Қасым ханның қасқа жолы мен Есім ханның ескі жолы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2012 в 07:47, реферат

Краткое описание

Қазақ хандығында "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", Тәуке ханның "Жеті жарғысы" деп аталатын заңдар болды. Бұл заңдар сол заманда ислам дінін тұтынатын Күншығыс пен Орта Азияның бірсыпыра елдеріндегі феодалдық мемлекеттер мен хандықтарда жаппай қолданылып отырған ислам дінінің "шариғат" заңынан мүлдем басқаша болатын. Бұл қазақ хандығының ерекше тарихи әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді.

Содержание работы

Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы
«Қасым ханның қасқа жолы»
Есім хан тұсындағы қазақ хандығы
«Есім ханның ескі жолы»
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Содержимое работы - 1 файл

қасым ханның қасқа жолы.doc

— 71.00 Кб (Скачать файл)

Ташкент қаласы қазақ  хандығына қараған соң, оны Жәнібек  ханның немересі, Жалым сұлтанның  баласы Тұрсын Мұхаммед сұлтан басқарған  еді.

Екеуінің арасында билік  үшін саяси күрес болды. Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. Сондықтан ол қанға-қан, кек алу, құн төлеу, әмеңгерлікті сақтау, зекет, ұшыр жинау, айып салу, діни патриархалдық екі салтқа арқа тіреу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» деп атады.

Ол ел арасында Еңсегей  бойлы – Ер Есім деген атпен  белгілі болды. XVI ғасырда қазақ  хандығы солтүстікте құрылған Сібір  хандығымен (орталығы Түмен ) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы  руы арасындағы ұзақ жылғы күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті.

Сібір хандығының халқы  түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының ала-құла жиынтығынан  тұратын еді. Хандықтың негізгі  халқы Батыс Сібірдің орманды  далалық бөлігінде, Есіл, Тобыл және Тура өзендерінің орта ағысын, Ертіс пен Обь өзендерінің алқаптарында қоныстанған түркі тілдес «Сібір тайпалары» деген атпен белгілі.

1628 жылы Есім хан  қайтыс болғаннан кейін орнына  Жәңгір хан болған. Ол басы  үлкен, кеудесі кең, аласа адам  болған екен. Сол себепті халық арасында оны «Салқам Жәңгір» деп атаған.

Ел аузында сакталған  деректерге қарағанда, Есім хан тұсында "қасқа жолға" қосылған жаңалық: "хан болсын, ханға лайық заң  болсын; абыз болсын, абыз сыйлау парыз  болсын, би болсын, би түсетін үй болсын" деген ережелер екен. Бұл қазақ хандығы құрылысының саяси-әкімшілік, әскери, рухани және сот істері жөніндегі негізгі заң сипатындағы төрт тұғыр екені байқалады. "Ескі заң" деп аталуына қарағанда, сірә, бұл ережелер бұрыннан келе жаткан дәстүрлі бір жүлгемен жасалған болуы да ықтимал.

"Қасқа жол" мен  "Ескі жол" заңдары XVII ғасырдың  аяқ кезі мен XVIII -ғасырдың басында  қайта толықтырылып, елеулі өзгерістер  енгізіліп дамытылады. Тәуке хан  (1680-1718) тұсында "Күл төбенің  басында күнде кеңес" өткізіліп, "Қасқа жолдың" бұрынғы бес тарауына тағы да екі тарау қосылып, "жеті жарғы" ("жеті заң") деп аталды. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заң еді. Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының шығыс жағындағы жайылымдарды ойрат-жоңғар феодалдарының басып алуына байланысты жердің таралуы, мал жайылымдарына таласқан жанжалдардан адам өлімінің жиі болуы себепті жер дауын мүлік заңынан, құн дауын жалпы қылмыс заңынан бөліп алып, жеке-жеке тарау енгізуге тура келді. "Жеті жарғы" заңы Үш жүздің ойшыл саңлақ билері — Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің қатысуымен, хан қасындағы билер кеңесінен өтті.

 

Қорытынды

Қазақ хандығы заңдары  тілі тұжырымды, есте сақтауға ыңғайлы, ұйқасты, өршімді, шешен сөздермен  құрастырылды. Мысалы, "әділ билік  — алтын таразы", "қара қылды қақ жару", "тура биде туған жоқ", "жетпеген билік жеті ұлықтың есігін ашады", "батыр айғақ, балуан куә", "сорғалаған қан, сойдақтаған із", "ер өлтіріп, өріс бұзу", "ел шауып, мал талау", "табандап ұрып, тап шығу", "бата тимесе, қата тию", "қысасқа қан, оқысқа құн", "жазыққа жаза, айыпқа әнжі", "ханға хандық, биге билік", "мойнына қосақ, артына тіркеу", "семсер астында серт жүрмейді", "иілген басты қылыш кеспейді", "алдыңа келсе атаңның құнын кеш", "жан алып жат болма", "ашыққан ұры — ашынған долы", "мал ашуы, жан ашуы", "алдырған албырт, анасының қойнын ашады", "қойманы не көрген алады, не көмген алады", "ердің құны екі жүз жылқы", "ат тұяғын тай басады", "иттелеуі бір күшік", "әке өлсе, мүлкі мұра", "аға өлсе, жеңге мұра", "ерден кетсе де, елден кетпейді", "дау-айтыс, барымта-қайтыс", "судың түбін шым бөгейді, даудың түбін қыз бөгейді", т.б. Бұлар мақал-мәтел түрінде ел арасында сақталып келді.

Бұл заңдар толық күйінде  біздің заманымызға жеткен жоқ, Халиолла Өскенбайұлы, А.И.Левшин қатарлы зерттеушілер жариялаған үзінділер ғана сақталған. Қазақ заңдарының ертеректе жазылған бір нұскасы "Қазақ хандарының рәсмилері" деген атпен Стамбулдағы Сүлеймен Қанұнидің кітапханасында сақталып тұрғандығы байқалды, бірақ мұны зерттеген ешкім жоқ. Сол сияқты "Қазақтың ережелері" деп аталған бір қолжазба 1950 жылдарда Толы аудандық сақшы мекемесінің қолына түскен екен. Мұның қазір қайда екені белгісіз, оның көшірмесі Бежіндегі ұлт зерттеу институтында болса керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Қазақтың ата заңдары: құжаттар, деректер және зерттеулер – Древний мир права казахов: 10 томдық [Мәтін]/ Бағдарлама жетекшісі С.З. Зиманов. – Алматы: Жеті жарғы, 2003 – (Қазақ академиялық университеті). 2-том. – 2003. – 464 бет.
  2. Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.
  3. Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010
  4. Қазақ хандығының және қазақ халқының құрылуы: Қасым хан туралы // Жолдасбайұлы с. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан.- Алматы, 1995.- Б.151-154
  5. Қазақ хандығының күшейуі және кеңеюі. Қасым ханның тұсында // Қазақтың көне тарихы.- Алматы, 1993.- Б.240-244
  6. XVII-ғасырдағы қазақ хандығы: Есім хан туралы // Қазақтың көне тарихы.- Алматы, 1993.- Б.257-259
  7. Байболұлы Қ. Есім хан туралы жыр // Байболұлы Қ. Төле би: Дастандар.- Алматы, 1991.- Б. 57-172
  8. Есім хан // Қазақтар: Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық.- Алматы, 1998.- Т.2. Тарихи тұлғалар.- Б. 74-75
  9. Мағауин М. Есім хан және оның заманы // Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі.- Алматы, 1995.- Б. 42-52

Информация о работе Қасым ханның қасқа жолы мен Есім ханның ескі жолы