Аналық тақшалардың түрлері және олардың адам қызметіндегі рөлі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 07:43, доклад

Краткое описание

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Осы ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт- азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Компьютердің құрылымдық элементтерін зерттей отырып, оның элементінің ішіне кіретін аналық тақшалардың түрлері туралы және олардың адам қызметіндегі рөлін, қазіргі заманда адамзат баласы қандай түрдегі аналық тақшаны таңдау керектігін танымдық зерттеулер арқылы, осы тақырыпты зерттеу нысаны ретінде алдым.

Содержимое работы - 1 файл

ғылыми жұмыс1.doc

— 49.50 Кб (Скачать файл)


ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Осы ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт- азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Компьютердің құрылымдық элементтерін зерттей отырып, оның элементінің ішіне кіретін аналық тақшалардың түрлері туралы және олардың адам қызметіндегі рөлін, қазіргі заманда адамзат баласы қандай түрдегі аналық тақшаны таңдау керектігін танымдық зерттеулер арқылы, осы тақырыпты зерттеу нысаны ретінде алдым.

Ең алдымен компьютер тарихын қысқаша айтсам компьютер дегеніміз не, ол бізге қайдан келді деген сұраққа жауап іздеп көрейік: «Компьютер» сөзі «есептеуіш» дегенді білдіреді, яғни есептеулерге арналған құрылғы. Мәліметтер өңдеуді, оның ішінде есептеулерді, автоматтандыруға қажеттілік өте ертеде пайда болған. Мыңдаған жылдар бұрын есеп-қисап үшін таяқшалар мен ұсақ тастар және т.б. пайдаланылған. 1500 жылдан бұрынырақ санауды жеңілдету үшін есеп шот пайдалана бастады. XIX-ғасырдың бірінші жартысында ағылшын математигі Чарльз Бэббидж әмбебап есептеуіш құрылғы – адамның қатысуынсыз есептеулерді орындауға тиісті Аналитикалық машинаны құрастыруға талпыныс жасады.   

Қазіргі замандағы IBM PC дербес компьютерлері әдетте үш бөліктен (блоктан) тұрады:

•       Жүйелік блоктан;

•       Компьютерге символдарды енгізуге мүмкіндік беретін пернетақта мен маустан;

•       Мәтіндік және графикалық ақпараттарды кескіндеуге арналған монитордан (немесе дисплейден).

Компьютердің осы бөліктерінің ішіндегі ең «бастысы» жүйелік блок болып саналады. Онда компьютердің барлық негізгі тораптары орналасады:

1.    Аналық тақша

2.    BIOS

3.    Процессор мен жад

4.    Жүйелік өрім

5.    Дискжетектер

6.    Мультимедиялық және коммуникациялық құрылғылар

Компьютерде жұмыс істеу кезінде барлық мәлімет аналық немесе жүйелік тақша арқылы өңделеді. Аналық тақша – бұл компьютердің барлық құрамдас бөліктері қосылатын күрделі көп қабатты мөрлік тақша, бүкіл жүйенің басты құрылғысы немесе қарапайым тілмен айтқанда компьютердің фундаменті.

Аналық тақша мыс өткізгіш жолшықтар желісімен қапталған, олардың бойымен мәліметтер тақшада құрастырылған микро схемалар мен компьютердің басқа құрылғылары қосылатын слоттарға жеткізіледі. Әрбір құрылғы белгілі бір слотқа қосыла алады. Компьютер жинақтағанда ең қиыны, әрі маңыздысы аналық тақшаны таңдау. Аналық тақшалар бір- бірінен көлемі, форм- факторы,  түрлері және порттарының орналасуы арқылы ерекшеленеді. Ол корпусқа жалғанады. Одан кейін аналық тақшаға процессор, жүйе және басқалары жалғанады. Аналық тақша адамның миы секілді база, оған барлық ақпараттар енеді. Әдетте, аналық тақшаға процессор мен жүйенің басқа да құрылғылардың жұмысын атқаратын микросхемалар орналасады. Сондықтан да аналық тақшаны таңдау өте маңызды.

Аналық тақшаға көп көңіл аударыла бермейді, көбісі аналық тақшаның оңай емес бөлшек екенін біле бермейді. Адам компьютер сатып алған кезде неге көңіл аударады? Бірінші кезекте процессорге. Екінші кезекте компьютерлік желінің көлеміне және винчестерге. Бірақ аналық тақшалардың мінездемесін бәрі біле бермейді. Егер процессор- компьютердің миы болса, аналық тақша компьютердің маңызды компаненті болып табылады. Сондықтан да қиын да, арпалыстар туындайды.

Аналық тақшаны қалай таңдауға болады? Біріншіден, компьютермен не істегіңіз келетінін және оған жұмсалатын ақшаны ойланыңыз.
Егер сіз тек интернетке кіріп кино көргіңіз келсе, онда сізге аса қымбат аналық тақшаларды ұсынбаймын. Ақшаңызды үнемдейтін аналық тақша алыңыз, мысалы, AsRock, оның сапасы да, бағасы да жаман емес. Оған аса қуатты емес процессор алыңыз. PcChips немесе BioStar аналық тақшаларын алмаңыз, олардың бағасы қымбат, әрі сапасы да тұрақсыз.
Егер сіз орташа қолданыста және компьютердің жоғарғы қуаттылығын қаласаңыз, онда оның жылдамдығына назар аударыңыз. 
Аналық тақшаның сыртқы бейнесіне қарап оның сапасы қандай екенін білуге болады ма? Аналық тақшаның түрі, яғни сыртқы бейнесіне қарап оның қалай жұмыс атқаратынын айтады. Егер өндіруші компания тақшаның сыртқы бейнесіне мән бермесе, онда оған сенім артуға болады ма  деген сұрақ туындайды. 

Қазіргі күнде аналық тақшалардың екі түрі бар.  Бұлар АТ және АТХ. Аналық тақшалардың көлемі мен компаненттерін анықтай отырып, екеуінің айырмашылығы жоқ екенін байқаймыз. Әрбір аналық тақшаны өндіретін өндірістер оның әрбір екі модификациясын шығарады.

ATX (Advanced Technology eXtended) – аналық тақшалардың көп таралғандарының бірі. Қарапайым үй компьютерлерінде көп қолданылады. ATX аналық тақшаларының көлемі 30.5 x 24.4. см және ұлғаюға арналған жеті слоты бар. ATX аналық тақшасының ең маңызды жүйелік блок қосатын тетігі 20 немесе 24 контактты. Жаңа шыққан аналық тақшалардың барлығы 24-контактты болып келеді.

АТ форм-факторында екі модификация- классикалық және Bady АТ түрі болады. АТ аналық тақшалары көлемі жағынан әр түрлі болғанымен сызықтары бірдей. Олардың бәрі паралельді порт көлемі жағынан ұқсас. Сонымен қатар олардың клавиатурасында шеге болады, ол тақшаның бір жағында немесе процессордың алдында орналасады. SIMM ЖӘНЕ DIMM слоттары үнемі тақшаның жоғарғы жағында орналасады, бірақ кейде әр жерінде орналаса береді. Әрине, тақша жақсы орналасу үшін бөлшектер қатаң орналасады. Baby AT қазіргі кезде тек AT аналық тақшаларының ғана емес, жалпы аналық тақшалардың арасында атақты. Baby AT көбінесе қарапайым Mini Tower корпусына сәйкес келеді. Олардың енінің көлемі 8,5 дюйм, ал ұзындығы 13 дюйм бірақ кейбір өндірушілер тақшаға арналған материалды үнемдеу үшін тақшаның ұзындығының көлемін қысқартады.

ATX Intel 1995 жылы шығарған осы өлшем типі атақтылардың арасына қосылуда.Қазіргі кезге дейін  оны құрып кетеді деген ойда болғанбыз.Жоқ керісінше АТХ көркеюде. Бірақ АТХ  АТ- ға қарағанда әлдеқайда дамуда. АТХ корпусына Baby AT аналық тақшасын орнатуға болады. АТХ жүйелік блогының желдеткіші ауаны ішке жібереді. Сондықтан да шаң аналық тақшаға енбейді, ауа процессорды желдетеді.

Сіздерге аналық тақшаны таңдауда бес компанияны ұсынамын:
1.Soyo
2.Gigabyte
3.Epox
4.Intel
Сөзімді қорытындылар болсам:  Кімде кімге компьютерлерді зерттеп білуге немесе оларды дүкенде таңдауға тура келген болса, ең алдымен, процессор, жедел жад және порттар сияқты таныс терминдер алдыдан шығады. Өндірушілердің көпшілігі өз компьютерлерін сипаттамалармен жабдықтайды. Әдетте компьютердің сипаттамасы нақты мәліметтер мен жарнамалық материал ретіндегі техникалық ақпараттың жинағы болып табылады, оның мақсаты – осы компьютерді сатып алуға сендердің көздеріңді жеткізу. Сондықтан компьютердің әрбір бөлігінің ерекшеліктерін қарастыра отырып сендер өздеріңе белгілі бір сипаттамалары мен бағасы бойынша компьютерді таңдай аласыңдар.

Аналық тақшаны сатып алмастан бұрын қаражатыңызды, содан кейін ақшаңызға сәйкес тақша таңдаңыз, әрине сіз таңдаған аналық тақшаңыз компьютерге сәйкес болуы керек. Аналық тақшаның сырты көрікті болуы тиіс. Содан кейін конденсатордың көлеміне назар аударыңыз, оның көлемі конденсатордың қырында жазылады. Радиаторына қараңыз. Ең соңында аналық тақшаңыздың көлемі-  5 PCI-слот болатынына назар аударыңыз. Таңдау өте қиын, таңдау кезінде таныстарыңызбен ақылдасыңыз (ешқашан сатушыдан көмек сұрамаңыз, өйткені сатушының ең басты ақуалы- сату).Таңдауда сәттілік тілеймін!

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Осы ақпараттық қоғамда толыққанды өмір сүріп, жемісті кәсіби қызмет атқару үшін ең маңызды шарт- азаматтардың компьютерлік сауаттылығы екенін дәлелдеп отыр. Бұл кез - келген адам дербес компьютерде  жұмыс істей алуы, Internet ғаламдық желісінің қызметтерін пайдалана білуі қажет деген сөз.Осының бір негізі ретінде баяндамам еліміздің көркеюіне қосқан үлесім деп білемін.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: Аналық тақшалардың түрлері және олардың адам                                           қызметіндегі рөлі

 

 

Жетекшісі: Өтепова Асылгүл Серікқалиқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әйтеке Би кенті, 2012 жыл

 

 

 

 

налық тақша - Бүкіл жүйенің басты құрылғысы. Қарапайым тілмен айтқанда компьютердің фундаменті. Қалған барлық құрылғылар осы аналық тақшаға қосылады.  Аналық тақша - Бүкіл жүйенің басты құрылғысы. Қарапайым тілмен айтқанда компьютердің фундаменті. Қалған барлық құрылғылар осы аналық тҚҚҚызылорда ақшаға қосылады.налық тақша - Бүкіл жүйенің басты құрылғысы. Қарапайым тілмен айтқанда компьютердің фундаменті. Қалған барлықҚққққоатпоптодптрдвпл№длв құрылғылар осы аналық тақшаға қосылады.  Аналық тақша - Бүкіл жүйенің басты құрылғысы. Қарапайым тілмен айтқанда компьютердің фундаменті. Қалған барлық құрылғылар осы аналық тақшаға қосылады

 

 



Информация о работе Аналық тақшалардың түрлері және олардың адам қызметіндегі рөлі