Халыкралық интеграция

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 13:12, реферат

Краткое описание

Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің сүйікті де ең алғашқы ұстазым –Жаманбаева Алмагүл Нарынбайқызы. Өзі ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол- алғашқы ұстаз.

Содержимое работы - 1 файл

устаз(4).docx

— 24.41 Кб (Скачать файл)

Ұстаз... Оңашада  отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз  алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы  естеліктерге жетелей жөнеледі...Ұстаз  бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің  ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Тіршіліктегі шырақтың сөнбес ошағы. Ұстаз өзінің бар күшін, бүкіл өмірін бала тәрбиесіне бел буған періште .

Ең алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде  күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Әліппе» кітабын  ұстатқан, алғаш әріп үйреткен-менің  сүйікті де ең алғашқы ұстазым  –Жаманбаева Алмагүл Нарынбайқызы. Өзі ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді  үйретіп жүретін осы жанның орны мен үшін қашан да ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол- алғашқы ұстаз.

Жүрегі  мейірімге толы менің ұстазым  мадаққа да, марапатқа да лайық. Олай дейтінім, саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған апайым — шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаз. Әр оқушысын баласындай мәпелеп, жақсылығын асырып, жамандығын жасыра білген ардақты ұстаз. Кейде ойлаймын, «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сірә, менің  ұстазыма арналған болар деп. Өйткені, кезінде Алмагул апайым қанаттандырған шәкірттер бүгінде еліміздің  түкпір-түкпірінде салауатты білім  алып  жүр. Кейін бірі — депутат, бірі — инженер, енді бірі — ұстаз  болып шығатыны анық. Бәрі де өз ісінің білікті мамандары болып шығады. Ел ертеңі үшін осындай парасатты  мамандарды тәрбиелеп шығарған ұстазымды  сол үшін де мақтан тұтамын!  

Негізі  адамдар бірдей бола бермейді ғой  біздің бес саусағымызда бірдей емес, кейбір адамдар жақсы болады ал кей  біреулері дөрекі түрде, мәселе адамның  түрінде емес, мінезінде. Мен оқыған мектептің мұғалімдері де әр түрлі. Негізі мен үлгі алатын мұғалім туралы айтатын болсам ол Темірбаева Алма Уәлиқызы оның жұмыс орыны директор, әрине басқаларға қарағанда жұмысы жоғарырақ. Ол кісі бізге бұрын азаматтану пәнінен сабақ беретін. Біздің ол кісіден алатын үлгіміз ол адам құқығы. Алма Уәлиқызынан алатын үлгілеріміз өте зор, әрі тамаша. Біз ол кісіден ең бірінші өз құқығымыз бар екенін, сана сезім, біз өз еліміздің азаматы екенімізді біз дұрыс оқып білім нәрін нұрландыруымызды күн сайын есімізге түсіріп, қолынан келгенше көмегін беретін . Алма Уалиевна бізге ешқашан ұрсқан емес, керісінше әр қашан бізге жылулық танытатын, істеген қателіктерімізді де мейрімімен кешіретін, ол кісі ешқашан біреуге кек сақтаған емес сол үшін біз Алма Уалиевнаны әр қашан құрметтейміз, сыйлаймыз.

Әрбір шәкірттің  өзі сүйген, жылдар бойы тәлім алған  ұстазының аяулы бейнесі көкірек  көрігінде, жүрек түбінде сақталуы заңдылық. Себебі, ұстаз – баланы адам қылып тәрбиелеп, күлімдеген, күнім  деген, сенің жүрегіңе болашаққа  мақсат қоя білуге сенім ұялатқан зор тұлға.  

 Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады.    

  Бұл Тұжырымдама  Қазақстан Республикасының  "Білім туралы" Занына; "Казақстан  Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың  стратегиялық жоспарына"; Қазақстан Республикасында  білім беруді 2010 жылға  дейін дамытудың  мемлекеттік бағдарламасы-на; Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Казакстан  экономикалық, әлеуметтік, саяси жаңғырудың  каркынды жолында"  атты жолдауына,  Болоньдегі Еуропа  елдері білім министрлерінің  кеңесіне, ЮНЕСКО-ның  үздіксіз білім  беру туралы ұсыныстарына  сәйкес әзірленді.  12 жылдық оқытуға көшу шығармашыл, зерттеуші тұлға дамытуға бағытталған жаңа үлгіден тұратын қазақстандық білім беруді жаңартудың стратегиялық міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді. 12 жылдық мектептің басымдылығы, оқыту уақытының ұзақталуында ғана емес оның құрылымының, оқыту жүйесі мен мазмұнының әдістері мен өзгерістері баланың, мектептің және қоғамның жағдайын жақсартуға бағытталған. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы.Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.12 жылдық оқытудағы басты мақсаты

қарқынды дамып  келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті;

өзін-өзі дамытуға;

өз ойын еркін  айта білуге;

өз қалауымен  қоғам талабына сай өзін көрсете  білуге бейім;

жоғары білімді  шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.

12 жылдық білім  беру технологияларының ерекшелік  жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге  бағдарланған оқыту, проблемалық  бағытқа және шығармашылық сипатқа  ие, оның басты бағдары-білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену  арқылы білімді іс жүзінде  қолдану; баланың жалпы және  арнайы қабілеттерін дамыту, білім  біліктерді игеру мүмкіндіктерімен  оларды қолдану жолдарын көрсетеді.

Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты  мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін  қабілеті.

Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.

Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның  негііздерін қолдана білу қабілеті. Осыған сәйкес 12 жылдық эксперимент алаңдарында білім беруді жаңғырту мыналарды қамтиды:

12 жылдық білім  беру мазмұны мен құрылымын  жетілдіру;

Білім беру үрдісін  ұйымдастырудың жаңа нысандарын, жаңа білім беру технологияларын, сондай-ақ білім сапасын бағалаудың жаңа нысандарын енгізу;

Педагогикалық технологиялар мен оқытудың зерттеу  әдістерінің, денсаулық сақтаушы технологиялар  мен тұлғаға бағдарланған оқытудың тиімділік дәрежесін анықтау;

Білім берудің  әлемдік озық тәжірибелерге сүйеніп  әзірленген оқытуда мектеп түлегінен  күтілетін нәтиже негізгі құзыреттіліктердің қалыптасуымен айқындалады.  

                            Білім беру мазмұнын жанартудың негізгі бағыттары мыналар:

·         білім беру мазмұнын коғамның казіргі әлеуметтік-экономикалық сұранысына сәйкестендіру;

·         білім беру мазмұнын ізгілендіруді, онын вариативтілігін камтамасыз ету;

·         өз бетімен білім алуға, оны практикада колдана білуге және қажеттілікке тәрбиелеуге бағытталған, негізгі кұзырлылық қалыптастыруға ыкдал ететін білім беру мазмүнымен қамтамасыз ету;

·         танымдық уәждемелерін қалыптастыруға бағытталған білім беру мазмұнын іріктеу;

·         білім беру мазмұның оқушының ғылыми тәсілмен тануына, өз бетімен ізденуіне мақсатты және жүйелі тартуға бағдарлау;

·         білім мазмүнын ұлттық мәдениетті құрметтеуге, өзге мәдени бастамаларға ашық болуға тәрбиелеуге бағдарлау.    

 Отандық және  халықаралык мектептердің орта  білім беру мазмұнын үйымдасты-рудағы  тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан  Республикасының білім беру мазмүны  құрамына 8 білім саласы енгізілді: "Тіл және әдебиет", "Математика", "Жаратылыстану", "Қоғамтану", "Технология", "Өнер", "Дене  шыныктыру", "Адамтану".    

 Білім беру саласынын мазмүны Мемлекеттік базистік оқу жоспарында карастырылған пәндер аркылы іске асырылады.     

 Білім мазмүнына инварианттық компонент (өзінің мазмүны мен жүйесі бойынша мемлекеттік базалық білім беру стандартгарының талаптарына жауап беретін оку бағ-дарламасының жалпы міндетті бөлігі) және вариативтік компонент (оқушылар мектеп ұсынған арнаулы курстардан өздерінің калауы және таңдауы бойынша игерілетін оку жоспарының вариативті бөлігі) кіреді. Мүнда оқушының өзіндік зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға арналған "Зерттеу мөдениетінің негіздері" атты арнаулы курсы беріле-ді), жоғары сатыға (11—12-сыныптар) бейіндік компонент (таңдауы бойынша тереңдетіліп окытылатын, өзінін мазмұны мен жүйесі бойынша бейінді білім стандарттарына жауап беретін оқу пәндерінін, модульдердің, курстардың жиынтығы) қосылады.  

12 жылдық  жалпы орта білім беру тұжырымдамасын  іске асыру жағдайлары    

12 жылдық жалпы  орта білім беру Тұжырымдамасын  іске асыру жолдары мынадай:

  1. 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік (үлттық) жалпыға міндетті стандартын әзірлеу;
  2. білім берудің пәндік стандарттарының тұжырымдамалық-әдістемелік негіздері мен мазмүнын әзірлеу;
  3. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" жаңа заң жобасын және тиісті нормативтік-күқықтык актілерді өзірлеу;
  4. күтілетін нәтижеге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;
  5. оқу-әдістемелік және материалдық техникалық құралдармен камтамасыз ету;
  6. ел көлемінде психологиялык кызметтті бейіндік оқытудың жаңа нысандарын қүру;
  7. мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру аркылы нәтижеге бағдарланған оқытуға бейімдеу;
  8. 12 жылдық окытуға көшуді қаржылық және материалдық-техникалық камтамасыз ету.
 

     Осы Тұжырымдаманы  іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім беру проблемаларының  республикалық ғылыми-практикалық  орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы  Қазақ білім академиясы, Ұлттық  білім беру сапасын бағалау  орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың  республикалық ғылыми-практикалық  орталығы, Білім беру мен тестілеудің  мемлекеттік стандарттарының ұлттық  орталығы, "Оқулық" республи-калық  орталығы, Білім беру жүйесіндегі  басшы және ғылыми-педагогикалық  кадрлардың біліктілігін арттыратын  республикалық институты, білім  беруді баскару органдары мен  оған қарасты үйымдар болып  анықталды.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан–2030» Қазақстан халқына  арналған жолдауында «Біздің жас  мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз  онымен бірге ер жетеді. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл процесс  педагогика теориясы мен оқу –  тәрбие процесіне нақты өзгерістер енгізумен қатар, елімізде болып  жатқан түрлі бағыттағы білім  беру қызметіне жаңаша қарауды, қол  жеткен табыстарды сын көзбен бағалай  отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап  етеді».

Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті –  ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім  алу үшін қажетті жағдайлар; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім  беруді ақпараттандыру, халықаралық  ғаламдық коммуникациялық желілерге  шығу» - деп білім беру жүйесін  одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.Бұл  міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық  жаңа практикаға, жаңа қарым – қатынасқа  өту қажеттігі туындайды.Сондықтан  да қазіргі қоғамымызға әр мұғалім  өз іс - әрекетінде қажетті өзгерістерді әртүрлі тәжірибелер жөніндегі  мағлұматтарды жаңа әдіс – тәсілдерді дер кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана  білуі керек. Сонымен қатар мектептегі оқу – тәрбие жүйесі, мұғалім  – оқушы арасындағы қарым –  қатынас жалпы оқытуды ұйымдастыру  талапқа сай елеулі өзгерістерді қажет етіп отыр.Келер ұрпаққа  қоғам талабына сай тәрбие мен  білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекетінің ғылыми – педагогикалық  негіздерін меңгеру маңызды мәселелердің бірі.

Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын  былай көрсетуге болады:

- жалпы инноватикадағы  инновациялық процесс идеялары;

- педагогикалық  инноватиканың пайда болуы, таралуы,  педагогикалық жаңалықтарды меңгеру;

- оқу процесі  кезінде теориялық талдау жасау  немесе іс - әрекет ретінде.

Жаңалық ғылыми – зерттеу құралы болып көріну үшін, олар ұйымдасқан, көпшілік қолдану, қарама – қайшылық болып қоғам  өміріне өзінің қажеттілігін көрсету.«Жаңа» деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға қатысты, жаңалық әртүрлі түрде қолдануы. Практикалық идея, лабораториялық іс–тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске асыру. Соңғы кезде жаңалық «новация» ұғымы ретінде кездеседі.Новация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да, практикада негізделген. Жаңалық енгізу – мекемеге, ұйымға және жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған.Инновацияда, жаңалық енгізу, новация бір – бірімен тікелей пән ретінде байланысты. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.

Информация о работе Халыкралық интеграция