Академик М.Қ.Қозыбаев және тарих ғылымының жаңа белестері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 12:00, доклад

Краткое описание

Еліміз тәуелсіздік алып, дербес мемлекет құрылған сәттен бастап халқымыздың ғасырлар бойғы ұзақ тарихында оның тәуелсіздікке ұмтылған арман-тілегінің, бостандық жолындағы күресінің салмағын бағамдау, сол ұлы тарихтың қатпарларын қайта қопарып, тарихи шындықты қалпына келтіру, осы бағыттағы жүйелі зерттеулердің нәтижесі ретінде халықтың жаңаша тарихи санасын қалыптастыру – біздің бүгінгі рухани өмірімізде жүзеге асырып жатқан аса маңызды қызметіміз.

Содержимое работы - 1 файл

Академик М.Қ.Қозыбаев және тарих ғылымының жаңа белестері.doc

— 66.50 Кб (Скачать файл)

     Ғалым тың методологиялық пікірлер айта отырып, азаттық жолындағы көтерілістерді тұтас қарастыру керектігін көтерді. Бұл методолгиялық көзқарастың күштілігі ұлтты, оның отаршылдықпен күресін біртұтас етіп қана емес, бір сипатты, бір мақсатты екендігін көрсетуде. Ұлт-азаттық қозғалысы мен қазақ-қалмақ арасындағы Отан соғысының түбірлестігі, бір-біріне ұласу заңдылығы, олардың арасындағы диалектикалық даму заңдылығы тұңғыш рет тарихи әдебиетте көтерілді. Міне, осындай түйіндерді шешіп барып автор азаттық қозғалыстың белестерін көрсетті, классификациялады.

     Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қарсаңында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігі: қалыптасуы мен көкжиегі» деген тақырыппен өткен Қазақстан тарихшыларының І конгресінде де академик Манаш Қабашұлының уақытында Отандық тарих ғылымының теориялық-методологиялық бағыттарын көрсеткен сындарлы тұжырымдарының әлі де өміршеңдік танытып отырғандығы анық көрінді.  

     Соған қарамастан, Қазақстан Республикасының 20 жылдық тәуелсіздік тарихында Отандық тарихты зерттеу мен оқытудың басты тұжырымдамасы мен бағыттары қалыптасып, бір ізге түсті деп айтуға негіз бар. Оның ішінде:

    • тарихи зерттеу методолгиясының негізгі қағидасы әлемдік өркениет талаптарына сәйкес ұлттық мүдде, қоғамдық бірлікті қалыптастыру ұстанымы орнықты;
    • тарих бетіндегі беймәлім немесе бұрмаланып келеген «ақтаңдақтар» ашылып, тарихи зерттеу шынайы, ғылыми сипатқа ие болды;
    • таптық, коммунистік идеологияның қыспағымен жасырын болып келген мұрағат құжаттары жария болып, зерттеушілердің қолына тиді. Соның арқасында кеңестік дәуірдің ащы шындығы көпшілікке мәлім болды;
    • жаңа ғылыми тұжырымдаманың негізінде қазақ этносы мен қазақ мемлекеттігінің көне дәуірден бастап тәуелсіздік кезеңіне дейінгі қалыптасу және даму сабақтастығын жүйелі түрде жеткізу мүмкіндігі туды;
    • ұлттық сипатқа ие болған отандық тарихты оқыған жас ұрпақтың санасындағы ұлт тарихына деген сенім, мақтаныш психологиясы қалыптаса бастады
 

       Тәуелсіздікке қолымыз жеткен сонау 1991 жылдардың басында шығармашылық еркіндік, пікір алуандығы шындыққа айналған шақта азат елдің тарихының жаңа парақтарын толтыруда академик М.Қозыбаев басшылық жасаған Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты көтерген жүк бүгінгі таңда да бір жеңілдеген емес. Аталған институт алдарына Қазақстан халқын ұйыстыруға қызмет ететін «Отан тарихының» 20 томдығын жазуды қолға алып отыр. Академик Манаш Қабашұлы: «Бұл да еліміздің тарихы. Ал, тарих туын желбірете ұстау – біздің азаматтық парызымыз» деген еді (4).

     Тәуелсіздіктің  туы нық желбіреген қазіргі кезеңде  ұлт ұранын алғашқы көтеріп, тарихи сана-сезімді қалыптастырудың іргетасын  қалаған біртуар азамат, тарихшы-ғалым М.Қозыбаевтың арман-тілегі, мақсаты толық жүзеге асатынына шәкірттері, бүгінгі ұрпақ сенімді. 
 
 
 
 

     Сілтемелер: 
 

    1. «Национальные движения в условиях колониализма: Казахстан, Средняя Азия, Северный Кавказ»  Материалы Всесоюзного «круглого  стола» 27-28 июля 1990 г. Целиноград, 1991 г., 4 бет
    2. Академик Манаш Қозыбаев. Мерейтойлық жинақ. Алматы: Атамұра, 2001., 136 б.
    3. Көрсетілген еңбек, 54 б.
    4. Көрсетілген еңбек, 131 б.

Информация о работе Академик М.Қ.Қозыбаев және тарих ғылымының жаңа белестері