Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2012 в 10:06, реферат
Пәнаралық байланыс туралы ғылыми әдебиеттерде 30-дан астам анықтамалар берілген. Мәселен, педагогикалық сөздікте: «пәнаралық байланыс оқу бағадарламаларының өзара үйлесімділігі» деп анықталған.
Қазіргі кезде білімнің интеграфиялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті негізгі мәселелердің біріне айналып отыр.
Информатика пәнің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру
І. Информатика пәнің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру
Пәнаралық байланыс туралы ғылыми әдебиеттерде 30-дан астам анықтамалар берілген. Мәселен, педагогикалық сөздікте: «пәнаралық байланыс оқу бағадарламаларының өзара үйлесімділігі» деп анықталған.
Қазіргі кезде білімнің интеграфиялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті негізгі мәселелердің біріне айналып отыр.
Осы арада мектептің оқу-тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыруы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысу, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзіңің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігітуралы ғылыми көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді.
Ал мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалімдер біршама қиындықтарға кездесіп отырғаны белгілі. Атап айтқанда оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылыққа қаратыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету және тағы баска мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.
Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы ол бүкіл оқыту ісін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынандай:
• Әрбір жеке пәнді оқытқана басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;
• Түрлі пәндерді оқып үйренуде – өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру.
• Окушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруің, олардың жинақтылығымен әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптсатыру.
• Жалпы теориялыьқ білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.
• Оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою.
• Оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру.
• Әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтықерекшеліктерін көрсете білу.
• Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру.
Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информатикалық процестер мен факторлардың фундаментальды ролін мойындау; +болып табылады.
Өткен ғасырларда әлемнің ғылыми бейнесі ертеректе екі негізгі ұғым төңірегінде құрылғаны белгілі: зат және энергия. Сөйтіп, ғылыми көзқарасты қалыптастыруда негізгі рольды осы ұғымдарды сипаттайтын ғылымдар атқарады. Физика, химия, математика. Мысалы: заттар мен энергияның сақталу заң тек физика мен химияның ғана заңы емес, универсал ғылыми принципке айналды «жоқтан еш нәрсе пайда болмайды».
Бұл жағдай біздің ғасырдың басында әлемнің бейнесін җаңаша тұжырымдайтн идеяның тууына байланысты өзгере бастад.мұндағы негізгі мәселе ұйымдастырушылықнемесе қазіргі айтылып жүргендей информациялық факторларға байланысты. Дәлірек айтсақ, алдынғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, солардың өзара байланысы менөзара әсерлесу мәселесі қойылды. Бұл мәселемен айналасатын ғылым информатика деп аталады.
Сонымен, информатика – ЭЕМ-дың көмегімен информацияны іздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өндеудің әдісі, тәсілдері мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым. Информатианы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымныңтек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмысістеу принциптерін түцсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңдары мен тәсіледри туралы түсініктер береді.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-деркүнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі уздіксіз ғылыми – техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар, информацияны өңдеу, жинау, және беру тәсіледері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да оны оқып үйрену күннен күнге күрделеніп барады.
Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның ішкі заты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан «информация» ұғымы информатика мен ЭЕМ-де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып табылады. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ-ң көмегі арқлы ғана қабылдайды. ЭЕМ информацияны автомат түрде өңдеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ол қазіргі есептегіш техникалар – оның материалдық базасы.
«Информатика» термині біздің еліміздегі әдебиеттерде пайдаланғанына аз ғана уақыт болды. Оның шығу тарихына көз жүгіртсек, ол ЭЕМ-ң пайда болғанынан басталады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін кибернетика қарқынды даму жолына түсті. Ол жасанды, биологиялық, әлеуметтік және тағы басқа әртүрлі жүйелердегі басқару мен байланыс туралы жалпы ғылым ретінде дамыды. Кибернетиканың дамуын 1948 жылы американ математигі Норберт Винердің «Кибернетика жануарлар әлемінде және машинадағы басқару мен байланыс» деген атақты кітабының шығумен байланастарады. Бұл жұмыста басқарудың жалпы теориясының жасалу жолдары мен әртүрлі жүйелерге арналған басқару және байланыс проблемаларын зерттейтін әдістердің негізі қаланады.
кибернетикаЭЕМ-нен қатар дами отырып, уақыт өте жалпы ғылымға – информацияны өңдеу туралы ғылымға айнала бастады. Кибернетикада информация төмендегідей анықтамасы қабылданған : информация дегеніміз қайсы бір жүйенің қоршағанортадан қабылдайтын, керісінше қоршаған ортаға беретін және өзінде сақтайтын сигналдардың әсерлердің немесе мәліметтің жиынтығы.
«Информация» термині латынның түсіндіру, баяндау, білу деген ұғымынан туындаған ағылшынның information сөзінен шыққан.
Кибернетика өзінің дамуында бірталай тартысты қезендерді басынан өткізді. Академик А.И.Берг жазғанындай, «…1955-57 жылдары, кейін де біздің әдебиеттерде кибернетиканың маңызы мен мүмкіндіктерін бағалауда өрескел қателер жіберген. Бұл біздің елімізде ғылымның дамуына үлкен зияның тигізеді, көптеген теориялық жағдайларды жете зерттеудің және электрондық машинаның өзін жасаудың тоқтап қалуына әкелді» - дейді өзінің «Возможное и невозможное в кибернетике» атты еңбегінде.
Сондай-ақ философиялық сөздіктің 1959 жылғы басылымында кибернетиканы «буржуазиялық жалған ғылым» деп көрсетті. Мұның басты себебі, біріншіден, қарқынмен дамып келе жатқан ғылымды «классикалық бағыттағы» кейбір ғалымдар жете бағаламаудың салдарынан, екіншіден, кейбіреулер іс жүзінде қолданылатын әртүрлі облыстарда кибернетиканың нақты проблемаларын жете зерттеудің орнына шамадан тыс бос сөздер айтылды. Кибернетиканың шексіз мүмкіндіктері жайлы жартылай фантастикалық болжау жасалды, осылайша ағылшынның беделі түсті.
Кибернетиканы қолданудың қызықты перспективалары халық шаруашылығында математикалық әдістер мен ЭЕМ-дерді жоспарлау менбасқару мақсатында кеңінен қолданудың ұсынысын тудырды.
Сонымен, кибернетика термині пайда болғаннан кейін дүние жүзілік ғылымда ағылшын сөзі: «computer skiense» қолдана бастады, ал одан кейінірек , 60-70 жылдар деңгейінде француздар «informatigue» терминің енгізді.орыстілінде терминнің ең алғашқы қолдануы ғылыми теникалық информациясына байланысты болды. Сондай-ақ, 1976 жылы А.П.Ершовтын басқаруымен неміс тілінен аударылған жоғарғы оқу орындарына арналған информатика курсының оқулығы мен есептер жинағының шығуынан бастап «информатика» термині басқа мағнада пайдалана бастады.
Үшінші реет бұл термин орыс тіліне кең мағынада – информацияның өңделуін және берілу процестерін зерттейтін іргелі ғылымның атауы түрінде кірді. Мұндай анықтаманың арқасында информатика философиялық және жалпы ғылым категорияларымен тікелей байланысып, оның «дәстүрлі» академиялық ғылыми пәндер арасындағы орна анықталады.
Информатиканың негізгі, яғнимаңызды ерекшелігі – оның қоғамдық қызметтің барлық негізгі түрлеріне қолданылуы; өндірісте басқаруда, ғылымда, білім беруде жоспарлаудай және сауда операцияларында, қоршаған ортаны қорғауда, криминалистік медицинада және т.б. орындарда қолданылуы. Информатика көптеген нақты информациялық, процесттердің, технологияның барлығына ортақ мәселелерді зерттейді. Осы технологиялар информатиканың, процестердің, технологиялардың барлығына ортақ мәселелерді зерртейді. Осы технологиялар информатиканың объектісі болып табылады.
«Ғылымның объектісі» және оның тақырыбы ұғымдарының айырмашылықтары туралы дәл түсінік кез келген ғылымның мағынасын ашу үшін өте манызды. Объект дегеніміз – зерттеушінің іс әрекеті бағытталған шын өмірдегі бір облыс, ал тақырып оны зерттеу объектісімен байланыстыратын буын. Сондықтан «ғылымның тақырыбы» ұғымы «ғылымның объектісі» ұғымымен бірдей емес, ол танымның объективті және субъективті жақтарының диалектикалық бірлігін көр
Информация о работе Информатика пәнің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыру