Паскаль жүйесіндегі графика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 15:56, реферат

Краткое описание

Турбо Паскаль графикасын, көбінесе, псевдо - графика деп атайды, өйткені тілдің өзінде графикалық командалары келтірілмеген. GRAPH модулінде графикалық информацияларды дисплей экранына шығаруға және өңдеуге арналған командаларды сүйемелдейтін типтер, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар мен функциялар сипатталады.

Содержание работы

I. Кріспе

II. Негізгі бөлім
1. Графикалық экранның режимі
1. Дисплей графикалық экранының режимі
2. Графикалық экран режимінің сипаттамалары
3. Экранның графикалық режимінің мүмкіндігі
4. Графикалық режимдегі палитра
5. Экрандық беттер мөлшері
2. GRAPH модулі
1. Графикалық режимді тағайындау және одан шығу
2. GRAPH модулі
3. Кейбір фунуциялар мен процедуралар
4. Графикалық режимді басқару командалары(экран, фон)
3. Программулау негіздері
1. Графикалық экранға нүкте шығару
2. Графикалық экранға кесінді салу
3. Кесінді салу стилі
4. Экранда көпбұрыш тұрғызу
5. Шеңбер, эллипс және олардың доғаларын тұрғызу
6. Толтыру процедуралары
7. Графикалық режимде экранға текст шығару
8. Функция графигін салу

III. Қорытынды

Содержимое работы - 1 файл

Паскаль жүйесіндегі графика 19 бет.doc

— 161.00 Кб (Скачать файл)


Жоспар

 

I.                   Кріспе

 

II.                Негізгі бөлім

1.      Графикалық экранның режимі

1.         Дисплей графикалық экранының режимі

2.         Графикалық экран режимінің сипаттамалары

3.         Экранның графикалық режимінің мүмкіндігі

4.         Графикалық режимдегі палитра

5.         Экрандық беттер мөлшері

2.             GRAPH модулі

1.             Графикалық режимді тағайындау және одан шығу

2.             GRAPH модулі

3.             Кейбір фунуциялар мен процедуралар

4.             Графикалық режимді басқару командалары(экран, фон)

3.             Программулау негіздері

1.             Графикалық экранға нүкте шығару

2.             Графикалық экранға кесінді салу

3.             Кесінді салу стилі

4.             Экранда көпбұрыш тұрғызу

5.             Шеңбер, эллипс және олардың доғаларын тұрғызу

6.             Толтыру процедуралары

7.             Графикалық режимде экранға текст шығару

8.             Функция графигін салу

 

III.            Қорытынды

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазіргі   дербес   компьютерлердің   графикалық   информацияларды  енгізу,  шығару  және  өңдеуге  арналған  техникалық  құрылғылары  бар.  Графикалық  информацияны  енгізу  үшін  —  сканер,  ал   шығару  үшін дисплей экраны және плоттер пайдаланылады.

Стандартты  Паскальдың  графикалық  информациямен  жұмыс  істейтін командалары жоқ.

Турбо  Паскаль  жүйесінде  графикалық  информациялармен  жұмыс   істеу  үшін  GRAPH.TPU  модулі  пайдаланылады.  Бұл   модульде графикалық процедуралар мен функциялардың программасы машиналық тілде жазылған.

Турбо   Паскаль    графикасын,  көбінесе,   псевдо - графика   деп  атайды, өйткені тілдің өзінде  графикалық командалары келтірілмеген.  GRAPH  модулінде графикалық информацияларды дисплей экранына шығаруға    және   өңдеуге    арналған    командаларды    сүйемелдейтін типтер, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар мен функциялар сипатталады.

Graph модулі IBM — типтес дербес компьютерлердің графикалық адаптерлерімен  жұмыс  жасауға  есептелінген,  графикалық процедуралар мен  функциялардың,  тұрақтылардың,   айнымалылар   мен   типтердің  қуатты   кітапханасы    болып   табылады.   Turbo  Pascal  ортасын  қолданатын   Паскаль    тілінде      программалауда      Graph      модулінің   132   тұрақтысы,   7   қосымша   типі,   2   айнымалысы,   57   процедурасы  мен  22  функциялары  пайдаланады.

Турбо Паскалда графикалық драйверлер деп аталатын арнайы программалар (BGI – файлдар) видеоадаптерлердің қалыптыжұмсын басқарады:

 

Драйверлер

Видеоадаптерлер

CGA.BGI

CGA,MCGA

EGAVGA.BGI

EGA,VGA

HERC.BGI

Heercules(монохромды)

ATT.BGI

AT&T6300(400жол)

PC3270.BGI

3270PC

IBM8514.BGI

IBM — 8514

 

Көптеген  видеоадаптерлер  монитордың  көрсету  мүмкіндіктерін  өзгерте  алатын  бірнеше  графикалық  режимде  жұмыс  жасай  алады.

 

 

Негізгі бөлім

 

Дисплей экранының графикалық режимі.

 

Әдеттте дисплей экраны екі режимде болады: тексттік және графиктік. Екі режимде де  пиксель  деп аталатын дисплей экранының физикалық нүктелері пайдаланылады. Графикалық режимде  графикалық нүктелердің өзінің  “координаталар жүйесі” енгізіледі.

О(0, 0)                                      х

 

 

         У                                (639, 479)  

       

Экрандағы  графикалық бейне графикалық экранының буферінің күйіне байланысты графикалық  нүктелерінің жарықталуынан құралады. Экран буфері дегеніміз — бұл графикалық экранда әрбір пиксельдің жарықталыну  түсі мен белгісі кодталған оперативті жадының бөлігі. Пайдаланылған графикалық экранның  режиміне,  дисплейдің  типіне  және  жадының көлеміне тәуелді графикалық экран үшін бір немесе  бірнеше буфер ұйымдастырылуы  мүмкін. Мұндай буферлер графикалық экрандық беттер деп аталады. Дербес жағдайда, физикалық  экран  тек бір ғана бетпен байланысты болуы мүмкін. Графикалық информацияны сол мезетте шығаруға бағытталған буфер активті бет (буфер) деп аталады.

Визуалды, көрінетін бет (буфер) деп сол мезетте физикалық экранмен байланысты буферді айтамыз. Активті және визуалды беттердің әртүрлі буферлері  болуы мүмкін. Активті бет визуалдық бет деп аталады. Дәлірек айтсақ, бет дегеніміз — экранның графикалық информациясы, ал буфер — осы информацияны кодталған күінде сақтайтын жады бөлігі.

Тексттік экран сияқты графикалық экранның да курсоры болады.

Графикалық курсордың тексттік курсордан айырмашылығы графикалық курсор барлық уақытта көрінбейді. Графикалық курсор соңғы шығарылған нүктеден кейінгі нүктеде орналасады. Ол GRAPH модулінің кейбір функцияларында пайдаланылады.

 

 

Графикалық экран режимінің сипаттамалары

 

Графикалық режимнің төмендегідей сипаттамалары бар: мүмкіндігі (расшерение), палитра (бояу), фонның түсі, шығарылатын графикалық нүктенің  түсі, оперативті жадыдағы графикалық экрандық  беттердің мөлшері.

Бұл сипаттамалар, ең алдымен, дисплейдің техникалық типімен жүйеден графикалық режимге бөлінген видеожадының көлеміне тәуелді. Дисплей экранының жұмысын басқаратын техникалық құрылғы адаптер деп аталады.

Экранның графикалық режимінің мүмкіндігі

 

Экранның графикалық режимінің мүмкіндігі экрандағы х, у  осі бойынша  орналасатын графикалық нүктелердің  мөлшерімен анықталады. Ең жоғарғы мүмкіндік бір графикалық нүктеге бірнеше пиксель пайдаланылса, онда мүмкіндік төмендегідей  болады. Сонымен, графикалық нүктеге пиксель қаншалықты көп пайдаланылса, соншалықты экранның графикалық мүкіндігі төмен болады. әдетте, бір нүктеге бір пиксельден келетін жоғары мүмкіндікті режим пайдаланылады.

Графикалық экранның мүмкіндігі дегеніміз — бұл экранға шығарылатын бейненің дәлдігі. Мысалы, экранға графикалық  бейнелерді шығару мүмкіндігі қаншалықты жоғары болса, функциялардың графигін соншалықты дәл тұрғызуға болады.

 

 

Графикалық режимдегі палитра.

 

Палитра (бояулар) дегеніміз — бұл графикалық режимге арналған түстер жиынтығы. Режимге арналған бірнеше палитралар бар, бірақ әдетте стандартты 16 түс пайдаланылады(егер адаптер EGA немесе VGA болса).

4

 



Black                 - 0 - қара

Blue                  -  1 - сұр

Green                -  2 - жасыл

Cegan               -  3 - көгілдір

Red                   -  4 - қызыл

Magenta           -  5 - күлгін

Brown              -  6 - қоңыр

Light Gray       -  7 - ақ-сұр

Dark Gray        -8 -  қара-сұр

Light Blue        -9 -  ашық көк

Light green      -10 - ашық жасыл

Light Cegan     -11- ашық көгілдір

Light Red         -12 - алқызыл

Light Magenta  -13 -таңқурай түс

Yellow              -14 -сары

White                -15 - ақ

4

 



 

Кестеде келтірілген түстердің ағылшынша атауларының номерлері GRAPH модулі үшін тұрақты (константа) болып есетеледі.  Алғашқы 8 түсті (0...7) фонның түсі үшін де, шығару түсі үшін де пайдалануға болады, ал қалған түстер (8...15) тек графикалық бейнелерді шығару үшін ғана пайдаланылады.

 

 

Экрандық беттер мөлшері

 

Экрандық режимнің графикалық экрандық беттерге арналған бір немесе бірнеше буфері болады.

Ең жоғарғы мүмкіндікті режимде тек бір ғана графикалық экрандық бет болады, яғни оны кодтау үшін  үлкен жады көлемін қажет етеді. Сөйтіп х осі бойынша 640 нүкте, у осі бойынша 480 нүкте және 16 түсті бояу палитрасы графикалық бетке арналған буфер жадыдан 16 Кбайт орын алады.

Экрандық бет графикалық режимде экранға шығару буферінде кодталады. Онда экранның барлық графикалық нүктелерінің ағымдағы күйі сипатталады. Нүктенің күйі оның жану бегісімен және шығаруға арналған түстің номерімен кодталады. Егер белгі нольге тең болса, онда барлық пиксельдер фонның түсімен жарықтанлған. Егер белгі 1-ге тең болса, онда ол шығару түсінің номерімен жарықталған графикалық бейнелерді шығаруда драйвер белгі мен шығару түсін буфердегі экранның активті бетінің сәйкес нүктелерінің байтына жазады. Егер режимнің бірнеше экрандық беті болатын болса, онда бейнені  шығаратын бір бетті активті, ал қалған беттерді визуалды жасауға болады.

GRAPH  модулінде  беттерді  басқару  үшін  екі  процедура пайдаланылады:

SETACTIVPAGE (<N бет>) — бетті активті жасауға арналған.

SETVISUALPAGE (<N бет>) — бетті визуалдандыруға арналған.

Сонымен, режимдердің өлшемдері мен сипаттамалары дисплеймен, оның адаптерімен анықталады. GRAPH модулі режимде шыққан барлық дисплей адаптерлерінің жұмысын сүемелдей алады.

VGA адаптерінің режимі үшін қысқаша нұсқау:

VGAL0 =0 — VGA-ға арналған ең төменгі мүмкіндікті графика (640·200 нүкте, 16 түс, 4 бет);

VGAMED=1 – VGA-ға арналған орташа мүмкіндікті графика (640·350 нүкте, 16 түс, 2 бет);

VGAH:=2 — VGA-ға жоғары мүмкіндікті графика (640·480 нукте, 16 түс, 1 бет);

 

 

Графикалық режимді тағайындау және одан шығу

 

Жалпы алғанда, компьютерде негізгі екі экранрежимінің жұмысы—символдық және графикалық экранрежимдері пайдаланылады. Компьютерді қосып, Турбо Паскаль жүйесін шақырғанда тексттік режим түрінде істейді. Графикалық режимді алу үшін  GRAPH.TPU модулін (Uses GRAPH – пен бірге) қосып, керекті графикалық режим INITGRAPH процедурасымен инициализация жаcалуы қажет. Режимді инициализациялау дегеніміз —дисплей  адаптерінің  жұмысын  берілген  графикалық  режимнің  күйіне  келтру,  яғни физикалық экранды режимнің жұмысына көшіру. Осы режимді тағайындағаннан кейін GRAPH модулінің барлық командаларын пайдалануға болады.

Графикалық режимнен шығу үшін Closegraph процедурасы пайдаланылады. Графикалық режимді инициализациялау INITGRAPH (<драйвер>,<режим>, <жолы>) операторымен орындалады; мұндағы <драйвер> — графикалық драйверге арналған integer типті айнымалы; <режим> — адаптердің жұмыс режиміне арналған integer типті айнымалы (тағайындалатын графикалық режимнің номері); <жолы> — графикалық драйвердің файлына баратын жолды көрсететін string типті өрнек.

INITGRAPH(DRIVER, MODE, ‘C:\BP\BGI’); — модуль жұмысын нақтылау (инициировать). Бұл жоғарыда айтылғанның көрінісі:

мұндағы DRIVER — видеоадаптердің графикалық драйвердің типін орнату параметрі; MODE — оның жұмыс істеу режимін беру; ‘C:\BP\BGI’ - *. BGI графакилық драйверлер орналасқан каталогқа сілтеме жолы. BGI

 

Ескерту.

 

1.      Драйвердің типі адаптердің типіне сәйкес келуі тиіс.

2.      Драйвердің параметрі әдетте detect функциясымен беріледі; - яғни драйверді автоматты түрде анықтау, - оны GRAPH модулінің тұрақтысымен беруге болады, мысалы, VGA немесе 9. Detect функциясын пайдаланғанда жоғары мүмкіндікті режим тағайындалады.

3.      Егер драйвер сол қалыпта тұратын болса, Паскаль жүйесінің файлдары орналасқан каталогта болса, онда бос жол деп, яғни ’ ’- 2 апострофпен көрсетуге болады.

Информация о работе Паскаль жүйесіндегі графика