Египет мемлекетінің пайда болуы

Автор работы: g*******@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 20:26, реферат

Краткое описание

Египет Африканың солтүстік-шығыс бөлігіне орналаскан. Африка жері ұшы -қиырсыз шөл далалар болып келеді. Осы жерді әлемдегі ең үлкен, әрі ұзын өзен Ніл басып өтеді. Оның ұзындығы 5589 км. Ніл өзені оңтүстіктен солтүстікке карай ағады. Солтүстікке қарай, өзеннің Жерорта теңізіне құйылар жерінде ұшбұрышты үлкен атырау құрайтын бірнеше тармақтарға бөлінеді.

Содержимое работы - 1 файл

мысыр.docx

— 16.74 Кб (Скачать файл)

Египет мемлекетінің пайда болуы [7 бет]

Ніл алқабының  табиғат жағдайлары. Египетті ежелгі заманда "Қара жер" деп атаған. Өйткені Ніл алқабын қап-қара құнарлы тұнба басып жатқан.

Египет Африканың  солтүстік-шығыс бөлігіне орналаскан. Африка жері ұшы -қиырсыз шөл далалар болып келеді. Осы жерді әлемдегі ең үлкен, әрі ұзын өзен Ніл басып өтеді. Оның ұзындығы 5589 км. Ніл өзені оңтүстіктен солтүстікке карай ағады. Солтүстікке қарай, өзеннің Жерорта теңізіне құйылар жерінде ұшбұрышты үлкен атырау құрайтын бірнеше тармақтарға бөлінеді.

Қазіргіге карағанда  ежелгі заманда өсімдіктер өте көп болған. Әсіресе құрма ағашы, папирус жақсы ескен. Өзен аңғары жап-жасыл болғандықтан, ежелгі египеттіктер қара және жасыл түсті жақсы көрген екен.

Нілдің тасуы. Орталық Африкадағы тауларда қардың еруінен және нөсер әсерінен жазға қарай Ніл тасып, арнасынан шығып, өзен аңғарын түгел дерлік су басады. Ал қараша айында су қайтып, өзен өзінің арнасына түседі. Қатты аққан су жер бетінің қыртыстарын, өсімдік шірінділері мен лай-батпақтарды шайып өтеді.

Аңғардағы топырақ  тек суға ғана қанығып қоймай, сонымен бірге оның бетін тұнба басады. Дегенмен, Нілдің кемерінен асып-тасуы бұл алқапты дүние жүзіндегі ең құнарлы жерге айналдырған. Египет жерінің топырағы су жайылып, тартылған соң жұмсақ та, ылғалды болды. Сондықтан да оны ағаш тесемен де, соқамен де өңдей беруге болатын.

Адамдар еңбегі Ніл аңғарын түлетті. Египет адам тұруға жарамсыз дерлік жерден б. з. б. IV мыңжылдықта-ақ халық тығыз қоныстанған елге айналды. Египеттіктер үшін Ніл тасқынының маңызы зор болды.

Алғашқы мемлекеттер. Ауыл шаруашылығы мен қолөнердің дамуы өнімнің өсуін және артық  азық-түліктің пайда болуын тудырды. Артық өнімнің пайда болуы тайпа көсемдерін байыта түсті. Енді тайпа көсемдері халықтан алған байлықты өзінің қасында бақылаушылар, сақшылар және жауынгерлер ұстау үшін пайдаланды. Сақшылар мен жауынгерлердің саны артқан сайын көсемдердің билігі де күшейе түсті. Осылайша, көсемдер бірте-бірте өз тайпаларының әміршісіне айналып, барлық мәселені өзі шешкен.

Сөйтіп, ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылар пайда болды. Осыған байланысты құл иеленушілік құрылыс қалыптасты. 

Ежелгі Египеттің  «Мысыр» мемлекеті жəне құқығы

 Египетте  мемлекеттің пайда болуы шамамен  б.э.д. V мың- 

 жылдықта  рулық құрылымның ыдырауы, ру ақсүйектерінің

 бөлініп шығуы (көсемдер, ақсақалдар) жəне құлдықтың пайда

 болуы нəтижесінде  жүзеге аса бастады. Б.э.д. V мыңжылдықта 

 Египетте  бірнеше құрылымдар — номдар  пайда болды, олар ІV 

 мыңжылдықта екі патшалыққа — жоғарғы Египетке жəне

 Төменгі Египетке  бірікті, ал содан кейін, ІV мыңжылдықтың

 соңында бір орталықтанған мемлекет құрылды. Бұл таптық

 бөліністің дамуымен жəне орталықтанған басшылықтың қа-

 жеттігімен  байланысты болды. 

 Ежелгі Египеттің  мемлекет жəне құқығының тарихының 

 кезеңдері: 

1 кезең —  Ерте патшалық (б.э.д. 3110 — 2880 ж.ж.), Жоғар-

 ғы жəне  Төменгі Египеттің бірігуінің  нəтижесінде пайда бол-

 ды. Оған тəн  сипат болып елдің біртұтас  мемлекетке айналуы 

 табылды. 

 2 кезең — Ежелгі немесе Ескі патшалық (б.э.д. 2880 — 2550

 ж.ж.). басты  ерекшелігі: Египеттің алғашқы, айқын  көрініс тап-

 қан орталықтануы  жүзеге асты.

 Бұл пирамидаларды салу уақыты.

1 ауыспалы кезең. (б.э.д. 2160 — 2134 ж.ж.). Египет бірнеше

 өзара қас  номдар мен ұсақ мемлекеттерге  бөлінді. Бұл кезеңнің

 соңында,  Фива қаласының билеушілерінің  жеңісі нəтижесінде 

 Египеттің  бірігуі жүзеге асты. 

Мемлекеттік құрылымы 

Мысыр Араб Республикасының  Басы және оның қарулы күштерінің жоғарғы  бас билеушісі президент, “раис” деп аталады. Бұл лауазымды Хосни Мүбарак атқарады. 

Парламенттің  бес жылға сайланған 448 депутаты (тағы 10 президент сайлайды) бірдей үлесте шаруалар мен жұмысшылардың атынан сайланғандар. Билік етуші Хосни Мүбарак төрағалық ететін Ұлттық-демократиялық партия. Шураның (Парламенттің жоғарғы палатасы) 210 мүшесі кеңесу функциясын атқарады, олардың ішіндегі 57-ін мемлекет басшысы тағайындайды. 

1971 жылғы Конституция  – ислам мемлекеттік дін деп жариялады. Аймақтардың губернаторлары мен үлкен қалалардың әкімдерін зор өкілеттілік пен жауапкершілік тақты.

Информация о работе Египет мемлекетінің пайда болуы