Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 19:52, реферат
Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты
Ресейдегі азамат соғысының
өрістеуіне Антанта елдері дем берді
де, олардың көмегімен Сібірдегі Чехословак
корпусының әскерлері бүлік шығарды. Бүлікшілер
Сібір қалаларымен бірге Қазақстанның
солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола,
Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып
алып, Кеңес органдардан қамауға алды.
1918 жылы жазында
Кеңес елі үшін ең басты
майдан – Шығыс майданы болды.
Бұл бағытта ақтармен 4-ші армия ұрыс
жүргізді. Осы жылдың жазында қазақ ұлттық
әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар
алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор
мен Орал қалаларында құрылды. Бөкей ордасында
қазақ атты әскер полкі Қызыл армияның
құрамдас бөлігі болды.
1918 жылының аяғы
мен 1918 жылының басында Әліби
Жангелдин мен Амангелді
1918 жылы тамыз
және 1919 жылы қазанның орта кезіне
дейін ақ гвардияшыларға қарсы табанды
күрес жүргізді. Осы аймақтағы қорғаныс
орталығы болған Черкасское селосын атауға
болады.
1919 жылы орта кезінде
Қызыл армияның шабуылдарының
нәтижесінде Колчак әскерлері
екіге бөлінді. Олардың бір
бөлігі Сібірге, екіншісі Түркістанға
қарай шегінеді.
Қызыл армияның Түркістан
майданы 1919 жылы тамыз айының екінші
жартысында Колчактың «Оңтүстік армиясын»
біржолата талқандады. Осының нәтижесінде
Түркістан майданының әскер бөлімдері
Солтүстік Жетісуға жеткізліп, мұндағы
қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік
берді. Сөйтіп, 1920 жылы наурызда азамат
соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүстік
майданы жабылады.
Азамат соғысы жылдарында
Кеңес өкіметі «соғыс коммунизмі» саясатын
жүзеге асырды. Оның негізгі мәні-кеңес
елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда
да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол
бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған
азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы
жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз
алынды. Бұл жағдай шаруалардың табиғи
наразылығын туғызды. Әсіресе, ауқатты
шаруалар қатты наразы болды. Кеңес өкіметінің
осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске
де шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы
ақтардың жағында соғысы.
Азамат соғысы аяқталғаннан
кейін Қазақстанда экономиканы
қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты
нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол
жылдары алғашқы ауыл шаруашылық
артельдері, коммуналар, совхоздар
пайда болды. 1920 жылы аяғында 999 колхоз,
оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді
бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ)
құрылды.
1919 жылы 10 шілдеде
РКФСР Халық Комиссарлар
1920 жылы 30 сәуірде РК/б/П Орталық комитеті Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды