Қазақстанның Ресейге қосылуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2012 в 18:17, реферат

Краткое описание

Еліміз егемендік алғалы қоғамдық өмірдің барлық саласында жүргізіліп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру үрдісі мектептің білім берудегі қуатты талпыныстарына айрықша жол ашты. Қазіргі біздің елдегі білім берудің жаңа жүйесі әлемдік білім кеңістігіне бет алуда. Білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңа идея, жаңа технологиялар пайда болуда.Жаңа технологиялар білім мен мәліметтерді әр түрлі деңгейде, қызықты етіп өткізуге мүмкіндік береді

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстанның Ресейге қосылуы.doc

— 356.50 Кб (Скачать файл)

Қазақстанның Ресейге қосылуы

  Кіріспе

Өзектілігі:

     Еліміз егемендік алғалы қоғамдық өмірдің барлық саласында жүргізіліп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру үрдісі мектептің білім берудегі қуатты талпыныстарына айрықша жол ашты. Қазіргі біздің елдегі білім берудің жаңа жүйесі әлемдік білім кеңістігіне бет алуда. Білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңа идея, жаңа технологиялар пайда болуда.Жаңа технологиялар білім мен мәліметтерді әр түрлі деңгейде, қызықты етіп өткізуге мүмкіндік береді. Білім беру саласын реформалаудағы басты мақсат - білім беру жүйесін қайта қарап оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының ары қарай дамуына, тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады. Жаңа қалыптасып келе жатқан технологияларды пайдалана отырып жас ұрпақтан ақпараттық – зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап соны қажетіне пайдалана алатын, жедел тез қарқынмен өзгеріп отыратын әлемдік жағдайда өзін - өзі ашып көрсете алатын жеке тұлға қалыптастырып шығаруымыз қажет. Міне осыны іске асыру үшін осы ХХΙ ғасырдың бәсекелестік заманында оқытудың жаңаша әдіс - тәсілдерін, инновациялық технологияларды қолдануды талап етуіміз қажет және қолдануымыз керек.

  Сонымен қатар қазіргі заманда Қазақстан Республикасында білім берудің де өзіндік қалыптасуда. Соған орай ,, Сын тұрғысынан ойлау’’, ,, Деңгейлеп саралап оқыту ’’, ,,Ақпараттық технология’’, ,,Ойын технологиясы’’, ,,Тірек кестелері арқылы оқыту’’ , т.б. технологиялар білім беруде қолданылып отыр. Осындай қолданылып отырған сабақ жүйесін модернизациялау кезінде пайда болған оқыту технологияларының бірі – М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясы болып саналады. ,,Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты’’ тақырыбын модульдік оқыту технологиясын пайдалана отырып оқушылармен жұмыс жасау өте тиімді әрі нәтижелі болып табылады.

   Модульдік оқыту технологиясының негізгі баланың тұлғасын қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай. Тарих сабағында, соның ішінде ,,Ресейдің қазақ жерін отарлауы’’ тақырыбында модульдік технологияны қолданудың кең мүмкіндігі туады. Модульдік оқыту технологиясымен оқыту нұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сәйкес баларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық құрметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтік қарым қатнас негізінде құруға да болады. Модуль дегеніміз – үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке – жеке тараулар бойынша емес, біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады. Өзін - өзі дамытуға, бірін – бірі оқытуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренеді. Қосымша әдебиетпен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Оқу модульінің сөйлеу бөлімінде оқытудың белсенді формаларын қолдану арқылы оқушыларды  оқу материалына бірнеше рет қайта оралып, жұмыс істеуге болады. Қайта – қайта еске түсіргендіктен оқушы ұмытпайды. Сонымен қатар педагогикалық – психологиялық тұрғыдан сараптасақ, оның бірнеше ұтымды тұстарын көреміз:

-         оқушының жеке танымдық қабілеттерінің дамуына жағдай жасалады;

-         есте сақтау, ой қорыту қабілеттері дамиды;

-         оқушының оқуға деген ынтасын, ерік – жігерін оятады;

-         оқушының сөздік қорын, жазба шығармашылық қабілетін дамытады;

-         өз бетімен білім алуға, ізденуге,өздерін тұлға ретінде сезіне білуге үйретеді;

Модульдік оқыту технологиясының құндылығы оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың қажетті дәрежеде меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндігінде. Сонымен Қазақстан елінің дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін ондағы дамып өсіп келе жатқан жас ұрпақ өте білімді де жан – жақты болу керек. Осыған  қас жеткізу үшін сабақта модульдік оқыту технологиясын пайдаланудың маңызы өте зор.

  Бүгінде елдік еңсеміз көтеріліп, егемендік алғаннан кейін ұлттық санамыздың түгелдей жетіліп, еңсемізді көтеріп, есімізді қайта жаңғырылуына байланысты бұрын тарихта жабулы қазан болып Кеген көптеген ақиқат шындықтардың беті ашылуда. Елімізде кеңестік жеке табыну мен тоқырау жылдарында аса маңызды саяси - әлеуметтік, экономикалық мәселелер хақында әсіресе халқымыздың рухани тарихына қатысты шындықты айтуға тиым салынды. Алайда, Ресей қазақ жеріне жүргізген отаршылдығы басқа отаршылдық жүйелерден асып түскен, кем болғаны анық. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақтар жүздеген жылдар бойы патшалық империя бодандығында болып келді. Мейірімсіз империя өз құрамына күшпен бағындырған халықтардың бәрін де орыстандыруға әрекеттенді. Патшалық отаршылардың Англия, Франция отаршылдарынан айырмашылығы мынада: орыс отаршылдары өзімен іргелес отырған елдерді асықпай, құрбақаны жұтқан жыландай арбап, біртіндеп барып жаулап алды. Жер кез – келген халықтың өмір сүру кеңістігі. Оны басып алу келбетін өзгерту, құрту, отарлау саясатын жүргізушілер тарапынан болатын зұлымдық ісі. Қазақ елінің, жерінің, шаруашылығының, мәдениетінің тарихы тым ерте ғасырдан бастау алады. Қазақ халқын  отарға айналдыруды патшалық Ресей жерге зорлықпен иелік жүргізуден бастады. Жерді жаулап, тартып алу – халықтың саяси – экономикалық еркіндігін жою болды. Халқымыз жерімен қоса, саяси бостандығынан, әрі еркіндігінен айрылды.

   Патшалық биліктегі орыс мемлекетті өзіне іргелес жатқан халықтар жерін әсери күшпен басып алу әрекетіне ХVΙ ғасырдан бастап кірісті. Басшылық саясат қарулы әскери күш арқылы іске асты. Патшалықтың қазақ жерін басып алудағы көзделген теріс пиғылды әрекетті XVΙΙΙ ғасырдың сонымен XΙX ғасырдың басынан айқындала түсті. Қазақ жерлерін пәрменді отарлау саясаты іс – жүзінде өз дегеніне жетті. Қазақ елі ХΙХ ғасыр соңында көлемі ұшан – теңіз жерінен айрылды, оның табиғи байлықтарын игеруге, сөйтіп бұдан былайғы уақытта қазақтар өміріне қуатты ықпал етіп, оны Ресей империясы саясаты орбитасына мықтап тартуға негіз қаланған еді. Уақыт өткен сайын қазақ елі шаруашылыққа қолайлы жерін біржола айрылып қалуы қаупінің күшенгі қазақ шаруаларын отырықшы тұрмысқа етуге мәжбүр етті.

  Қазақ халқының жан дүниесін де кемсітушілік сезімінің бүгін де сақталып қалуы тиіпті де кездейсоқ нәрсе емес. Халқымыздың тілі, мәдениеті, дәстүрі жойылып бара жатқан жағдайда басқаша болуы мүмкін емес еді. Сондықтан Ресейдің қазақ өлкесін отарлаудың әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени зардаптарын зерттеудің тарихи оқиғалары баға берудегі патшалық және тоталитарлық жүйе идеологтерінің ықпалында кетпей, түрлі жасандылықтардан арыла отырып, шынайы тарихи қалпына келтірудің маңызы зор.

Зерттелу дәрежесі:

  Қазақстанды Ресейдің отарлау тарихы да ұзақ. Сол сияқты оған берілер баға да әрқилы болып келеді. Аталмыш тақырыпта Ә.Бөкейханов, М.П.Вяткин, А.М.Панкратова, Е.Бекмаханов, В.Ф.Шахматов, С.Зиманов, Н.Г.Апполова, П.Г.Галузо, И.Ерофеева, Л.Бекмаханова, Ж.Қасымбаев, Д.Дулатова және басқа да ғалымдардың еңбектері құнды болып табылады.

Мақсаты:

  Ресейдің қазақ жерін отарлауы саясатының мәні мен мазмұнын ашып. салдарларын көрсету ,,Ресейдің қазақ жерің отарлауы’’ тақырыбы бойынша мектепте оқыту әдістемесін, яғни модульдік оқыту техникасын сабақта қолдану үлгісін көрсету.

Міндеттер:

1.      Ресейдің қазақ жерін отарлаудың алғашқы кезінде жүргізілген саясатын талдау.

2.      Ресейдің қазақ жерін отарлау мақсатында жүргізген басқару жүйесінің мән мазмұнын ашып көрсету.

3.      Қоныстандыру және миссионерлік саясатының негізгі мақсатын талдап көрсету.

4.      Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігін, ,,Ресейдің қазақ жерің отарлауы’’ тақырыбы бойынша модульдік оқыту технологиясын пайдалана отырып сабақ жүргізудің тиімділігін дәлелдеп көрсету.

Зерттеу обьектісі:

10 сынып . Қазақстан тарихы. Ресейдің қазақ жерін отарлауы.

Зерттеу пәні:

Тақырыптың теориялық мәселелері және оны мектепте оқытудың әдіс тәсілдері.

Ғылыми болжау:

,,Ресейдің қазақ жерің отарлауы’’ тақырыбы оқушылардың өз тарихын терең білуге, білімін тереңдетеді, өздігінен ізденуге баулиды.

Практикалық маңызы:

,,Ресейдің қазақ жерің отарлауы’’ тарихын мектепте модульдік оқыту технологиясы арқылы оқытудың мәселесі мұғалім мен студент – практикант үшін құнды әдістемелік құрал.

Тарихнамасы:

   Ресейдің қазақ жерін отарлауы мен Қазақстанның Ресейге қосылуының жекелеген мәселелері жөнінде қазақ ағартушылары Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин және олардың пікірлестері өз ойларын айтқан.

  Қазақстанның Ресей құрамына кіру проблемасы ең алдымен Әлихан Бөкейхановтың еңбектерінде мейілінше толық және тұтас көрініс тапты. Ол ,,Қырғу өлкесінің тарихи тағдыры және оның табыстары’’ деген еңбегінде ,,қосылу’’, ,,өз еркімен’’ деген терминдерді мүлде қолданбайды, керісінше, ,,Жаулап алу’’, ,,бағындыру’’ деген терминдерді қолданады. Әлихан Бөкейхановтың пікірінше, Қазақстанның империя құрамына кіру отарлау мен жаулап алудан тұрады.П.Г.Галузо Ресей мен Қазақстан серіктестігінің тең құқылы еместігін атап кеткен. ,,Отар Түркістан’’ атты кітабында ол былай деп жазады: ,, Патшалық Ресей әскерлерінің қазақ даласына қарай ендеп кіруі ХVΙΙΙ ғасырдың бірінші жартысынан ақ басталған. Орыс патшалары елге ентелесей әрі толассыз дерлік сұғына түсті’’. П.Г.Галузоның сіңірген еңбегі ХΙХ – ХХ ғасырлардың басындағы Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық үстемдігі көрінісін ашып көсету ұлт – азаттық қозғалысы проблемасын ғылыми тұрғыдан қою болды. ХХ ғасырдың 30 жылдарындағы тарих ғылымында патша өкіметінің жаулап алушылық себептерімен отаршылдық ниеттеріне ерекше көңіл бөлінеді. Д.Дулатованың, Ж.Қасымбаевтың, І.Қозыбаевтың және И.В.Ерофееваның 1970 – 1990 жылдардағы жарияланған тарихнамалық зерттеулерінде ХVΙΙΙ ғасырдың 40 – 80 жылдарындағы отандық тарихты, ең алдымен Қазақстанның Ресейге қосылуын зерттеу қортындылары шығарылды.

   Қазақстан мен  Ресей арасындағы ғасырлар бойы созылып келе жатқан  тарихи байланыстарды зерттеу, олардың экономикалық және саяси себептерін ашу – тарих ғылымының қазіргі таңдағы міндеті. Қазақстан мен Ресейдің саяси байланыстарының кейбір мәселелерін шешуде профессор М.Т.Взяткиннің  ,,Сырым батыр’’ атты монографиясы елеулі орын алды. Автор еңбегінде патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген саясатын, бұл саясатқа қазақ қоғамының түрлі топтарының қатынасын және Кіші жүздегі Сырым Датұлы бастаған ұлт – қозғалысын жан – жақты көрсетеді.

  Сондай – ақ ХVΙΙΙ ғасырдағы қазақ – орыс қарым – қатынастарын зерттеуге айтарлықтай үлес қосқан Н.Г.Апполованың монографиялық туындыларын айтпай кетуге болмайды. Автор еңбектерінде Қазақстанның Ресейге қосылуының ішкі және сыртқы себептерін, бұл процестің Қазақстанның экономикалық, қоғамдық құрылысына тигізген әсерін көрсеткен. Сонымен қатар Н.Г.Аполова Қазақстан мен  Ресей арасындағы экономикалық – саяси байланыстардың өсуі патша үкіметінің Кіші жүз бен Орта жүзде жүргізген саясатының жандануына және оның ықпалының артуына тікелей әсерін тигізгенің дәлелдеді фактілермен келтірген.

  С.З.Зимановтың монографиясы да ХVΙΙΙ ғасырдың аяғы мен ХΙХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мен  Ресей дің саяси қарым – қатынастарына арналған. Сонымен кеңестік тарихнамада Қазақстанның  Ресеймен қарым – қатынастарының кейбір түйінді мәселелері қаралып өз шешімдерін тапқан. Алада, бұл мәселені әліде болса жан – жақты шешілді де асығыстық. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін зерттеушілер ұзақ жылдардан соң отандық тарих проблемаларын жоғарыдан араласусыз және идеологиялық өктемдіксіз зерттеуге мүмкіндік алады. Енді осы мүмкіндікті пайдалана оны толығымен зерттеп шығу біздің міндетіміз.

Құрылымы:

  Кіріспе, 2 тарау және де қорытынды  бөлімдерден тұрады. Ι тарау ,,Ресейдің қазақ жерің отарлау саясаты’’яғни қазақ жерімен танысуы, қамал бекіністердің тұрғызылуы, қазақ жеріне жаңадан енгізілген басқару жүйесі, қоныстандыру және миссионерлік саясатының қалай жүргізілгендігін көрсеттім. ΙΙ тарауда Модульдік оқыту технологиясының теориясы яғни оның өзіндік ерекшелігіне тоқталып, оқу үрдісіне қолданудың нәтижелі екендігін қарастырып, жеке мысал ретінде сабақ үлгісін көрсеттім. Сонымен қатар ,,Ресейдің қазақ жерің отарлау’’ тақырыбына байланысты сыныптан тыс жұмыс пен қорытынды жаздым.

 

 

 

 

Ι тарау.

1.1. Ресейдің қазақ жерің отарлау мақсатында қазақ жерімен танысып,                                        

       экспедициялар мен қамал бекіністердің салынуы.

  Көрші мемлекеттердің бір – біріне көздерінің сұғуын сұғып, жеріне, байлығына қызығатыны, әсіресе жұртын бағынышты, тәуелді етіп, оның еңбегін қанап соруды ойлаған арам пиғыл ниеті қай заманда да болғаның тарихтан білеміз. Әсіресе, дамып жатқан ұлан – ғайыр сахарасы, сұлу да байлығы тунып тұрған қазақ өлкесіне әліде көз тастап, қалай соны иеленудің жол – жөнің ойлаған мемлекет аз болған жоқ. Кішігірімі өз алдына, ал екі үлкен мемлекеттің – Ресей мен Қытайдың үкіметтері әлісе мазалануда болды. Шырмауықтай шырмап алған отарлау саясатынан құтыла алмады. Құрған торға түсіп, қалай шырмалды, міне осыны білу,ескерту,тәуелсіздік алған қазақ халқына, бүгін де, келешекте сабақ алу үшін, қортынды шығару үшін аса қажет – ақ.([7] 55 бет).

  Отан тарихының дамуы барысында патшалық үкіметтің отаршылдық саясатының қыр – сыры жаңаша зерттелуде. Ресей қазақ жеріне біршама ерте уақыттан көз алартқан. Өйткені қазақ даласы Ι Петрдің айтқанындай, барша Азия елдерінен апарар кілт пен қақпа болып, Түркия, Иран, Ауғанстан, Үндістан, Қытайда Шығыс саясатын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін үлкен пландары болып саналды. Бұл көзделген мақсат, орыстарды ежелден қызықтырды, әсіресе Орта Азияға тиіп тұрған Қазақстанның екі аймағы арқылы отарлаудың жасалу тиімділігі зор болды. Орыс өлке танушы ғалымы И.Завалишиннін сөзімен айтсақ, қазақ даласы кімге болса да таптырмайтын өте бай олжа еді. Ал қазақ елі, ондағы халықтың шаруашылығы т.б. туралы алғашқы анықтамалар, негізінен, ХVΙ ғасырдан бастау алады. Осы мерзімнен бастап Ресей патшалығы мен қазақ хандығының арасындағы саяси мемлекетаралық байланыс орнатылды. Ресейдің қазақ өлкесін отарлауы мен қоныстандыруын негізінен, бірнеше кезеңге бөлуге де болады. Мыңдаған жылдық тарихы бар қазақтар жүздеген жылдар бойы патшалық империя бодандығында болып келді. Мейірімсіз империя өз құрамына күшпен бағындырған халықтардың бәрін де орыстандыруға әрекеттенді. Патшалық отаршылардың Англия, Франция отаршыларынан айырмашылығы мұнада: орыс отаршылары өзімен іргелес отырған елдерді асықпай, құрбақаны жұтқан жыландай арбап,біртіндеп барып жаулап алды. ХVΙ ғасырдың аяғынан ХVΙΙΙ ғасырдың басына дейінгі кезен, бұл уақытта патша үкіметінің қазақ даласымен  танысумен, зерттелуімен, қатынас орнатуымен қазақ өлкесі шекарасын қоршай әскери қоныстар, қамалдар салуымен ерекшеленді ([10]44 бет). Ресей патшалығы 1556 жылы Астрахан қаласын жаулап алып, Еділ өзенің бойын иемденіп, бекіністер салып, қазақ әскерлерін Ертіс жағалауында ,,ишимская линия’’деп аталатын шеп жасап, басқа да әрекеттерді іске асырған соң оның араны бұрынғыдан да ашыла түседі. Қазақстанның Ресейге қосылуының алдында олардың арасында Қазанды 1552 жылы, Астрахан хандығын 1556 жылы Оңтүстік – Батыс Сібірді жаулап алуы, Қала сауда жолын құруы қазақ хандығымен де тікелей түйісуюді жеңілдетті. Қазақстан шекарасына жақын жерден орналасқан Батыс Сібір территориясындағы бірінші орыс қаласы Обь өзенінің оң жағалауында, Ертіс өзенінің соған құя берісінде салынған ,,Үлкен Обь’’ қалашығы болды. Өзінің өмір сүруінің қысқа мерзімінде ол орыстардың әскери отрядтарының Сібір түпкірімен Қазақстан шекараларына қарай одан әрі жылжуы үшін негізгі пункт қызметін атқарды. Мұнан соң Тюмень  1586 жылы, Тоболыск 1587 жылы, Тюмень 1586 жылы    ХVΙΙ ғасырдың басында Том қалалары ірге көтері. 1554 жылы Ертіс бойында Тара қаласы салынды. Бұл қаланы салудағы басты мақсат - ,,Көшім ханды тысқыру ’’ еді.([7]57 бет)                                

    Кейбір әскери бекіністер тікелей Қазақстан аумағында бой көтерді.1620 жылы Жайық (қазіргі Орал) қаласының іргесі қаланды, 1645 жылы Гурьев  қаласының іргесі қаланды. Сонымен қатар Абақ бекінісінің негізі қаланды. Сол кездегі қазақ даласын қоршап осындай бекіністер салудың өзіндік түпкі мақсаты болғандығы белгілі,- деп жазады В.В Бартольд , - орыс жағы  Солтүстік Азияның барлық жері Ресей мен Қытайдың арасында бөлінуі қажеттілігі туралы жоспар ұсынды. Ресейдің бұл өңірден отарлау саясаты аталған кезеңнен бастап осы жоспарды іске асыру мақсатында жүргізілді. ,,Кенді Алтай тарихының очерктері’’ авторларының әділ атап өткендей, бекіністер салу арқылы орыс өкіметі ХVΙΙ ғасырдың аяғына таман көшпенділерді оңтүстікке қарай тықыстырып, ығыстырып береді.([16]20бет).

  Ресей отаршылдық саясатының алғашқы кезңіне ағылшын ғалымы А.Тойнби бұдан да қатаң баға береді. ,,1586 жылы Еділ мен Обь алқабы арасындағы су айырығын көктей өтіп, 1638 жылға қарай Сібір өзендерінің алқабын игерген казактар Охот теңізі ауданында Тынық мұхит жағалауына дейін жетті’’, - деп жазады ол. Сонымен аталмыш империя 55 жылдың ішінде Оралдан Охот теңізіне дейін жетті. Отарлаудың мұндай қарышты қадамын әлем тарихы бұрын соңды білген емес. Ресейдің таяу көрші болып, Қазақстанның қол – аяғын тұсап, шешуші секіріске әзірленетін шеп жасап алғанына көз жеткіземіз.([10] 46 бет).

   Қазақстанның Ресей қол астына басы бүтін кіруін мәңгілік айқындап берген екінші стратегиялық кезеңді өз басым, Ι Петрдің есімімен әрі іс – қимылмен байланыстырамыз. Оны дәлелдейтін деректер де аз емес. ,,Парсы жорығынан оралғанымыздан кейін Ұлы Петр өзінің байтақ мекені Ресей империясы үшін құпия сыры әлі ашылмаған, атағын тек құлақ қана естіген ұлан – ғайыр Қырғыз – Қайсақ ордасын орыс бодандығына енгізудің пайдасы жөніндегі өз ниетін білдіреді, - деп атап көрсетеді М.Тевкелев. Билік мәртебелі патша ағамыздың құзырымен ол аталмыш орда бодандықты қаламаса, қанша шығын шыққанша, мейлі миллион болсын, қарамай оның Ресей империясының қанаты астына қол жеткізетін қағазға қол қойдырып алсаңдар болғаны – деді. Өйткені 1722 жылы Парсы жорығынан және Астраханда болғандардың көбінесе аталмыш орданы зерттеп қайтуды қадай тапсырған еді. Азияға шығу үшін де орданың Ресей қол астына кіруі қажет. Барша Азия елдеріне шығатын жолдарды алақанда ұстау үшін Ресей жағы пайдалы да қолайлы жағдайды шарт’’. Оған қоса  Ι Петрдің өзі Сенаттың жауапты қызметкері И.Кириллов пен Сыртқы істер алқасының тілмаманы Құтлымухаммет – Мамед Тевкелевке қазақтарды Ресей бодандығына енгізудің жобасын жасауды жүктеді. Ι Петрдің ниеті Азияның ірі елдерімен кең көлемді экономикалық байланыстар орнатуға деген тілегінен туған еді. Сібірдің бірінші губернаторы, Жаркент қаласын иеленіп алуға жансалған М.П.Гагариннің арандатушылық жоспарына байланысты  орыс жоңғар қатынастары ерекше шегініспен сипатталады. Патшаны Тобылдан Жаркентке дейін жол бойындағы біріншісін Ертісте, Ямышев көліне жақын және одан арғы жерде, ал басқалардың ,,істің барысы бойынша керек ететін жерлерде орыс бекіністерін салу қажетіне иландыра келіп, губернатор сол арқылы Ι Петрге бекіністі шептердің тұтас тізбегін салу жоспарын ұсынды және княз бұл аудандардағы халықаралық қатынастардың қиын екенін көріне жете бағалады. Бекіністер салу мүмкіндігі көрсетілген хабарламаны алған соң швед флотымен теңіздегі шайқасқа әзірленіп жатқан корабльдермен Кронштадта жүрген Ι Петр 1714 жылғы 22 мамырда ,,Святая Наталья’’ галерасында ,,Алтын құм бар жерлерді иеленіп алу үшін подполковник Иван Дмитриевич Бухгольцтің басқаруындағы экспедицияларды  жабдықтау туралы жарлыққа қол қойды.([33] 4 бет)

Қазақстанды жаулап алудың стратегиясы осылай айқындалады. Сөйтіп, Н.Г.Аппоованың сөзімен атқанда, бұл – даланы бейбіт жолмен басып алып, қазақ қазақ халқын мәңгілік бодандыққа келтіруге жүзеге асыруға бағыталған патша өкіметінің ең ірі басқыншылығы еді’’.Белсенді дипломатиялалық жұмыс жүргізу арқылы да Ресей империясы Каспий теңізінің шығыс жағалауына табаның нық тіреуге жанталасты. Негізгі назар Ертісті бойлай Тара қаласынан өзенің жоғары ағысына дейін шекарасы созып әскери желілері салуға аударылды. Ертіс бойлай жоғары түстікке желі тартатын шекараны ұлғайтуға, ,, Кенді Алтай тарихының очерктері’’ авторларының әділ атап айтқандай, Жоңғар қаласы Жаркентке жуық жерде алтын бар деген хабар қауесет себеп болды. Сондықтан Каспий теңізінің шығыс жағалауымен Түстік Сібірден екі жақтап қимылдай отырып, Жаркентті қолға түсіруді бел буылды. Оған екі экспедиция жарақаттауға жарлық берілді. Олардың Преображенский полкінің поручигі князь Александр Бекович – Черкаский бастаған біреуі Каспий теңізі жағасынан Хиуаға тартуы, гвардия подполковнигі Иван Бухгальц бастаған екінші түстік Сібірден Кіші Бұқарстанға кіруі керек – ті. Екі экпедицияның екеуінің басшысына да егжей – тегжейлі нұсқаулар берілді. Сібір губернаторы М.П.Гагарин И.Бухгальцке берген қосымша нұсқауында: ,,Егер бекініс жасауға дұшпан ырық бермесе, құдайдан көмек тілей отырып, барлық кісілерді жауып жіберіп, қарсылықты тойтарып тастау керек деп тапсырды. Құрамында негізінен әскерлерден тұратын үш мың адамы бар экпедиция Ертіс бойлап жоғары өрледі. Тара қаласында оларға 1500 аттылы адам тағы қосылды. Экспедиция жақсы қаруланған болатын. Артиллериясы бартын. Экспедициялық корпутың жанында жаныңда әскери кеңес жұмыс істеді. Буының бәрі бақайшаптап айтып отырған себебім кейбір оппоненттерім осы экпедицияның өзіне бейбіт сипасы бергі келеді.([32]22 бет)

  Сонымен Қазақстанды отарлау мақсатын әлгіндей экпедиция жіберіп, жерін, байлығын, табиғатын, жұртының салт – сана әдет – ғұрып, мінез – құлып қасиеттерін жан – жақты терең зерттеуден басталады. Одан әрі басқа шараларды экспедиция мәліметтеріне қарай іске асырды. Әскери экспедициялар үшін адамдар Томскіден, Тирменен Тарадан және төңіректегі қыстақтардан жинап алынды. Экспедиция құрамында тұтқынға түскен швед әскерлері сондай – ақ шығысқа апаратын жаңа жолды игеруге тікелей мүдделі орыс саудагерлері де болды. 1715 жылы 1 қазанда И.Д.Бухгальцтің экспедициясы Ямышев көліне жетіп оған жақын жерде Ямышев деп аталатын бекініс салды. Одаң соң Ом өзенінің сағасына жетіп және көптен күткен қосымша күш алып 1716 жылы 20 мамырда Омбы бекінісінің негізін қалады. Өлкені отарлау оның қыруар байлықтарын игеру міндеттері керуен саудасын жүргізу мен содан кейін оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа аудандарды Ресейге бекітіп алу жаңа бекіністер мен тірек нүктелерін салған үстіне салып, көшпелі ортамен үнемі қатынас жасауды мейілінше керек етті. Бұл әскери – инженерлік құрылыстардың басты оңтүстік – шығыс шекараны, демек Ресей державасының сыртқы ықпал ету аймағын да кеңейту болып табылады. 1720 жылы Ι Петрдің тағайындаған, гвардия майоры И. Лихаревтің қарулы жасағы Тобылдан жүзіп шығып, Ертісті бойлап Зайсан көліне жетті. Одан қайтар жолында Өскемен бекінісінің іргесін көтерді, 1718 жылы Семей бекінісі салынды. Алтай тауын жағалай тоғыз бекініс пен 53 радуттан тұратын қамалдардың тұтас желісі жасалынды. ХVΙΙ ғасырдың басындағы бекіністер жүйесі болмашы еді деп кейбір ғалымдар пікір айтады. Шынында да 1720 жылы Ертіс желісі бес бекініс пен тоғыз форпостан ғана тұратын.([15]29бет)

   Ресей тағы да бірнеше бекініс – Черномерцк, Черноярск, Верблюжск, Осморыжск, Убинск, Семиярск, фортадтарын салып, үш - әскери - саясишеп – Сібір Ертіс Колыван шептері үшін негіз қалады. Бикатун бекінісімен қатар, жақсы машықтандырылған гарнизондары, зеңбіректері көп, стратегиялық жағынан орналасқан жері қолайлы ұл бекіністер жергілікті тұрғындарды құнарсыз жерлерге ығыстырып, Обь-Ертіс өзендерінің аралығын Ресей  иелігіне бекітуді, өзін казак қоныстары арқылы қауіпсіздендіріп, отарлау тірегіне айналдыруды қамтамасыз етті.([23]11 бет)

  1734 жылы Сенаттың Обер секретары И.К.Кирилловтың (1689 – 1734 жырлары) Қазақстан мен Орта Азиядағы Ресей иеліктерін нығату үшін,осы елдермен сауданы дамыту үшін қалалармен қорғаныс шептерін салу жөніндегі ұсынысын Сенат және сыртқы істер коллегиясы қабылдады, 1734 жылдың 1 мамырында сенат жарлығымен  И.К.Кириллов бастауымен Орынбор экспедициясы құрылды. Экспедицияның мақсаты Қазақстан Башқария, Қарақалпақстанның оңтүстік аудандарының шаруашылығын, олардың пайдалы табиғи қазбаларын пайдалануға дайындау болды. Бұл уақытта қазақ халқы жоңғарлармен соғыстың ауыр кезеңін бастан кешіп жатқан еді. Соны пайдаланып Ресей империясы Ор (Тобылдың бір тармағы) Жайық өзендері құрылысында бекініс шептерін сала бастады.([33]5 бет).                    Қазақстанды жаулап алудың стратегиясы осылай айқындалды. Сөйтіп, Н.Г.Аппалоновтың сөзімен айтқанда, бұл – даланы бейбіт жолмен басып алып, қазақ халқын мәңгілік бодандыққа келтіруді жүзеге асыруға бағытталған патша өкіметінің ең ірі басқыншылығы еді. Белсенді дипломатиялық жұмыс жүргізу арқылы да Ресей империясы Каспий теңізінің шығыс жағалауына табанын нық тіреуге жанталасты. Негізгі назар Ертісті бойлай Тара қаласының өзеннің жоғарғы ағысына дейін шекараны созып әскери желілер салуға аударылды. Ертіс бойлай жоғары түстікке желі тартатын шекараны ұлғайтуға, ,,Кенді Алтай тарихының  очерктері ’’ авторларының әділ атап айтқандай, Жоңғар қаласы Жаркентке жуық жерде алтын бар деген хабар қауесет себеп болды. Соңдықтан Каспий теңізінің шығыс жағалауы мен Түстік Сібірден екі жақтап қимылдай отырып, Жаркентті қолға түсіруге бел буылды. Оған екі экспедиция жарақталуға жарлық берілді. Олардың Преображенский полкінің поручигі князь Александр Бекович – Черкаский бастаған біреуі Каспий теңізі жасынан Хиуаға тартуы гвардия подполковнигі Иван Бухгальц бастаған екінші Түстік Сібірден Кіші Бұқарстанға кіруі керек – ті. Екі экспедицияның екеуінің басшысына да егжей – тегжейлі нұсқаулар берілді. Сібір губернаторы М.П.Гагарин И.Бухагльцке берген қосымша нұсқауында: ,,Егер бекініс жасауға дұшпан ырық бермесе, құдайдан көмек тілей отырып, барлық кісілерді жауып жіберіп, қарсылықты тойтарып тастау керек’’ деп тапсырды. Құрамында негізінен әскерлерден үш мың адамы бар экпедиция Ертіс бойлап жоғары өрледі. Тара қаласында оларға 1500 аттылы адам тағы қосылды. Экспедиция жақсы қаруланған болатын. Артиллериясы бартын. Экспедициялық корпутың жанында әскери кеңес жұмыс істеді. Бұның бәрі бақайшақтап айтып отырған себебім кейбір оппоненттерім осы экспедицияның өзіне бейбіт сипат бергісі келеді.([32]22бет)

  Сонымен Қазақстанды отарлау мақсатын әлгіндей экспедиция жіберіп, жерін, байлығын, табиғатын, жұртының салт – сана, әдет – ғұрып, мінез – құлық қасиеттерін жан – жақты терең зерттеуден басталады. Одан әрі бақа шараларды экспедиция мәліметтеріне қарай іске асырылды. Әскери экспедициялар үшін адамдар Томскіден, Түменнен Тарадан және төңіректегі қыстақтардан жинап алынды. Экспедиция құрамында тұтқынға түскен швед әскерлері сондай – ақ шығысқа апаратын жаңа жолды шеруге тікелей мүдделі орыс саудагерлері де болды. 1715 жылы 1 қазанда И.Д.Бухгальцтің экспедициясы Ямышев көліне жетіп оған жақын жерде Ямышев деп аталатын бекініс салды. Одаң соң Ом өзенінің сағасына 10 қамал, 30 редут және 30 маяк енді. 1758 жылы Горький шебіне екі жылға қазақ әскерін отарлау саясатының әскери тірегі ретінде қарақан Сібір әскерлері күшейтілді. ([15]31бет).

  ХVΙΙΙ ғасырдың 50 жылдарында Сібірде – қазақ жерінде жаңадан тұрғызылған бекіністер жағдайы төмендегідей болды. Ертіс пен Алтай аралығында үш бекініс шебі тұрғызылды. Бірінші Сібір редутынан Омбы бекінісіне дейінгі жерлерді алып жатты. Ұзындығы 553 шақырым шептің бойында тұзды көлдердің көптігінен Ащы шебі деп аталып кетті.

  Басқа да бірнеше бекіністермен жалғастырылған жаңа Есіл шебі 9 қосалқы бекіністен 53 редуттан тұрды және 540 шақырым бойында Солтүстік Батыс Қазақстанда асығыс салына бастаған бекіністерді Ертіс шебімен байланыстырды. Осы кездерде Красногорская дистанциясы құрылды, Орская, Танальцкая, Уртамышская бекіністер қанат жайды. ([4]22бет).

  Бекіністер шебі қазақтардың ғасырлар бойы көшіп – қонып жүрген жайылымдарына шек қойды. Жерден қысым көрген рулар бір – бірімен бәсекелесіп, өзара қырқысты. Жердің иесі қазақтардың құнарлы, шұрайлы жерлерді тартып алды. Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларын бітіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылғы 19 қазандағы жарлығы бойынша Жайық өзені жалғасының қамалдар маңында қазақтардың емін – еркін көшіп жүруіне тиым салынды, сонымен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп – қонып жүрген жерлері шектелді. ХVΙΙΙ ғасырдың 50 – 60 жылдары Ертіс Тобылдың, Есіл,Үй өзендері алқаптарындағы Орта жүздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлерінен ығыстырылды. ([48]184бет ).

 

 

 

 

 

 

  Отарлаудың әскери - әкімшілік кезеңінде патша өкіметінің тірек пунктері ретінде әскери бекіністерді тұрақтандыру үшін олардың шекаралық белгілерімен бөлінді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Кейінірек патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі нәтижесінде әскери қамалдар салу Қазақстанның батыс, солтүстік – шығыс аймақтарын тегіс қамтыды. 1752 жылдан бастап Оңтүстік Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысы Үлбі, Бұқтырма және Нарым бойындағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Өскемен бекінісінен Телец көліне дейін бекіністер салына бастады. Келесі 1761 жылы Өскеменнен Зайсан көліне дейін Бұқтырма шебінің бекіністері пайда болды. 1764 жылы Кузнецк – Колыван шебінің бір бөлігі Өскеменнен Тигерец форпостына дейін көшірілді. Сөйтіп, Қазақстандағы шекаралық шептің шығыс қанаты  ХVΙΙΙ ғасырдың 60 жылдары Ресей әскери қамалдарының бірнеше шебінен тұратын күшті бекіністі ауданға айналдырды.([2]78бет)

  Орта және Ұлы жүздердің қосылған территорияларында Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиполь (Аягөз), Лепсі,Верный бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресейдің Іле өзенінің арғы бетіндегі (замлийск) билігін нығайтуға арналған тірек пункттеріне айналды. 20 -40 жылдарда Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Аманқарағай округтерін құру аяқталды. Ұлы жүздің қосылған аудандарын басқару үшін 1848 жылы Батыс Сібір генерал – губернаторына бағынатын үлкен Орданың приставы лауазымы белгіленді. Жетісу өлкесінде 1847жыл мен 1857жыл аралығында қазақ – орыстар тұратын 14 станция бекіністері салынды. Бұл Ресей империясы отарлаушы әкімшілігінің өкіметін нығайтуға көмектесті. ([1]90 бет)

 

  Қазақстанды отарлаудың және Шу мен Талас алқаптарының қазақтарына ресейлік ықпалды таратудың басты тірегі Верный бекінісі болды. Осы жерден орыс әскерлерінің Шу аңғары арқылы қоқандық бекіністері - әулие атаға, Шымкент пен Ташкентке қарай әскери шабуылы басталды. Іле сыртын бүкіл аумағын өзіне қарату үшін патша өкіметі мұнда бекініс салуды ұйғарды. 1853 жылы шілде айында Қапалдан құрамында бір рота, екі казак – орыс жүздігі бар отряд шықты, оны майор Перемышльский бастады. Ол бекініс салатын жерді таңдауға тиіс болды. Жаңа бекініс Алматы деген жерге салынатын болып ұйғарылды. Бекіністі салу жұмысы 1854 жылдың күзінде аяқталынды. Оған ''Верный''- деген ат берілді. Бұл ара ұлан – байтақ жердің орталығы, ескіден келе жатқан керуен жолдарының торабы еді. Верный бекінісінің салынуы жөнінде Батыс Сібір генерал – губернаторына жолдаған хатында майор Перемышльский былай деп жазады: ''Егінге қолайлы, тамаша жерлердің көптігі жағынан, жайылым, пішендіктің молдығы жағынан бұл араны Есік пен Талғарлардағы әлдеқайда артық деп тауып, болашақ қоныстың орны Алматы болсын ұсындық'' Верный бекінісі үшін таңдап алынған орын айырықша қолайлы болды. ([49]107 бет)

   1855 жылы Верный бекінісі салынғаннан кейін Оңтүстік Жетісуды мекендеген қырғыздардың он мың отбасы Ресей қарамағына кірді. 1863 – 1864 жылдары полковник М. Черняевтың әскерлері қоқандық бекіністер – Созақты, Шолаққорғанды, Әулиеата және Шымкентті, ал патша офицері М. Веревкиннің жасақтары Түркістанды күшпен басып алды. Сөйтіп Шығыс – Сібір мен Сырдария шептері қосылды.

  Көрші мемлекеттердің бір – біріне көздерінің тігуінің, жеріне байлығына қызығатыны, әсіресе жұртының бағынышты, тәуелді етіп, оның еңбегін қанап соруды ойлаған арам пиғыл – ниеті қай заман да болған. Міне орыс империясы Қазақстанды солтүстік – батысынан, солтүстігінен және шығысынан осылай құрсалуы щеңберге алды, ХΙХ ғасырдың орта кезіңде Сырдария мен Жетісу казачествосының шекара шептері құрылған кезде Қазақстанның төрт жағынан бірдей бейне бір темір тордың қоршауында қалған сияқты болды. ([7]57 бет)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.Ресейдің қазақ жеріне әкімшілік – саяси басқару жүйесін енгізуі.

  Отан тарихының дамуы барсында патшалық үкіметінің отаршылдық саясатының қыр – сыры жаңаша зерттелуде Қазақстанды қаулап алып, өзінің тәуелді отарына айналдыру Ресей империясының ғасырлар бойғы арманы. Орыс өлкетанушысы ғалым И.Заливчиннің сөзімен айтсақ, ,,Қазақ даласы кімге болса да таптырмайтын бай оложа еді’’. Қазақстанды орталық қыспаққа алу орыс әкімшілігі үшін бірінші кезекті міндетке айналды. Патша үкіметінің қазақ даласында біріңғай отарлық басқару жүйесін енгізуі 1822 жылы 22 маусымдағы ,,Сібір қазақтары туралы жарлығы ’’іске асырудан басталды. Бұл сол кезеңнен бастап 60 – жылдардың ортасына дейін Сібір әкімшілігіне қарасты қазақтарды басқаруда сүйенетін басты заң болды. ([7]57бет )

  Сонымен патша үкіметінің 1822 жылғы ,,Жарғыны’’ шұғыл түрде дайындап оны іске асыру қажеттілігі қандай себептерден туындады? Алдымен осы сұрақтың басын ашып алу – мәселенің мәнің дұрыс түсінуге мүмкіншілік береді деп ойлаймын. ,,Жарғыны’’ дайындау қажеттігіне төмендегідей жағдайлар себеп болды:

1. ХVΙ ғасырдан бергі қазақ даласын отарлауға бағытталып, ішкері еніп келе жатқан Ресейдің Сібір шебіндегі бекіністеріне қазақтардың үздіксіз қарсылығын басып – жаншып елді біржолата өздеріне бағындыру.

2. ХΙХ ғасырдың басындағы (1807 ж.) Тильзит бітім шарты бойынша ,,аймақты блокада’’ жерінен Ресей экономикасының қайшылыққа тірелуіне байланысты, қазақ даласын шикізат көзі ретінде падалану.

3. Орта Азия елдерімен байланыс жасауда транзиттік мәні зор Орта жүз жерін жаулап алып әрі қарай ,,Шығыс саясатын’’ іске асыру.

4. Орта жүзде орыс сауда керуендеріне (тағы басқа отарлық шараларды іске асыруға) кепілдік әперетін орталық әкімшілік аппарат құру .

5. Орта жүздің соңғы ханы сайламау саясатындағы ,,мүмкіндікті’’ пайдаланып хандық билікті жою.([64]88 бет)

ΙΙ – Екатеринаның қазақ қоғамын ірітіп – шіріту саясатын өзінен кейін орыс патшалары да жүргізіп келді. 1822жылғы ,,Сібір қырғыздары жарғысының ’’ авторы М.М.Сперанкийде 1822 жылғы ,,Жарғыны’’ іске асыруда осы амал – шараларды кеңінен қолданды. Уәли хан әкесі Абылайдың ,,екі жақты бағыныштылық’’ саясатын жалғастыра берді. Ол елдің тәуелсіздігін сақтау үшін патшалық орталық әрекеттерімен барынша күресті: орыс – қазақтардың қазақ жерінен шөп шапқаны үшін саудагер көпестердің Орта жүз жері арқылы өткені үшін баж салығын төлеуді етті. Сондай – ақ хан шеп бекіністеріне шапқыншылық жасалған қазақтарды соттап,оларға үкім шығару құқығын өз қасында қалдырушын патшалық әкімшіліктің бұл іске араласуын және қысқа уақытта шептің арғы бетіне өткізілетін малға төленетін салықтарды жоюды талап етті. Сонымен Уәли өз саясатын іске асыру үшін Қытай Бұқарадан көмек сұрауға мәжбүр болды. Патша әкімшілігі хандық билікті әлсірету үшін генерал – губернаторы Глазенапқа былай деп хабарлайды: ,,Уәли билігін шектеу үшін оған қарсы болып сұлтандар тобын өзімізге тартып, оларды ханға қарсы айдап салу керек’’, - деп жазады. Сонымен Глазенап Орта жүзде Абылай ұрпағына жатпайтын сұлтандардың біреуін хан етіп сайлауды ойлап тапты. 1748 жылы Әбілхайыр ханды өлтірген Барақ сұлтанның ұрпағы Бөкейді Орта жүздің екінші ханы етіп тағайындайды. Мұндағы көздеген мақсатын генерал Глазенап Петербург үкіметіне жолдаған хатында ашық  айтады: ,,Орта жүзде Бөкейді екінші хан етіп сайлау – хандық биліктің әлсіреп, жойылуына жол ашты’’. ([15]35бет).

  М.М.Сперанский Орта жүздің саяси – экономикалық өмірімен таныса келе (мемлекеттік деңгейде жүргізілетін соттың және сот ісің жүргізу күшінің және тұрақты армияның болмауы содай – ақ елдердің ішіндегі әлеуметтік қайшылықтар) патшалық өкіметтің бұл жерге отарлық басқару орындарын енгізуге зор мүмкіндік бар деп шешті және ,,Сібір Қырғыздардың Жарғысы’’ дайындап оны іске асыруға асықты. Сонымен 1822 жылғы 22 шілдеде ,,Сібір Қырғыздардың Жарғысы’’ атты құжат бекітілді. ,,Сібір Қырғыздардың Жарғысы’’: Кіріспе, 10 тарау, 319 таптан тұрады. Кіріспенің  1 – параграфында: ,,Сібір қазақтары көшпенді бұратаналар тобына жатады және олармен тең құқылы’’ деп басталған. Красовскийдің белгілі еңбегінде Мұндай маңызды іске кіріспен бұрын (Жарғыны іске асыру үшін – автор) жергілікті халықтың салт - дәстүрі, мемлекеттік құрылымы, дәстүрлі шаруашылық жағдайымен жете таныс болу қажет, ал біздің үкіметіміз бүгінге дейін бұл қоғам өмірімен толық таныса қойған жоқ, - деуі кіріспеде көрсетілген баптың қателігін ашады.([64] 90 бет).

  Ш.Уәлиханов айтқандай: ,,қазақтың өзіндік әдет – ғұрпы, салт – дәстүрі, мемлекеттік басқару жүйесі, қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығы болды. Патшалық өкіметінің 1822 жылы ,,Жарғы’’ бекіткен көп сатылы әкімшілік басқару жүйесі бүгінгі күні қазақ, тұрмақ орысқа да түсініксіз. Бұл реформа халық үшін аса қауіпті, прогресс үшін зиян’’, - деп жазады. ([51] 89 бет).

,,Жарғының’’ шаруашылық міндеті бөлімінде патшалықты өте қызықтырған – елден салық жинау мәселесі ,,ерекше’’ орынға болды. Салықтың: (ΙΙ – 139) түтін салығы,( ΙΙ – 135 ) жөндеу салығы, баж салығы, (ΙΙ – 134 ) жылдық ясақ салығы, (мал жинау) деген түрі енгізілді. ,,Мәдени құрылыс’’ үшін деген желеумен жиналған салықтар халыққа ауыр тиді. Елден жиналған қаржыға және күшпен тартып алынған жерлерге ешқандай мекеме тұрғызылмайды.

  Әсіресе ,,Жарғының’’ шекара округтері бөлімінде жер мәселесі – орталық саясаттың қандай деңгейде жүргізілгені жөнінде хабар береді. ,,ΙΙ-77-78’’ Шекара округтеріндегі қазақтар облыс бастығы белгілеп берген жерде  ғана тұруы тиіс одан әрі көшіп – қонуға рұқсат жоқ – делінді. Патша әкімшілігінің жерді осылайша қатаң түрде шектеуі қазақтардың көш – қоныс жолдарының бұзылып елдің стихиялы апат жұтқа ұшырауына әкеп соқты.([35] 2 бет)

  Патша үкіметінің қазақтар орналасқан жерлердегі аграрлық саясаты бірте – бірте жүргізілді, мемлекеттің заңдық және шаруашылық құқықтарын бекіту дәйекті түрде жүзеге асырылды. 1822 жылғы ,,Сібір Қырғыздары туралы жарғыда’’ жерге мемлекеттік меншік туралы еш жерде тікелей айтылмаған. ,,Әрбір округтің лайықты түрде айқын межеленген жері болмады, басқа округтің тұрғындары жергілікті бастықтардың оған дәл рұқсаты болмайынша көше алмайдыдеп жарияланған. Жергілікті бастықтардың ықпалы жел туралы басқа баптардан да сезіледі. Жерді межелеуде әскерлердің қатысуымен облыстық бастықтар аға сұлтанның қоныстануына арналған, заседательдерге арналған округтер жер бөліктерін, сондай – ақ сұлтандарға шаруашылық жүргізуіне үш есе, старшындарға екі есе жер бөліктерін мұрагерлік меншікке деп отырылған. 15 десятина болатын бір норма казактардың, тілмаштардың және қазақтардың егіншілікпен нысаналы айналасуы құқығымен бөлінді, бірақ күтім жасалмаған жағдайда 5 жылдан кейін қайтып алынды. Даулы жер мәселелері үш бидің куәлігімен жеребе бойынша шешілді. Сонымен 1822 жылғы ,,Жарғының’’ сипатымен мазмұны тек отарлық мақсатта болды. ([43]126 бет)

  1824 жылы Кіші жүзге арналған ,,Орынбор қырғыздарының Жарғысы атты реформа дайындалды.Авторы – Орынбор генерал – губернаторы П.К. Эссен болды. 1824 жылы ''Сібір қазақтарының жарғысында''жоспарлағандай – Көкшетау мен Қарқаралы сыртқы округтері ашыла бастады. Орта жүзде сыртқы округтердің ашылуы халықты аяусыз қырып елге зор қиянат көрсетілу нәтижесінде жүргізілгеннің баса айтуымыз қажет. 1824 жылдың 5 ақпанында орасан зор әскери күшпен жасақталған орыс казак отрядтары Сарыарқа даласында округтер ашу мақсатымен Сібір шебінің 13 пунктінен шықты. Оның ішіндегі 11 команданың әрқайсысында 1 офицер, 2 урядник, 13 казак, 1трубашы, ал 12 – ші 13 – ші командада 3 урядниктен, 27 казактан және бір – бір трубашыдан болды. Тізілген командалар 150 – 300 шақырымнан, келетін ара  қашықтықта орналасқан.([30] 85бет)

  ,,Жарғыда ’’ жоспарланған Көкшетау округін ашуға Броневскийдің бастауымен 5 обер офицер, 250 қардағы казак, 6 тілмаш, 25 резерв урядниктері, 24 қарулы атты артиллерия және 13 бомбалаушы кононирден  тұратын команда: Қарқаралыға Григорьевскийдің бастауымен 1 штаб офицері 5обер, офицер, 36 урядник, 200 қатардағы казак 13 бомбалаушы урядниктен тұратын команда аттанды. Әрбір округтерді ашуға  мұншама әскери күш жасақтауынан, біз патшалық әкімшіліктің елді отарлай бастау саясатын пәрменді түрде жүргізуге кіріскенін көреміз.([8]63бет).

  Казактарды шұрайлы жерлерге орналастыру мемлекеттік іс есебінде қарастырылды. Архив құжаттарында мұның себебі айтылды. ,,1822 жылғы Жарлығы іске  асыруда бұл казактардың көмегі аса қажет. Олардың қазақ жеріне өз  еркімен көшіп келу ынтасын арттыру керек. Ол үшін тұрмыс жағдайларына қолайлы деген 30 десятин тағы қосымша 15 деятин жер бөлінсін, және еріктерімен келіп қоныстанушы казак отбасыларына қазынадан бір мезгілде 50 сомнан қаржы, ал  отбасы бар әскер қызметкерлеріне жеңілдік ретінде әскери азық – түлік бөлінсін’’ – делінген еді. 1824 жылы 17 қыркүйекте қазақтардың бас көтерер ел ағаларының бірі сұлтан Қасым Абылайұлы Батыс Сібір генерал – губернаторлығы Капцвичке округтердің ашылуы тоқтатылып орыс – казак тарапындағы қысымшылықтың тез арада жойылуын талап етіп, хат жазады. Патша әкімшілігі Қасым Абылайұлының хатын жауапсыз қалдырады. Сондықтан Қасым Абылайханов Орынбор генерал – губернаторына 1825 жылдың 24 маусымда тағы да өтініш хат жолдады. Бұл хат мазмұны жоғарғы 12 қазанда Қасым сұлтан хаты бойынша мынадай қортынды шығарады. 1. ,,Батыс Сібір   генерал – губернаторы 1822 жылғы 22 шілдедегі ,,Жарғыға ’’ сүйеніп Уәли хан мұрагері Ғұбайдолланың келісімімен Көкшетау округін ашқан болатын. 2. 1824 жылы 29 сәуірде полковник Григорьевский көптеген халық, сұлтандар, заседательдердің қатысуымен бұл сыртқы  округ салтанатты түрде ашылған – тын. 3.Сұлтан Қасым Абылайханов округтік приказ құрамында ешқашан болған емес бізге оның тек Көкшетаудан 300 шақырымда Атығай болысымен көшіп жүретіні ғана мәлім. Сондықтан Қасым Абылайханов сұлтанды сыйлағанды білмейтін адам есебінде қабылдап оның өтініші жарамсыз деп қабылдансын’’ – делінді. Көріп отырғанымыздай округтер құру елді қырып – жойып, қорқытып, алдап – арбау арқылы жүргізілді.Алғашқы Қарқаралы мен Көкшетау округтері 1824 жылы ашылса, Соңғы Көкпекті округі 1844 жылы ашылды. Арадағы 20 жыл қалың халық бұқарасы үшін азалы да қаралы жылдар еді. Үздіксіз қантөгіс шайқастар, елдің мал – мүлкін да заңды'' , ''заңсыз'' жолдармен орыс -  казактарының  талан – таражға салуы, кіндік қаны тамған атамекен қоныстарынан ығыстыру және тағы басқа қиянат, зорлық – зомбылық осы 20 жыл ішінде кең көлемде жүргізілді([8]64 бет)

   Қорытындыласақ 1822 жылғы Сібір қырғыздары туралы Жарғының басты мақсаты Қазақстанның солтүстік – шығыс өңірінде әкімшілік, сот, саяси басқаруды өзгерту, рулық – феодалдық тәртіптерді әлсірету, Орта жүздің әкімшілік құрылымы:округ(15-20 болыс) басқарушысы – округтік приказ және аға сұлтан, Болыс (10-12 ауыл) басқарушысы болыс сұлтаны, Ауыл (50-70 шаңырақ) басқарушысы – ауыл старшыны болып бөлінеді. Ауыл старшындары мен аға сұлтандар 3 жылға сайланды. Болыс сұлтандары өмірлік мерзімге сайланып, билік мұрагерлікпен берілді. Егер мұрагері болмаса, інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы сайланды. болыстық сұлтан ресейлік 12- кластық дәрежедегі чиновникке теңестірілді. Аға сұлтандарды тек сұлтандар сайлап майор әскери шені, 10 жылдан кейін дровяндық атақ берілді. Жарғы бойынша орта жүз және Ұлы жүздің бір бөлігінің территориясы ''Сібір қырғыздарының облысы'' аталып, Батыс Сібір генерал – губернаторлығының құрамына енгізілді. Басқару орталығы – Тобальск (1839 жылға дейін), кейін Омбы (1839 жылдан бастап).([45]203 бет)

''Жарғы'' бойынша сот ісі 3 – ке бөлінді: қылмыстық істер. талап ету, шағым айту. Қылмыстық істер  округтік приказда қаралды. Округтік приказдың сот шешімдерін қайта қарауға құқы болмады. Істер алдың – ала тексеруге бимен қатар бір орыс шиновнигі қарастырылды. ''Сібір Қырғыздарының Жарғысы'' сауда байланыстарын  кеңейтуге мүмкіндік тудырды және ақсүйектердің артықшылықтарына, билеп – төстеуіне шек қойды. 1822 жылы – Орта жүзде  хандық билік жойылды. Әкімшілік – саяси реформаның салдарына тоқталсақ: Қазақстанды басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық қырқыстарға соққы берді.Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы жағдай жасады. Ресейдің отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты. Хандық билікті жойды. ([16]22 бет).

  Ал 1824 жылғы ''Орынбор қырғыздарының жарғысы'' бойынша Кіші жүздің әкімшілік құрылымы бөліктер (батыс орта, шығыс) басқарушысы – сұлтан, дистанция(54), 1831 жылы басқарушысы ру шонжарлары , ауыл басқарушысы ауыл старшыны болды. Реформаның салдарына тоқталсақ орталық басқару нығайтылды, табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды.([31]72 бет).

   ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей империясы Қазақстан территориясын түпкілікті отарлау және оны өзінің ішкі провинциясына айналдыру мақсатында әкімшілік басқару жүйесін өзгертті. Қазақ даласында әкімшілік – басқару тұрғысынан өзіне қосып алу шараларына кірісті. 1825 жылы патша үкімімен қазақ даласымен Түркістан өлкесіне ерекше Дала Комиссиясы шығарылып, ол екі жыл өткен соң бұл өлкені басқаруға қатысты өз тұжырымын ұсынады. Дала комиссиясын 1865 жылғы – Ішкі істер министрлігінің мүшесі Гирс басқарды. 1865 жылы 5 маусымында – ІІ Александрдың бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалады: олар: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б мәселелер қаралды. ([67]181бет).

   1827 жылы наурыз айында император ІІ – нің көмегімен Ресей орта Азиялық иелігінде басқару жүйесін құруға қатысты өз тұжырымын ұсыну үшін Соғыс Министрі Д.А. Милютиннің төрағалығымен Ерекше Комитет құрылады. Оның құрамында Орынбор генерал губернаторы Крыжановский, Бас штаб бастығы генерал – адютант граф Гейден, Азия департаментінің директоры Стремоуков, Ішкі Істер Министрлігінің жалпы істер департаментінің директоры Мансуров, генерал – майор Черняев, Дала комиссиясының мүшелері Гирс, Гутковский, Гейнс және Проценко сияқты шенеуніктер бар болатын. Комитет келіп түскен ұсыныстарды талдай отырып және өлкенің сол тұстағы саяси, әскери, шаруашылықтық  және әкімшілік жағдайын зерттеуге ала келіп , мынандай шешімге келді:

1)Түркістан облысын Орынбор генерал – губернаторлығынан бөлу және мұны кейінге қалдырмастан іске асыру;

2)Батыс Сібір генерал – губернаторлығынан Семей облысының бөлігін, яғни Тарбағатай жотасының оң жақ бетін алып, оны әкімшілік тұрғыдан Түркістан облысына қосу;

3)Комитет белгілеген басты тұжырымдарды негізге ала отырып жаңа шекаралық өлкенің әкімшілік басқару жобасын жасау;

4)Жаңа өлкеге әскери округтік жүйелердің жалпысына бірдей дербес әскери ұйымдық сипат беру;

   1867 жылы 11 сәуірде Ерекше Комитет ұсынған баяндаманы патша бекітіп, ендігі уақытта Дала комиссиясына жаңа өлкеге арнап әкімшілік басқару жобасын даярлауды, ал Бас Штабқа жаңа әскери округ жөнінде ереженің жобасын жазуды тапсырды.Министрлер Комитеті жаңа басқару ережесін даярлаушыларға мынандай екі талапты негізге алуды тапсырды:''1)әкімшілік және әскери биліктің тұтастығы, олардың бір қолда шоғырлануын, саяси сипаты жоқ барлық ішкі істерін сол халықтың оз ортасынан сайлағандарға жергілікті құқық пен дәстүрге сай пайдалануға басқаруға беру''([11]22 бет)

   1865 жылы 5 маусымда Ерекше комитет шешімімен құрамында екі министрліктің өкілдері бар Ерекше Комиссия жергілікті халық жөнінде мәліметтер жинау үшін қазақ даласына жіберілген болатын. Комиссияның атқарған жұмысының нәтижесінде 1867 жылы 11 шілдеде Александр ІІ  империя құрамында Түркістан генерал – губернаторлығын құру жөнінде жарлыққа қол қойды. Осымен бір мезгілде ''Жетісу мен Сырдария  облысының басқару ережесінің жобасы '' бекітілді. Түркістан генерал – губернаторлығы екі облыстан тұрды:орталығы Ташкент қаласы болған Сырдария облысының және орталығы Верный болған Жетісу облысынан. Жетісу облысының оңтүстік – шығыс шекарасы Қытай мемлекетінің  Шығыс Түркістан өлкесімен, оңтүстік батыста Ферғана облысымен, батысында Сырдария облысының Әулиеата және Семей облысының құрғақтағы шекарасы және Балқаш көліне дейінгі аралықты қамтыды. ([45]163 бет).

   ''Ереже жобасы   '' бойынша өлкедегі басқару ''әскери - халықтық'' деп аталы да, оны жүргізу генерал – губернаторға жүктелді. Ал генерал – губернаторды тағайындаған немесе босату тек патшаның шешімі арқылы ғана іске асырылды. Облысты басқару ісі әскери губернатор мен облыстық басқармаға тиесілі болды. Әскери губернаторға облыстағы әскери және әскери - халықтық басқару жүктелді, ол сондай – ақ Жетісуда орналасқан қазақ әскерін оның Наказной Аталғаны есебінде басқарды. Облыстық басқармаға губерниялық әкімшілік жүргізді. Облыстық басқарма әуелде, яғни 1867 жылы уақытша ереже бойынша үш, яғни бұйрық шаруашылық, қаржы және сот тұрды кейіннен оларға құрылыс бөлімдері қосылады. Облыстық басқарма өз қызметінде губерниялық басқарманың жеке бөлімдері үшін белгіленген талаптарды басшылыққа ала отырып, оларды мүмкін болғанша жергілікті жағдайға бейімдеп қолдануға тиіс болды. Ал бұл ретте соңғы шешімдері әскери губернатор қабылдады. Еуропалық Ресей губернаторларына тиесілі жалпы құқықтардан басқа Жетісу губернаторына облыстық басқарма қабылдаған шешімдердің тек өзі келісетіндерін ғана іске асыруға жол беріп, ал келіспейтіндерге қатысты өзі қалағандай шешім қабылдап, ол жөнінде генерал – губернаторға жеткізіп отыруға тиіс болды. Сондай – ақ әскери губернаторға облыстық басқарма отырысында қаланатын істердің арасында оның алдын ала өз шешімі болуға тиіс деген істер танысуға беріліп отырды. Мұндай құқын облыс басшылары кең пайдаланылды. ([63]93бет)

   Сот ісін басқару құрылымы: әскери - сот комиссиялары, уездік соттар, билер мен қазылар сотынан тұрды. Сот істер қылмыстық және азаматтық сот жүргізу заңы негізінде жүргізілді, ал сот бөлімі өз қызметін соттар сьезі мен қылмыстық және азаматтық соттар палатасы құқы щеңберінде жүргізілді. Сот мекемелері патша үкіметінің отаршылдық саясатын жүргізу құралы болды. Сырдария облысында қазылар соты сақталғанымен, әскери – уездік соттардың рөлі басым болды. Әскери – губернаторлар бекіткен билермен қазылар соты – отаршылдық сот жүйесінің төменгі буыны, сот ісіндегі  басты өзгеріс – екі шариғаттық салттардың шектері болды. ([15] 40 бет ).

  1868 жылы 21 қазанда ,,Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже’’ бекітілді. Бес сатылы басқару жүйесі құрылды. Бұл реформаның қазақтардың рулық құрылымына кері әсер еткен буыны - әкімшілік ауылдар. Реформа бойынша Жетісі облысы ашылды. ,,Уақытша ереже’’ бойынша Қазақстан территориясы 3 генерал – губернаторлыққа және 6 болысқа бөлінді. Түркістан  генерал – губернаторлығының құрамына Жетісу және Сырдария облыстары, Батыс – Сібір генерал – губернаторлығына Ақмола және Семей облыстары, ал Орынбор генерал – губернаторлығына Орал және Торғай облыстары кірді, Жетісу облысының құрамында Сергиполь, Қапал, Верный, Ыстықкөл және Тоқмақ уездері болды. Сырдария облысын Қазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент, Ходжент, Созақ уездері құрады.

  Ақмола, Семей, Орал және Торғай облыстарының әрқайсысы 4 уезге бөлінді. Түркістан генерал – губернаторлығында 3038119 адам тұрды. Халық санының көншілігінен Сырдария (1094557 адам), Жетісу (758250 адам) ерекшеленді. ([11] 23 бет).

  1867 жылы ,,Жетісу және Сырдария облыстарын басқару жөніндегі Ережеде’’ 128 баптан тұрса, ал 1868 жылғы ,,Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару жөніндегі Ережеде’’ 91 баптан тұрды. Яғни әкімшілік басқаруды ұйымдастыруға арналған. Облыстар уездерге бөлінді. Генерал – губернатор тағайындайтын уез бастықтары уездік исправниктер құқығын иелене отырып, полицейлік билікті қатар жүргізді. Сондай – ақ Түркістан генерал – губернаторлығындағы барлық уез бастықтарына, Орал облысының екі уезі. (Ырғыз және Торғай), Семей облысының Көкпекті приставы бастығы уездерге орналасқан барлық әскери бөлімдер, мекемелер мен бекіністерді бағындыру құқығы берілді. Реформаға дейін Орал, Омбы, Петропавл, Өскеменде құрылған полицейлік мекемелер сақталып қалды, ал Ақмолада полицей приставы қызметі ашылды. ([63] 150 бет).

  Патша үкіметі Қазақстанда приказдардың жойылуымен, округтік басқарудың уездікпен алмастырып, қазақтарды ортақ әкімшілік пен сотқа бағындырғаннан кейін уездерді басқаруға билікті қазақ сұлтандарына беруден қорықты. Мәселен, Түркістан генерал – губернаторлығында орыс халқының саны жергілікті қазақтардан шамалы 25 есе аз болды. Соған қарамастан облыстық, уездік басқарудың барлық қызметкеріне тек патша шенеуніктері, қазақтардан шыққан офицерлер, яғни әскери адамдар тағайындалды. Ал қазақ халқының өкілдері лауазым иелене алмауына екі түрлі себеп айтылды. Біріншіден, қазақтар орыс тіліндегі заңдарды, көп жағдайда орыс тілін білмейді. Сондықтан қазақтардан еш пайда жоқ  Лора тіпті үкімет органдарына зиянды болуы мүмкін. Екіншіден, Қазақстан территориясына қоныс аударған орыстарды қазақтардың басқаруына жол  бермеу керек. Реформаның іске асуымен қазақтар тек кіші лауазымдарды иеленіп, отарлық басқару аппаратының төменгі буындарында қызмет атқарды. Мысалы, Торғай облысының 1875 жылғы мәліметтері бойынша уез бастықтарының аға және кіші көмекшілері қазақтардан болған. Торғай облысы әскери губернаторы қазақтардан тағайындалатын уез бастықтарының кіші көмекшілерінің санын көбейту жөнінде ұсыныс жасады. Патша үкіметі бұл ұсынысты сұлтандық билікті қалпына келтіру тең түсініп, қабылдамай тастады. Түркістан генерал – губернаторлығына қарасты барлық облыстар мен уездерде қазақтардан тағайындалатын уез бастықтарының кіші көмекшілерін түземдіктердің қалы жететін лауазымдар санын көбейткеннен басқа еш пайдасы жоқ, ақыл – ойы дүниетанымы шектеулі заңдардан хабары жоқ, өркениетті әкімшілікте қызмет ету шарттарын түсінбейтін қырғыздар болыстық деңгейден жоғары лауазымды иеленсе, тек зиян тигізеді деген тұжырым жасады. Сондықтан бұл лауазым қысқартылды. ([16] 23бет).

  Уездерге келсек олар болыстарға бөлінді, оларды әскери губернатор тағайындайтын болыс басшылары басқарды. Болыстар территориялық принципке негізделіп 10 – 12 әкімшілік ауылдардан құралды. Ауылдарды ауыл старшындары басқарды. Қазақ даласында болыстардың құрылуы отаршылдық әкімшілік – саяси жағынан қауіпті деп тапқан ру басшыларының ықпалын төмендетті. Отарлық жүйе үшін ірі әкімшілік – қоғамдық бірлік ретінде құрылған болыстарды басқару тиімді болды. Қазақ даласында тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, қылмыстардың алдын – алу және жазалау, үкімет пен сот үкімдері мен бұйрықтарын орындату, алым – салық пен міндеттіліктерді өтеуде жүйелікті қамтамасыз етті. ([28] 102 бет).

  1867 – 1868 жылдардағы реформалар қазақ даласына жергілікті басқару органдарын, атап айтқанда болыс басшылары мен ауыл старшындарын, халық соттарын сайлау жүйесін енгізді. Соның салдарынан әр үш жыл сайын қазақ даласында билік үшін күрес басталып, қазақ қоғамы өз ішінде жікке бөлінді. 1867 – 1868 жылдардағы реформалардың іске асуымен Ресей империясы қазақ даласында ,,бөліп ал да билей бер ! ’’ саясатын негізге алып, өлкеде отарлық басқару жүйесін біржолата орнатты. Нәтижесінде Қазақстанда басқару жүйесі біркелкі сипат алды, бірақ төменгі жергілікті басқару органдарының қызметін ұйымдастыруға кемшіліктер көп болып, қазақ халқының мүддесі есепке алынбады.Қазақтар басқару аппаратының төменгі буындарында ғана қызмет ете алды. ([46]93 бет).

Патшалық Ресей жекелеген облыстарға реформаны тереңдету мақсатында қосымша бұйрықтар мен заңдар қабылдап отырды. Торғай облысында 1867- 1868 жылы реформаға толықтыру негізінде 1877 жылдың желтоқсан айында ''уақытша бұйрық'' бекітті. 1886 жылы 25 наурызда ''дала ережесі '' қабылданды. Оларда жаңа нормалар бекіп, орталық биліктің құжырлары мен құқылары анықталып, күшейтілді. ХІХ екінші жартысының барысында орыс патшалығының Қазақстандағы өзінің үстемдігін одан әрі күшейтуіндегі көздеген түпкі мақсаты жөнінде М.Тынышпаев былай деген еді: ,, ... үкімет мынаған ұмтылды: біріншіден, жабайы және тағылық қуғын – сүргіндермен сондай – ақ тілді, дәстүрді, діндік және өзіндік тұрмысты қуғындау жолымен қырғыздарды дербес ұлт ретінде мүлде жойып жіберу және бүкіл өлкені орыстандыру, екіншіден, әр түрлі әкімшілік шаралармен жарлықтармен және ережелермен қырғыздарды құқы жоқ заңнан тыс бұқараға айналдыру, үшіншіден олардың өздерінің қанымен суарылған және олардың сүйектері шашылған өздерінің жерінен оларды айыру және ажал құшағына тақыр және құнарсыз жерлерге айдап жібереді’’. ([21] 32 бет).

  Патшалық өкімет тұрғылықты халықтарды өз билігіне бағындыруды әрі күшейту үшін отбасылық, шаруашылық, соттық, діндік, саяси мәселелердегі сұрақтарға жауап беретін облыстарда крестьян начальниктердің институтын ашу және оларды соттық полициялық құқтарымен қамтамсыз ету тура жоба жасау қолға алды. Соның нәтижесінде 1898 жылы 2 маусымда Қазақстанның Дала облыстарында крестьян начальниктердің институтын кіргізу жөнінде мәселе 1898 жылдан 1902 жылдың аралығында ұзақ талқыланды. Басты кедергі болған дала генерал – губернаторы уез начальниктерінің қарсылығы, себебі оларды өзінің соттық – полициялық құқықтарымен бөліскісі келмеді. Осы бойынша дала генерал – губернаторы бір форма әкелсе, халық соты жаңылыстарға және әкімшілік соттық жүйе арасында антолизмге әкелді. Мәселе жартылай жабайы халықтарды билеуде орыс билігін жаңылыстырады’’, - деді. ([50] 220 бет).

  Сонымен қатар 1902 жылы 10маусымда Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарында крестьян начальниктері уезд начальниктерінің қызметіне араласуға, уез сьездеріне қатысуға, шаруалар мәселелері бойынша соттық – полициялық шешімдерге араласуға құқылы деген баптары крестьян начальниктерінің билігін күшейтуді көздесе, крестьян начальниктерінің басқаруына қазақтардың қоныстанған әскери басқарма орындары енбейдй деген бабы отарлық езуді әрі күшейтуге бет алғандығын көрсетеді. Көп ұзамай, 1902 жылдың 30 қыркүйегінде дала генерал – губернаторлығына арнайы бұйрық берілді. Ол бойынша 1 қазаннан бастап Ақмола облысында келер 1903 жылдың 1 қаңтарынан бастап Семей облысында крестьян начальниктерін енгізу бұйрығы берілді. 1904 жылдың 5 мамырында жарғы Торғай облысында күшіне енді. Жарғы бойынша ауыл болыстары мен старшындар, халық соты крестьян начильниктерге бағынышты болды. ([65] 191 бет).

  Ресей империясы қазақ жерін түпкілікті отарлап, қазақ халқын қатты кенеудің астына алу үшін өзінің отарлық, әскери полицейлік басқару, бақылау, жазалау аппараттарын міне осылай құрып, нығайтып күшейтті. Бұл үлкен, күрделі мәселе, өкінішке орай, оның көп жақтары жеткілікті зерттелмей тұр. Сонымен онымен тыңғылықты түрде айналысып, ащы болса да шындықты жасырмай, бұрмалай, обьективті түрде зерттеп жариялау қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              

1.3. Патша өкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру, және миссионерлік                                 саясаты, Қазақстанның Ресей империясының шикізат базасына айналуы.

  Қазақстанның көп ұлтты мемлекет болуының негізгі себебі ХVΙΙΙ ғасырдың 30 жылдарынан басталған Ресей империясының тарапынан жүргізілген қоныстандыру саясатына байланысты екені белгілі. Егер Ресей империясының құрамына кіргенге дейінгі қазіргі Қазақстан территориясында толықтай қазақ ұлты мекен етсе, ХVΙΙΙ ғасырдың ортасынан бастап ел территориясына басқа ұлт өкілдері, әсіресе орыстар орналаса бастады. Алтайда Қазақстанға қоныс тепкен славян халықтарының алғашқы өкілдері қазақтар болды. Казак әскерлері ХVΙ ғасырда қапарлы Иван патшаның құлдықты жоқтаған саясатына қарсылық ретінде құрыла бастады. Казактар Ресей империясының жаулаушылық саясатын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарды. Казак бандылары шытырман оқиғалар ортасында болуды көксеп, байлық іздеп, не болмаса патшаға кіріптарлықтан құтылуды аңсап біртіндеп шығысқа қарай жылжи берді. 1560 жылы Дон өзені алқабындағы казактардың бір тобы Қазақ даласының солтүстік – батыс шекарасындағы Жайық өзенінің жағалауына қоныс теуіп, өз алдарына тәуелсіз қауым  құрды.([3]34 бет)

  ХVΙІ ғасырдың аяқ кезінде, Днепр және Дон өңіріндегі казактар сияқты, Жайық казактары шекарадағы пәрменді қорғаныс күштер ретінде Мәскеу патшаларына қызмет етуге көндіріле бастады. Өздерінің жергілікті дербестігін және шердегі пайдалану ,,құқын’’ сақтап қалуға тырысқан казактар шекараны күзету, орыс әскерлеріне адам беріп тұру жөнінде міндеттенді. 1774 жылы Орынбор казак әскерлері құрылды. Олар Оралды 1730 – 1740 жылдар аралығында екі белдеу бойына Сібір казак әскерлері: бірі – Орынбордан Омбыға дейінгі Жаңа Есіл бекінісінде, екінші – Омбыдан Ертіс өзені жағалауымен Семей және Өскеменге дейінгі Ертіс бекінісінде қоныстандырылды. Шекара біртіндеп қазақ даласының ішіне қарай тереңдеп ығыстырыла бастады. Шағын казак бекіністері негізінде Ақмола және Көкшетау қалалары қанат жайды. Бүкіл қазақ шебі батыста Оралдан және шығыста Өскеменге дейінгі, жалпы саны 40 шамалы форт және бір жүзден аса бекіністерді қамтыған 2500 миль жерге созылып жатты. ([43] 342 бет).

  ХVΙΙΙ ғасырдың ортасынан бастап Кіші, Орта жүз және Ұлы жүздің жекелеген руларының Ресей империясының құрамына кіргеннен кейін патша үкіметінің алдына күрделі мәселе қойылды. Ең алдымен мемлекет құрамына қосылған ұлан – ғайыр территорияны игеру, басқару жүйесін құру т.б. мәселелер тұрды. Жергілікті халықтан мемлекет мүддесіне салық салу, қазақ жерін Ресей империясының меншігіне етіп жариялау, қазба байлықтарын игеру, құнарлы, шұрайлы жерлерін өзінің толық иелігіне қарату негізгі мақсаты болды. Патша үкіметі қазақ жерін отарлау саясатын негізіненекі кезеңге бөлуге болды. 1. Қазақстан территориясына әскери бекіністер салу; 2. Орыс шаруаларының еркін және мемлекеттік тұрғыдан қоныстануы. Ресей империясы тарапынан қазақ жерін, соның ішінде, оның Шығыс және Таулы Алтай өңірін жүйелі де кең ауқымды қоныстандыру ісі ХΙХ ғасырдың екінші жартысынан басталып, жаңа қарқынмен жүре бастайды. Әсіресе 1861 жыгғы патша жарлығынан кейін бұл қозғалыс жаппай, бұқаралық сипат алды. ([14]17 бет).

   Патша үкіметінің шет аймақтарға қоныстандыру саясаты 1861 жылы ақпандағы ''Басыбайлық қызықты жою'' Ережелерінен кейін – ақ басталған. Оның басты себебі, ереженің ауыл шаруашылығын жетілдіру мәселесіне айналған бағдарламасы шешілмей, ел ішінде тоқулар күшейді. Жерсіз қалған шаруалар өкімет рұқсатын күтпей – ақ  стихиялы түрде шет аймақтарға көше бастайды. Үкімет ел ішінде мұндай жағдайды заңды түрде қолға алып'' Қоныстандыру басқармасын'' ұйымдастырды. Патша үкіметі бұл мәселені тездетуде алдына үш мақсат қойған. Біріншіден, Ресейдің орталық аудандағы күшейіп келе жатқан толқуларды әлсірету; Екіншіден, жерсіз қалған шаруаларға шет аймақтардан құнарлы жер беріп, жер мәселесін шешу; үшіншіден, шет аймақтарда қоныстанушылардың санын көбейтіп, олардың арасынан бай кулактарды шығарып, өзіне тірек дайындау.([3]36 бет)

   ХVІІІ ғасырдың басынан басталып, ХІХ ғасырдың ортасына дейін созылған бірінші кезеңде патша үкіметі Еділ, Ертіс, Сырдария өзендері, Солтүстік Қазақстан, Жетісу өлкелерінде әскери қамалдар мен бекіністер салды. Ол бекініс жүйелердің маңайына ондағы қызмет етуші казактар орналастырылып,  Орал, Сібір, Орынбор казак әскери бөлімдері құрылды. Әуелі кезде патша үкіметі Қазақ өлкесіне казак әскері мен орыс шаруаларын қоныстандырудан бастады. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының ортасында Қазақстанға орталық Ресейден шаруаларды қоныс аудару басталды. Батыс Сібір басқармасының 1866 жылы 20 қазанды: ''... Материалдық қаражаттары жергілікті көптеген шаруа отбасыларына Қырғыз даласына қоныстануға рұқсат етілді'' деген мәлімдемесінен қазақ жеріне патша өкіметіне тірек болатын бай – кулактардың қоныстандырылғаны байқалды. Қысып алынған өлкенің халқын жаппай орыстандыру осы арқылы оны Ресей империясының заңды құрамдас бөлігі ету де патша әкімшілігінің осы бағыттағы саясаттың негізгі жоспарына кірді. Қазақстандықтардың барлық жерін жаппай мемлекеттік деп жариялануы 1868 жылғы Уақытша ереже бойынша негізге айналды.Осы тұрғыда ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталатын Ресей  империясының шет аймақтарға орыстарды қоныстандырудың түпкі мақсатын нақтылы жиындағы Н.А. Крюковтың қоныстандыру туралы жиындағы ''Жер мәселесін шешудің жалғыз ғана дұрыс жолы – АҚШ пен Жаңа Зеландиядағы қолданылған әдіс болып табылады... көшпелі өмір салтын жоятын уақыт жетті. Біз Шыңғысхан мен Темірланның уақытынан өттік. Біз өзіміздің орыс адамдарына, өзіміздің орыс малшылары мен егіншілеріне жерді беруіміз керек. Көшпенділерді белгілі шекараға ығыстырып, осы арқылы бұл мәселені толық шешетін уақыт жетті. Олар қоныс аудару мен индустриялы қой шаруашылығы, өндірістің басқа түрлерін жүргізуге кедергі болып отыр'' деген сөздерінен көруге болады. ([31]70 бет)

    Қазақ жеріне орыс, украин, беларусь шаруаларының жаппай қоныс аударуы ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан басталады. Оларға қазақтардан 251779 десятина ең жақсы деген шұрайлы жер тартып алынып берілген. Мұндай қоныс аудару Ақтөбе, Қостанай. Орал қалаларына және оның аймағындағы жерлерде жоғары қарқынмен жүрген. Әскери жорықтармен қатар, патша үкіметі Қазақстанның оңтүстігіне казактарды қоныстандыру жұмыстарын жүргізді. Казактар негізінен Жетісудағы Верный қаласы төңірегіне шоғырландырылды. 1867 жылдың өзінде бұл облыста 12 мыңнан 15 мыңға дейін халқы бар 14 қоныс ұйымдастырылды. Бұлар Жетісу казак әскерлерін құрады. Қоныстандыру орыс жерінен қашықтығына қарамастан Жетісу облысында қарқынды жүрген. Жетісу облысының әскери губернаторы генерал Колпаковскийдің басшылығымен 1868 жылы ,,Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы’’ Уақытша ережелер жасалып, ол 1883 жылға дейін күшін сақтаған. Ереже бойынша қоныстанушыларға еркектердің жан басына 30 десятина мөлшерінде жер берілген. Қоныстанушылар 15 жыл мерзімге салықтардан, әр түрлі міндеткерлік жұмыстардан босатылған. Мұқтаж отбасыларға ,,керек жарақтар алу үшін’’ 100 сомға дейін қарыз берілген. 1883 жылы Жетісу облысы ,,Дала генерал – губернаторлығын ’’ қарамағына кірген кезден бастап, аймақтарға 29 село құрылған. Жетісу аймағындағы қоныстанушылардың саны армия қатарынан босаған казактармен көбейтіп отырған. Олар өз қыстақтарын құрып, салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптарын сақтап өмір сүрген. ([3] 35 бет).

  Патша үкіметі өзінің отарлау саясатында жергілікті халықты ата қоныстарынан күшпен айырды. Қоныстанушылар мен жергілікті халық арасында наразылық ошақтарын тудырды. Қазіргі Шығыс Қазақстан территориясы да патшаның қоныстандыру саясатының аймағына айналды. Бұл өңірдің табиғат байлығы, жерінің құнарлығы Ресей империясын үнемі қызықтырды. ХVΙΙΙ ғасырдың 30 жылдарындағы Алтай тауларындағы кен орындарының ашылуы да патша үкіметінің бұл өңірі жедел қарқынмен отарлауына түркі болды. Тауын Алтай Ертіс өзені жағалауымен Зайсан көлі маңайы байлығын игеру, осы жерлерді өзіне қарату, осы арқылы Қытайға Үндістанға шығу мақсатында орыс патшасы Петр – Ι ХVΙΙΙ ғасырдың 15 – 20 жылдары бұл өңірге бірнеше әскери экспедициялар жіберді. Олардың мақсаты осы аталған жерлердің табиғи байлығын зерттеу әскери бекіністер салу осы арқылы бұл жерлерді Ресей империясының құрамына кіргізу. Кез келген отарлау саясатының мақсатына тән осы кезден бастап аталған жерді мекендеген қазақтардың, т.б. ұлттардың шұрайлы жерлерін күштеп алу, жергілікті халықты құнарсыз жерлерге көшіріле басталды. Тіпті жергілікті халықтың көшу жолы әскери бекіністер маңайындағы казактар қонысынан бес шақырымнан бері жақындауға тиіс болды, кейін ол қырық шақырымға дейін ұзартылды. Мысалы 1765 жылы генерал – поручик Ширингер Қазақстан даласында салынған барлық әскери бекіністер басшылығына көшпенділерді қазақ елді мекендер жүйесіне 5 – 10 шақырымға дейін жақындатпау туралы арнайы нұсқау берді. Ал осы 5 – 10 шақырымдық шекара жүйесін толық заңдастыру, бұл өңірден жергілікті халықты аластау, аталған жерлерге казак әскери қоныстарын орналастыру мақсатында Александр Ι патшаның жарлығымен Оралдан Алтай өлкесіне дейінгі кеңістікті алып жатқан әскери бекіністер, қамалдар мен қалалар, казак қоныстарын қамтитын Сібір, Орал жүйелік әскери казак бөлімдері құрылды.([2] 80 бет).

  1869 жылы Батыс Сібір генерал – губернаторы князь Горчаковтың жарлығымен Ертіс өзені бойы жағалай жергілікті халықтың қоныстануына, кәсіп етуіне тыйым салынатын ереже қабылданды. Ол бойынша Ертіс өзені оңтүстік жағалауын 5 – 10 шақырымдық жері қазақтар үшін тыйым салынған аймақ деп танылып, арнайы картасы жасалынды. Бұл ережені бұзған көшпенділер қатаң жазаланатын болды. Осындай отарлау саясаты арқылы қазақ халқы өз жерінде өмір сүру, жүру еркіндігінен айрылды. ХΙХ ғасырдың 30 жылдары Сібір казак әскери бөлімінде 46171 адам болса, 1869 жылы бұл көрсеткіш 135756 адамға жетті, немесе аталған мерзімде қазақ әскерлерінің саны үш есе өсті. Қазақтар әскери қызметі казармалық дәрежеде емес, жартылай еркін атқарды. Олар әскери қызметпен қатар егін егумен мал өсірумен айналысты. Міне, сондықтан да қазақтардың осындай кәсіп үшін жергілікті халық еңбегінен үнемі құнарлы, жергілікті халықтың жайлау – қыстау жүйесінің бұзылуына әкеліп соқты. Көптеген қазақ рулары Ертістің оң жағындағы жазық жайылымдықтардан айрылды. Аталған мерзім ішінде Сібір, кейін 1867 жылы ұйымдастырылған Жетісу казак әскери бөлімдерінің қажеттілігі үшін 5 млн. шаршы метр шұрайлы, орманды жерлерден жергілікті халық күшпен көшірілді. ([43] 342 бет).

  Осы кезеңде Ресейден қоныс аударушылардың басым көпшілігі Батыс Сібір жеріне қарай жылжыды. Патша үкіметі де бұл жердің орыстармен қоныстандырылуына мүддесі болды. Қазақстан территориясын толық Ресей құрамына қосу мақсатында патша үкіметі қазақ халқының әкімшілік – территориялық ерекшелігін жойып, ішкі Ресейдегі жер, экономикалық дағдарысты шешуді сыртқы округтер арқылы іске асыру мақсатында ол жерлерді басқарудың Ресейдің жүйесін енгізді. Осы мақсатта 1854 жылы ,,Семей облысының басқарудың ережесі’’ шығарылды. Бұған орай бұрынғы ішкі жүйеге кірмеген жерлердің барлығы Ресейдің заңы территориясы деп жарияланды. 1868 жылғы 21 қазанда ,,Орынбор, Сібір ведомстволары, Орал, Сібір казак әскери бөлімдеріне қарасты қырғыз даласын басқаруды жетілдіру туралы ереже’’қабылданып, осының негізінде Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстары құрылды.

Қоныстандырудың маңызды факторларының бірі шығыстағы ұланғайыр жер болды. Олардың арғы бетіндегі егіншілікке жарамды, бірақ бос жатқан жерлер крепостниктік тәртіптің жойылуына дейін де белгілі болатын. Шаруалар тағдырына қатысы алғашқы заң – крепостниктік тәртіпті жою жөніндегі жарлық. Бұл құжаттың нәтижесінде басыбайлы шаруа барлық талаптарды орындаған жағдайда: өз қауымынан шығуға рұқсаты, шығыста оны қабылдайтын қауымның келісімі болса және қарыздарынан түгел құтылса ғана қоныс аударуға мүмкіндік алады. 1892 жылы Транссібір темір жолын салу мәселесімен айналысатын Сібір темір жол комитеті құрылды. Бұл комитетке қоныс аудару мәселесімен шұғылдану міндеті жүктелінді. Осы себепті 1892 – 1896 жылдары комитет миграция ауқымын кеңейте түскен бірнеше маңызды шараларды іске асырды. Қазақстанға шаруалар қоныс аударатын жерлерде деревнялар тұрғызатын, құдық қазатын және жолдар салатын арнайы техниктер тобы жіберілді. Астыртын қоныс аударғандарға жер беру, қарыз жөнінде заң қабылданды. Осы кезде Сібір темір жолының аяқталуына орай бұрынғыдан да тез қарқынымен жүрген. 1893 жылдан 1896 жылға дейін Ақтөбе уезіне қоныс аударушылар саны 2500 адамға, ал Қостанай уезінің жалгерлік қыстақтарында 9173 адамға жеткен. Осы жылы Ақмола, Семей облыстары уездеріне қоныс аударушылардың саны 150 мың адамға жетіп, 43 болыс құрылған. Бұларға қазақ халқының ең жақсы деген 1,4 млн десятина жері тартып алынып берілген. ([17] 12 бет).

  Кең ауқымды қоныстандыру саясатының, шұрайлы жерлерді тартып алудың нәтижесінде ХΙХ ғасырдың аяғында Алтай өңіріндегі жергілікті тұрғындардың саны азайып, олардың көбі еріксізден басқа құнарсыз аймақтарға көшуге мәжбүр болды. Мысалы 1897 жылғы Алтай округі бас басқармасының мәліметтері бойынша Алтай округіндегі барлық тұрғындардың саны 511249 адам болса, оның ішінде тиісінше орыстар – 411608 немесе бар халықтың 80,51 пайызы бұған дейінгі есепке алынбаған қосымша тағы орыстар – 80031 адам болып, олар жалпы халықтың – 15,51 пайызын құрады, көшпелі халық 19322адам немесе бар халықтың 4,98 пайызы ғана болды. 1898 жылдың 30 мамырында Алтай өлкесінің билеушісі Кабинетке орыс қоныс аударушыларының көптен келуіне орай қазақтарды Құлынды даласынан қууға ұсыныс жасады...қоныс аудару кезінде Алтайдың қазақ тұрғындарының тағдыры аса ауыр халге көшті. Көшпенділер жерлерінен күшпен қуылды немесе зорлықпен отаршылыққа көшірілді. Олардың едәуір бөлігі өз еркінен жер шаруашылығымен айналыса алмайтын топқа жатқызылып, мүлде жерсіз қалды. Атап айтқанда осындай жағдай патшалық отарлаудың нәтижесінде ,,Күршім жотасының тар және орманды аңғары мен таулы өңірі арқылы 1878 жылы Қытайға Өскемен уезінің екі болыстығынан – Шыңғыстай мен Алтайдан 600 жанұя қоныс аударды’’, - деп көрсетілген сол кездегі мәліметтерде.

  Орта және жоғары Ертіс аңғарларына қоныстанушылар аталған кезеңде негізінен Тобыл, Обь өзендері маңайынан келуі іске асырылды. Осы арқылы ХVΙΙΙ ғасырдың аяғы, ХΙХ ғасырдың басында патша үкіметі Колывано – Воскесенск т.б. тау – кен орыдарын арзан жұмыс күшімен қамтамасыз етуді, жоспарлады. Бұл кезеңде Ресейдің ішкі өңірімен де аталған өлкеге көп мөлшерде ерікті қоныс аударушылар келді. Ертіс өзені маңайын жылдам қарқынмен игеру мақсатындағы 1822 жылғы 22 наурыздағы жер алуға мүмкіндігі бар барлық мемлекеттік шаруалардың қоныс аударуына рұқсат беріліп, олардың әрқайсысына жер беріліп, қоныс аударушылар аударушылық құралдарымен қамтамасыз етілді. Жайылымдық жерінен айрылған қазақтардың белгілі бөлігі лажсыздан егіншілікпен айналысуға көшті. Сібір казактары облыстық әскери губернаторының берген есебінде ,,әбден кедейлікке батқан қазақтар егін егумен айналыса бастады, 1896 жылы Көкпекті округінде 2545 Сегриополь округінде 2660, Қапал уезінде 483 аршын жерге егін екті’’ деп жазады. Күн көріссіз қалған қазақтардың енді бір бөлігі казактарға жандануға мәжбүр болды. Патша үкіметінің отарлау саясатына талдау жасай келе соң демократ И.Г.Барин – Михайловский 1891 жылы былай деп жазады: ,,Жолдамалы қырғыз казакка толық тәуелді’’.Казактың қырғыздың соруы мен қанауы ағылшыннан ешқандай кем емес. Аталған кезеңдердегі Қазақстан жеріне қоныс аударушылардың басым көпшілігі Ресейдің Еуропалық бөлігінің шаруалары болды. 1870 – 1906 жылдары жалпы дала өңіріне 521023 шаруа қоныс аударса, 1906 жылдан соң 1678836 адамға жетті. ([3] 45 бет).

  Қоныс аударудың қазақ халқына зардабы адам айтқысыз зор болды. Жалпы, Қазақстан бойынша жергілікті халықтың иелігіндегі 50 млн егін шаруашылығына жарамды деп табылса, қазақтардан тартып алынған жердің мөлшері 40 млн – нан артық болған. Сонда қазақтар бүкіл жер шаруашылығына жарамды жерінен айрылған. Мұндай сорақылықты Жетісу жерінде тексеруге келген граф Паленде өзінің патша өкіметіне берген есебінде былай деп жазған: ,,Қоныс аудару басқармасының шенеуніктері Жетісу өлкесінде 30 мыңнан аса адам мекендеген 5100 отаршылдық мекен – жайларды қиратып, ең жақсы шұрайлы деген жерлерді казактарға тартып алып берген’’ Патша өкіметі өзге ұлт өкілдерін Қазақстанға қоныстандыруда алдына қойған мақсатына толығымен жеткен. Ең басты, қазақ жерін мемлекеттік жері деп жариялап, оған барлық жағынан толық қожалық еткен, жерді тек отаршылдық көзқараспен пайдаланған. Қазақтарды өздерінің ежелгі ата қоныстарынан қалай қуу қажеттілігін мен тәсілдері туралы ,,Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай аймақтарын басқару туралы Ереженің’’ баптарында берілген түсініктемелеріне ашықтан – ашық жазылған. Осы Ережелердің 120 – бабында берілген түсініктемесінде И.И.Крафт былай деп жазады: ,,Қырғыз (қазақ) даласындағы орыс халқы онда түпкілікті орналастыру мақсатымен 1835 жылы сол кең – байтақ даланы барынша молырақ қамтыған Жаңа Орынбор шекара шебі жүргізілді. Соның нәтижесінде ескі және жаңа шекара шептерінің аралығында пайда болған ұшы – қырлы жоқ алқаптағы мол кеңістік жаңа шекаралық аймақ деп аталып, бұған дейін Орынбор казачествосы әскерлеріне берілген жерлерге қосылды. Ал бұрын бұл аймақтағы көшіп – қонып жүрген қырғыздардың түгелдей губернаторына келешекте қырғыздардың онда уақытша қала тұруына ғана рұқсат етілді. Ал Орынбор әскери губернаторына келешекте қырғыздарды түгелдей жаңа шекара шегінің арғы жағына біржолата қуып тығуға бағытталған әрекеттер жасу міндеті қойылды’’. ([4] 119бет).

  Патша үкіметінің ,,Заң ережелерінде’’ жер иелену мәселелері көрсетілді. Мәселен 211 – бабында былай делінген: ,,мәртебелі тақсырдың өзі жер сыйлаған адамдар мен жер иеленуге заң жүзінде бекітілген актілері бар адамдар толық меншіктенуге праволы жер иелері деп саналды’’.Осы бабқа берілген ескертуде жерді жеке меншіктену құқығы жөнінде кейбір адамдарға бұрынырақта берілген актілер жайында былай деп арнайы ескертілген: ,,Батыс Сібірде жергілікті жарғылар мен облыстық басқармалар берген актілер немесе жерге берілген сақтау қағаздарын талқылау үшін ондай актілер бар адамдар оларың бас бастық тағайындалған облыстық басқармаға тапсыруға міндетті. Облыстық басқарма тапсырылған актілерді қарағанан кейін олардың шын және заңды екені туралы қорытынды жасап қалуы алады да, оларды генерал – губернатордың бекітуіне ұсынады’’. ,,Уақытша Ереже’’ қауымдасушыларға нұқсан келтіріп, бай – феодалдарға жерді меншіктену құқығы берілген құжаттардың ,,заңдылығын’’ растады және ірі жер иелері мен патша әкімшілігі тарапынан қазақ шаруаларына зорлық жасалуын пайдаланды. Бұл ереже Қазақ өлкесінің қалған облыстарына да қолданды. ([3] 35бет).

  Патша үкіметі өзінің Қазақстандағы аграрлық саясатының мақсаттарын белгілеп алғаннан кейін оларды жүзеге асығуға кіріседі. 1883 жылы Жетісу облысының дала генерал – губернаторлығына қарауына байланысты жергілікті әкімшілік ,,Облыстың отырықшы халқын жерге орналастыру туралы ереже’’ яғни байырғы тұрғындарды жаңадан келушілерді, сондай – ақ Шығыс Түркістаннан қоныс аударған дүнгендер мен ұйғырларды орналастыру туралы ереже шығарылды. Бұл құжат 1885 жылы мамырда бекітілді: бұрынғылармен салыстырғанда жаңа ,,Ережелерде’’ қоныстанушыларға берілетін артықшылықтар біраз қысқартылды: енді жер үлесі әр адам басына 10 десятина болып белгіленді, қоныстанушылар салықтар мен міндеттіліктерден үш жылға ғана босатылды, ал одан кейінгі үш жылдықта оларды жартылай өтетін болды. ХΙХ ғасырдың 90 жылдарының орта шенінен Сібір мен Қазақстанға шаруалардың қоныс аударуы үдел басталды. Ақмола межелеуші партиясы тартып алған жерлері мұнда егіс егумен айналысуға мүмкіндік бермеді. Сондықтан 1894 – 1895 жылдардың өзінде – ақ Сібір темір жолы комитетінде далалық облыстардың территориясын басы артық жерлерді анықтап, оны ,,қоныс аудару қорына’’ қосу тұрғысынан барлық жерде зерттеу қажеттілігі туралы мәселе шұғыл қойылды.

  Торғай облысына қоныстандыру орыс шаруаларының 133 отбасы Ақтөбе бекініс пунктінде тұруға тілек білдірген ХΙХ ғасырдың 70 – ші жылдарында басталды. 1881 жылы Қостанай уезінде қоныс аударушы шаруалардың 1200 отбасы ірге тепті. Орал облысына шаруалар 1884 жылдан 1891 жылдан жаппай ағылып келген. Осы кезең ішінде елдің орталық губернияларынан 2299 отбасы көшіп шығып, олардан Темір уезіне – 703, Ойыл бекінісіне – 237, Шыңғырлауға – 158, Қобда өзеннің жағасына – 120, Жымпиты болысына – 140, Шақар көлінің жағалауына 25 және басқа уездердің территориясына 916 отбасы көшіп келді. ([22] 41 бет).

  1893 жылдан 1896 жылға дейін Ақтөбе уезіне қоныс аударушылар саны 2500 адамға, ал Қостанай уезінің арендаторлық поселкілерінде 9173 адамға жетті немесе 1890 жылғыға қарағанда 1418 адамға көбейді. 1868 жылмен салыстырғанда 1894 жылы Ақмола облысында орыс халқының саны 75 мың адамға көбейді. Торғай облысында қоныс аударушы шаруалар саны 16 мың, Сырдария облысында 12 мың адам болды. 1896 жылға қарай Ақмола және Семей облыстарының бір қатар уездерінде қоныс аударушы шаруалардың 150 мың адамға жуық халқы бар 43 болысы құрылды. Олардың пайдалануында 1,4 миллион десятинаға жуық жер болды. Оның үстіне қоныс аударушылар шаруалардан 88 мың десятинадан астам жерді арендаға алды. Жаңа жерлерге қоныс аудару қозғалысы жыл өткен сайын өрістей түсті. Мәселен, Торғай облысына 1898жылы – 232, 1899 жылы – 731, ал 1900 жылы 744 отбасы қоныстанды. ([2] 82 бет).

  Ресейдің орталық губернияларынан Қазақ өлкесіне қоныс аударушы шаруалардың басым көпшілігі күйзелген, жоқшылыққа ұшыраған шаруалар болған. Ірге тепкен орындарында олар кулактар мен казак жоғарғы топтарына кіріптарлыққа түсті, көпшілігі соларға жалданды. Қазақтардың көптеген шаруашылықтары үсті – үстіне жасалған қысымға шыдай алмай, Орал өзенің арғы жағына өтіп, кең даланың қайнауына сіңіп кетті. Ал өз ата мекендеріне уақытша қала тұруына рұқсат етілгендердің ең жақсы, шұрайлы жерлері казачетво орналасқан аймақтарға өтіп кетті де, қазақтар қайыршылық жағдайға душар болды. Мұны патша 1879 жылы жіберген толық дәрежелі мемлекеттік кеңесші Лукашков төрағалық еткен комиссияның өзі анықтайды.Комиссия ,,әскери басшылық атап көрсеткен жер телімі қырғыздардың тұрмысын түзетуіне мүлдем жеткіліксіз деп тапты’’ және ол жерлерге бұл аймақтарда қалған қазақтардың бәрін бірдей орналастыру тіпті де мүмкін емес’’ екендігін көрсетті. Нақ осындай жағдай Омбы уезінде де орын алды. Онда Ертіс бойындағы ені 10 шақырым келетін ұзыннан – ұзақ алқап генерал Шпрингердің бұйрығы бойынша, қазақтардан тартып алынды.([12] 85 бет).

  Қазақтарды ата қонысынан көшу мәселесін, арада 20 жыл өткенен кейін ғана патша үкіметі түпкілікті шешті. Осыған орай, тағы бір құжатқа оралайық: ІІ Николай патша 1898 жылы 29 мамырда екі баптан тұратын Министрлер комитеті туралы Ережені бекітті, онда: ,,Қазақтарға Орынборлық әскери басқарма шаруашылығы анықтаған үлестік тиімді және тиімсіз жер көлемі – 999003 десятина жер бөлінді’’ делінген болса, мұнан басқа 53251 десятина жер керуен жолы қамтыған кеңістікті толтыруға қосымша бөлінгені айтылған. Бұл бөлшектенген жерлерді қазақтардың тұрақты пайдалануына біртіндеп беру және ол жерлерді Торғай облысының құрамына қоса есептелу көзделді.

  ХХ ғасырдың басында қазақтарды көшіруге берілген жерлерді қайта тексерістен өткізген арнайы комиссия жарамды деген жерді алып, оны Ресейден жаңадан қоныстанушыларға үлестіру жұмысын кеңінен өрістетті. Осындай жұмыстың нәтижесінде қоныс аударушылар мен Орынбор әскерлеріне тағы да қосымша 10000 десятина жер қазақтардан алынып берілді.

  Ресей империясының отарлау аппараты жаңа қоныстанушы казак әскерімен барған сайын күшейтіліп, сан жағынан ұдайы өсіп отырды. Осыған келімсек орыс шаруалары қосылып жергілікті халық қоспаққа түсті. Үйренген ата қоныстан көшу шаруаларға, олардың отбасына жеңілге соқпады. Қоныс аударушы қазақтарға үкімет тарапынан ешқандай көмек көрсетілмеді, ақшалай жәрдем берілмеді. Торғай облысының және Орынбор әскери басшыларының мақсаты өздеріне бөлініп берілген жерлерден қазақтарды дереу көшіру еді. Әкімшілік тарапынан белгіленген мерзімде көшіп үлгермеген қазақтар, өздерінің жағдайын айтып, Орынбор әскери атаманына өтініш білдіруге мәжбүр болған. Алайда Торғай облыстық әкімшілігімен Орынбор әскери шаруашылық басқармасының бірлескен шешімімен 1902 жылдың 1 маусымында барлық қазақтар жаңа шекара шебі ауданынан көшуге қоныстанған еді. Губернатордың тарапынан бұйрығымен енді қазақтардан ешбір шағынмен өтініш қабылданбайтыны ескертілді. Казачество тарапынан жасалынатын қысымға зорлық – зомбылыққа ешқандай шара қолданбайтыны да ашық айтылды. Осындай жан – жақты қыспаққа түскен қазақ ауылдары казак қонысына – станцияларға малмен кәсіп жасайтын кәсіпкерлерге жалданады. Патшалықтың жергілікті өкімет орындары қалай болған да, қазақтарды арнайы бөлінген жерлерге көшіруді дер кезінде орындауға барлық қолдағы мүмкіндігін жұмсап бақты. 1904 жылдың қарашасына қарай Қостанай уезінің бастығы Торғай облысының губернаторына берген мәлімдемесінде: ,,қазақтарды өздері арнайы бөлінген бөлісті миллиондыққа көшіру – мәжбүр ету, полициялық күштеу шараларын қолдану арқылы жүзеге асырылды’’, - деп жазды. ([35] 2 бет).

  Патша үкіметі 1907 – 1912 жылдардағы столыпиндік реакция кезінде Ақмола, Солтүстік және Шығыс Қазақстандағы қазақ халқының жерін жаппай басып алып отырды. Мысалы 1893 жылдан 1895 жылға яғни екі жыл ішінде 4 млн жер десятина кесіп алынса, ал 1906 жылдан 1912 жылға дейін, яғни 7 жыл ішінде 17 млн десятина жер кесіп алынды. 1910 жылы отарланған аймақтарды царизм тірегіне айналдыру учаскелерін кесіп беру жөніндегі көптеген шешім қабылданды. ХХ ғасырдың басында Өскемен уезінде шұрайлы жерлердің үштен бірінен астамы орыс қоныстанушыларының және Сібір казак әскерлері үшінші бөлімшесінің пайдасына ғана қазақтардың 2374671 десятина және 13000 десятина орман жері алынып қойылды. Т.И.Седельников ,, Борьба за землю в Киргизской степи ’’ деген еңбегінде: ,,Қазақ даласының қазақтардың ХVІІІ ғасырда басталып, ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейін үздіксіз созылды, қазақтардың ең құнарлы, жақсы деген 10 млн десятина жерлерін біртіндеп тартып алынды. Қазақтарды отарлау аяқталғаннан кейін, осы уақытқа дейін созылған қырғыздардың (қазақ) бос жер деп аталатын жер көлемінің қоныс аударту жұмыстары жүргізілді’’, - дейді, Қазақтар жерсіз қалды, ол туралы ,,Дала өлкесі’’ генерал губернаторы 1907 жылы 20мамырда шақырған жеке кеңестік хаттамасында айтылды. Көкшетау уезінде болыстың 8-і шаруалардан жерді жалға алған. Павлодар уезіндегі Тереңкөл болысы қазақтарының 85 пайызы жалгерлер жағдайында болған. Олардың жері қара шекпенділердің учаскелері мен саяжайларын жасауға тартып алынды.

  Қоныс аударушыларды жермен қамтамасыз ету тәжрибесі Қазақстан мен Орта Азияда неғұрлым құнарлы жерлерді жергілікті көшпелі халықтан әкімшілік жолмен күшпен алу арқылы іске асырылды. Нәтижесінде бірінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында Қазақстанның көшпелі халқының 40 миллион десятинадан артық жері алынып, бұл көрсеткіш өлкенің жалпы жер көлемінің 20 пайызына жуығын құрады. 1897 – 1916 жылдардың аралығында Қазақстанның даласы төрт облыстарына 1.14 миллион адам қоныс аударды. ХХ ғасырдың басындағы патша әкімшілігінің есебі бойынша ,, 1870 – 1914 жылдары қайта қайтарылғандарын есептегенде’’ Қазақстанның облыстарында 1,678836 адам қалды, олар барлық халықтың 25,7 пайызын құрады. ([12] 48 бет)

  ХХ ғасырдың басында Қазақстанның Шығыс, Алтай өлкесі де Ресей империясының қоныс аударушы шаруаларының мекеніне айналды. Омсы аймақта қоныс аударушыларды орналастыруды жүйелеу мақсатында жіберілген Шербинаның есептеу экспедициясының мәліметтері бойынша ,,Өскемен уезінде сұлы аймақтарды қоса есептегенде қазақтар пайдаланып келген 4,322944 десятина қолайлы жер барлығы айқындалды. Зайсан уезінде жер қоры одан да көп, - деп жазылған мәліметте, 42913 қазақ пайдаланып отырған 5000000 десятина жер бар’’. Яғни осы жерлердің барлығы жергілікті халықтан алынуы керек болғандығы белгілі. ХХ ғасырдың басында құрылған қоныстандыру басқармасының жергілікті орындары әр жыл, ай сайынғы қоныстанушылардың келуі олардың орналасуы туралы деректер жинақтап, есептеп беріп отырған. Олардан мынадай анықтамаларды келтіруге болды. ,,1907 жыл бойынша қоныс аударушылардың қозғалысы төмендегі белгілер бойынша іске асырылды: Павлодар, Семей және Баянауыл өңірінде – Павлодар тіркеу орны арқылы – 454, Семей тіркеу орны арқылы – 432, барлық тіркеу орны арқылы – 1850 қоныс аударушылар 1131 жанұя немесе 6734 ерлер мен әйелдер өтті. Бұл сандар 1906 жылымен салыстырғанда үш есе көп болды. Ертіс өзені бойынша 30000 адам келді’’,- деп жоспарлаған.  1910 жылғы есеп бойынша Семей облысынан негізінен Еуропалық Ресейдің төменгі губерниялардан келіп орналасқандардың саны мынадай болды: Павлодар уезінде Екатинислав және Харьков губернияларынан тиісінше 2811 және 1698 ерлер мен әйелдер, Тавриядан – 1653, Өскемен уезіне негізінен Таврия губерниясынан 5060 адам, Харьковтан – 2698 қоныс аударушы, одан кейінгі Полтавадан – 1588, Екатеринбургтан 15844 қоныс аударушы келді.Зайсан уезіне Томск губерниясынан – 238 қоныс аударушы келген. Семей уезіне Полтава губерниясынан – 654 және Тавриядан 629 адам келді, - делінген осы жылғы мәліметтерде.

  ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында олардың экономикалық жағдайы мен тұрмыстары нашарлап, халық күйзеліске ұшырады.Міне осы кезден бастап жерсіз қазақтардың казак станциялары мен орыс шаруаларына жаппай жалшылыққа жалдануы немесе олардың лажсыздан жерді жалға алуы кең етек алды. Ал, жергілікті халықтың бір бөлігі тау – кен орындарында ең ауыр қол жұмыстарын атқаруға мәжбүр болды. Көптеген қазақтар туған жерлерін тастап көрші Қытай еліне қоныс аударды. Сонымен Ресей империясының орталық саясатының нәтижесінде қазақ жері, оның ішінде Шығыс Қазақстан өлкесі ХХ ғасырдың басында көп ұлтты аймаққа айналды. Мұның өзінде де қазақ халқы өз жерінше тұрмысқа қоласыз жерлерге ығыстырылды. Олар екінші қатардағы бұратана халық болып есептелді. Орыстарға, казактарға жалдану, ауыр жұмыс, теңсіздік, мәдени, рухани тоқырау, сауатсыздық – халқымыздың империялық саясаттан көріп білгені осы болды.

  Отарлау саясаты қазақтардың тек материалдық жағдайларын ғана емес, сонымен бірге рухани адамгершілік мүддесін де қысымға түсірді. Келімсектердің ауылдарын саған кезде қазақтардың мекендері бөлініп тасталды, олар 10 – 15 киіз үйге шоғырланып қана қалған – ды, мұның өзі қазақтардың бір – бірімен қатынаса кедергі келтірді, ауылдастардың экономикалық мүддесін, адамгершілік және рулық қатынастарын бұзды. Кей жерлерде қазақтардың көшетін жолдары шаруа ауылдарының жолдарында жатқандықтан, қоныстанушылар оларға малын өткізгені үшін мал алым төлеттірген. Мысалы, Зайсан уезіне қарасты Қараертіс, Кендірлік, Қалжыр болыстарының қазақтары шаруалардың жерінен мал айдап өткені үшін әр жылқыға 20 тиын алтын ақша, оның үстіне әр түтін басы үшін тағы 20 тиын төлеп отырған.

  Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар судан да тапшылық көріп отырған. Өйткені, қазылған құдықтар ешқандай ақысы төленбей шаруалар иелігіне көшкен. Жергілікті тұрғындардың арыздарында былай деп көрсетілген: ,,Әдетте қоныстанушыларға жер көлдердің жағасынан беріледі, соның арқасында шаруалардың қарамағында ондаған көл бар, ал қазақтар сусыз қалып отыр. Малдың тоғыздан бір ғана шаруаларда болса, олар суаттың оннан тоғызын иеленіп алды. Қазақтар малды бұрынғыдай үш рет емес су жоқтығынан бірақ рет қана суарады. Судың жетіспеуінен қазақтар қайыршылыққа ұшырады ’’. Кеңесте жерді талан – таражға салу фактілері де келтіріледі. Мәселен диаметрі 9 шақырым Тереңкөл маңайында (Көкшетау және Петропавл уездерінің шекарасы) 6 поселке орналасқан. Қазақтар көлдің суына қолдары жетпей, жұтай бастаған соң басқа жаққа көшіп кеткен. Ал екі жылдан соң келімсектер көл маңайын шөлге айналдырып өздері, келесі шұрайлы жерлерге қоныс аударған. ([21] 32 бет).

  Қазақ даласы қаншама кең – байтақ бола тұрса да, оның ең тамаша жерлерінде қазақ қыстаулары мен егістіктер мен шабындықтар орналасқан еді. Сондықтан қоныстандыру басқармасының әкімдері де топырақ құрамын өздері дербес зерттеп, жаңа жерлер табуға ұмтылмай, қазақтардың  егістік – шабындық жерлерін тартып алды. Және жайлаған жерлер шаруалар үшін де қолалы болуы тиіс деп ойлды. ,,Жерді ата – бабадан қалған өз меншігі деп санаған қазақтар’’,- деп жазды Әлихан Бөкейханов. – Орталық қоластына қарағанда мемлекет жеке меншікке қол сұғуға дейін барады деп ойлаған жоқ еді. Бірақ орыс өкіметі ешбір сылтауларсыз – ақ, ашықтан – ашық және күштіні жақтайтын, барлық қазақ жерлерін мемлекеттік меншік деп санайтын заңдар жасады. Нәтижесінде қазақ жеріне қарай келімсектер қозғалысы өрістеді және ең тамаша жерлер келімсектерге көшіп, ал олардың ең нашарлары қазақтарға қалды.

  Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты да оның бүкіл отарлау саясаты тәрізді реакциялық, тонаушылық сипатта болды.  Патша үкіметінің қаскүнем пиғыл қазақтардың жер қатынасында айқын көрініс берді. Шоқан Уәлиханов сөзімен айқанда: ,,Қазақтар орыс бастықтарының әрбір әрекетін тек қана қастыс, бостандығымызға, тұрмысымызға қол сұғатын озбырлық деп білді’’. Бұл сөз шындық еді.  Жалпы алғанда, Орал, Қостанай, Ақмола, Семей, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Бөкей, Адай уезінен қазақ халқының пайдаланудағы жерлер патша үкіметінің жарлығымен тартып алынып, казак әскерлерінің тұрағына және пайдалануына берілген жерлердің көлемі: Семей губерниясынан – 620300, Ақмола губерниясынан 1701000, Орал губерниясынан – 6.465000, Орынбор губерниясынан – 3773676, яки 18142676 десятина болған әскери отарлаумен жедеғабыл жеткен қоныстандыру отаршылдығының қажетіне 1917 жылға дейін. Семей губерниясынан  4.570000, Ақмола губерниясынан – 5262000, Қостанай губерниясынан – 3121770, Ақтөбе губерниясынан – 2.2130505, Орал губерниясынан – 876000, Орынбор губерниясынан – 194000, яки барлығы 162378830 мың десятина жер тартып алынып, қара шекпенділерге берілген. Сондай – ақ қалалар мен темір жол үшін – 431679, ал ,,арнаайы мақсаттағы’’ орманды жерлер мен саяжайлар үшін 587150 десятина бөлінген. Патша үкіметі Қазақстанға орыстан басқа ұлттарды да жаппай көшіру, арқылы отарлау процесін ойластырды. Қазақстанға қоныс аударушылар империясының еуропалық бөлігінен ғана емес, басқа облыстардан да келді. Мәселен халық санағы бойынша 1900 жылы тек Қазақстанның бес облысында (Ақмола, Орал, Торғай, Семей, Жетісу) ғана 3463958 адам болса, оның ішінде еуропалық Ресейден келгендер 24724 адам, Сібірден – 42119, Орта Азиядан – 23530, Поьшадан – 1191, Кавказдан – 1672, Франциядан – 72, басқа жерлерден 3357, бақа мемлекеттерден келушілер санына қарасақ, Қазақстанның барлық келімсектерге есігі ашық болғандығына көз жеткендей. Қорыта келгенде, қазақ халқы патшалық Ресей заманында қысқы қоныстық және егіндік 45 млн десятина жерінен айырылып, шөл және шөлейт далаға көшіріліп, отаршылық күн көруде еді. Қазақтардың өмір сұру орталығы тарылды, сонымен қазақтарды жерден ажырату, оған қоса түрлі салықтармен құныққан шенеуніктер арсыздығы, әскери – полициялық қысым – осының бәрі халықты сорлатты. Ресейде әкелінген өндіріс тауарларын өте қымбат бағамен үлестіріп, ал жергілікті ауыл шаруашылығынан түсетін өнімдерді төмен бағамен сатып алып, қатты байи түсті. Мысалға, 1 қойдың құны бір қорап сіріңкеге татыған.  Патша өкіметі дала өлкесінде өндірілген арзан астық Ресейдегі помещик нанының бағасын кемітеді деп қауіптеніп, тиісті нарық саясатын жүргізді. Патша үкіметінің отарлау саясатының  салдарынан, Қазақстанның ауыл шаруашылығы үлкен дағдарысқа ұшырады. Жерді көп көлемде тартып алу, отырықшылық ошақтарын талқандау, жергілікті халықты шөл – шөлейт даларға ығыстыру қазақтардың егін шаруашылығын өркендетуге қолайсыз жағдай туғызды. Оған қоса қазақтардың мал шаруашылығына да кері әсерін тигізді, мысалы, Қазақстанның дала облыстарында қой – ешкі 1880 жылдан 1905 жылға дейін 24.9 процентке кеміді. Ал жылқы 1905 жылдан 1914 жылға дейін 4,1 пайызға кеміді. Отаршылдық қанаудың қыстағы жергілікті халықтың экономикалық жағдайының құлдырауына, еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқты. Сонымен, экономикалық, тарихи еңбектерде ,,шаруалар арқылы отарлаудың ықпалымен қазақтардың егін шаруашылығы өркендеді, пішен дайындауға қолға алынды, отырықшылдық пайда болды, өндіргіш күштердің дамуы тездеді’’ деп, 70 жыл бойы құлаққа сіңірілген көзқарастың тайға таңба басқандай өтірік екені айқын көрінді. Жер кең көлемде тартып алу, жер мәселесін шешудегі заңсыздық, белден басушылық, отарлық, қанаушылдық, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық алалау, қисапсыз алым – салық, осының бәрі қоғамдық прогреске бөгет жасады. ([16] 20 бет).

   Бүгінде елдік еңсеміз көтеріліп, егеменді, дербес мемлекетімізді құрып отырған кезеңде ұлттық санамыздың түлей жетіліп, есіміздің қайта жаңғыруына байланысты бұрын тарихта жабулы қазан болып келген көптеген ақиқат шындықтарының беті ашылуда. Елімізде кеңестік жеке басқа табыну мен тоқырау жылдарында аса маңызды саяси - әлеуметтік мәселелер хақында әсіресе халқымыздың рухани тарихына қатысты шындықты айтуға қатаң тыйым салынды. Осы іспеттес жіті бақылауға алынған, сынуға болмайтын мәселелердің бірі – патшалық Ресейдің отарланған елдерден шессионерлік саясатының ұзақ уақыт бойы сыр бүгін, беймағлұм болып жатуы еді. ([2] 174 бет).

  Ресей патшалығын қол астына қараған әр түрлі діндегі әр тілдік жүйеде сөйлейтін ,,бұратана халықтарды’’ првославие дініне шоқындырып, орыстандыру үшін жүргізілген отаршылдық саясат тым ертеден басталған еді. Бірақ бұл саясат ,,бұратана халықтардың’’ тұрмыс ерекшелігіне, діни нанымына, әдет – ғұрпына, салт – санасына,дүниетанымына сай сан түрлі айла – тәсілмен жүзеге асырылған. ХVІІІ ғасырдың І жартысынан Қазақ хандығына қарасты Кіші Жүз елі Ресей бодандығын қабылдады. Патшалық Ресей қарапайым, аңғал халықтың бай – жерін көп күш жұмсамай – ақ иемденудің оңай да олжалы жолдарын іздестірді. Біріншіден, отарлау саясатын кең түрде қолдана отырып, өз ұлтының діні арқылы бағындыру тәсілі пайдаланылса, екіншіден, осы тәсіл арқылы бұл халықтарды бірте – бірте шоқындыру, яғни орыстандыру еді. Алдымен мұны жүзеге асыруда аузында ,,алласы’’ бар ниеттегі татар молдалары арқылы қазақ арасына енуі тиімдірек болды. С.Бабажановтың айтуынша: ,,қазақтар арасында басқаша білімді татар молдалары пайда болып, олар ислам дінін ұқтырып уағыздай бастаған. 1785 жылы 25 қарашада ІІ Екатеринаның жарлығы шыққан. Онда ,, қырғыздардың әр түрлі тайпаларына молдаларды бекіту бұрын берген жарлықтарымызға сәйкес келеді және оларды іске асыруға көмектеседі. бұлар мейілінше сенімді және бізге шын берілген болу үшін оларды Қазан татарларынан іріктеуге күш салыңдар. Қызмет орнына жіберер алдында жақсылап нұсқау беру керек. Ол нұсқауларда қырғыздарды патша сарайына берілген рухта тәрбиелеуді, шекараларда жиі – жиі болып тұратын тәртіп бұзушылардың алдың – алуды естен шығармау керек. Бұл молдалардың жол шығынын төлейтін болыңдар, ерекше көзге түскендеріне сый, құрмет көрсеттіңдер’’ деген нұсқау беріледі. Сөйтіп татар моллаларын аттандыру арқылы исламды уағыздаған болып, патшаға деген көзқарасты қалыптастыру көзделген болатын. Олардың басты қызметінің бірі бала оқыту еді. Кейбір ауқатты байлар үйлерінде жеке молда ұстаған. Патша үкіметі бұл саясатты тезірек жүзеге асыру үшін 1800 жылы желтоқсанындағы жарлық бойынша Шығыс баспаханасы Петербордан Қазанға көшіріледі. Ал 1853 – 1859 жылдары бұл баспадан 82300 дана ,,Құрам кәрім’’, 77500 ,,Имам шарты’’ басылып шығарылады.

  Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақтарды тек жерінен және оның байлығынан айырып қоймай, сонымен қатар халықты рухани мәдениетінен айырды. Сондықтан да қазақтарды отырықшылыққа көшуге дайын деп бірінші кезекте христиан дінін қабылдаған қазақтарды есептеген. Олар әскери міндеттіліктен босатылып, жеңілдік берілген. Мысалы, Қостанай уезінде 1897 жылы христиан дінін қабылдаған қазақтарға 8235 десятина жер бөлініп, оларды Макрьев деген қыстаққа орналастырған. Сондықтан да патша өкіметінің орыстандыру және шоқындыру саясатындағы ең сенімді тәсілі орыстарды жергілікті халықтармен араластыра қоныстандыру болды.ХVІ ғасырдың 70 – 90 жылдары Орал, Торғай әкімшілігінің орыс шаруаларына қазақ жеріне жаппай қоныстануға жол беруі – орыстандыру мен шоқындырудың басты мақсаты еді. Әкімшілік тарапынан қазақтарға әр түрлі жеңіл – желпі жеңілдіктер беру жолымен оларды христиан дініне тартып отырды. Соның нәтижесінде тұрмысының нашарлығынан аздап болса да жеңілдіктер беру жолымен оларды христиан дініне тартып отырды. Соның нәтижесінде тұрмысының нашарлығынан аздап болса да жеңілдік алғандар шоқынуға мәжбүр болды. ([39] 9 бет).

  Татар мен басқа халықтар арасында орыс дініне шоқынушылардың алғашқы легі пайда болған ХІХ ғасырдың бас кезінде – ақ біздің өлкемізге де христиан дінін енгізуге патшалық Ресейдің билеуші тобы ерекше көңіл бөледі. Бұл миссионерлік насихат патшалық үкімет үшін де екі жақтан тиімді еді. Біріншіден, отарлау саясатын кең түрде қолдана отырып, аз ұлттарды дін жолымен бағындыру болса, екіншіден, босы тәсіл арқылы бұл бірте – бірте шоқындыру, яғни орыстандыру еді. ХІХ ғасырдың орта кезінен бастап Қазақстан территориясы Ресей құрамына кірді. Осы кезде қазақ халқының өмірдегі әлеуметтік – экономикалық өзгерістер, оның саяси рухани құрылысында да болды. 20 – 60 жылдары енгізілген ережелер бойынша мұсылман дің иелерінің құқықтары мен артықшылықтары шектеле бастады. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап патша үкіметі татар діндарларының қолымен қазақ жұртын мұсылмандыққа бейімдеудің болашағына күмәнданып, саясатының бағытын өзгерте бастайды. Дін істері Орынбор муфтиінің қарауынан алынып, жалпы азаматтық ішкі істер министріне бағындырылды. Мешіт, медресе құрылыстары бақылауға алынды. Әр болыста тек бір ғана молда және ол бұрын жауапқа тартылмаған, сотпен ісі болмаған, молда деп танылған кез келген қазақтан сайланады. Молданы бекітуді және оған шен беріп, орнынан босатуды тек әскери губернатор жүзеге асырады. 1867 – 1868 жылдары қабылданған ,,Ереженің’’ ,,Қырғыздардың рухани істерін басқару жөніндегі’’ 252 – 260 – баптары ислам дінінің таралуына шек қоятын  шараларды заңды түрде бекітті. Мұсылмандық  қасиетті жерлерге тәуап етушілерге қатаң талап қойды. Мұсылман дініне қарсы не түрлі саяси жолдар ойлап табылды. Патша әкімдері кейбір солтүстік аудандарға мұсылман дінін ұстанушыларды жер аударуға дейін барып, оларды жер аударуға дейін барып, оларды қуғын – сүргінге ұшыратты.

   ХVІІІ ғасырдың  соңында патшалық Ресей осы жұмысты тікелей өзі бақылауға алып, басқа халықтарды үркітіп алмас үшін бұл жұмысты сауат ашу мақсатында жүргізіп отырмыз деген желеумен бүркеп отырды. Ал шын мәніндегі олардың мұраты қазақтарды біртіндеп орыстандыру мүмкіндігі келсе шоқындыру, сөйтіп тұтастай өзінің бөлінбес отары ету еді. Бұл туралы Ж.Аймауытов былай дейді: ''Қазақтың жерін тілгілеп келмесек мұжықтарға бере бастады, тілін бұзуға, дінің бұзуға ауылнай школға миссионерлер таратты, әдет – ғұрып  сал – дәстүрі мен санасын өзгертіп, орысқа бағынышты етуге жаңа заң, әлемдік судья шығады. Қазақты ішінен тоздыруға сайлаушылар штаты дегенді шығара бастап, өзді - өзін жұлыстырып, қырқыстырды'', Омбы, Орынборда ашылған оқу орындарында патша үкіметі қызметіндегі қазақ шонжарларының балалары қабылданды. Ал бұл түптеп келгенде қазақ өлкесінде патшаның өзіне берілген адамдарды тәрбиелеу мақсатында жүргізілді. Егер осы бағытта қызметкерлер даярлайтын болса онда қазақ жеріне ықпалының күшейетінін түсінді, оның үстіне осы  қызметкерлер, яғни, прославие және самодержавие рухында тәрбиеленген бұратаналар болашаққа өз халқын осы рухта тәрбиелейтін болады. Отарланған бұратана халықтарды, оның ішінде қазақ елін біртіндеп, асықпай сақтықпен шоқындыру арқылы орыстандыру жолындағы ең басты тәсілдерінің бірі – қазақ халқының ғасырлар бойы қолданып келе жатқан араб графикасы негізіндегі жазуды қолданудан шығару болатын.

  Ыбырай Алтынсарин ,,Қазақтың болыстық мектептері туралы записка’’деген еңбегінде: ,,1876 жылы граф Толстой Орынбор қаласына келген кезде ...  ең алдымен талқыға салынған мәселе – қазақ арасына орысша хат алфавитін қолдануға болатын, туралы мәселе қойған болатын. Бұл мәслихатқа Орынбор оқу округінің попочителі Лавровкий, Қазандағы оқытушылар семинариясының директоры Ильминский және Торғай, Орал облыстарың губернаторлары қатысты. Бұлардың бәрі орыс алфавиті қазақ тілінде қолдануға әбден болады деген қорытындыға келген еді’’- деп жазды.  Өлкені орналастыру және ассимиляциялау мақсатында жүргізілген қоныстандыру саясаты да отарланған жерлерге қоныс аударушыларды барынша тоғыта отырып, жергілікті халықтың үнін шығармай билеу ісі, біртіндеп орыстандыру, шоқындыру, мәселесіне келіп тірелетіні: Қазақтарды дәрменсіз күйге түсірген жайлардың бірі – кедейлік, жұт жылдарындағы ашаршылық. Олар аштықтан аман қалу үшін тіпті балаларын да сатты. Құжаттарға жүгінсек 1812 жылы желтоқсанда Бөкенбай Қаражігіт ұлы өзінің алты жасар қызы Әйтікенді хорнжай  Иван Замятинге 14 сомға сатқан. Қырғыздарды христиандыққа өткізу үшін алдымен әкімшілік шаралар жасау керек, атап айтқанда шоқынғандарға ақшалай көмек көрсету керек. Соңғы тәсіл (яғни ақша беру) қырғыздардың арасында христиан дінін таратуда үлкен табыс әкелді’’. Оқу ағарту саласында орыстандыруға бағытталған арнайы нұсқаулар мен тапсырмалар берілді. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін қазақша – орысша аралас мектептер ашылды. Ондай мектептер ашу мәселесіне ,,Уақытша ережені’’ қабылдау кезінде ерекше көңіл бөлінді. Орынбор губерниясында орыс – қазақ мектептерінің мұғалімдеріне мектепте және мектептерден тыс кездерде орыс тілінен басқа тілде сөйлеуге тиым салынды. Ал мектептерде орыс тілінің сағаттары басқа сабақтардан әлдеқайда артық берілді. Мұндай артықшылық мұсылман мектептері мен медреселерінде де орын алды. Мұсылман мектептеріне жат әдет – ғұрыптар орын алды. Мысалы, Ақтөбедегі екі жылдық қазақ – орыс училишесінде сыныптарға иконалар іліп қойылған. Дәрістен кейін дұғалар оқылып, шіркеу әндері үйретілген. Өлкеде миссионерлік әрекеттерді жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді. Оны шіркеу – приход мектептерінің көбеюінен көруге болды. ([31] 70 бет).

  Патша өкіметі қазақ халқына білім беріп, оның қоғамдық санасын, мәдениетін көрсету емес, қайта оларды өзінің қасиетті ана тілінен, ғасырлар бойы ұстаған дінінен, қанына сіңген өнегелі әдет – ғұрыптарды дәстүрлерінен айырып, рухани құлдықта, надандықта, мәңгүрттікте ұстауды көздейді.Ашылған орыс мектептерінің барлығыда осы солақай орыстандыру саясатының қолшоқпарына айналды. 1842 жылы Қазан қаласында ашылған Діни академия патша өкіметінің ең сенімді тірегіне айналды. 1854 жылы Діни академияның жанынан арнайы миссионерлік бөлім ұйымдастырылды. Қазан қаласының архиепископы Григорий оның төрағалығына, ал Қазан университетінің профессоры А.Қазанбек, Діни академиясының ұстаздары Г.Саблуков пен Н.Ильинский мүшелігіне белгіленеді. Олардың бәрі де араб, парсы, түрік тілдерін жақсы білетін, белгілі миссионерлер болатын. 1847 жылы 2 – маусымда патша өкіметі мен синодтың келісімімен Қазан Діни академиясы жанынан аудармашылар комитеті ұйымдастырылды. Оның басшылығына 1846 жылы Қазанның Діни академиясын бітірген және сол академияның арнайы мақсатпен ашылған мұсылмандыққа қарсы бөлім кафедрасын басқарған жас ғалым Н.И.Ильинский тағайындалды. Аудармашылар құрамына төмендегідей сынынан өткен, танымал белсенді миссионерлер енді: Н.Я.Близновкий, Е.А.Малов, В.Т.Трофимов, священник Н.Н.Остроумов, И.Я.Яковлев, Н.А. Боборонников. Осы діни қайраткерлері аударып жарық көрген 307 кітаптың 288 – і таза діни кітаптар болғанын татар ғалымы А.Карымулин арнайы атап өтеді. Аударылған кітаптардың ішінде бірде бірі тарих, география, арифметика тәрізді өмірге керекті кітаптар болмаған. ([37] 14 бет).

  Миссионерлік қоғамның жергілікті бөлімшелері де болмаған. Оларды ,,Стан’’ деп атаған. Сондай ,,Стандар’’ Торғай облысында, Ақтөбе қаласында Алексанровское мен Михайловское селолорында болған. Мұрағаттарда Ақтөбе миссионерлері М.Побельский, И.Искаков туралы материалдар кездеседі. Олар мектептен еңбек ақы алып патшалық Ресейдің жергілікті идеологы - әкімдері қызметін атқарғаны туралы жазылады. Патшалық Ресей өзінің миссионерлік саясатын ,,бұратана’’ жабайы халықтың сауатын ашу мақсатында жүргізіп отырмыз деген желеумен бүркеп отырған. Патша әкімшілігі қазақтардың ішіндегі ,,беделділерін’’, өздеріне пайда келтіретіндерге азын – аулақ сый – сияпат жасап, өз жағына тартып отырды. Жергілікті орындарда 1868 жылғы ережені енгізуге көмектескендерді патша өкіметінің ордендерімен, медалдарымен марапаттауға ұсынды. Мысалы Торғай облысында 6 адам - Қасиетті Анна, Владимир, Станислав ордендерімен, 4 адам - ,,за усердие’’ алтын медальмен, 10 адам күміс медальдарымен марапатталды. Ал сұлтандарға сыйлықтар беріп отыру үшін өкімет жыл сайын арнайы қаражат бөлді. Орынбор генерал – губернаторлығында 1861 жылғы Ережеге байланысты жылына 1429 сом бөлінсе, ал 1870 жылдан бастап оны екі есе көбейтіп, 5000 сомға жеткізген. Мұндай сый – сияпаттардың түпкі мақсаты халықты өзіне - өзі қарсы қою екендігін билік төңірегіндегілер түсінбеді. Болыстық басқаруды енгізу қазақ халқының арасында түскен жегі құрт болды. Алғашқы кезде болыстардың саны аз болатын. Кейінен қазақтар болыстық үшін таласа бастағанда, бұл биліктің патша үкіметі үшін пайдалы зор екендігін түсініп, болыстықты бірнеше есеге көбейтті. Мысалы, Торғай облысында 1869 жылы 28 болыс болса, ал 1897 жылы 27 болысқа жетті. Болыс сайлауы жанжал, жер дауы, партиялық талас, т.б. келеңсіз оқиғаларға ұласып отырды. Мұның бәрі патша өкіметінің ел арасына ірікті салу үшін әдейі тудырылған іс - әрекеті еді. ([41]46 бет).

  Отарлаудың алғашқы кезеңіне тән болған күш көрсету, көшпенділерді қылыш жүзімен жасқап ұстау әдісі кең түрде қолдалынды. Соның бірі көшпенділердің ажарлы денсаулығы мықты қыздарын тартып алу. Сібірдің тұрғын жұрты мен жер айдалып барған адамдардың арасында әйел жынысының өте жеткіліксіздігін еске алып Николай І – ші патша 1825 жылы 11 ақпан күні Сібірмен шектес қазақ секілді ,,бұратана’’ ұлттардың жас қыз балаларын қолға түсіруге жарлық берген. Бұл жолда қандай амал болмасын қолдануға рұқсат етілді. Осы  жарлық бойынша қолға түскен қыз балалар шоқындырылып, әйел жынысына мұқтаж отбасыларына тапсыруға тиісті болған. Христиан дінің уағыздаушылар өз сөздерін іспен тиянақтап, уәделерін орындап отырған, яғни олар ислам дініне селқос қарайтындарға немесе екі ойлы адамдарға да күшпен ақылмен әсер ете білген. Әсіресе олар кедейлер мен тапшылықтан мұқтаждық көрушілерге мықты материалдық көмек көрсетіп, өз жақтарына қаратып алудан да тайынбаған. ([53]72 бет)

   Бүгінде егемендік алған тәуелсіз мемлекетімізде қасиетті дін – ислам, ал жас ұрпақты ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеу құралы ретінде танылып келді. Дінді таңдау - әркімнің жеке ісі. Бірақ сонда да болса ата – бабамыздың  мирас болып қалған дінді қастерлеу – күллі қазақ қауымының қасиетті парызы. Жастарымыздың әр түрлі дін миссионерлерінің жетегіне байлануы, бүгінгі – қасіретіміз, оның неге әкеліп соғарын тарихымыз дәлелдеп отыр.([52]123 бет).

 

 

 

 

 

 

ІІ – тарау

2.1. Модульдік технологияның оқу үрдісіндегі өзіндік ерекшеліктері мен                  

       жетістіктері.

   Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер – тарихи обьективті процестер. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат – білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушылардың білім сапасын бұрынғыдай білім білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі білім сапасы оқушылардың өркендеуіне, жеке басының әрі қарай дамуына және пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады. ([54]70 бет)

   Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына түсініктемеде: ''Білімді, білік дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық – зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайларында дамитын және өзін - өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдылық болып табылады.'' делінген. Демек бұл тұжырым білім берудің басты философиясы болмақ. Міне, осындай мақсат – міндеттерді орындай үшін оқытудың жаңа әдіс тәсілін, яғни инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді. ([60]5 бет).

  Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік, ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл бағытта көптеген ізденістер жүргізілуде. Осыған орай оқушының тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологиялары пайда болуда. Олар ''Сын тұрғысынан ойлау'', ''Деңгейлеп саралап оқыту'', ''Ақпараттық технология'' т.б. Сабақ жүйесін модернизациялау кезінде пайда болған оқыту технологияларының бірі – М. Жанпейісованың ''Модульдік оқыту технологиясы болып табылады. Білім сапасын көтеру дегеніміз – оқушыны жоғары деңгейге көтеру. Осы мақсатты алға қоя отырып, жаңа технологияларды қолдануды жөн көрдім''.Педагогикалық технологиялар бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің ; оқу – тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістердің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды. Модуль дегеніміз – үлкен бір жүйе, мұнда оқушы білімді жеке – жеке тараулар бойынша емес, бір тұтас тақырып ретінде жүйеленген білім алады. Өзін - өзі дамытуға, бірін – бірін оқытуға, кітаппен жұмыс істеуге үйренеді. Қосымша әдебиеттен білім алуға баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Оқу модульінің сөйлеу бөлімінде оқытудың белсенді формаларын қолдану арқылы оқушыларды оқу материалына бірнеше рет қайта оралып жұмыс істеуге болады. ([54] 71 бет).

  Модульдік оқыту технологиясы күнтізбелік жоспарды жасауға және оқушылардың өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс істеуіне өте тиімді. Оның бір ерекшелігі – білімді меңгеру емес, оқушыны өз бетінше меңгертуге ұмтылады, жадының аулан түрлері (есту, көру) арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, өзін - өзі өзектендіруге, сөдік қорын дамытуға бағытталады. М.Жанпейісованың ,,Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде’’ жұмысын 2003 жылдың екінші жарты жылдығынан тәжрибе енгізіле бастады. Технология бойынша алға қоған мақсат:

1. М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын оқып үйрену;

2. Тәжрибеге енгізу;

3. Мұғалімдер қауымына тәжрибеден кейінгі қорытындылар бойынша   ұсыныстар беру;

М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясының негізгі баланың тұлғасын алға қояды, бұл жаңа білім парадигмасына сай келіп отыр. Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:

- адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;

- өзіне және өзімен - өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;

- іс жүзінде асырып жүрген әлеуметтік рөлдер қызметінің жүйесі, мінез – құлық әрекеттерінің жиынтығы;

- айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін - өзі жете түсінуі;

- қажеттілік жүйесі;

- шығармашылық мүмкіндігі мен қабілеттерінің жиынтығы;

- сыртқы жағдайларға әсерінің жиынтығы; ([56] 12 бет).

  Қазіргі таңдағы оқытудың маңызды мәселесі – оқушылардың танымдық қызметінің артуы, жеке тұлғаның өзіндік дамуына бағыт, сонымен қатар, оның мүмкіндігінің жүзеге асуын қадағалау. Бұл педагогикалық технологиядан біздің түсінетініміз алдыңғы қатарлы педагогикалық ойларды, принциптерді, таза ғылым ережесінің негізін игеру. Бұл нұсқаны репродуктивті және ізденушілікті, таным қабілетінің жеке тұлға қалыптасуында, дамуында, логика, сөйлеу тілінде, сонымен қатар бір көзқараста ой – пікір адамының көңіл – күйіне байланысты нәрсеге ортақтаса білуде, шығармашылықта т.б. көзқарастардан байқауға болады. Осылардың барлығы жаңа технологиямен оқыту үрдісіне байланысты болып келеді. Осыдан келіп, оқытудың мынадай мақсаты мен міндеті модульдік оқыту технологиясы бойынша туындайды. Бұл модульдік оқыту технологиясының:

зерттеу объектісі – педагогикалық технология, оның мүмкіндігі, оны таратудың әдіс тәсілдері.

Зерттеу пәні – педагогикалық технологиясының түрлі типі (модульдік), жеке тұлғаның даму мақсаты.

Зерттеу мақсаты:

-         модульдік технологияның оқушылардың ой өрісін дамытудағы негізгі бөліктерін шығару;

-         осы модульдік технологияның сабақ үрдісіне әр түрлі кезеңдерге енгізу және үйрету;

Зерттеу болжамы:

Модульдік технологияны оқытудағы алға қойған мақсат – оқушының жеке тұлға ретінде дамуында, бұл техника мұғалім мен мектептің бір тұтас жүйе ретінде белгілі бағытта дамуында мүмкіндік береді. ([58] 15 бет).

  Тарих пәні бойынша сабақтарда модульдік технологияны қолданудың кең мүмкіндігі туады. Тіптен, тұтастай осы технология жүргізуге болады. Модульдік оқыту технологиясымен оқыту нұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сәйкес балаларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтық қарым – қатынас негізінде құруға болады. Бұл оқу үрдісі мен мұғалімнің жұмысында кейбір өзгерістер туғызады. Біріншіден, оқушы таным процесінің объектісіне емес, субьектісіне, мұғалім білім мен ақпараттың көзіне емес, оқудың ұйымдастырушысына, яғни ''дирижерына'' айналды. Екіншіден, мұғалім сабаққа алдын ала зерттеу жасап, уақыттың көпшілігін сабақты даярлауға жұмсайды да, сабақ барысында тек бақылаушы, үйлестіруші функциясын атқарады. ([55]38 бет).

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспе бөлім, сөйлесу бөлімі, қорытынды бөлімі.

   Кіріспе бөлімде мұғалім модульдің жалпы құрылымын таныстырады. Бұл бөлімдегі мұғалімнің негізгі мақсаты: оқушыларға Нені білу? Нені үйренуі керек? және Не үшін қажет? екенің түсіндіріп жеткізу. Модульге берілген сағат санының аздығының немесе көптігіне қарамастан кіріспе бөліміне 1 – 2 сағат артық берілмейді. Оған 1 сабақ қана бөлінеді. Кіріспеде өткізілетін сабақ  бойынша дәріс жоспарымен таныстырамыз Жалпылама шолу жасап, ''Ресейдің қазақ жерін отарлауы'' тақырыбы бойынша тірек сызбалар арқылы түсіндіруге де болады. Модульдің кіріспе бөлімінде сөйтіп, мұғалім білім мен біліктің арқасында оқушыға неғұрлым қысқа бірақ анық ақпараттар ағымын беруі тиіс.([54]71 бет).

   Сөйлесу бөлімінде мұғалім шеберлігінің нәтижесінде оқыта үйрету ойындары арқылы оқушыларды өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеулеріне бағыттаймыз. Бұл бөлімде оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі белсенді формаларды (топтық, жұппен, диспуттар) қолдану – оқытудың міндетті шарты болып табылады:

1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілеттерін, жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға, яғни, білім берудің мақсаттары болып табылатын тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған;

2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі – ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау;

3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады;

4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс. Оқу процесін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отыруы және оқудың жоғарғы сатысында жалпылама сипат алуы тиіс;

5. Оқу процесін басқару балалардың ішкі қуатына және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс; Бұл бөлімде оқыту және оқу;

а) дамытушы болады; соған байланысты мұғалімдердің оқушы мүддесіне бейімделуі қажет. Бұдан шығатыны: оқу процесін әрбір оқушының қисынды ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша тілін, қабілеттіліктерін, танымдық қызметке қызығушылығын дамытуға бағыттап, жағдай туғызуы керек. Жағдай туғызу дегеніміз – оқушылардың психологиялық қауіпсіздігін, психологиялық өзара ортаны қамтамасыз ету;

б) даярлаушы болады; яғни модульдің қорытынды (бақылау) бөліміне шығуға даярлайды. Сондықтан да әр сабақта әрбір оқушыға қойылатын барлық бағдарламалар мен берілетін бағалаулар бақылаушы емес, ынталандырушы сипатта болды. Бағалармен бағаларды негізінен оқушылардың өздері (өзіне, бір – біріне, командаға, топқа) береді. ([58]  45бет).

  Сөйлесу бөліміндегі тапсырмалар деңгей бойынша беріледі: І деңгей – дарынды баларға арналған шығармашылық тапсырмалар; ІІ деңгей – жеңілдетілген тапсырмалар; ІІІ деңгей – жеңілдетілген тапсырмалар. Психология үш деңгейлік тапсырмаларды дайындағанда Б.Болумның таксономиясын ұсынады: Бұл дегеніміз: ІІІ деңгей жеңілдетілген. Тақырыпты қарапайым білім мен түсінік деңгейінде игеру. Таксономия бойынша: білу, түсіну.

ІІ деңгей – мемлекеттік білім стандартының талабына сай тапсырмаларды алған білімін қолдана білу және талдау деңгейінде игеру. Таксономия бойынша: қолдану, талдау.

ІІІ деңгей – жоғары күрделірек дәрежесіндегі (,,Стандарттан жоғары’’) тапсырмалар алған білімін топтау және бағалау. ([56] 14 бет).

  Модульдестіру ісін тиімді жүргізу үшін талдау, енгізу, өзгерту, рөлге бөліну ойындарын енгізу де маңызды. Ұжым жеке адамның жан – жақты дамуымен қалыптасуының ортасы, демек оқушылардың оқу – тәрбие үрдісінде белсенділік көрсетуінде ұжымдық ойлау әдістерінің рөлі аса айырықша. Оқушылар топқа бөлінеді. Ұжымдық ойлау әрекеті бірнеше сатыдан тұрады. Ұжымдық ойлау әрекеті – қоршаған айналаны саналы түрде бейнелеу, көзге көрінбейтін барлық байланыстарын, қатынастарын ұғу.

1- саты – тыңдау, салыстыру, ең бастысы негізгі ойды бөліп шығару, алған мағлұматқа сын көзбен қарау, жинақтау, қорытындылау.

2 - саты – салыстыру, ең басты өзгеше негізгі ойды бөліп шығару, алған мағлұматты қорыту барысында сыннан өткізу.

3 - саты – ең басты ойды бөліп шығару. Ақыл – ой әрекетінің мақсатын белгілеу, шешуге қажет қарама қайшылықты айқындау, өз позициясын бақамен салыстыру.

4 - саты – айтылған мәселеге қатысты позицияны басқа адамның позициясымен салыстыру, түсіну нормасын өзгерту, жаңа позицияны нақтылап жүйелеу.

5 – саты – салыстыру, өз қабілеттілігін түсіну немесе басқаның қателігін дәлелдеу, өзінің жаңа көзқарасын дәлелдеу.

6 – саты сендіретін дәлелдер келтіру, маңызды байланысты реттеу, дәлелдер тәсілдерін анықтау.

7 – саты – шығармашылық ойлау, ақыл – ой әрекетінің мақсатын белгілеу, таным процесіндегі ғылыми заңдылықтарды анықтау. ([59] 38 бет).

  Қорытынды бөлім – бақылау. Оқушы сөйлесу бөлімінде алған білім тіпті білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс. Міндетті бағалау – тестілеу. Басқа түрлері – сынақ бақылау жұмысы, диктант. Тексерудің бұл түрлері білім деңгейін әділ бағалауға, бағасын жақсартуға мүмкіндік береді. Қорытынды бөліміндегі (рефлексиялық бағалау) бақылау сұрақтары стандартқа сай келуі керек. Бағалауға тоқталсақ, баға – бейне бір белгі және сонымен қатар өлшеме сияқты, ол оқытудың нәтижелік дәрежесін анықтауға мүмкіндік береді. ([58] 60 бет).

  Модульдік оқыту технологиясының авторының бірі – Марал Мәденқызы Жанпейісованың пікірінше бұл технологияны қолданудың үшінші жылында ғана нәтижеге қол жеткендігін атап өтеді. Бұл технологиямен жұмыс істеген мұғалімнің де оқушының да рөлі де өзгереді. Көп жағдайлардың өзіндік дербес, танымдық қызметін ұйымдастырады. Жұмысты алғаш бастаған мұғалім ойына алған істің бәрі жүзеге аспағандықтан көбінесе өзіне - өзі қанағаттанбаушылықты сезінуі мүмкін.Балалардың тосын, жаңа ойындарды сынақтан өткізу барысында айқай – шуы, соның салдарынан біраз уақытты өткізіп алуы, оқушылардың білім сапасының төмендігіне апарып соғады. Екінші жылы оқу процесі біршама тұрақтанды. Үшінші жылы оқушылардың өздеріне деген сенімі артып, оқушының сөйлеу тілі, ойлау қабілетін арттырып, қорқыныш – мазасыздық сезімі жағалады. Сонымен, зерттеулер көрсеткендегі, технологияның ерекшелігі, құндылығы оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың қажетті дәрежеде меңгеруін қамтамасыз етеді. Бұл технологияны сабақта қолдану барысында оқушылардың барлығымен жұмыс жасауға мүмкіндік зор болады. ([59] 78 бет).

 

 

 

2.2. Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты бойынша сабақ үлгісі.

 

Модуль құрылымы

Сабақ

Модуль мазмұны

Сағат

Ескертпе.

Кіріспе

1 сабақ

1. Модульге кіру

2. Дәріс ,,Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты’’

3. Тірек сызбасын түсіндіру.

5 млн

30 млн

 

10 млн

Оқушылар жұмыс жоспарын дәптерге жазып отырады.

Сөйлеу бөлімі

2 сабақ

1. ,,Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты’’VІІІ тарау.

§ 29,30,31,32,33,34.

2. ,,Қарлы кесек’’ оқыта үйрену сабағы.

 

 

 

45 млн

Топ бойынша жұмыс

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

3 сабақ

 

 

 

 

 

4 сабақ

1. ,,Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты’’VІІІ тарау.

  § 29,30,31,32,33,34.

2. Не? Қайда? Қашан?

3. Пікір сайыс.

1. Тест

2.Әр деңгейлік тапсырма

 

 

 

 

 

 

15 млн

30 млн

20 млн

25 млн

Конспект жасау.

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Негізгі мақсаты: Қазақстандағы Ресейдің отарлау саясатының мәнін,

                             мазмұнын ашып, салдарларын көрсету.

Білімдік: 1. Әскери шептерді салу арқылы отарлауды талдау.

                2. Аграрлық отарлау туралы мәлімет беру.

                3. Әкімшілік реформалар арқылы қазақ жерін басқару жүйесін

                   талдау.

                4. Идеологиялық отарлаудың мәнін түсіндіру.

Дамытушылық: Тарихи оқиғаларды қорытындылап, қосымша деректерді

                            пайдалана отырып, талдай білуін, салыстыра білуін, ұшқыр

                           ойын, өз пікірін дәлелдей білуін, іскерлігін дамыту.

Тәрбиелік: Азаматтыққа, отаншылдыққа, туған жерін, елін сүюге, оның

                   тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

1 – сабақ.

1. Модульге кіру үшін сабақтың жоспарымен таныстыру. 5 млн.

2. Дәріс тезистері:

2.1. Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдай.

а) Ішкі саяси жағдайы

ә) Сыртқы саяси жағдайы

б) Қазақ – орыс қарым – қатынастары

2.2. Қазақстанның Ресейге қосылуы,  қазақ жеріне саяси - әкімшілік басқару    жүйесінің енгізуі.

а) Кіші жүзбен Орта жүздің Ресейдің қол астына кіруі.

ә) Патша өкіметінің Оңтүстік Қазақстанды басып алуы. Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы.

б) 1822 жылғы ,,Сібір қырғыздары туралы жарғы’’

в) 1867 – 1868 жылдардағы қазақ жерін әкімшілік – саяси басқару реформасы

г) 1886 – 1891 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік және сот құрылысына енгізілген өзгерістер.

2.3. Қазақстанның Ресей империясының шикізат базасына айналуы, қоныстандыру және орыстандыру саясаты.

а) Қазақстанның Ресей жеңіл және ауыр өнеркәсібінің шикізат базасына айналуы.

ә) Қоныстандыру саясатының басты мақсаты және кезеңдері.

б) Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы.

в) Қазақ халқын орыстандыру басталуы.

г) Оқу – ағарту саласында қазақтарды орыстандыру.

3. Тірек сызбасын түсіндіру.

а) Ресейдің қазақ жеріндегі отарлау саясаты барысындағы реформалар.

ә) Карта мен жұмыс.

 

 

 

 

1 – сабақ.

Лекция тезистері.

,,Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты’’

Ресейдің қазақ өлкесін отарлауы негізінен, бірнеше кезеңге бөлуге болады.

1.      ХVІ ғасырдың аяғынан ХVІІІ ғасырдың басына дейінгі кезең.

2.      Қазақ елі Ресей империясы құрамына қосылған кезең.

( ХVІІІ ғасырдың 30 – жылдары – ХІХ ғасырдың 60 – жылдары )

     3.  ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың басына (1917 жылға) дейінгі кезең.

   Ресей патшалығы 1556 жылы Астрахан қаласын жаулап алып, Еділ өзеннің бойын иемденіп, бекіністер салып, казак әскерлерін қаптатып, 1711 жылы Ертіс жағалауында ,,ишимская линия ’’ деп аталатын шеп жасап, басқа да әрекеттерді іске асырған соң оның араны бұрынғыдан әрмен ашылды. Ресейде үш жыл бойы патшалық еткен Романовтар әулетінің көрші Қазақстанға да билік етуді маңызды мақсат етуі тегін емес. Сонау Петр І – нің өзі ішкі Азияға да ұмсынып, қазақ жерін соған өтудің ,,кілті мен қақпасы’’ деп есептеген, осылай қарай ұмтылуы да басқа елдің несібесін жырып алудың көрінісі. ХVІІІ ғасырдың басында – ақ патша сол ой – мақсатын жүзеге асыруға кірісті. 1715 – 20 жылдарда жіберілген әскери – барлау экспедициясының шығарған қорытындысының нәтижесінде бекіністер, қамалдар салына бастады. Солар арқылы патша империясы өз ықпалын күшейтуге кірісті. Осы кезде қазақ халқы яғни ХVІІІ ғасырдың бірінші ширегінде бүгінгі бүгінгі алып жатқан жерінің оңтүстік, орталық, солтүстік – шығыс, шығыс және батыс аймақтарына біршама тығыз орналасқан. Қазақ хандығы шығысында Ертістен батысында Еділге дейін, солтүстігінде Орал тауның далалы аудандарынан, оңтүстікте Бұхар, Самарханд жерлеріне дейінгі кең – байтақ жерді алып жатты. Бұл көрсетілген аймақта үш жүздің құрамына кірген 112 ру – тайпалар өмір сүрген. Ғылыми есепке қарағанда, қазақ халқының жалпы саны 2 – 3 млн адам болған. Осы кезде Қазақ хандығының халықаралық жағдайы онша жақсы болмады. Орыс елі мен қазақтардың жақындасуына Ресей патшасы І Петр ерекше көңіл бөлген. Сонымен Қазақстанды отарлау мақсатын әлгіндей экспедиция жіберіп жерін, байлығын, табиғатын, жұртының салт – санасына, әдет – ғұрпына, мінез – құлық қасиеттерін жан – жақты, терең зерттеуден басталады. Одан  әрі басқа қалаларды экспедиция мәліметтеріне қарай іске асырды. 1734 жылы Орынбор қаласын салу мақсатында экспедиция жіберілді. Орынбор қаласын салудағы мақсат Кіші жүзбен Орта жүзге Ресей ықпалын күшейту, Орта Азиямен сауда қатынасын нығайту болды. Осы жылдарда А.И.Тевкелев те аз іс атқарған жоқ. Тевкелев Кіші жүз халқының арасына келіп келіссөз  жүргізді.

   ХVІІІ ғасырдың өзінде Жайық өзені бойында 14 қамал салынды. 1780 шақырымды қамтитын Гурьев қалашығынан басталып, Жайықтың бойымен Алабұға шебіне дейін жеткен Жайық бекіністі шебі салынды. Содан соң Орск (1735 ж.), Верхне – Уральск (1745 ж.), Есіл (1735 ж.), Омбы (1705 ж.), Семей (1718 ж.), Өскемен (1720 ж.), т.б. бекіністерінің бойы көшіп – қонып жүрген жайылымдарына шек қойды. Жердің иесі қазақтарды қыспаққа алу енді ғана жоспарлы түрде іске аса бастады. Бір жағынан қазақтардан құнарлы, шұрайлы жерлерді тартып алды.

  ХVІІІ ғасырдың соңындағы шаруалар соғысы патша үкіметі үшін хандық өкіметінің тиімсіз екендігін көрсетті. Қазақ хандығында Орта жүздің хандық билігін жою ісі Сібірдің генерал – губернаторы М.М.Сперанскийге тапсырылды. Ол 1822 жылы ,,Сібір қырғыздары туралы жарғы ’’ шығарды. Жарғы бойынша ,,Сібір қырғыздарының облысы ’’ сыртқы және ішкі округке бөлінді. Сыртқыға Ертіс өзенінің сыртында көшіп – қонып жүрген қазақтар кірген. Округтер болыстар мен ауылдарға бөлінді. Бір округте 15 – 20 болыс, ал болыста 10 – 12 ауыл болған. Бір ауылда 50 – 70 үй болған. Ауылды ауылдар басқарды. Ал 1842 жылдан бастап кісі өлтіру, тонау, сияқты істерін тек әскери соттар қарай бастады. Жалпы алғанда ,,Сібір қырғыздары туралы Жарғы’’ Қазақ даласын басқару жүйесін ретке келтірді.

   ХІХ ғасырдың 60 жылдары Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінің Ресейге қантөгіспен қосылуы бүкіл қазақ жерінің қосылуының аяқталған кезі болды. 1867 жылы шілдеде Жетісу мен Сырдария облыстарын басқару туралы ,,Уақытша ереже’’, ал 1868 жылы 21 қазанда Орынбор және Батыс Сібір генерал – губернаторлығының далалық облыстарын басқару туралы ,,Уақытша ереже’’ қабылданды. Реформа бойынша Қазақстан аумағы: Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал – губернаторлығы болып үшке бөлінді. Әскери және азаматтық өкімет билігі түгелдей генерал – губернатордың қолына берілді. Ал әрбір генерал – губернаторлық облыстардан құралды. Орынбор генерал – губернаторлығына Орал, Торғай облыстары: Батыс – Сібір генерал – губернаторлығына Жетісу және Сырдария облыстары енді. Облысты әскери және азаматтық өкімет билігі берілген әскери губернатор басқарды. Облыстар уездерге бөлінді. 1867 – 68 жж. реформалар бойынша әскери сот комиссиялары уездік соттар құрылды.Сонымен 1867 – 68 жылдары ,,Ережелерде’’орталық өкімет органдары күшейтіліп, жоғарғы топтар мен байлардың құқықтары нығайтылды. Халықты бағынышты етіп ұстаудың мықты төрешіл ақпараты орнатылды.

   1886 жылы 12 маусымда  ''Түркістан өлкесін басқару туралы ереже'', 1891 жылы 25 наурызда ,,Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және торғай облыстарын басқару туралы Ереже’’ қабылданды. Дала генерал – губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей, Орал, Торғай, Жетісу облыстары кіреді. Ереже бойынша, отырықшы халықтар мен көшпелі халықтар әкімшілік құрылымы жағынан теңестіріледі. Сот құрылымы 1886 – 1891 жылдары ,,Ереже’’ бойынша Түркістан мен дала өкілдерін басқарудың  жаңа түрлері енгізілді. ''Ережеде'' аса бір ерекше көңіл бөлгендері – патша өкіметінің отарлау саясатын жүргізудегі мақсаттары мен мүдделері жақсы ескерілді. Жалпы патша өкіметінің реформалары патша өкіметінің отарлау саясатын жүргізуге сәйкес жасалған. Олар белгілі мерзім өткен сайын өзгеріп, отарлық жердегі жергілікті халықтарды қанаудың жолдарын күшейтті. Қазақ жерінде жүргізілген бұл реформалардың зардаптары орасан зор болды.

     Патша өкіметінің шет аймақтарға қоныстандыру саясаты 1861 жылы ақпандағы ,,Басыбайлық  құқықты жою’’ Ережелерінен кейін – ақ басталған. Патша өкіметі бұл мәселені тездетуде алдына үш мақсат қойған:Біріншіден, Ресейдің орталық аудандарындағы күшейіп келе жатқан толқуларды әлсірету; екіншіден, жерсіз қалған шаруаларға шет аймақтардан құнарлы жер беріп, жер мәселесін шешу; үшіншіден, шет аймақтарда қоныстанушылардың санын көбейтіп, олардың арасынан бай кулактарды шығарып, өзіне тірек дайындау. ХІХ ғасырдың 60 жылдарының ортасында Қазақстанға орталық Ресейден шаруаларды қоныс аудару басталды. Қазақ жеріне орыс, украин, белорусь шаруаларының жаппай қоныс аударуы ХІХ ғасырдың 70 жылдарынан басталды. Оларға қазақтардан 251779 десятина ең жақсы жерлер тартылып алынып берген. Жетісу облысының әскери губернаторы генерал Колпаковскийдің басшылығымен 1868 жылы Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы ,,Уақытша ережелер’’ жасалып, ал 1883 жылға дейін күшін сақтаған. Қазақ жеріне қоныс аударудың жаңа кезеңі Сібір темір жолының аяқталуына орай бұрынғыдан да тез қарқынмен жүрген. Қоныс аударудың қазақ халқына зардабы адам айтқысыз зор болды. Қазақтардан тартып алынған жердің мөлшері 40 млн – нан артық болған.

   Патша өкіметінің қоныстандыру саясаты қазақтарды тек жерінен және оның байлығынан айырып қоймай, сонымен қатар халықты рухани мәдениетінен айырып орыстандыру саясатын да жүргізген. Әкімшілік тарапынан қазақтарға әр түрлі жеңіл – желпі жеңілдіктер беру жолымен оларды христиан дініне тартып отырды. Соның нәтижесінде тұрмысы нашарлары аздап болса да жеңілдіктер алғандар шоқынуға мәжбүр болды. 1867 – 1868 жж. қабылданған ,,Ереженің’’ Қазақтардың рухани істерін басқару жөніндегі 252 – 260 баптары ислам дінінің таралуына шек қоятын шараларды заңды түрде бекітті. Қазақстанда мешіт салуға, қазақтардың арасында татар, башқұрт, Орталық Азиядан молдарлар келуіне шектеу салынды. Орыстандыру саясаты оқу – ағарту саласында да ерекше қолға алынды. Осы мақсатта аралас мектептер ашылды. Мектептерде орыс тілінің сағаттары басқаларынан әлдеқайда артық оқытылды. Дәрістен кейін провославиелік дұғалар оқылып, шіркеу әндері үйретілді. Орынбор әкімшілігінің құжаттарында қазақ балалары оқитын мектептерде оқыту ақыл – ойды дамытуға емес, тек олардың сауатын ашуға ғана бағытталуы тиіс деп көрсетілген. Мектептердің осындай қарапайым орыстандыру бағыттарын түсінген қазақтар балаларын орыс – қазақ мектептеріне беруге тырысты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ресейдің қазақ жерін отарлау саясаты.

Кезең.

Уақыты .

Шаралар.

1 – кезең 

ХVІ ғасырдың аяғы -

ХVІІІ ғасырдың басы.

Қазақ жерімен танысу, зерттеу, қамал бекіністер орнату, саяси мәлілегерлік қатынастар.

2 – кезең

ХVІІІ ғасырдың 30 жылдары – ХІХ ғасырдың 60 жылдары.

Қазақ жерін жоспарлау отарлау, өндіріс орындарын салу әскер қоныстандыру, әкімшілік басқарудағы реформалар.

3 – кезең

ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасыр басы.

Жоспарлы, жүйелі топ – тобымен шаруалардың қоныстануы жергілікті халықтың шет аймақтарға ығыстырылуы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіші жүздің Ресей империясының құрамына енуі.

 

Информация о работе Қазақстанның Ресейге қосылуы