Независимость

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Декабря 2011 в 23:34, реферат

Краткое описание

Ұлты қазақ азаматтардың 20-шы ғасырдың соңына қарай ата мекеніне жаппай көшу үрдісінің басталуы Монғолия қазақтарының еңбек шартын «пайдаланып» Қазақстанға қоныс аудару көшіне негізделеді.

Содержимое работы - 1 файл

на каз Тауелсi3дiк.docx

— 97.43 Кб (Скачать файл)
 

     Ұлты қазақ азаматтардың 20-шы ғасырдың соңына қарай ата мекеніне жаппай көшу үрдісінің басталуы Монғолия қазақтарының еңбек шартын «пайдаланып» Қазақстанға қоныс аудару көшіне негізделеді.

     Бұл көш 1991 жылдың жаз-күз айлары еді. Қазақстан тәуелсіздік алардың алдынғы айларда шетелдерден бірнеше он мыңдаған қазақтарымыз көшіп келіп үлгерген. Тәуелсіздік жарияланудың қарсаңында қазақ ұлтты азаматтар еліне осылайша жинала бастауы сол кездегі одақ билік басындағылардың Қазақ мемлекетінің тәуелсіз боларын мойындауға белгілі мөлшерде әсер еткені айдан анық.

     Соңғы 20 жылда шет елдерден 1 000 000 – ға таяу қазақ ұлтты азаматтар өз еліне көшіп келді деген дерек айтып жатырмыз. Шетелдегі өз отандастарына қамқор жасауда, оларды тартуда Қазақстан әлемде алғашқы үштікке кіреді деп бағаланады. Тарихтағы қилы тағдырымызбен империя қол астында ұзақ жылдар бойы езіліп, әрең дегенде тәуелсіздікке қол жеткізіп, енді ғана тәлтіреңдеп аяғымызбен тұрып келе жатқан бастапқы жылдарда әлемдегі қазақтарға қамқорлық ету жағынан алып қарасақ, меніңше үштікке емес бірінші орынға кіретін сияқтымыз.

     Осылайша бірінші орынға шығу үшін қандай нақты істер атқарылды, қанша қаражат жұмсалды, кімдер атсалысты және қандай кедергілер болды деген үлкен тақырыптар қозғалады.

     Осы тақырыптардың ірі тарауларын қысқаша атап өтейік:

-        КСРО мен Монғолия мемлекетінің арасындағы еңбек тәжірибе алмасу келісімі;

-        Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының құрылуы;

-        Көші-қон туралы Қазақстан Республикасының заңының қабылдануы;

-        Шетелден көшіп келген қазақ ұлтына Қазақстан азаматтығын жедел беру тәртібінің бекітілуі;

-        Көші-қон комитетінің құрылуы;

-        Шетелдерден қазақ ұлтын көптеп көшіріп алудың жыл сайынғы квотаның белгіленуі;

-        Шетелден келген қазақ ұлтты жастарды бейімдеу, жоғарғы оқу орындарына тегін оқыту  бойынша жыл сайынғы дайындық курсының ашылуы;

-        Тұрғын үй-баспана беру, жер телімін бөлу, бір реттік ақшалай жәрдем, тағы басқа материалдық қолдау мен жәрдем ақы төлеудің дәстүрге айналған тәртібі;

-        Дүние жүзі қазақтардың I-III Құрылтайының  өтуі;

-        Оралмандардың «Асар» республикалық бірлестігінің, «Қазақстан Оралмандар Одағының»  құрылып, нәтижелі жұмыс істеуі;

-        «Нұрлы көш» бағдарламасының қабылдануы және т.б.

     Мұндай ауқымды шаралар іске асырылу барысында жауапсыздық болғанымен және бөлінген қаржының біразы жымқырылып жатқанымен нәтиже әрине, баршылық. Ең бергі жағы қиналып жүрген ағайындарымыздың шағымдануы байқалмайды. Отандастарымыздың көпшілігі ел қатарлы тіршілік етіп, мәз-мейрам болып, тіптен еліміздің дамуына шама-шарқынша үлестерін қосып жатыр. Жалпы алғанда, ұлты қазақ азаматтардың елімізге қоныс аударудан мемлекет ұтпаса ұтылмайтынын кейбір адамдар түсінбейтін сияқты. Бізге оралмандардың не қажеті бар, оларға қамқорлық жасағанша елдің ішіндегі тұрмысы нашар адамдарға неге көмектеспейді т.с.с сыңар жақты ұғымдар естіліп жатады.

     Тәуелсіздікті нық ұстап тұрудың басты құралдарының бірі демографиялық ахуал, яғни халық санының көптігі, оның ішінде негізгі ұлттың санының басым болуы екені белгілі. Басқаша айтқанда, 1 миллион ұлты бар ел күшті ме жоқ әлде 1 миллиард ұлты бар ел күшті ме деген әңгімеге келіп саяды. 1991 жылдың басында Қазақстанның халық саны 16,4 млн адам, оның ішінде қазақ ұлтының үлесі небәрі 40% шамасында болса, ал 2010 жылдың басында  16,2 млн. халықтың 63,6%-ы қазақ ұлты болды, тек шет елдерден келген қазақ ұлттылардың санының есебінен 9% артқан. Бұл цифрларды басқа қырынан алып қарағанда, өз елімізде ұлттықты биік ұстап тұруға дем беретін сияқты. Сондықтан, әлі де болса біз шет елдерден қазақ ұлтты азаматтарды тартуымызға неге болмас. Ең бергі жағынан алып қарағанда шетелдерден келген отандастарымыздың ешкімге зияны тимейтіні анық. Көшіп келген ағайындарымыздың басым бөлігі қоғамның өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз ететін бұқара тобына жатады.

     Президентіміздің осы жылғы халыққа жолдауында өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп жүрген халық – біздің экономикамыздың орасан зор карлық резерві екені айтылған.

     Шет елдерден келген қазақ ұлтты азаматарымыздың көбісі жергілікті тұрғындардан кем қалмай, кәсіпкерлікпен айналыса отырып, салық және басқа да бюджеттік төлемдерді уақытылы төлеп, өзінің жанұясымен қатар басқа да адамдарды жұмысқа тартып отыр. Жұмыссыз жүргендер саусақпен санаулы ғана шығар. Осыған байланысты қытай елінде кең таралған мынадай қағида еске түседі: «Әрбір қытай қосымша 10 қытайды асырау керек». Қазақстанның спорт саласы бойынша абыройын көтеруге белгілі деңгейде ат салысып жүргендер де бар. Бюджеттік салада жұмыс істейтін отандастарымыздың көпшілігі әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау саласының «ауырдың астымен жеңілдің үстімен» жасалынатын қызметтерде жүр. «Тамыр-таныстарын, көкелерін пайдаланатындар ауырдың үстімен жеңілдің астымен жүріп» қызмет жасайтын көрінеді.

     Өзге елдерден келген қазақ ұлтты азаматтар оралман деген иістен бір жолата құтылып, жергілікті халық деңгейінде қоғамға сіңіп, азаматтық борышын сеніммен атқарып кетуі үшін әлі де қолдау-қорғау керек. Қолдау-қорғау дегенді «қолына ақша беру, жетектеп жүру» деп түсінбеу керек, азамат ретінде қоғамға етене араласып кетуі үшін құқықтық қорғауға негізделген нақты шаралар іске асырылу керек сияқты.

Мұндай  нақты шараларды іске асыруға мәжбүрлеп отырған кедергілерден кең таралған бірнеше мысалды   келтірейік.

-        Отандастарымыздың көпшілігі кәсіпкерлік саласында жүргендіктен осы саланы бақылаушы-реттеуші мемлекеттік көптеген органдарға қатысты жүздеген-мыңдаған заң актілерді меңгермек түгіл, мұндай органдардың атын да құзырын да білмейді, қандай да бір орган тексерген жағдайда қалай сөйлесетінін де білмейді;

-        Қызметінің шеңберін ұлғайту үшін несие алуға талап етілетін құжаттарды не тіркеуі жоқ болғандықтан, не кепілге қоятын құжаттары толық заңдастырылмағандықтан, не болмаса табыс көзін растай алмайтындықтан т.с.с.  жинай алмайды;

-        Кәсіпкерлер үшін табыс деңгейін арттырудың, қызметті кеңейтудің бір көзі мемлекеттік тапсырыстарды орындау болып табылады. Ал, шеттен келген азаматтар мұның жолын мүлдем білмейді десем артық болмас, электрондық тәсілмен құжат тапсырудың мәшақаттары, ресми түрде дайындалатын құжаттар тағы басқа қиындықтар толып жатыр.   Сомасы үлкенірек тендерлерді тек  «тамыр-таныс, крышалары» барлар ғана ұтып алатын көрінеді. Ал, шет елден қоныс аударған отандастарда мұндай «связь» қайдан болсын;

-        Қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің қолданылуы барлық салада еңгізіліп жатқанымен әлі де болса шикілеу болып тұр, негізгі ядросы бәрібір орыс тіліне жүгінеді. Бұл жағдай орыс тілін толық және сауатты білетіндерге ғана кедергі болмауы мүмкін. Сонда елестетіңіз, шетелде туып өскен қазақ ұлтты қаншама азаматтар мұндай кедергіге тап болады…

     Мұнай кедергілердің алдын алу үшін немесе кедергілермен қиындықтарға еріксіз тап болған жағдайда шет елдерден келген қазақ ұлтты азаматтарымыз ештеңеден қысылмай, қымтанбай, қорықпай өзін емен-еркін сезініп қалаған көмек-кеңесін толық ала-алатынтай жақын жерде кеңсе болу керек. Ал, мұндай кеңсенің ішінде қиындығына немесе күрделілігіне қарамай кезкелген көмек-кеңесті ынталы түрде  бере алатын және қорғай алатын және де шеттен келген отандастарымыздың жан-дүниесін, тілін түсінетін кеңесші отыру керек.

     Ал, бұл кеңесші мемлекеттің ішкі және тиісті сала бойынша сыртқы да нормативті-құқықтық заң актілерін, тиісті сала бойынша органдардың құзыры мен міндеттерін білетін, үкіметтік деңгейде мәселелердің шешілуіне ықпал жасай алатын сауатты адам болу керек, яғни аудандық, қалалық, облыстық маслихаттың және мәжілістің депутаттары осындай кеңесшілер бола алады. Әрине, шеттен келген ағайындарымыздың мәселелерімен айналысып, оларға қамқор болып, үнемі жанашыр болып жүретін депутат ағаларымыздың тобы бар.

     Дегенмен, отандастарымыздың проблемаларын, қиындықтарын ішкі жағынан түсінетін, өзі сондай жолдан өткен солардың ортасынан шыққан қазақ ұлтты азаматтардан бір-бір адам жергілікті жердің аудандық, қалалық, облыстық маслихатында және мәжілісте  депутат болып отырса жоғарыда айтылған проблемалар шешімін тез табар деген ойдамын. Ол үшін, тиісті нормативтік-құқықтық актілерге арнайы өзгертулер мен толықтырулар енгізілу керек. Әйтпесе, шеттен келген отандастарымыз дауыс жинай алмайтындықтан жергілікті кандидаттармен бірге сайлауға түсе алмайды.

Шеттен  келген және сырттағы қазақ ұлтты  азмаматтарымыздың мәселелерімен  қазіргі қолданылымдағы жүйемен  қатар осындай депуттаттар арқылы айналыссақ мүмкін арнайы Агенттік немесе Комитеттің атқаратын істерінен  де нәтижелі болар, ал жұмсалатын қаражат әлде қайда арзанға шығады.

     Елбасымыздың тікелей қамқорлығы арқасында осы уақытқа дейін шет елдерден қоныс аударған  1 миллионға жуық отандастарымыз және әлемде шашырап жүрген 4,5 миллиондай қазақ ұлтты азаматтарымыз тәуелсіздіктің бастапқы жылдардағыдай емес, экономиканың қарқынмен дамып келе жатқан қазіргідей жағдайда ата мекеніне жинала берсе, халқымыздың санын қосумен қатар Президентіміздің басшылығында еліміздің дамуына өз үлестерін қосатынына нық сенімдемін.

    Халық басына осындай қиын-қыстау заман  зары туған шақта, қазақ қауымының  бас көтерген батыр да ержүрек  перзенттері елдің елдігін, ердің  ерлігін сақтап қалды.

    Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірін қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдейді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала  бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең орнаған еді. XX ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысында күшейген Сталиндік  әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамның тарихи заңдылықтарына қайшы келетін эксперименттер жасағанын бірінші кезекте айтар  едік. Олар бүкіл КСРО-ны, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды Бұл эксперименттердің  басты бағыттары мынадай болды: ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру  және соның негізінде байлар мен  ауқатты шаруаларды тап ретінде  жою; аса тез қарқынмен елді индустрияландыру (бұл шара негізінен колхоздарға  зорлап кіргізілген шаруаларды аяусыз қанау есебінен жүргізілді); мәдени-рухани салада, демографиялық саясатта, ұлт  мәселесінде жергілікті (ұлт аймақтарындағы) халықтарды орыстандыру; қоғамдық саяси  өмірдің негізгі салаларында  тек қана комунистік идеологиялық үстемдігін орнату.

    Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар  әкелді: жаппай отаршылдықтың салдарынан қазақ халқының жартысына жуығы  қырылды; өзінің атамекенінен басқа  елдерге ауа көшті, тіл мен  діл, дін мен ұлттық сезім, таным  жойыла бастады;қазақ халқы өз жерінде  ұлттық азшылыққа айналды...

    Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар  алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер  жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын  кезінде ұлт зиялылары не істеу  керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа  жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!»  деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арман-ды. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан қызыл империя көсемдері алаш туы астына бірікендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты. Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы қазақ оқығандарын түгел қырды. Мұстафа Шоқай шетел асты... Алашорда партичсына мүше болғандардан жалғыз Мұхтар Әуезов қана аман қалды... Алаш деген сөзді тарихи санадан өшіру әрекеті басталды. Дүниедегі ең жек көрінішті сөзге айналдыруға тырысушылардың «еңбегі» зая кеткен жоқ. Әлі күнге дейін кейбіреулер алаш дегенде селк ете қалады... Қазақтың өз билігі өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя аса қиналған жоқ.

    ... 32-33-тің ашаршылығы қолдан жасалды. 

    ... 36-37-нің қырғыны әдейі істелді.

    1937-1938 жылдары яғни, бір жылдың ішінде 125 мың қазақ зиялысы қырылған. Жоғары білімді қазақтың бетке  ұстайтын азаматтарының бар кінәсі - көзі ашық болғаны, өз ұлтының  намыс-сезімін жақтағандары ғана. Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің  құны осыншама құрбандықпен келгенін  есте сақтағанымыз жөн болар  еді. Осы асыл азаматтардың  үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары  бізге аманат сияқты болып  көрінеді.

    «Мен  үшін Отаныма адал солдат болудан  артық бақыт жоқ», - деп Ислам  Жеменей айтқандай, Отан қорғау жолында 1941-45 –ші жылдары ең көп қырылған қазақ солдаттары еді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 196 мың адам қару асынып, майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының сапында болды. Соғыстан тек 410 мың Қазақстандық жауынгер ғана оралды.

Информация о работе Независимость