Менің елім- Қазақстаным

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2011 в 13:32, реферат

Краткое описание

Тәуелсіздік -11 әріптен құралған,
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.
Талай дара, даналардың көз жасы
Қаныменен атты таң боп бізге алдан.
Тәуелсіз ел тарихы – Отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенінін дәлелдейтін тамыры терең бай тарих. Елім,Отаным деген қасиетті ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты ұрпақ бойында ұлттық сана көрініс тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне деген сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың қалыпты дамуы, өркениетке ұмтылу жолындағы нәтижелі көрінісі болып саналмақ.

Содержимое работы - 1 файл

Менің елім Қазақстаным.doc

— 97.50 Кб (Скачать файл)

                           Менің елім- Қазақстаным

Тәуелсіздік -11 әріптен құралған,

Сан ғасырлар бар  қазаққа  боп  арман.

Талай дара, даналардың көз жасы

Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

    Тәуелсіз  ел тарихы – Отаншылдықтың,  ерліктің, елдіктің  не  екенінін  дәлелдейтін тамыры терең бай  тарих. Елім,Отаным деген қасиетті  ұғымдар әр адамзаттың өз табалдырығынан  өз ауылынан, өз өлкесінен басталады. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер «барыс» текті намысты  ұрпақ   бойында  ұлттық сана  көрініс  тапса, ақыл ойы мен жүрегінде туған жері мен еліне  деген  сүйіспеншілік орын тепсе, бұл қоғамымыздың  қалыпты  дамуы, өркениетке  ұмтылу жолындағы нәтижелі  көрінісі болып саналмақ.

    Тарихқа   бір сәт  шегінсек...

  ХҮ  ғасырда   қуатты  қазақ  хандығын құрдық, алайда тәуелсіз қазақ  мемлекеті   бейбіт  өмір  сүре алмады. Ұлан  байтақ  елімізге  жан-жақтан  көз  тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге Жоңғар  қалмақтары  тұтқиылдан  шабуыл  жасаап, қалың  жұртты  қан  жылатты. Дүрлікке ел шұбыра көшіп  «Ақтабан шұбырынды» болды. Жұрт Алқакөлге  аялдап, қасиетті Қаратаудың баурайында қалың  қазақ бас қосты.

   ХҮІІІ  –ХІХ ғаысрларда халқымыз еркіндік  пен тәуелсіздігінен айырылды. Көмек  күткен Ресейіміз қазақ халқын  аздыра бастады.Ұланғайыр даламыз  империя меншігіне айналды. Халқымыздың  басынан қара тұман  серпілмеді.

     ХХ  ғасырдың 1916 жылы маусым жарлығына жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшты, қаншасы өз жерінде қырғын көрді.

   1917 жылдан  кейін де  бостандыққа қолымыз  жетпеді. Өз жерімізде өзіміз  қырғынға  ұшырап, қуғынға түстік.Мыңдаған  жандар ата-жұртын тастап кетуге  мәжбүр болды. 

   1932-33  жылдарда  болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 9 млн халықтың 2,2 млн-ы опат болды. Тағы аштық, тағы жалаңаштық,тағы өлім.

   Зиялы қауымды қынадай қырған 1937-38 жылдар...

  1941-45 жылдар аралығында адамзат тарихында болмаған алапат соғыста қазақ ұландары ерекше ерлік көрсетті. 

     1986 жылы желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

   «Орнында  бар оңалар»  демекші  ел  орнында, жер орнында. Жерге жетер  байлық жоқ.Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. Біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз қазақ мемлекеті. 120 –дан аса ұлт  өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі  өркендеген  мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай  сүйіп, оның  көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш  тұтады.

   Қазақстан  біздің сүйікті – Отанымыз. Көрсең  көз  тоймас  асқар шыңды  таулары, айдын  шалқар  көлдері, жайыла  аққан  өзендері, ормандары осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш  жайып, жайнай  түрленіп, жасанып-жасарып жатыр.

  «Отан отбасынан   басталады» - деп  халқымыз айтқандай,  Отан кең мағыналы, қасиетті ұғым. Әрбір адамның отбасы, тұрған мекені, өскен ортасы, аймағы, мемлекеті – оның жарық  дүниедегі жан саясы, өмір өрісі, оттай жандырған Отаны.

                  

  Атыңнан  айналайын, егеменді ел,

 Тәуелсіз күнің  туды кенеле бер.

 Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік

 Ғасырдың тойы болшы  келе берер! - деп барлығыңызды 

Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып, ашық аспан, жүздеріңізге  күлкі,

құшақтарыңызға  зор қуаныш тілеймін.   

   Бақыт  – тірлік күн талабы,

   Тоқтамайды  шаттық әні.

   Мәңгі  бақи шырқалады,

   Республикам  Әнұраны. 
 
 
 
 

                                    Туған жер – Отан Ана! 

 

      Адам жаратылысында талай жазушы мен ақынның,талай суретші мен қылқалам шеберлерінің шығармасына арқау болып,қаламының ұшына қуат бітіріп,санасының шарықтауына әсер еткен екі тақырып бар ма деймін,бұл-Отан мен Туған жер және Махаббат пен Сезім! Міне солардың ұлысы да ұлағаттысы Туған Жер мен Отан Ана туралы әңгімелей кетсек?! Бұған дейінде талай тақырыптарға арқау болып,талай қалам сілтеніп,талай жазбалар жазылғанда шығар,тағыда бір кез ой толғасақ болар-ақ.Туған Жер-Әке бейнесіндегі, Отан Ана-шеше орнындағы сөз іспетті әр кез санамда жаңғырады да тұрады маған.Әр адамның Туған Жеріне бүйрегі бұрып, соны аңсап тұратыны анық.Торығып-қамықсада,қуанып-шаттансада барар жері,басар тауы, сағынышы мәнгілік сол Туған Жері ме деймін?! Қадір Мырза-Әлі ақын: 
Сосын патша оларды қанатынан қайырып, 
Жер аудара бастады,Туған Жерден айырып. 
О,зұлым-ай,зұлым-ай, 
О,ант атқан,ант атқан! 
Осал жерін ерлердің, 
Қалай ғана дәл тапқан!?-деп жырлағандай,адамдардың әр кез есінде жүретін,сағынышы болатында,адамның осал жеріде Туған Жер ме деймін?! Туған Жерінен еріксіз айыру,бұл өмірінен тірілей айыру емес пе?

 
Сенсіз маған мына дүние тар шығар, 
Әркімнің-ақ Туған Жері бар шығар?! 
Самал желің,жусаның мен бұлағың, 
Әр кез менің сағынышым боп тұрар-деп А.Қоразбаев жырлағандай,меніңде-сіздің де Туған Жеріміз бар екені ақиқат!
 

Туған елім, топырағыңа не жетер?  
Өз басыңа нелер келді, не кетер?  
Отанынсыз тірі жандар не етер,  
Отаным жоқ, жетіммін мен деп өтер.  
 
Таң шапағың аймалайды жүзімді,  
Сағындым мен қысың, жазың, күзіңді.  
Жүрегіме мәңгі салған ізіңді,  
Елестетіп бір тамшы жас үзілді.  
 
Айналайын, дархан далам, кең далам,  
Бір һзіңді арқа тұтар мен балаң.  
Сұлулықтың сырын жидың сен маған,  
Сен сияқты дархан болам, кең болам.  
 
Қойнауыңда қазына, құт-береке,  
Сенде өткізген әрбір күн бұл мереке.  
Жадыратар жанымды бұл сен екен,  
Құшағыңда құлдыраған бұл мен екем.  
 
Тауларым бар мендей сен бол биік дер,  
Қойнауында ойнақшыған киіктер.  
Баурайында бұлақтары құйып тұр,  
Өз байлығын өзендерге жиып тұр.  
 
Топырағың жаратты асылдарды,  
Артқа тастап сан жылдар, ғасырларды.  
Саған деген махаббатым басылмайды,  
Мәңгілікке нұрың солай шашылғай-ды! 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 Қазақстан  — өте бай республика. Қазақстанда көне қалалар бар. Көне қалалардың бірі — Түркістан. Ол Оңтүстік қазақстанда орналасқан. Бұл қаланың орнында ІV — Х ғасрларда шабғар деген үлкен қала болған. Бұл қалада осы уақытқа дейін жақсы сақталған Ахмет Йасауи кесенесі бар. Қазір астана қаласы  — Астана. Бұл болашақтың қаласы. Астана әрбір күні гүлденеді. Астана жаңа қала, бірақ оның бай тарихы бар. Астанада Президент Н. Ә. Назарбаев тұрады. Және жұмыс істейді. Адамның жақсы, бақытты өмір сүруіне көп жағдайды Отанға деген сүйіспеншілігіне байланысты. Біз ел болашағымыз, сондықтан біз оқуымыз керек, ата — ана көмектесуге міндетті. Маған Қазақстан өте ұнайды.

Информация о работе Менің елім- Қазақстаным