Microsot Excel

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2012 в 10:38, доклад

Краткое описание

Microsoft Excel – Microsoft Office дестесінің электронды кестелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламасы. Электронды кестенің басты артықшылығы – кез келген операнд мәні өзгерген кезде өрнектік тәуелділік арқылы байланысқан барлық деректерді қайта есептеу мүмкіндігі.

Содержимое работы - 1 файл

Microsoft Excel.docx

— 23.83 Кб (Скачать файл)

Microsoft Excel – Microsoft Office дестесінің электронды кестелерді әзірлеуге және өңдеуге арналған қолданбалы бағдарламасы. Электронды кестенің басты артықшылығы – кез келген операнд мәні өзгерген кезде өрнектік тәуелділік арқылы байланысқан барлық деректерді қайта есептеу мүмкіндігі.  
Microsoft Excel-дің қолданылу аясы өте кең. Excel терезесі дайын кесте болып табылатындығының арқасында ол көбінесе қандай да бір есептеулері жоқ, жай кесте түрінде ғана көрінетін құжаттар (кестелер, прайс-беттері, т.б.) жасау үшін қолданылады.  
Excel-де сызбалар мен диаграммалардың алуан түрлерін оңай жасауға болады (спортпен айналыса бастаған уақыттан бергі дене салмағаның азаю сызбасы, мал басы санының өсуі диаграммасы, т.б.). 
Excel-ді қарапайым пайдаланушылар элементар есептеулер жүргізу үшін қолдана алады (отбасы бюджеті, ақшалай қаражаттың кірісі мен шығысы).

· Тақырып жолағы – бұл құжаттың атауы және терезені басқару атырмалары  
· Бас мәзір. Әрбір тармағы бір типтес әмірлер тобынан тұрады: 
· Стандартты құралдар үстелі – Жаңа, Сақтау, Ашу, Басып шығару, Қиып алу, Көшіру, Қою сияқты:  
 
құжатпен жұмыс істеуге арналған негізгі стандартты батырмаларды қамтиды. 
· Пішімдеу құралдар үстелі – мәтіннің қажетті параметрлерін және оның құжатта орналасатын орнын (туралауды) белгілеуге арналған: 
· Айналдыру сызықтары – құжат ішінде қозғалуға (құжаттың түрлі бөліктерін қарап шығу үшін) мүмкіндік береді· «Алдын ала қарап алу» – бұл файлды басып шығарылатын күйінде қарап шығу.Әдепкіде әрбір Excel кітабындағы парақтар Парақ1, Парақ2 және Парақ3 деп аталады. Кітапқа ерекше атау беру – оның не туралы екенін есте сақтап қалуға көмектесетіні сияқты, парақтың атауын өзгерту де оның мазмұнын есіңізге салады.  
Парақты қайта атау үшін Парақ1 қосымшасын екі рет шертіңіз. Парақ1 мәтіні ерекшеленеді. Жаңа атау, мысалы Кіріс деп енгізіңіз де, <Enter> пернесін басыңыз. Қосымшада Кіріс атауы пайда болады.  
Ашық тұрған Microsoft Excel қосымшасында жаңа құжат жасау үшін мына әрекеттердің бірін орындау қажет: 
· Стандартты құралдар үстелінде Жаңа батырмасын шерту; 
· <Ctrl> + <N> пернелер тіркесімін басу; 
· Файл мәзірінің – Жаңа, содан кейін Жаңа бөлімінде оң жақта қалқып шығатын үстелде Таза кітап әмірін орындау  Ұяшықтардың биіктігі мен енін өзгерту үшін мына әміртарды орындау қажет:  
· Пішім – Жол. Биіктік қосымша мәзірін таңдағаннан кейін шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге қажетіне ауыстырамыз

· Пішім – Баған. Ені қосымша мәзірін таңдағаннан кейін шығатын сұхбат терезесіндегі мәнді өзімізге қажетіне ауыстырамыз

Қатар – логикалық тізбек құрайтын ұяшықтар тізбегі. Excel-де Өзтолтыру жетесінің көмегімен сандар, күндер және т.б. қатарларын жасауға болады.

Прогрессия жетесінің көмегімен, мынадай әрекеттер ретін орындап та, біртекті деректер қатарын жасауға болады:  
1. Ұяшыққа бірінші элементті енгізіңіз.  
2. Қатардың бір бөлігі болатын ұяшықтардың барлығын, біріншісін қоса ерекшелеп алыңыз.  
3. Өңдеу – Толтыру – Прогрессия әмірін таңдаңыз.  
4. Пайда болған Прогрессия сұхбат терезесінде Өзтолтыруды таңдаңыз

Ұяшықтарды пішімдеу – бұл олардың сыртқы көрінісін безендіру, сондай-ақ олардың мазмұнының деректер пішіміне түзетулер енгізу. Ұяшықтарды пішімдеу үшін қажетті ұяшықтарды ерекшелеп алып, Пішімдеу құралдар үстелінің батырмаларын пайдаланыңыз немесе Пішім мәзірінің – Ұяшықтар әмірін іске қосыңыз.  
Excel бағдарламасында Пішімдеу үстелінің батырмалары мәтінге қатысты Word бағдарламасында ұсынылатын әрекеттердің барлығын: қаріптің түсін, мәнері мен өлшемін, өзгерту, бөлектенген ұяшықтардағы мәтінді туралау және т.б. қолдануға мүмкіндік береді. 
Екінші амалды қарастырайық. Бұл тәсіл мынадай қосымшалардан тұратын Ұяшықтар пішімі сұхбат терезесін шақырады:  
1. Сан – ұяшықтар деректерінің пішімін өзгертуге мүмкіндік береді

Сүзгі – бұл деректердің көбін іздеп, тізімдегі деректермен жұмыс істеудің ең жылдам әрі оңай тәсілі. Сүзгіден өткен тізімде баған үшін берілген шарттарға сай келетін жолдар ғана көрсетіледі. Microsoft Excel-де тізімдерді сүзгіден өткізуге арналған екі әмір бар:  
· іріктеудің қарапайым шарттарына арналған Өзсүзгі, бұған бөлектенгендері бойынша сүзгілеу де кіреді;  
· іріктеудің недәуір күрделірек шарттарына арналған қосымша сүзгі.  


Информация о работе Microsot Excel