Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 22:11, реферат
Өздеріңізге белгілі 1941 ж. 22- маусым күні таңғы сағат 4–те бейбіт жатқан елімізге Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер–жердегі ауыл-селоға тарады. Ер –азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұранып кетті.Қасиетті жеріміз,бейбіт жатқан еліміз құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына биыл 63 жыл толып отыр. Ешкім де ешқашан да ұмытылмақ емес. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына бүгін арамызда асқар таудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп, тағзым етейік.Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауы тиіс.
Тақырыбы:
«Ұрпақтар ұмытпайтын
Ұлы Жеңіс»
1-жүргізуші: Құрметті ардагерлер, ұстаздар және оқушылар!
Бүгінгі біздің «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» атты кешімізге қош келдіңіздер. Бүгінгі біздің кешімізге елін қорғау үшін күрескен батыр атамыз Сармолдин Сарсеналин келіп отыр. Қош келдіңіз!
2-жүргізуші: Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады.Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұл Жеңістің қасиетінің батыр ағаларымыз бен апаларымыз ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес.
Өздеріңізге
белгілі 1941 ж. 22- маусым күні таңғы сағат
4–те бейбіт жатқан елімізге Германия
тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол
күні байтақ елімізге, жер–жердегі ауыл-селоға
тарады. Ер –азаматтар асығыс соғысқа
аттанды. Кейбірі өздері сұранып кетті.Қасиетті
жеріміз,бейбіт жатқан еліміз құлақ естіп,
көз көрмеген апатқа ұшырады. Еліміздің
жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны
қалғанша шайқасты. Жеңіс жеңілдікпен
келген жоқ. 50 млн адамның өмірін жалмады.
Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың
жеңіспен аяқталғанына биыл 63 жыл
толып отыр. Ешкім де ешқашан да ұмытылмақ
емес. Осы қан майданда мерт болған ерлердің
рухына бүгін арамызда асқар таудай болып
жүрген аталарымызға басымызды иіп, тағзым
етейік.Олардың ерлік істерін ешкім де,
ешқашан да ұмытпауы тиіс.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса -дағы қай ғасырдың қай жылы
Ұлы Отаным, басым иіп бір минут
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны.
(1
минут үнсіздік).
1-жүргізуші: Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 ж. 9- мамырда бұл оқиға Ұлы Жеңіспен аяқталды.
Жеңіс. Ия, оны сан миллиондаған адамдар 4 жыл бойы минуттап, сағаттап сарыла күтті. Ақыры олардың үміті мен сенімі аяқталып, тілектері орындалды. Бірақ ол Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп, миллиондаған асыл азаматтар мерт болды.
Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана жарын жоғалтып жесір,бала ата-анасын жоғалтып, жетім атанды. Ал тыңда қалған қарттар, аналар, бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің бағы сынбады, жігері жасымады.
2-жүргізуші: Енді соғыс ардагері Сармолдин Сарсеналин атаға сөз кезегін береміз. Ата соғыс кезіндегі болған қиындықтарды айтып берсеңіз.
1-жүргізуші:
Сонымен, құрметті ардагерлер, ұстаздар
және оқушылар,Жеңіс мерекесі құтты болсын.
(Римма,
Әсем «Жеңіс туралы» өлең оқиды).
2-жүргізуші: Бұлт төндіріп аспаннан
Талай көзден жас тамған
Тұтқиылдан жау тиіп,
Қырғын
соғыс басталған
1-жүргізуші: Соғыс жалмап аға –іні, бауырды
Зар жылатты тыныш жатқан ауылды
Жалғызынан айырыпты ананы
Әкесінен айырыпты баланы.
2-жүргізуші: Осы соғыста Кеңес Одағының басқа Республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында 1 млн 870 мың қазақстандықтар болды.
(сұрақ)
Ару қыздар – алаулап от кешкедер,
Сыздап тұр –ау әлі күн оқ тескен жер
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде
Ару
қыздар –алаулап от
кешкендер.
Отанымыздың
намысы мен бостандығын сақтап қалған,дүние
жүзін фашизмнен құтқарған Бауыржан,Тоқтар
т.б. сынды батыр ағаларымызбен қатар,
нәзіктігін ысыра сала жауға қарсы шыққан
қазақтың қайсар қыздары Әлия мен Мәншүк
еді.
Әлияның соңғы ерлігі (эссе-Гүлшат)
Ән
«Әлия»-Ақнұр
1-жүргізуші: Иә, кеудесін отқа төсеген қазақтың қарапайым қызы Мәншүк қас дұшпанынан елін қорғаған еді.Ол анасын, туған елін қатты сағынғанда, қолы қалт босағанда анасына сағыныш хаттары бір толастаған емес. Бұл 1943 жыл болатын.
Мәншүктің хатын оқу.
«Мәншүк»
өлең- Салтанат
2-жүргізуші: Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен сұрапыл соғыста ерлермен бірге қолдарына қару алып,Отанын қорғауға біздің апаларымыз,Шығыс жұлдыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова ерлік көрсетіп, батырлықпен қаза тапты.
(Сұрақ)
1-жүргізуші: Соғыс бітті. Ауыр жылдар артта қалды. Жеңіс туы желбіреді.«Сүйінші » өлеңін оқу
Естідім – ау Жеңіс күнін
Дүрілдейді көк пен жер
Қуанышпен қағып гүлім
Ойнақтайды қуанған ел.
2-жүргізуші:
Ж
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Куыныш
пен мерекенің
бұлағы.
(Жеңіс
туралы) өлең оқу.
1-жүргізуші: Талай қиыншылықтар артта қалды. Бір, шүкірлік етер жай қазақ халқы құрып кетуден аман қалды. Қазіргі таңда басқа елдер секілді қазақ елі терезесі тең, керегесі кең елдер қатарына қосылды. Өз алдына тәуелсіз ел болды.
Бірде Шыңғыс хан замандасына «Құлаш бойым құласа да, тіккен туым құламасын»депті. Міне, ендігі тілек -осы.Мейлінше тәуелсіздік туына бекем болу.
2-жүргізуші: Қазақ халқында «Бақыт» деген ұғым бар. Бақытты болудың ең негізгі факторы Отан деп қаққан жүрек болса, Отан деп ағындаған лек болса, сонда ғана бақытты ел болдым дей бер.Олай болса елің үшін күрес!
Қазіргі
бейбітшілік таңында ерлердің жасаған
елеулі еңбектері еленіп,оларға арнап
ескерткіштер ашып, көшерлерге есімдерін
беріп жатыр. Соның бір куәсі өзіміздің
білім нәрімен сусындап жатқан оқу орнымызға
Әлия Молдағұлованың есімі берілді.
1-жүргізуші: Сарсеналин ата сізге көп рахмет. Сізге ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы отырған оқушыларға арнап тілегіңізді айтсаңыз?!
Хор
«Ақ көгершін»
2-жүргізуші: Аспанымызда
әркез Жеңіс туы желбіресін деп,бүгінгі
«Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс»атты
тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Хош сау
болыңыздар!
Тақырыбы:
Орындаған:А.
Ж.Кужаниязов
Тексерген:А.
АҚТӨБЕ-2008 жыл