Информатика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2012 в 01:03, реферат

Краткое описание

1)Информатика – ЭЕМ арқылы информа-цияны жинау, сақтау, түрлендіру, тасы-малдау және оны пайдалану заңдылық-тары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән.
Информатика (кең мағынада) – бұл адам–машиналық жүйелерде ақпараттық процесстердің ақпараттық қызметтері мен олардың ұйымы туралы ғылым.

Содержимое работы - 1 файл

Копия 1.docx

— 72.10 Кб (Скачать файл)

1)Информатика – ЭЕМ арқылы информа-цияны жинау, сақтау, түрлендіру, тасы-малдау және оны пайдалану заңдылық-тары мен тәсілдерін зерттейтін ғылыми пән.

Информатика (кең мағынада) – бұл адам–машиналық жүйелерде ақпараттық процесстердің ақпараттық қызметтері мен олардың ұйымы туралы ғылым.

2)Информатика пәнінің мақсаты – ақпараттың негізгі түсініктерін, оны алу тәсілдерін, сақтау, өңдеу, беру, сонымен қатар, ақпараттық қоғамдағы ақпарат қорының орнын баяндау.

Негізгі міндеттері:

  • есептеуіш жүйесінің архитектурасымен танысу
  • операциялық жүйелер мен желілер туралы түсінік беру;
  • алгоритмдер мен блок-схемаларды құрастыру дағдыларын үйрену;
  • компьютерлік графика негіздерімен, желілік қосымшаларды құрастырудың негізгі концеп-цияларымен танысу;
  • қолданбалы бағдарламалар пакеттерін қолдана білу;

қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкін-діктерін меңгеру.

4)Информатиканың негізгі шикізаты немесе объектісі болып ақпарат табылады.

«Ақпарат» сөзі латынның informatio сөзінен шыққан, оның  мәні «мәліметтер, таныстыру, түсініктеме» деген мағына-ларды береді.

Ақпарат ғылыми категория ретінде – бұл көптеген ғылыми пәндердің, атап айтқанда, философияның, информатика-ның, физиканың, биологияның және т.б. пәндердің оқыту аймағы (облысы) болып табылады.

«Ақпарат» түсінігіне жеткілікті түрде көптеген әр түрлі анықтамалар бар, бірақ олардың ешқайсысы негізгі анықтама ретінде қабылдана алмайды, себебі олардың бар-лығы ақпараттың тек жеке қасиеттерін ғана бейнелейді, олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

  • дуализм – ақпараттың екілік қасиетін сипаттайтын ақпараттың қасиеті. Бір жағынан қарағанда, ол объективті болып келеді, себебі онымен қабылданатын объектіге ол тәуелді болып келмейді, басқа жақтан қарағанда, ол субъективті болып келеді, өйткені ол субъек-тілермен әр түрліше баяндата алады;
  • сенімділік – белгілі бір нақтылықпен нақты объектіге сәйкес ақпарат деңгейін сипаттайтын ақпараттың қасиеті;
  • адекваттылық – ақпарат арқылы құрылатын нақты объект, процесс немесе құбылыс және т.б. образ-дарына сәйкестікті орнататын ақпараттың қасиеті.
  • «Ақпарат» түсінігімен «ақпараттық процесс» және «ақпараттық жүйе» деген түсініктер тығыз байланысты болып келеді.
  • Бұл жағдайда ақпараттық процесс ұғымын ақпаратпен орындалатын әрекеттер тізбектілігі деп түсіну керек. Мұндай әрекеттерге ақпаратты таңдау (қабылдау), түрлендіру, жіберу, өңдеу, сақтау және іздеу әрекеттерін жатқызуға болады.

  Ақпаратты таңдау - объект, процесс немесе құбылыс туралы ақпаратты алу және талдаумен байланысты болып келеді.

  • Ақпаратты түрлендіру - өзіне қалыптандырумен (белгілі бір қалыпқа келтіру), аналогты-сандық түрлендірумен, кодтаумен және т.б. байланысты амалдарды қосады.

 

  • Ақпаратты жіберу – ақпараттық процесстің маңызды құрамдас бөлігі, оның нәтижесінде ақпаратты жіберу көзінен ақпаратты қабылдау көзіне ақпараттың тасымалдануы жүреді.
  • Ақпаратты өңдеу де -  ақпараттық процесстің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ақпаратты өңдеу ұғымын белгілі бір заңдар (математика, логика, физика және т.б.) мен бейресми ережелер (тәжірибе, түйсік және т.б.) бойынша ақпаратпен жүргізілетін әрекеттері ретінде түсінуге болады.

Ақпаратты сақтау процесі - ақпаратты кейіннен іздеу, алу және қолдану мақсатында ақпаратты белгілі бір материалдық тасымалдағышта жазумен байланысты болады

Қорытындылай келе, ақпараттық процесс туралы айтатын болсақ, мынаны ерекшелеп кеткен жөн: ақпараттық процесс – бұл ақпаратпен орындалатын әрекеттердің қарапайым тізбектілігі емес, керісінше, олардың күрделі өзара байланысы, өзара әсерлесуі және дамуы. Әрбір әрекетте (ақпараттық процесстің құрамдас бөлігі) басқа құрамдас бөліктердің белгілерін табуға болады: таңдауда – түрлендіруді, сақтауда – жіберуді, жіберуде – өңдеуді және т.б

  • Ақпараттық процестер ақпараттық деп атала-тын арнайы жүйелерде орындалады, бұл жағдайда жүйе ұғымын жалпы жағдайда объек-тілер мен олардың арасындағы қатынастардың біртұтас болып өмір сүретін жиынтығы ретінде түсінуге болады.

Ақпараттық жүйені де әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады:

  • қолдану аясы бойынша;
  • ақпараттық процесстерді ұйымдастыруы;
  • территориялық белгілері бойынша;
  • ақпараттық процесстерді автоматтандыру деңгейі бойынша және т.б.

Мысалы, қолдану аясы бойынша ақпараттық жүйелерді административтік, экономикалық, өндірістік, медициналық және т.б. бөлуге бо

Экономикалық ақпарат – бұл экономикалық процестерді басқару функцияларын жүзеге асыру кезінде қолданылатын ақпарат, яғни материалдық құндылықтарды өндіру, үлестіру, алмастыру және тұтыну процесстерін бейнелейтін және оларға қызмет көрсететін ақпарат.

 

 

ЭЕМ құрылымдық схемасы. ДЭЕМ негізгі құрылғыларына сипаттама

Компью́тер (ағылшынша: computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады

Қазіргі нарықтық кезеңде дербес компьютер-лердің ондаған, тіпті жүздеген модельдері кездеседі. Бірақ осы модельдердің барлығы дерлік негізгі деп есептелетін төмендегідей 4 құрылғыдан тұрады:

  • жүйелік блок
  • дисплей
  • пернетақта
  • тышқан

Компьютермен жұмыс жасау үшін кем деген-де осы төрт құрылғының болуы қажет, бұларды дербес компьютердің базалық құрамы деп те атайды.

Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша (аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналаса-ды. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск пен дискетаны оқитын дискжетек-тер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғы-лар орналасқан.

Дисплей – компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисп-лей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондық-тан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Монитордың экранындағы кез келген көрініс (кескін) түрлі түсті нүктелердің жиынтынан тұрады. Мұндай нүктелерді әдетте пиксельдер деп атайды. Түрлі түсті монитордың экранындағы әр пиксель қызыл, жасыл немесе көк түстердің бірімен боялған ұсағырақ үш нүктелерден тұрады. Тік және көлденең жолда орналасқан пиксельдер саны монитордың ажырату қабілетін көрсетеді. Дисплейдің экранына орналасқан пиксельдер саны көп болған сайын, оның ажырату қабілеті де жоғары, сәйкесінше монитордың көрсету сапасы да жоғары болады. 

Пернетақта – компьютердің жұмы-сын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегі-мен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында  жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

Пернетақтадағы пернелер бірнеше блокқа бөлінеді: 

  • символдық пернелер – пернетақтаның негізгі бөлігі болып табылады. Бұл пернелердің көмегімен кез келген алфавитті-цифрлық ақпаратты енгізуге болады. Пернетақтаның бұл бөлігі латын, орыс, қазақ әріптері, цифрлар, тыныс белгілері және басқа да символдары бар пернелерден тұрады;
  • функционалдық пернелер, бұлар символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F (F1,F2,…,F12) әрпімен белгілеген. Функцио-нал пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындауға мүмкіндік береді (құжатты сақтау, бетті жаңарту, анықтама шақырту, т.б.). Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі программалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады.
  • нұсқаушы немесе курсорды экранда басқару пернелері. Курсор дегеніміз экранда (сызықша түрінде) жыпылықтап тұратын символ. Ол символдық пернені басқанда, символ пайда болатын орынды көрсетеді.
  • цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта – пернетақтаның оң жағында орналасқан. Бұлардың көмегімен сандық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай-ақ курсордың экранда қозғалуын басқаруға болады. <Num Lock> пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады.
  • Тышқан – «графикалық» басқару құрылғысы. Тышқанды кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тышқанның нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тышқан-ның екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады.

Компьютерге сырттай қосылатын құрылғы-ларды сыртқы құрылғылар деп атайды. Бұл құрылғылар әдетте компьютерге ақпаратты енгізу немесе шығару үшін қолданылады.  Солардың кейбіреулерін атап өтсек:

  • принтер
  • сканер
  • модем

Принтер - ақпаратты қағазға басып шығаратын  құрылғы.  Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.

Сканер – қағазға жазылған мәліметтің кез келген түрін оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы

ТАҚЫРЫП 3. ДИСКРЕТТІК МАТЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІ\

Жоспар (1 сағат)

  • Функциялар, қатынастар, жиынтықтар
  • Логика негіздері
  • Графтар мен ағаштар

 

7)Жиынды құрайтын объекті-лердің әрқайсысын оның элементі деп атайды. Сонымен, белгілі бір ортақ қасиетпен біріктірілген қандай болмасын объектілер жинағын математикада жиын деп түсінеді.

«а объектісі А жиынының элементі», «а объектісі А жиынына тиісті» деген сөйлемдердің екеуі де бір ойды білдіреді, қысқаша            түрінде жазылады. Мұндағы         белгісі тиісті сөзін алмастырады. Егер а объектісі А жиынына тиісті болмаса, онда                      түрінде жазылады.

Элементтері сандар болатын  жиындарды сандық жиындар дейміз.

Сандық жиындардың мысалдары:

  • N – барлық натурал сандар жиыны;
  • Z – барлық бүтін сандар жиыны;
  • Q – барлық рационал сандар жиыны;

R – барлық нақты сандар жиыны

Егер А және В жиындарының элементтері бірдей болса, онда олар тең жиындар деп аталады және ол

А=В түрінде жазылады.

Мысалы:

A={3,4,5,6,7}, B={7,5,6,3,4}

  • Егер жиын а, b, с элементтерінен тұрса, онда {а,b,с} 
    деп жазылады.
  • Барлық натурал сандар жиыны N әрпі арқылы белгіленіп, былай жазылады:

N={1, 2, 3, 4, ...}

Анықтама:   X,   У жиындарының   арасындағы сәйкестік деп жиындар үштігін айтады.

  1. X жиыны,
  2. У жиыны,
  3. сол жиындардың декарттық көбейтіндісі. 
    X • У  деп білеміз.

X жиыны - сәйкестіктің шығу жиыны.

У жиыны - сәйкестіктің келу жиыны.

X • У — сәйкестіктің графигі.

Суретте Х={а,b,c,d,е} және Ү={1,2,3,4,5,6} жиындарының арасын-дағы қайсыбір R сәйкестіктің графы берілген. Бұл жерде X және Ү жиын-дарының арасындағы R сәйкестілігінің ерекшелігі сонда, X жиынының әрбір х элементіне Ү жиынының у элементі сәйкес келмейді, бірақ сәйкес келе қалған жағдайда ол у элементі тек біреу ғана болады. Мысалы,

аR1 , bR1, cR3 болатындығы белгілі.

Берілген R сәйкестілігінің шығу X жиынынан келу Ү жиынында сәйкес элементтері бар болатын элементтерінен тұратын ішкі А жиынын бөлеміз. Сонда

А={а, b, с) болатындығын көреміз. Олай болса, бұл жағдайда әрбір элементіне Ү жиынынан тек бір ғана у элементі сәйкес келеді

X және Ү жиындарының арасындағы сәйкестілікті функциялық сәйкестік немесе функция деп атайды.

 

Егер А жиынының (           ) әрбір х элементіне (            ) Ү жиынының тек қана бір у элементі сәйкес келетін болса, онда X және Ү жиындарының арасындагы сәйкестілікті функция деп атайды. А жиыны осы функцияның анықталу облысы деп аталады.

Функциялық сәйкестікті f,q,h және басқа әріптермен белгілеу қабылданған.

Анықталу облысы А жиыны (              ),  ал X шығу жиыны, Ү келу жиыны болатын f функциясы берілген болсын. Онда              элементіне сәйкес                 элементін f функция-сының мәні деп атайды және оны былай жазады: у = f(х). f функция-сының мәндері болып табылатын                барлық             жиынын f функция-сының мәндерінің жиыны деп атайды.

Егер графы 1-суретте  кескінделген функциялық сәйкестікті f әрпімен белгілесек, онда, мысалы, 3 санын f функциясының х = с болғандағы мәні деп айтуға және оны былай жазуға болады.

3 = f(c)

 

 

Қатынас түрлері

  • Симметриялық

a=b => b=a

  • Транзитивтік

a=b & b=c => a=c

  • Рефлексивтік

a = a

Симметриялық қатынас

  • Егер берілген  элемент жұптары мына шартты орындаса  aRb => bRa, ендеше  математикада мұндай бинарлық қатынасты (R) симметриялық қатынас деп атайды.

Мысалы:

  •  Кез келген эквивалентті қатынас симметриялық қатынас болып есептеледі (кейде транзитивтік және рефлексивтік).  Бағдарланбаған графтың төбелерінің қатынасының байланысы да симметриялық.
  •  Ал бағдарланған графтың қатынас тәртіптері мен төбелерінің жолдық қатынасы симметриялық емес.

Транзитивтік қатынас

  • Егер берілген  3 элементтің кез келгені мына шартқа сәйкес келсе 

    aRb & bRc => aRc

  онда  математикада  мұндай бинарлық қатынасты (R) транзитивтік қатынас деп атайды.

Транзитивтік емес қатынастың мысалдары (яғни, кейде логикалық ойлар арифметикалық  қатынастармен емес,  мағыналық қатынастармен байланысады ) :

  • “Тас, қайшы, қағаз” ойыны: Тас Қайшыдан мықты; Қайшы Қағаздан мықты; бірақ Тас Қағаздан мықты емес 

(tRs ^ sRp ≠> tRp)

Мұндағы “мықты” деген сөз нақты мағынаға ие емес, Қағаздың  мықтылығы Тасты орап алуында.

  • Үлкен турнирлерде мынадай жағдайлар болып жатады:

A командасы B командасын,

B командасы С командасын,

ал С командасы А  командасын жеңіп жатады.

Информация о работе Информатика