құқықтарын қорғауға да бағытталды. Вирджиний құқық декларациясының
(1776 ж) маңызы
өте зор. Ол табиғаттағы
және тәуелсіз, тумысынан нақты құқықтарға ие, сондықтан олар қоғамдық
қалыпқа енген кезде өздерін және өздерінің ұрпақтарын қандай да бір келісім
арқылы шектей алмайды, атап айтқанда, меншікке ие болу мен қол жеткізу
құралдары арқылы өмір сүру және бостандық құқығынан, бақыт пен
қауіпсіздікке ұмтылу және оларға қол жеткізу құқығынан ажырата алмайды
деп жариялады. Вирджиний құқық декларациясы адам құқығының алғашқы
мемлекеттік анықтамасы болды.
Осы тарихи құжатқа баға бере отырып К.Маркс былай деп жазды:
«Америка – бұл алғаш рет ұлы демократиялық республика идеясы пайда
болған, адам құқығының алғашқы декларациясы жарияланған және ХVІІІ
ғасырдағы революцияға бірінші дүмпу берілген ел» /8/.
Вирджиний құқық декларациясы идеялары АҚШ Тәуелсіздік
декларациясында дами түсті (1776 ж) Онда: «Біз барлық адам тең жаратылған
және жаратушы берген нақты етене құқытарға ие, оларға өмір, еркіндік,
бақытқа ұмтылу жатады, бұл құқықтарды адамдар арасында қамтамасыз ету
үшін өзінің
орынды өкілеттілігін
мемлекет құрылады деген ең көрнекті ақиқатты ұғынамыз» делінген /9/.
АҚШ Конституциясында (1787 ж.) алғашында табиғи ажырамас адам
құқығының тізбесі болған жоқ. Кейіннен 1789 жылы Билль құқық туралы
құрастырған Конституцияға алғашқы 10 түзетулер ұсынылып, ол 1791 жылы
бекітілді /10/.
Табиғи ажырамас адам құқығы идеялары Ж.Ж.Руссоның, Г.Гроцияның,
Д.Локканың, Ш.Монтескьенің доктриналарында да дамытыла түсті.
«Заң, жалпы айтқанда, - деп жазды. Ш.Монтескье, - адам ақыл – ойы,
өйткені ол жер бетіндегі бар халықтарды басқарады; ал әр халықтың саяси
және азаматтық заңдары осы ақыл-ойға қосымша жекелеген оқиғалар ретінде
ғана болуы тиіс...» /11/.
Д.Локктың айтқандарын ескермей кетуге болмайды: «Адам, бұрын
дәлелденгендей, толық бостандық пен табиғи заңның барлық құқықтары мен
артықшылықтарын барлық басқа адамдар сияқты шексіз пайдалануға құқылы
болып туады. Бұл докториналар өзінің тарихи маңызы жағынан баға жетпес
құқықтық акт – адам және азамат құқығы декларациясын (1789 ж) жасаған
ұлы француз революциясының күшті факторына айналды. Онда «надандық,
адам құқығын ұмыту немесе оны елемеу қоғамдық қасірет пен үкіметтің
бұзылғандығының бірден бір дәлелі болып табылады» делінген /12/.
Саяси құқықтық тарихи ой-пікірлер нәтижелерінің мысалы ретінде, яғни
адам, азаматқа қажетті құқықтарды іздеу нәтижесі деп тарихи құжаттар –
заңды және жеке тұлғалардың еңбектерінің жемісі аталынды. Олар адам
құқығы идеялары қалыптасуының жалпы тарихында тарихи «кескінділер»
делінеді.
Сонымен біз адам құқығының пайда болуы мен дамуының ұзақ тарихы
барлығын, ол белгілі бір елге тән доктриналар мен дәстүрлердің күресімен
бірге жанаса жүретіндігін көріп отырмыз. Адам құқығы идеясының ежелден
пайда болуына қарамастан, ол өзінің шын мәніне мемлекет демократизм,
еркіндік, әділдік, теңдік және адам бағасын мойындау сияқты принциптерді
қамтамасыз еткен
кезде ғана ие болады.