AutoCAD-та «Библиотека материалов» құралы көмегімен бөлме интерьерін жобалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 16:12, курсовая работа

Краткое описание

Мәліметтерді компьютер мониторында графикалық түрде бейнелеу ғылыми және әскери зерттеулерде қолданылатын үлкен ЭЕМ-ге 50-жылдарда іске асырылды. Компьтерлік графикасыз компьютерлік әлем ғана емес, барлық шынайы өмірді де елестету мүмкін емес. Мәліметтерді визуалдау адамның өмірінің әртүрлі салаларында қолданыс табады.
Виртуалды кеңістікте объектілердің көлемді модельдерін құру әдістерін зеттейтін үш өлшемді графика деп бөлуге болады. Қазіргі уақыт режиміндегі үшөлшемді модельдеудің маңызды облысы – техникалық құрылғылардың тренажерлары: автокөліктер, кеме, космостық аппараттар.

Содержание работы

КІРІСПЕ 3
1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 5
1.1 Есепті шешу құралдарын таңдау және негіздеу 7
2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 10
2. 1 Түзу сызықты кесінділер………………………………………………………………….10
2.2 Көмекші құрау сызықтары......................................................................12
2.3 Көріністерді басқару құралдары.............................................................14
2.4 Қолданушы координаттар жүйесі...........................................................15
2.5 Редакциялау құралдары...........................................................................16
3 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 15
3.1 Геометриялық есептеулер 15
3.2 Сызба – графикалық жұмыстың программасы 16
ҚОРЫТЫНДЫ 27

Содержимое работы - 1 файл

курсовой теория.doc

— 995.00 Кб (Скачать файл)

AutoCAD-та «Библиотека  материалов» құралы көмегімен  бөлме интерьерін жобалау

 

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 5

1.1 Есепті шешу құралдарын таңдау және негіздеу 7

2 ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ 10

2. 1 Түзу сызықты кесінділер………………………………………………………………….10

2.2 Көмекші құрау сызықтары......................................................................12

2.3 Көріністерді басқару құралдары.............................................................14

2.4 Қолданушы координаттар жүйесі...........................................................15

2.5 Редакциялау құралдары...........................................................................16

3 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ  БӨЛІМ 15

3.1 Геометриялық есептеулер 15

3.2 Сызба – графикалық жұмыстың программасы 16

ҚОРЫТЫНДЫ 27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28

 

КІРІСПЕ

Мәліметтерді компьютер  мониторында графикалық түрде бейнелеу ғылыми және әскери зерттеулерде қолданылатын үлкен ЭЕМ-ге 50-жылдарда іске асырылды. Компьтерлік графикасыз компьютерлік әлем ғана емес, барлық шынайы өмірді де елестету мүмкін емес. Мәліметтерді визуалдау адамның өмірінің әртүрлі салаларында қолданыс табады.

Виртуалды кеңістікте объектілердің  көлемді модельдерін құру әдістерін  зеттейтін үш өлшемді графика  деп бөлуге болады. Қазіргі уақыт  режиміндегі үшөлшемді модельдеудің маңызды облысы – техникалық құрылғылардың тренажерлары: автокөліктер, кеме, космостық аппараттар.

Сонымен қатар қазіргі  кезде архитектура, бөлме дизайны  сияқты салаларда да кең қолданылуда. Бөлме интерьерін жасауда бөлме сызбасын көрсетудің кеңістіктегі әртүрлі мүмкіндіктерін береді.

Бұл курстық жұмыста маңызы  AutoCAD құралы көмегімен 3D модельдеу арқылы бөлменің интерьерін құрып, бөлме интерьерін жобалауда кеңістіктегі AutoCAD құралдарының үлкен мүмкіндіктерін пайдалануды үйрену.

Курстық жұмыстың мақсаты – AutoCAD-та жобалауда «Библиотека материалов» құралын қолдана отырып бөлме интерьерінің сызбасын салу.

Бүгінгі күндерде AutoCAD 2002 – автоматты проекциялау жүйелері арасында ең мықтысы болып табылады. Техникалық проекциялаудың әртүрлі  аймағында керек болған, кез-келген сызба жұмыстарын орындай алады. Программаның ішкі компоненттерінің жетілдіруінен басқа, көп жаңа функция пайда болды. Бұл функциялар қолданушының жұмыс уақытын қысқартып, сызба сызуды біршама жеңілдетті.

AutoCAD-ң бірінші версиясы 1982ж. Жарық көрді және ол DOS жүйесінде жұмыс істеген болатын. Бұл шынында дербес компьютерде жақсы жұмыс істей алатын алғаш автоматты проекциялау программасы еді. Ол кездерде бұл сияқты жүйелерді мықты жұмыс станциялары ғана қолданған. Бірінші версияның басты ерекшелігі, файлдардың көбісі, ASCII форматындағы жай мәтіннен құрылған еді.

Жоғарыда айтылып өткендей, AutoCAD АПРЖ(САПР)-гі қолданымда ең көп  болған программа, түрлі техникалық проекциялау облыстарында эффектілі  түрде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар графикалық программалық жүйе. Латын емес тілдерді қолданғандар да бұл программаға тез арада үйрене алады. Сол себебті AutoCAD дүниежүзінде конкуренциядан тыс болып, ол дүниенің 150 мемлекетінде қолданылады және 2 миллионнан астам регистрацияланған қолданушыға ие.

Сызу жұмыстарын автоматизациялау программалар пакеті AutoCad сызу жұмыстарына арналған қуатты құрал болып табылады. Ол бізге  қажетті сызбаның тез және дәл, нақты  генерациясын алуды қамтамасыз етеді. Бұл программа сонымен қатар  бізге сызу барысында жіберілетін қателерді оңай жөндеуге және үлкен дәлелдеп түзетулерді бүкіл сызба жұмысын қайтадан құрамай-ақ орындауға мүмкіндік береді. Ол программа сызудың таза, нақты және соңғы вариантын генерациялайды. AutoCad жүйесі біз үшін жұмыс істейді. AutoCad жүйесінің көмегімен дайындалған сызба біздің асықпай анық қолмен дайындаған сызбамен ойша бірдей болып келеді. («Ойша» дегеніміз себебі AutoCad жүйесі өзінің мүмкіндіктеріне байланысты оның нақтылығын арттырады). Біздің сызба нұсқау бойынша дәл болады және әрбір элемент қалаған орнында дәл орналасады. Жүйенің аты ағылшын тіліндегі қысқартылған “Automated computer Aided Drafting and Design” сөз тіркесінен алынған, аударғанда «ЭВМ көмегімен автоматзацияланған сызба салу және жобалау» және бұны былайда түсінуге болады: автоматизацияланған жобалауды программалау жүйесі [1].

Автоматизацияланған жобалау  есептегіш техника қолданылатын бірден-бір маңызды облыс. Компьютер  технологтар мен құрастырушыларға САПР толық мүмкіндігін береді, оларды қолмен жұмыс жасаудан босатады, шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік береді.

CAD- жүйе функциясы  екіөлшемді (2D) және үшөлшемді (3D) жобалау функцияларына ұқсатылады. 2D функциясына сызу,  құжаттардың  конструкторлық безендірулері жатады; ал  3D функциясына үшөлшемді моделдерді  құру, метрлық есептер, шынайлық көрініс, 2D және 3D моделдерінің өзара қалыптасуы.

AutoCad сызбалы графикалық  жұмыстарды автоматизациялау жүйесін  басқарады. AutoCad графикалық пакетінде  сызба құруға қажетті барлық  конструкторлар бар. Автоматизацияланған  оларда қолмен сызу құралдары графикалық примитивтермен (нүкте, кесінді, шеңбер және т.б.) оларды реттейтін командалар (өшіру, орын ауыстыру, көшіру және т.б.) , команданы құру примитивтері (ендік тапсырма, графикалық объектілердің  типімен түрі) сәйкес келеді. Керекті форматтағы беттерді және сызбаның масштабын таңдау үшін сызбаны баптауға сәйкес келетін командалар бар. Өлшемін алу үшін конструктор сызбаның өлшемін береді, өлшем сызылған сызық және тіл (стрелка) және жазулар автоматты түрде орындалады [4].

 

1 АНАЛИТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

    1. Сызба сипаттамасы

Бұл сызба бөлменің және ондағы жиһаздардың сызбаларының жиынынан тұрады.

Бөлме сызбасы өзіне  тән ерекшеліктерге ие. Оларға бөлме ортасындағы үстелді және бөлменің қабырғада орналасқан теледидирды жатқызуға болады. Үйдің екінші қабырғасында от жағатын пеш орналасқан.

Бөлмеге берілген түстер бөлменің ажарын ашып тұр. Ондағы орналасқан жиһаздар мен қарапайым заттар да бөлмедегі орналасқан орындарымен үйлесімді көрінуде.

Диванның қара түсі көзге ерекше түседі. Бөлменің оң жақ қабырғасы ашық қызыл түске, ал сол жақ бөлігі қоңыр тас тәрізді түске боялған.

От пешінің үстінде  айна орналасқан. Еденнің түсі шахмат тәрізді таңдалған және еденде жайылып тұрған кілем қою қызыл түске сәйкестендіріліп тандалған.

Пештің екі жағындағы  екі кресло бөлмеге ерекше жарасып тұр.

1.1.1-сурет. Оң жағынан корінісі

1.1.2-сурет. Үстінен көрінісі

1.1.3-сурет. Сол жағынан көрінісі

1.2 Есепті шешу құралдарын таңдау және негіздеу

AutoCAD 2004 қазіргі заманға  сай үшөлшемді моделдеудің және  сызбаларды сәндеудің мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл жүйеге енгізілген жаңа технологиялардың арқасында мекеме стандарттарын ескере отырып және әртүрлі жобалаудың әдістерімен жұмыс істеуге арналған ұжымдық құрал болып табылады [7].

AutoCAD жобалық деректермен  алмасу барысында деректердің қауіпсіздігін, дәлдігін және тиімділігін қамтамасыз етеді. DWGTM технологиясын қолдайтындықтан жобалық ұжымдардың тимді жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Визуалдау құралдарының, презентациялық сападағы графиканың көмегімен өзінің ойындағыны өте ыңғайлы түрде көрсетуге болады.

AutoCad  программалар  пакеті сіздің микрокомпьютеріңізге  арналған қосымша сызба жұмыстарының  жүйесін ұсынады. Сызба жұмысын  автоматизациялаудың қосымша жүйелері  өте қуатты құрал болып табылады. Есептеу жүйесінің пайдалануымен дайындалған сызбаны дайындау және модификациялаудағы жылдамдық пен жеңілдігі қолмен сызудан қарағанда көп уақыт үнемдеуін қамтамасыз етеді. AutoCad  жүйесі микрокомпьютер қолданушыға бұрын тек үлкен және қымбат есептеуіш жүйелерінде ғана мүмкін болған үлкен мүмкіндіктерді береді.

Негізінен алғанда AutoCad  жүйесін пайдаланғанда сызба  жұмыстарына шектеу жоқ. Егер сызба қолмен дайындалған болса, ол компьютермен де генерацияланған  болу керек. 

Төменде жүйенің кейбір мүмкіндіктері көрсетілген:

  • барлық архитектуралық сызбалар
  • интерьерді жобалау және орналастыруды жоспарлау
  • технологиялық сызбалар және ұйымдастырылған диаграмалар
  • кез келегн қисықтар
  • электронды, химиялық, құрылыстық және машина жасаудағы қосымшаларға арналған сызбалар.
  • Графиктер, математикалық және т.б. ғылыми функцияның көрінісі.
  • Суреттер салу.

Қазіргі заманда жобалаудың қай саласы болмасын деректерді пайдаланудың жылдамдығы мен тиімділігі жобаның  сәтті іске асуы үшін маңызды болып  сналады. AutoCAD 2004 жобалаудың жаңа құралдарны, жақсарған қолданушы интерфейсі және презантациялық графика құру мүмкіндіктері бар жүйе. Құжаттамаларды безендірудің барлық стандарттау құралдары қарастырылып,  деректерді құпия сөзбен сақтау қамтамасыз етілген. Көп бетті GWF-файлдарды қолдауы, ақпараттардың алмасуын айтарлықтай жеңілдетеді [1].

Жаңа құрал-саймандар панелін өзіңізге баптауға және оның мөлдірлігін де реттеуге болады. Оны белгілі деңгейде көрінбейтіндей қылу жұмыс кеңістігін кеңейтіп, көрінетін экран бөлігін көбейтеді. Стандартты құралдардан басқа блоктарға, сызбаларға және штриховкаларға сілтемелерден жинауға болатын пайдаланушы палеталары пайда болды. Панелдер закладкалары Басқару орталығынан ауыстырылатын деректер негізінде құрылады немесе сызбада сақталған блоктар негізінде автоматты түрде құрылады.

AutoCAD 2004 толықтүсті (True color) режимін  қолдайды. Сызбаға қол жеткізудің  қауіпсіздігін цифрлік қолдар  мен деректерді құпия сөзбен  қорғау мүмкіндіктері енгізілген.

Жаңа Қасиеттер менеджері объектінің әр түріне оған тиеісілі қасиеттерін  сақтап қалады. Сонымен қатар ол блоктардың атрибуттарны редактрлеуге тез жол ашады.

Қасиеттерді көшірмелеу командаларының жаңа мүмкіндіктері қосылған: жылдам өлшеу, полисызықтарды редактрлеу, командалардың орындалуының барлық реті сақталып отыруы және олардан көп ретбас тарту мүмкіндігі.

AutoCAD 2004-те жұмыс істегенде оның  стандартқа сай екендігін тексерудін  қажеті жоқ. Оны Стандарттар  менеджері автоматты түрде атқарып  отырады. Оол өзі іске қосылады. Стандартқа өлшемдік және мәтіндік  стилі, қабаттар мен сызықтар типінің стандарттары жатады. Стандарттан ауытқыған жағдайда жүйе ескерту беріп, өзі дұрыс деп санаған стандарт нұсқасын ұсынады [4].

AutoCAD 2004 Microsoft компаниясымен сертификацияланған  және «Designed for Windows XP — Optimized for Enterprise»  статусына ие болған. Бұл оның Microsoft Windows XP, Windows 2000, Windows NT-пен тығыз интегралданғанын білдіреді.

Жүйелік талаптары:

  • Процессор Intel Pentium III, тактілік жиілігі 800 МГц кем болмауы тиіс;
  • Microsoft Windows XP Professional, Home или Tablet PC Editions, Windows 2000 немесе Windows NT 4.0 (SP6a немесе жоғары);
  • 128Мб оперативті жады;
  • Қатқыл дискідегі 300Мб бос орын;
  • Монитор VGA немесе одан жақсы (кем дегенде 1024х768), True color;
  • Microsoft Internet Explorer 6.0;
  • Тышқан, трекбол немесе басқа сәйкес келетін құрылғы;
  • CD-ROM дискіжетегі.

AutoCAD 2004-те стандарттарды  сақтауды бақылаудың бірнеше  әдістері бар. CAD Standards Settings диалогтік  терезесіндегі қажет параметрлерді  қосқаннан кейін программа сай  келмеушіліктерді тапқан сәтте  экранға ескертулер береді [3].

AutoCAD 2002-мен салыстырғанда  файлдар көлемдері 52%-ға, құжатты  ашу жылдамдығы 33%-ға, ал сақтау  жылдамдығы 66%-ға өскен. Сонымен  қатар түзулер мен штрихтардың  саны өскенді.

Windows95,98,2000-да қолданылатын,Dos-ядродан бас тартылған болатын [2].

 

2. ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ

2.1 Түзу сызықты кесінділер

 Line(Кесінді): Ең көп орындалатын бұйрық. Ол Draw құралдар панелінде орналасқан. Бұл бұйрық қалағаныңызша рет қайталана беруге жататын бұйрықтар тобына жатады. Сопдықтан, әрбір кезекті басты нүктені енгізгеннен кейін, AutoCAD жаңа бас нүктені енгізуге шақыруды қайталап тұрады.

Жаңа версияда AutoCAD-ң мінезі мүлдем өзгерген жоқ. Жағдайға қарай шақыру мәтінінің варианты таңдалады:

  1. Бас нүктені енгізгеннен кейін мынадай шақыру шығады: Specify next point or [Undo]:. Бірінші және екінші сегменттердің соңғы нүктелері үшін бұл шақыру екі рет қайталанады. Тышқанның таңдауымен кесіндінің келесі бас нүктені белгілейді. Егер тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюдан Undo бұйрығын таңдасақ(немесе “u” әрпін бұйрықтық жолға енгізу арқылы ), онда AutoCAD бұйрықтың орындалуынсыз соңғы сынықтың құрылған сегментін өшіреді.
  2. Минимум екі сегмент құрылғаннан кейін шақыру мәтіні өзгереді: Specify next point or [Close/Undo]: (Келесі нүктені енгізіңіз немесе [Жабу/Бас тарту]:. Егер тышқанның оң батырмасын басып, контекстті менюдан Close бұйрығын таңдасақ, онда AutoCAD соңғы бас нүктені, алғаш бас нүктемен қосады да сызық құрады.

Информация о работе AutoCAD-та «Библиотека материалов» құралы көмегімен бөлме интерьерін жобалау