Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2012 в 18:31, реферат
Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақ-даласынан Тянь-Шаньға дейін Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².
Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақ-даласынан Тянь-Шаньға дейін Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144,2 мың км².
Географиясы
Географиялық тұрғыдан облыс аумағы негізінен жазықтық. Климаты – едәуір құрғақ және континентальды.
Табиғаты
Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді.
27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған.
Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар:
Мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» — 17,5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан – арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады;
Жалпы алаңы 3,07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы» (ботаникалық), Зайлы Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады;
Жалпы алаңы 1000 мың га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал (зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, джейрандар, еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар, құрлар басым.[1]
Тарихы
Облыстың әкімшілік орталығы Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан Тараз қаласы болып есептеледі. Тараз қаласы республиканың ежелгі қалаларының бірі болғандығын б.э.д. 1 ғасырдың ортасындағы қытай жазбаларынан көруге болады.
Сәулеттік ескерткіштер
Жамбыл облысында бірнеше
сәулеттік ескерткіштер бар.
Айша бибі кесенесі. Айша бибі ауылының орталығында Тараз қаласынан 12 км қашықтықта орналасқан. Айша бибі кесенесі – ХІ-ХІІ ғ.ғ. ортағасыр сәулет ескерткіштерінің бірі. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен Орта Азия және Қазақстан аумағында сәулет-құрылыс мәдениетінде бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған. Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады.
Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған.
Бабаджа Хатун кесенесі. Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғ.ғ. сәулет ескерткіші болып саналады. Кесене ерекше қарапайымдылығымен бағаланады. Соңғы жаңартылуы 2002 жылы болған. Эпиграфикалық жазба бойынша ол жерде жерленген әйел адамның атын оқып білген.Аңыз бойынша ол әйел Айшаның қамқоршысы болған. Ол Айшаны сапар кезінде қасында болған. Айша қайтыс болған соң, оның мазары үстінде жағылып тұрған алауды ұстап тұрған.Бұл екі кесене сәулет ескерткіші ретінде және қажылық дәстүрін өткізетін мұсылманның қасиетті жерлері болып есептеледі.Қарахан, Дауытбек және Тектұрмас кесенелері Тараз қаласының ортасында орналасқан. Осы кесенелердің алыс емес жерде Хал-Юнус шығыс моншасы орын тепкен.
ХІ ғ. Қарахан (Әулие-Ата)
ортағасырда пайда болған Тараз
қаласының аймағында мәдени-
Жерленген тұлғаның тарихы осы жерде қоныстанған Х-ХІІ ғ.ғ. Қарахандықтар хандығымен байланысты.Мұсылман әлемінде қасиеттісіне жатады. Соған байланысты «Әулие Ата» деген екінші атқа тең. Комплексті көптеген сенушілер аралайды.
Дауытбек кесенесі . Қарахан кесенесімен бірге мемориалды-культті комплекске кіреді. Дәстүрлі порталды-куполды формасында ХІІІ ғ. ірі саяси басшының қабірінің үстінен салынған. Кесененің ортасында араб тілімен қашалған жазуы бар тасты ескерткіш орналасқан. Жазу жерленгеннің адамның аты мен қайтыс болған уақытын хабар етеді. Екі кесененің де территориясы да барлық жағынана жабдықталған.
ХІХ ғ. Кали-Юнус шығыс моншасы
ХІХ ғ. Әулие Ата қаласының тұрғынымен құрылған монша. Салуда сәулет композицияның принциптері және ортағасырдағы шығыс моншалар жылыту жүйелері қолданылған. Бұл көптеген туристердің қызығушылығын оятады. ХХ ғ. елуінші жылдарына дейін монша істе болған. Қазіргі уақытта ол қалпына қайта келтіріліп, сәулет ескерткішіне айналдырылған. Монша туристік орынға айналған еді.
VIII-IХ ғ.ғ. Ақыртас сарайлық комплексі
Жамбыл облысының және
Қазақстан территориясында
Археологиялық зерттеулердің
нәтижесінде алынған соңғы
Тектұрмас сәулет кешені Х-ХIV ғғ. Бұл ежелгі діни орындарының бірі. VII-XІғғ. Ислам дінінің келуіне дейін комплекс құрыла бастаған болатын. Кесене ислам кезеңінде салынып, 1935 ж. жойылды. Қазіргі уақытта оны орнында ортағасыр типімен жаңа кесене қалпына келтірілді. Кесененің жанында қазақ батыры Мамбеттің моласы бар. Кешен территориясы барлық жағынан жабдықталған. Кесене орнатылған таудың үстінен төменде жатқан Тараз қаласына сұлу көріністі көруге болады. Ежелгі қалаға атау болатын жанында ағып жатқан Талас өзені әсерді күшейтеді. Осы жерде Х-ХIII ғасырларды Тараз қаласы арқылы өтетін керуендер өтетін тас көпір орналасқан.
Тараз- Жамбыл облысың орталығы. 1938 - 1997 жылдары арасында Жамбыл деп атанған еді, 1938
Табиғаты
Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді. Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді. 27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған. Облыс аумағында 3 мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалы бар:
мемлекеттік (кешенді) қаумал «Берікқара шатқалы» 17,5 мың га алаңды алады, онда қызыл кітапқа енгізілген аса бағалы ағаш бұтасының және шөп өсімдігінің 50-ден астам түрін, ал жануарлардан – арқарды, үнді жайрасын, жұмақ шыбыншыны кездестіруге болады;
жалпы алаңы 3,07 мың га құрайтын мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумал «Қарақоңыз шатқалы» (ботаникалық), Зайлы Алатаудың батыс сілемінде орналасқан. Алма, шие, алша, жүзім ағаштарының жемісті көшеттері үйеңкі орманның, боз қарағанның, тұт ағашының, түйе жаңғағының алаңдарымен ауыстырылады;
жалпы алаңы 1000 мың га құрайтын Андасай мемлекеттік (кешенді) қаумал (зоологиялық) Мойынқұм ауылынан батысқа Шу өзенінің жағасының бойында орналасқан. Өсімдік қабатында селеу шөбі, бетеге, қара сексеуіл, талдың ну бұтасы басымды. Жануарлар әлемінде арқарлар, құландар, джейрандар, еліктер, қабандар, қояндар, қырғауылдар, құрлар басым.
Өндіріс
Таразда қаратау тауларының бөктерінде Қаратау фосфор зауты жұмыс істеп тұр. Бұл зауыт фосфор шығарудаң әлемде беделді орындардың бірінде. Облыста бірдей 3 зауыт ашылған болатын, солардың бірі «Жамбыл фосфор зауыты», «Химпром», «Жаңа Жамбал фосфор зауыты». Қалада темір құрастырушы зауты, автожөндеу зауыты, «Автобөлшектер» зауты т.б. зауыттар жұмыс істеп тұр.
Ежелгі және қазіргі Тараз
Қазақстанның көне қалаларының бірі - Тараз. Көне қаланың өзіндік тарихы, тағдыры бар. Қызық-қилы кезеңдерде өсіп-өркендеген даму жолдарының да шежіре - сырлары мол. Ең негізгісі, ірі сауда орны, әрі мәдени -рухани орталық болғаны да көпке мәлім.Көне Тараз туралы алғашқы тарихи деректер гректің елшісі - Земрах, Қытай жиһанкезі -Сюан Цзян жазбаларында кездеседі. Одан бері де В. Бартольд, А.Н. Бернштам, М. Қашқари, М.Х. Дулати, П.П. Лерхтан, М.Е. Массон, Л.Н. Гумилев, Т.Н. Сеничева т.б. еңбектерінде кең көлемде сөз болады.Бұл еңбектерде Тараз тарихы, ел-жерге қатысты деректер,алыс-жақын елдермен байланысты әңгімеленеді. Көне Тараздағы мәдени-сәулет ескерткіштері, қыстақ-кенттер, мешіт-медреселер, сауда-саттық орындары, қолөнершілер шеберханалары, күшті қорғаныс қамалдары, мұнаралы күмбездер, күнмен таласқан сұлу да зәулім мешіт пен теңге соғатын сарайлар, қыштан жасалған құмыра, ою өрнегі мол ыдыс-аяқтар т.т. сыр-сипаттары да шырайлы шаһардың тағдыры мен тағылымынан көп жайтарды, мол дәйек-деректерді алға тартады.
Тараз қаласының тарихы мен тамыры тереңде. Рим бір күнде салынбағанын ескерсек, "...жаннаттың қақпасындай жап-жасыл шаһардың тарихы ұлан-ғайыр" (Ә. Кекілбайұлы). Тараз қаласын 751 жылы - арабтар, 766 жылы - қарлұқтар жаулап алады. IX ғасыр соңында саминидтерге бағынышты болады. X-XI ғғ. Караханидтер басып алған тұста Тараз жаңа мемлекеттің бір бөлігінің астанасы болады. Алайда, Тараз XIII ғ. аяғында моңғол империясының, кейіннен Темір мемлекетінің орталығына айналады. Көне қала Хорезмшах, Мұхамед әскерінің талқандауына, моңғол шапқыншылығының зобалаң зардаптарына да душар болады. Ежелгі Тараз көне кезеңдерде Түргеш, Қарлұқ, Қараханид мемлекеттерінің орталығы болған. Осы жерден әлемнің көптеген елдеріне -
Қытайға, Иран мен Византияға, Орта Азияға шығатын кең арналы даңғыл жолдар, келелі келешекке үміт-сенім артқан қазақ халқының да асыл мұраттары бастау алады.
Тараз қаласының 2000 жылдық мерейтойы өткізіледі. Бұл жөнінде дүниежүзілік құзырлы ұйым ЮНЕСКО шешім қабылдаған болатын. Осыдан екі жыл бұрын түркі дүниесінің, қазақ мемлекетінің рухани астанасы Түркістанның 1500 жылдығы тойланған болса, ендігі кезек Таразға келіп отыр. Ал Тараз - әлемге ежелден Үлы Жібек бойындағы сауда-саттығы дамыған, салмақ өлшеу құралы — таразы ойлап табылған шаһар қолөнер, керамикасы, алтын, күміс, зергер бұйымдары, сұлу ару қыздары, қайтпас қайсар жауынгерлері, ғұлама, ойшылдары, ақындары арқылы белгілі қала еді.
Тараз қаласының іргетасы
қаланғанына шынтуайтына
Талас қаласы және оның тұрғындары талай тарихи оқиғаларды бастан өткізді. «Талас» деген сөз санскрит тілінде, сол тілден бастау алған соғды тілінде «су», «өзен» деген мағынаны білдіреді екен. Ата-баба түркілер санскрит тілі негізінде сөйлейтін парсылармен кемінде 3 мың жыл аралас-құралас болғаны белгілі. 568-ші жылы Византия императоры Юстианның елшісі Земарх түркі қағаны Естемиге келгенде қаламыздың атын грекше Талас деп жазған екен. Бұл елші түркі қағанына Визатияның Иранға қарсы одақтасуды ұсынғаны, бұл ұсыныс құп алып, түркі әскерлері эфталиттердің-ақ ғұндардың қаласы Яссының (қазіргі Түркістанды) жаулап алған. 751 жылы шілде айында Талас өзені жағасында қытайлықтар мен араб әскерлері шайқасқанда да біздің ата-бабаларымыз — түркілер мұсылмандар жағына шығып, Ислам дінін жаппай қабылдағаны да аса зор оқиға болды. Осы соғыс араб жылнамаларында Талас соғысы немесе Атлах шайқасы деп жазылған.Талас қаласы түркештердің, қарлықтардың, кейінірек қарахандар әулеті шыққан яғмалардың үлкен саяси орталығы, астанасы болды. Бұл жерде «көшпелі» деген мағынаны білдіретіндігін айту керек. Атақты академик В.В. Бартольд яғмалардың кейінгі мұрагерлері жалайырлар болды деп жазған. Бұл жөнінде Кдзақ Совет Энциклопедиясының 12 томыдағы «яғма» деген сөздің мағынасы туралы мақаладан білуге болады.