Қазақстан Ұлы Отан соғысында

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2012 в 21:56, реферат

Краткое описание

1945 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс еелді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады.

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстан Ұлы Отан соғысында.docx

— 36.03 Кб (Скачать файл)

ЖИЫРМА ЖЕТІНШІ  ТАРАУ

 
ҚАЗАҚСТАН ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ

ЖЫЛДАРЫНДА (1941-1945 жж.)

 

§1. Қазақстандықтардың майданға аттануы

және олардың  қаһарман ерліктері

 

     1945 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс еелді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп, халық азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Ұлы Отан соғысы басталған алғашқы күндері өткен жиындарда, олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.

     Соғыстың алғашқы  күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік  Қазақстан, Қырғыстаннан шақырылған  жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақтал-ды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал   И.В.Пан-филов болып тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде Қазақстанда 238, 310, 314, 387 және 391-атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде небары республикада 12 атқыштар,  4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ  Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен бөлімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. Қазастандықтар қатысты. Республика майданға  14,1 мың жүк және жеңіл автомашина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберді.

     Қазақстан  офицер кадрларын және армия  мен флот үшін резерв даярлау  ісіне лайықты үлес қосты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына  42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жіберілді, республика жерінде тұрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды.

     Ұлы Отан  соғысының даңқты тарихының беттеріне  жазылған қазақстан-дықтардың ерлігі  аз болған жоқ. Еліміздің басқа  да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Қазақстандықтар соғыстың алғашқы күндерінен бастап басқыншылармен кескілескен ұрыс жүргізді. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ.Жұматов, Ш.Шолтаров, В.Лобанов, К.Әбдірахманов, К.Иманқұлов, Е.Качанов, В.Фурсов т.б. жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастопль және т.б қалалар үшін шайқасты. Әсіресе 1941 жылғы қараша, желтоқасан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын өзекті жолдарының бірі – Волокаламск тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді /Б.Момышұлына 1990 жылы Совет Одағының Батыры атағы берілді/. Қысқа мерзім ішінде бұл дивизиясын талқандады. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И.В.Панфилов зор еңбек сіңірді.

     Дубосеково  разъезі түбінде 28-панфиловшы  жауынгерлер жаудың 50 танкісінің  шабуылына қарсы тұрды. Саяси  жетекші В.Г.Клочковтың жауынгерлерді  ерлікке жігерлендіріп: «Ресей  жері кең байтақ, бірақ шегінер  жер жоқ, артымызда Мәскеу!»  - деген сөздері бүкіл майданға  тарап кетті. 28 жауынгер ˗ орыстар,  қазақтар, украиндар, қырғыздар ˗  4 сағат бойы өршелене жасалған  жау танктерінің тынымсыз шабуылына  ерлікпен тойтарыс берді. Олар  қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қаза тапты, бірақ  жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді  қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П.В.Вихров, М.Ғаблуллин, автоматшылар Т.Тоқтаров, Р.Аманкелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қалдырды. 316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған құрметті 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді. Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған  Мәскеу түбіндегі ұлы шайқасқа панфиловшылардан басқа Қазақстанда жасақталған 312, 238, 391, 39, 387-312, 238, 391, 39, 387-ші атқыштар девизиялары, 74,75-ші теңіз флот бригадалары қатысты.

     Гитлершіл  басқыншылардың Мәскеу түбінде  талқандалуы жау әскерлерінің  рухын түсірді. Гитлердің қауырт соғыс жоспары біржолата күйреп, неміс-фашист армиясының жеңілмейтіндігі жөніндегі аңыз адыра қалды.

     Қазақстанда  құралған басқа дивизиялар, бригадалар  мен полктер Ұлы Отан соғысы  майдандарына 1942 жылы кіргізілді. Бұл  кезде Ақтөбеде жасақталған 312-ші  дивизия Малоярославль түбінде  жаудың үш-төрт дивизиясына қарсы  бір жеті бойы қасарысқан 102-ші  дивизия Украинаның солтүстік-шығысында  қорғаныс шебін ұстап тұрды,  одан Солтүстік Кавказға шегініп,  адам күштері аз қалғаннан  кейін сол жерде таратылды.

     Ұлы Отан  соғысы барысында Сталинград  шайқасы бет-бұрыс кезең болды.  Бұл сұрапыл шайқасқа қатысқан  құрамалардың арасында Қазақстанда  жасақталған 38-атқыштар дивизиясы  бар еді. Ол әр кезде 62-армия  /қолбасшысы В.И.Чуйков/ ,57-армия /қолбасшысы Ф.И.Толбухин/ , сондай-ақ Сталинград үшін болған шайқастың негізгі ауыртпалығын көтерген 64-армияның /қолбасшысы М.С.Шумилов/ құрамында соғысты. Сталинград түбіндегі ұрыстарда Жамбыл қаласында жасақталған 81-атқыштар дивизиясы жауды талқандауда салмақты үлес қосты. 1942 жылғы қарашаның аяғы ˗ желтоқсанның басында бұл дивизия Котельниково қаласын алуға, сөйтіп Сталинград қаласында қоршауда қалған Паулюстің армиясын босату үшін әрекет жасаған неміс-фашист әскерлеріне қарсы шайқастарға қатысты. Сондай-ақ Орал қаласында жасақталған 152-ші атқыштар бригадасының батальондары Элиста˗Астрахань жолы арқылы Еділ өзенінің төмеңгі сағасына өтуге тырысқан неміс, румын әскер бөлімдерінің жолын бөгеді. Қызыл әскер бөлімдерімен шайқастарда көптеген шығындарға ұшыраған неміс˗фашист әскерлері Астраханьға шабуыл жасауға тырысқан әрекеттерінен бас тартты.

     Қазақстандық  жауынгерлер тек Сталинград түбінде  ғана емес, сонымен қатар Курск  иінінде, Днепр, Ленинград үшін  шайқастарда жанқиярлықпен соғысты.  Ленинград үшін шайқастарда жанқиярлықпен  соғысты. Ленинград қоршауындағы  әскери  бөлімдерде қызмет еткен  жауынгерлердің арасында Д.Шыныбековтың, алысқа ататын зеңбірекке бекітілген  аэростат командирі С.Жылқышиевтің  есімдері мақтанышпен аталды. 1942 жылғы шайқастардың бірінде Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданының түлегі Арыстан Ахметов өз есімін өшпес даңққа бөледі. Ол 19 жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан қорғап, соңғы адамы қалғанша соғысты. Жаралы болып ес-түссіз жау қолына түскен одан жау офицерінің бетіне түкіріп, қайсарлық пен қаһармандық үлгісін көрсеткен А.Ахметовты қанішерлер үстіне жанармай құйып өртеп жіберді. Батыр жігіт жау алдында сес бермей, өмірден өтті. Елге оның ерлігі туралы хабар майдангер жазушы Павел Кузнецовтың очерктері арқылы жетті.

     Қуатты жарылғыш  минамен жау танкісінің астына  түскен Қарсыбай Сыпатаев, жаудың  пулеметтен оқ шашып тұрған  дзотының аузын өз кеудесімен  жапқан Ленинград қорғаушысы Сұлтан Баймағамбетов қазақ жауынгерлерін ерлікке рухтандырды.

     Соңғы жылдарға  дейін тарихи оқулықтарда қазақ  ұшқышы Кеңестер Одағының батыры  Н.ркен Әбдіровтің ерлігі жөнінде,  атақты ұшқыш капитан Н.Гастеллоның  отқа ораған ұшағын жаудығ  танк колоннасының үстіне шүйілдіре  құлатып, тас-талқан еткен көзсіз  ерлігін қайталаушы адам ретінде  жазылып келді. Нүркен де 1942 жылы 19 желотоқсанда Ростов облысы Боков-Понамаревка ауданында жау оған тиіп, жаңа бастаған өзінің «ИЛ-12» ұшағын неміс танктерінің шоғырланған қалың ортасына бағыттап, оларды көп шығынға ұшыратып, қаза тапқан. Бұл ерен ерлікті соғыстың алғашқы 5-ші күні капитан Масловтың экипажының құрамында (капитан Гастеллоның экипажынан сәл бұрын) қазақ ұшқышы, Алматы облысы Балқаш ауданының түлегі Бақтыораз Бейсекбаев та жасаған еді. Бұл тарихи әділеттік арада 56 жыл өткенде орнап, Б.Бейсекбаевқа Ресейдің батыры және Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы берілді.

     Сталинград  түбіндегі жеңістен кейін 1943жылдың  жазында қызыл әскеп бөлімдері  бірнеше жүздеген шақырым ілгері  жылжып, Белгород-Орел шебіне шықты.  Мұнда сол жылдың шілде айында  Курск иінінде орасан зор шайқас  жүрді. Курск шайқасына қатысқан  әскери бөлімдердің қатарында  қазақстандық 72-ші және 8-ші атқыштар дивизиялары да болды. 72-ші  дивизияның жауынгерлері Белгородтың оңтүстік-шығысына қарай өңірдегі неміс әскерлерінің шабуылына қарсы қорғаныс шебінде қимыл жасады. Сонымен бірге қазақстандық 8-ші атқыштар дивизиясы да Орел-Курск иінінде жау әскерлерімен жойқын ұрыстар жүргізді. Сөйтіп, гитлершілдердің бұл майдан шебінде шабуыл жасау әрекетінен ештеме шықпады. 1943 жылы  5 тамызда 72-ші және 8-ші дивизия жауынгерлері қатысқан Батыс және Брянск майдан майдандарының әскерлері  Орел және Белгородты немістерден азат етті. Сол жылғы күзде 100-ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасы Калинин майданындағы  3-ші екпінді армия құрамында Невель қаласын азат ету операциясына қатысты.1943 жылы 17-ші қырқүйек ˗10-қазан аралығында 101-ші қазақ ұлттық атқыштар бригадасы 4-ші екпінді армия құрамында Демидово қаласы маңындағы жаудың бекінісін бұзып өтіп, Смоленск және Витевск облыстарының 158 селосы мен деревнясын жаудан тазартты. Батыс майдан әскерлерінің құрамында сондай-ақ қазақстандық 30-ші гвардиялыұ және 8˗ші атқыштар дивизиялары да болды.

     Курск иініндегі  жеңістен кейін Қызыл армия  бөлімдерінің кеңінен етек алған  шабуылы барысында Днепр өзенінен  өтіп, туысқан Украин жерін азат  ету айырықша орын алды. Украинның  ұлы өзенін кесіп өтудегі жанқиярлық  ерлігі үшін 123 қазақстандық жауынгерлерге  Кеңес Одағының Батыры атағы  берілді. 1944 жылдың басында Ресей  Федерациясының солтүстік˗батыс  аудандарын азат етуге Ленинград  майданы әскерлерінің құрамында  қазақстандық 314-ші атқыштар дивизиясы, 219-шы атқыштар полкі белсенділік  көрсетті. Волхов майданындағы басқа  да құрамалармен бірлесе қимыл  жасай отырып, қазақстандық 31-ші  атқыштар дивизиясы Новгоролты  жаудан босатты, сол үшін оған  «Новгородтық дивизия» деген  құрметті атақ берілді. 2-Прибалтика  майданы құрамында жауға қарсы  шабуылға сондай-ақ   319-ші атқыштар,  8-ші және 30-шы гвардиялық атқыщтар  дивизиялары мен  756-шы атқыштар  полкі қатысты.

     1944 жылдың күзі  - 1945 жылдың көктемінде қазақстандықтар  Еуропа халықтарын немістік езгіден  азат ету ісіне де үлкен  үлес қосты.Орталық және Оңтүстік˗Шығыс  Еуропа елдерін азат ету жорығында  ерекше көзге түскен Қызыл  Армия бөлімшелері мен құрамдары  арасында қазақстандық 72-ші және 73-ші гвардиялық атқыштар дивизиялары ерлікпен шайқасты. Варшава˗Берлин бағытында I-ші Белорус майданының құрамында 27˗ші Қызыл Тулы Новгордтық гвариялық атқыштар дивизиясы шабуылға шығып, 1945 жылғы 23 ақпанда Познань қаласын азат етті. Фашистік Германияның мызғымас қамалы Померанияда қазақстандық 456-ы және 209-шы атқыштар, 173-ші артиллерия полктері шайқасты. Мұндағы әскери операцияның табысты болуына Қазақстанда жасақталған 310-шы Новгородтық атқыштар дивизиясы елеулі үлес қосты.1945 жылдың 16 сәуірінен бастап - 2 мамырға дейін қазақстандық жауынгерлер Германияның астанасы Берлинді алуға қатысты. Лейтенант Рахымжан Қошқарбаев қатардағы жауынгер Булатовпен бірге алғашқылардың бірі болып, Рейхстаг қабырғасына қызыл жалау тікті.

     Соғыс аяқталар  кезінде сақталған барлық қазақстандық 12 дивизия құрметті әскери атаққа  ие болды. Олардың бесеуі Кеңестер  Одағының орденімен бір рет,  төртеуі екі рет, екеуі үш  рет марапатталды. Бес дивизияға  Кеңестер Одағының ең жоғарғы  құрметті әскери  белгісі ˗  гвардиялық дивизия атағы берілді.

     Қазақстандықтар  партизандық қозғалысқа белсене  қатысты. Толық емес мәліметтерге  қарағанда, Украинаның партизандық  құрамалары мен отрядтарында  ˗ 1500, Ленинград облысында 220, Смоленск жерінде 270-тен астам қазақ жігіттері соғысқан. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен  65 партизандық бригадалар мен отрядтарда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері Г.Ахмедьяров, Қ.Омаров,  А.Жұмағалиев, З.Хұсайынов, Ж.Саин, т.б. есімдері бүгінде зор құрметке ие болып отыр.

     Қазақстан  жауынгерлері соғыстың Қиыр Шығыстағы  соңғы ошағын жоюға да белсене  қатысты. 1945 жылғы 9 тамызда 52-ші  шекаралық отрядтың капитан Г.А.Голубев  басқарған тобы Аргуни өзенінің  жағасында болған шайқаста 20 жапон  солдатын құртып, 4 солдатын тұтқынға  алып, әскер бөлімдеріне жол ашты. Келесі күні 150˗ші пулемет батальонының жауынгері Л.Г.Кравченко «Лесной» деген жерде жау дзотының аузын денесімен жауып, жолдастарының өмірін сақтап қалуды қамтамасыз етті.165-ші атқыштар полкінің командирі Н.Д.Құрманов Оңтүстік Сахалинде жапондардың қорғаныс шебін талқандауды ұйымдастырып, Харамитог бекініс ауданының 7 дзоты мен 198 атыс ұяларын басып алуға жағдай жасады. Сөйтіп, кеңес әскерлерінің 15-20 күн ішінде талқандауын және тізе бүктіруін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарды.

     Жапонияның  1945 жылғы қыркүйектің басында тізе бүгуімен Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысы және екінші дүниежүзілік соғы аяқталды. Адамзат соғысқұмар фашистік диктатураның дүниежүзіне үстемдік жүргізу қаупінен сақталып қалды.

     Ұлы Отан  соғысы майдандарында көрсеткен  ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар  Кеңес Одағының  орден, медальдарымен наградталды. 500-ге жуық қазақстандыққа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олардың 99-ы қазақ. Солардың қатарында Кеңестік Шығыстың қос қарлығышы, қаһарман қыздары – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова бар. Кеңес Одағының Батыры атағы ұшқыштар Т.Бегилдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов, С.Д.Луганскийге екі реттен берілді.142 қазақстандықтар Даңқ Орденінің үш дәрежесіне ие болды. Соғыс Қазақстан үшін өте қымбатқа түсті. Ұлы Отан соғысында 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.

 

§2. Республика экономикасын майдан мүддесіне бағындыру. Халықтың тылдағы ерен ерлігі

 

     Ұлы Отан  соғысы майдандарында Кеңес Қарулы  Күштерінің жеңіске жетуіне елде  қалған еңбекшілер жанқиярлық  еңбегімен үлкен үлес қосты.  Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс  мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын  қайта бөлу шаралары жүргізілді. Сонымен қатар неміс фашистері  басып алған жерлерден кәсіпорындар  көшіп келе бастады. 1941 жылдың  екінші жартысында республикаға барлығы 142 кәсіпорын көшіріліп әкелінді. Тек Алматының өзінде 34 зауыттың, фабрика мен цехтың жабдықтары орналастырылды. Олардың ішінде Луганск паровоз жасау зауытының бір бөлігі, Харьков вагон жөндеу зауыты және басқалар бар. Сондай-ақ жеңіл және 14 тоқыма өнеркәсіп орнының жабдықтары келді. Украинадан әкелінген үш фабрика негізінде Семей аяқ киім фабрикасы құрылды.

     Майдан шебінен  көшіп келген кәсіпорындарды  орналастыруға республикада 2 300 мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды. Кәсіпорындармен бірге келген адамдарды Қазақстан еңбекшілері жақын бауырындай қабылдап, қамқорлық көрсетіп, тұрғын үймен, басқа да қажет нәрселермен қамтамасыз етті.

Информация о работе Қазақстан Ұлы Отан соғысында