Мәліметтер қоры (Ms Access)

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 19:36, доклад

Краткое описание

Сіздер өздеріңіз білесіздер, ақпараттарды реттеу үшін ақпараттардың тақырыптары, өзара қисынды біріктірілген арнайы анықтамалар, каталогтар, картотекалар, энциклопедиялар және т.б. бар.
Сонымен қатар, ақпараттардың ағымы үнемі ұлғаюда және бүгінгі күнде ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемі және өз уақытында жаңартып отырмақ түгел, оны сыйғыза да алмайды.
Бұл мәселені шешу үшін компьютерде есептеуді жүргізетін графикалық бейнелерді , мәтіндерді құруңа мүмкіндік беретін программалардан басқа, үлкен көлемді ақпараттарды сақтау, өңдеу және іздеу үшін арнайы программалар бар.

Содержимое работы - 1 файл

Мәліметтер қоры.docx

— 16.37 Кб (Скачать файл)

Мәліметтер қоры (Ms Access) 
Сіздер өздеріңіз білесіздер, ақпараттарды реттеу үшін ақпараттардың тақырыптары, өзара қисынды біріктірілген арнайы анықтамалар, каталогтар, картотекалар, энциклопедиялар және т.б. бар. 
Сонымен қатар, ақпараттардың ағымы үнемі ұлғаюда және бүгінгі күнде ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемі және өз уақытында жаңартып отырмақ түгел, оны сыйғыза да алмайды. 
Бұл мәселені шешу үшін компьютерде есептеуді жүргізетін графикалық бейнелерді , мәтіндерді құруңа мүмкіндік беретін программалардан басқа, үлкен көлемді ақпараттарды сақтау, өңдеу және іздеу үшін арнайы программалар бар. Мұндай программалар деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады. Әуелі біз деректер базасы дегеніміз не ? Соған тоқталайық. 
Қандай да бір тасушыда, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығын деректер базасы деп түсінуге болады.  
Мысал келтіре кетсем, сіздің мектебіңізде 1000-ға жуық немесе одан да көп оқушылар оқиды делік. Әрбір мектепте әрбір оқушының деректері: аты-жөні , туған жылы, ұлты, жынысы, бойы және т.б. тіркелген медициналық карточка жүргізетін медициналық кабинет бар. Осы карточкалар шкафта былыққан түрде жатыр делік. Сіз өзіңізге қажетті карточканы табу үшін қанша уақыт кетеді. Әрине көп уақыт . Егер осы карточкаларды сыныптың сатысы бойынша (1-ші, 2-ші, ..., 11 сынып), содан кейін әрбір сатыны алфавиттік ретте, ал әрбір сатының нақты сыныбының ішінде алфавиттік ретте жайып қоятын болсақ, яғни картотека ұйымдастырудың, онда қажетті карточканы іздеуге бірнеше секунд керек болады. Бұдан біз оқушының медициналық деректерін топтастырудың өзі деректер базасы екенін көреміз.  
Деректер базасы негізінде үш белгісі бойынша жіктеледі.  
1-ші белгісі- сақталған ақпараттың сипатына қарай деректер базасы фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді.  
Фактографиялық деректер базасы қатаң анықталған пішінде ұсынылған, жазылған объектілер туралы қысқаша мәліметтерден. Мысалы: кітапханадағы кітаптар қорының деректер базасында әрбір кітап туралы деректер библиографиялық түрде сақталады: шығарылған жылы, авторы, аты және т.б. 
Құжаттық деректер базасы әр түрлі типтегі : мәтіндік, графикалық, дыбыстық, мультемедиалық кең көлемдегі информациялардын тұрады. Мысалы: заңдық актілердің құжаттық деректер базасы заңдардың мәндерінен тұрады. 
2-ші белгісі- ақпараттарды сақтау әдісі бойынша деректер базасы орталықтанған және бөлектелінген болып бөлінеді. Орталықтанған деретер базасында барлық ақпараттар бір компьютерде сақталады. Бөлектелінген деректер базасы компьютердің жергілікті және ауқымды желілерінде қолданылады және ақпараттың әр түрлі бөліктері бөлек компьютерде сақталуы мүмкін. 
3-ші белгісі – ақпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер базасы реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді.  
Реляциялық деректер базасы деп өзінің құрамды бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған деректер базасын атайды. Қарапайым жағдайда ол бір тікбұрышты кесте құрайды. Күрделі реляциялық деректер базасы көптеген тікбұрышты кестеден тұрады. 

   


Информация о работе Мәліметтер қоры (Ms Access)