Шығыс ойшылы Әль-Фараби тарихы және саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 21:59, реферат

Краткое описание

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мухаммед Фараби ерте орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бірі болып табылады. Ол көпжақты оқымысты-энциклопедисть және шығыс рационализмін қалыптастырғандардын бірі болды. Осы себепті оған “Аристотелден кейінгі екінші ұстаз!” деген құрметті атақ берілген Әл Фарабидің, бір кездері Орта Азияның етедегі мәдени орталығы болған қала Отрарда туылғаны тарихтан белгілі. Әл Фараби осы Отрарда, өзінің ана тілі қыпшақ тілінде бастауыш білім алады. Фарабидің еңбегі мен әрекет дәуірі араб мәдениетінің даму дәуірімен түстас келді.

Содержание работы

Кіріспе.......................................................................................................................3
1. Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаяны.....................................................................8
2. Туған жері............................................................................................................3 3. Оқу жолы..............................................................................................................3 4. Шығармашылық жолы........................................................................................4 5. Әмбебап-музыкант..............................................................................................5 6. Медицинаға қосқан үлесі....................................................................................6 7. Ғалым мұралары жету кезеңдері .......................................................................7
Қорытынды.......................................................................................................14
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................15

Содержимое работы - 1 файл

Тарих.docx

— 51.09 Кб (Скачать файл)

Алматы энергетика және байланыс университеті

Радиотехника және байланыс факультеті

 

 

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

Қазақстан тарихы

 

№1 семестрлік жұмыс

 

Тақырып: Шығыс ойшылы Әль-Фараби тарихы және саясаты

 

 

 

Орындаған: Алибеков Н.Е.

Топ: БРку-12-02

№123282

Тексерген: Жұман С. Ә.

 

 

 

Алматы 2012

 

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................3

1. Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаяны.....................................................................8

2. Туған жері............................................................................................................3 3. Оқу жолы..............................................................................................................3    4. Шығармашылық жолы........................................................................................4 5. Әмбебап-музыкант..............................................................................................5 6. Медицинаға қосқан үлесі....................................................................................6 7. Ғалым мұралары жету кезеңдері .......................................................................7

     Қорытынды.......................................................................................................14

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мухаммед Фараби ерте орта ғасырдағы ұлы ғұламалардың бірі болып табылады. Ол көпжақты оқымысты-энциклопедисть және шығыс рационализмін қалыптастырғандардын бірі болды. Осы себепті оған “Аристотелден кейінгі екінші ұстаз!” деген құрметті атақ берілген Әл Фарабидің, бір кездері Орта Азияның етедегі мәдени орталығы болған қала Отрарда туылғаны тарихтан белгілі. Әл Фараби осы Отрарда, өзінің ана тілі қыпшақ тілінде бастауыш білім алады. Фарабидің еңбегі мен әрекет дәуірі араб мәдениетінің даму дәуірімен түстас келді. Әлемнің атақты оқымыстылары, философтары, ақындары, музыканттары, бағдатқа жиналды және онда ғылым академиясы мен университет ашады.Бағдат оқымыстыларының арасында Орталық Азия мен Қазақстаннан шыққандар құрметті орындарды иеленді. Солармен бірге Бағдатқа – білімнің барлық саласынан; музыкадан бастап астрономияға дейін   хабары бар Фараби де келді. Фараби тіл ғылымының, калеграфияның, лингвистиканың, өлең құрастырудың, риториканың ірі теоретигі ретінде танылды. Сауатты жазу, каллиграфия, өлең жазуғ риторикадан трактовкалар жазды. Әбу Насыр ал-Фараби – жан-жақты дамыған музыкант әрі компазитор, мәнерлеп орындаушы әрі теоретик, тарихшы, музыкалық аспаптарды жасаушы шебер болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Әбу Насыр Әл-Фараби өмірбаяны

Әбу Насыр Әл-Фараби (أبو نصر  محمد الفارابي арабшасы)Әбу Насыр  Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ  әл-Фараби(870-950ж. ш.) – әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби еңбектерімен таныстығы жөнінде нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық: «… философияға, даналыққа зор мән берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен таныс  болуымен бірге осы ғақпиялар  кітаптарынан да мағлұматы бар еді» (Абайдың республикалық әдеби-мемориалдық  музейі. Инв. №172, 17-6.), – деп айтылған пікірі Абайдың Фараби еңбектерімен таныс болғандығын анықтай түседі. Абай өз шығармаларында нәр татқан рухани бұлақтар төркінін жасырмайды, ол қайта: «Ғылымды іздеп, Дүниені көздеп, Екі жаққа үңілдім..,» – деп  ескертуінде мәні терең сыр жатыр. Фараби мен Абай шығармаларындағы пікір  сабақтастығын, ақын шығармашылығы  нәр алған рухани көздерінің түп-төркінін қарастырғанда, алдымен екі ұлы  ойшылға ортақ «жан қуаты» немесе Абайдың өз сөзімен айтқанда «өзін  танымақтық» жөніндегі көзқарасына  айрықша назар аудару қажет.

Адамзат тарихында ғылыми ойдың  үздіксіз даму барысында «өзін танымақтың»  немесе «жан қуаты» туралы ойлардың қалыптасу  жолдарын танып білу күрделі мәселеге айналып, бастан-аяқ қарама-қарсы  көзқарастардың өріс алуына түрткі болды. Адамның өзін танымақтық жөніндегі  ілімнің алғашқы қадамы көне дүние  философтарынан басталса да, оны өз заманында ғылыми жүйеге түсіріп, қалыптастырған Фараби еңбегі ерекше көзге түседі. Жалпы «жан қуаты» немесе «өзін танымақтық»  жайлы күрделі ой сарасына қазақ  топырағында арғы заманда Фараби, соңғы дәуірде Абайға терең барлап барған. Абай өлеңдері мен қарасөздеріндегі жан қуаты жайлы ой толғануында  «жан құмары», «жанның жибили қуаты», «жан қуаты», «жанның азығы» т. б. осы  іспеттес филос. сарындағы ойларын  таратқанда: «Жан қуаты деген қуат-бек  көп нәрсе, бәрін мұнда жазарға  уақыт сиғызбайды» – деп, айрықша  ескертуінің өзіндік себептері  бар. Бұл тұжырымынан ақынның  «өзін танымақтығы» жөніндегі ілімнің  тарихымен толық таныстығы анық байқалып, өз тарапынан ойларын кең  түрде тыңдаушыларына молынан жеткізе  алмаған өкініші де сезіледі. Жан  қуаты жөнінде Фараби қолданған  филос. терминдер Абайдың өлеңдері мен жетінші, Он жетінші, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші қарасөздеріңде сол түпнұсқадағы қапыңа немесе қазақы ұғымға сай балама сөздермен беріледі. Ақынның Он төртінші, Он жетінші  қарасөзі мен «Әуелде бір суық мұз ақыл зерек…», «Көзінен басқа  ойы жоқ…», «Малға достың мұңы жоқ  малдан басқа…», «Алла деген сөз  жеңіл…», «Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі асыл тас… «өлеңдерінде арнайы сөз  болып, талқыланатын ақыл, қайрат, жүрек  жайлы филос. мағынадағы ойларының  бастау алар көзі Фараби еңбектеріңде жатыр.

Фараби «Ізгі қала тұрғындарының  көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде  адамның өзін танымақтығы жөнінде  айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп  жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі  шешуші мән беріп, ерекше даралай  көрсетіп отырады. Жалпы жан қуаты  жөніндегі танымға булай қарау  мешаиын (перепатетиктер) мектебіндегілерге  тән құбылыс. Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес келеді. Фараби «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін  ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ, мұның үстемдігі бірінші емес» (әл – Фараби. Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.), – деп, жүрекке шешуші мән бере қараса, Абай да: «Сен үшеуіңнің  басыңды қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда билеуші жүрек болса  жарайды» деген тұжырымға келеді. Бұдан екі улы ойшылдың да жүрек  жөніндегі танымдарының негізі бір  екені, тек баяндау түрі басқаша  берілгені көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке шешуші мән-мағына берумен  қатар, оны ізгілік, рақым, шапағат  атаулының шығар көзі, тұрар мекені деп біледі. Ойшыл-ақын көп көңіл  бөлген мораль философиясы да осы  танымға негізделген. Абай туындыларының  өн бойына таралып отыратын адамгершілік, имандылық ойларының бәрі де осы  көзқараспен ұштасады. Ақынның «хауас», «үш құю» (имани гүл), «жә уан  мәрелік», «әділет», «шапағат» жайлы  ой толғаныстарының желісі де осы  таным шеңберіндегі ұғымдар. Бұлар  Ф-дің жоғарыда аталған еңбегіндегі  адамның жеке басының ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі жайлы  арналы танымының негізіне саяды. Осы  Фараби дәстүрінің жалғасы Абайдың«толық  адам»жөніндегі ой-пікірінен айқын  сезіледі. Абайда жиі сөз болатын  «толық адам», «жарым адам», «адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы», «бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат», «адамшылық», «адамның адамдығы», «адам болу»  т. б. атаулық мәні бар ұғымдар, сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің шығар  көзі Фараби еңбектеріндегі ой желісінен  туындайды. Фараби «Табиғат ғылымдарының негіздері» (космогония) жайлы еңбегінде  жалпы хакасқа, әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше назар аударған. Фарабидің қоршаған орта болмысының сырын тануда басты орын алатын сезім  мүшелері – хауаси хамса жайлы  филос. ұғымдары Абайдың Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі мен «Алла  деген сез жеңіл» өлеңінде сол  түпнұсқадағы қалпында берілген. Ақынның  «Жансыз жаратқандарынан пайда  алатын жан иесі хайуандарды жаратып, жанды хайуандардан пайдаланатын ақылды инсанды (адамды) жаратыпты» деген тұжырымы дүниенің жаралуы жайлы Фарабидің  тәңірі әуелі жансыз дүниені, есімдіктерді, жан-жануарларды, содан соң ақыл иесі адамдарды жаратқан дейтін сатылы танымынан туындайды. Бұл таным  Фараби көзқарасының әлсіз жері болса, Абай танымының да осал жағы болып  табылады. Ойшыл ақын өз шығармаларында Фараби дәстүрімен хауаси хамса заһириге ерекше мән береді. Ақыл, сана дегеніміз  бізді қоршаған өмір шындығының сыртқы бес сезім арқылы, яғни, танымның жибили қуаты мен адамның санасында сәулеленуінен пайда болатын рухани құбылыс деп таниды. Абайдың ақыл мен сананың пайда болуы туралы дүниетанымының негізі Фарабидің «Ақыл дегеніміз тәжірибеден басқа ешнәрсе де емес» (әл-Фараби. Философиялық трактаттар, 295-6.) деген ой желісімен өзектес келеді. Фараби жан қуатын қозғалт тыратын қуат және танып білетін қуат деп екіге бөліп, адам бойындағы танып білетін қуатты ішкі және сыртқы жан қуаты ретінде қарастырады. Фарабидің бұл танымы Абайдың шығармашылығында сол тұрғыдан психол. ұғымдардың баламасы ретінде сөз етіледі. Ақынның қарасөздерінде адамның сыртқы бес мүшесі мен ішкі сезім мүшелері бірлікте алынып, хауас ретінде түсіндіріледі. Абайдың хауас үғымы-көбінесе, бейнелеу қағидасымен (ахси жиһан) ұштасатындықтан, Қырық үшінші сөзінде адам бойындағы жан қуаты жөніндегі Фараби танымдарымен іштей сабақтасып жатады. Ақынның «адамды танымақтық» деп өз алдына сараланатын ұғымдары Фарабидің жан туралы ойларымен өзектес келеді. Фарабидің адамның дүниені танып білу қуатына (әл-қуат алмутехаййла) ерекше мән бере қараған, негізгі ой желілері Абайда арнайы сөз болатын хауас, хауаси хамса заһири, хауас сәлем ұғымдарынан көрініс тапқан. Фараби жан қуаты жөнінде өзіндік соны ойлар желісін таратқанда, оларды өсімдік жаны, хайуан жаны, адам жаны деп үшке жіктеп, таным процесін адам жанына тән тума қасиет ретінде қарастырады. Осындай тұжырымдар Абайдың Жетінші, Он тоғызыншы, Жиырма жетінші, Отыз сегізінші, Қырық үшінші сөздерінде ұшырасады. Жетінші сөзінде «жанның тамағы» жайында тоқтала келіп, Абай: «… өрістетіп, өрісімізді ұзартып құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді», – деп, оны жан құмары арқылы дамитын сезім тұрғысында түсіндіреді. Жиырма жетінші сөзінде хайуан мен адам арасындағы ерекшелікті олардың дүние тану үрдісіне қарай жіктеп, «… Һәмма мақлұққа да қара, өзіңе де қара, жаңды бәрімізде де беріпті. Жанның жарығын бәрімізге де бірдей ұғарлық қылып беріп пе? Адам алдын, артын, Һәм осы күнін – үшеуін де тегіс ойлап тексереді. Хайуан артын, осы күнін де бұлдыр біледі, алдыңғы жағын тексермекке тіпті жоқ» деп тану қабілетінің адамда зор сапалық ерекшелікте болатынын атап өтеді. Ақын Фарабидің түсіндіргеніңдей жан құмары, жан қуаты деген қасиеттер тек адамға ғана тән нәрселер деп таныған.

Фараби заманында мұсылман қауымының  ой санасында бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік  негізде түсіндіретін жаңа бағыт  қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы  түбірлі қателігін аяусыз сынаған  Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм  идеясы қанат жайған тұста одан әрі  дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған  мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас  барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр, Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа  езе дүр..,» – деп, түбегейлі  әшкерелеп терістеуінде терең таным  сыры жатыр. Абай арнайы көтеріп отырған  хауас жайындағы ұғымы ақын шығармаларында «хауаси хамса заһири», «хауас сәлем», «хауас»деген үш түрлі мағына даушы  растады. «Алла деген сөз жеңіл» өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен логиктердің хауасты түсіндірудегі пайымдауларын әшкерелей терістеуі ақынның әлеум. ортасындағы батып сыншылдық бағьггты танытты. Абайдың дүниетанымындағы ерекше назар аударар нәрсе ақынның Фараби түзген ғылымды классификациялау принципі мен таныс болуы. Ақынның Фараби жасаған ғылымды жүйелеудегі принципімен таныстығы жеңілде нақтылы дерек жоқ. Дегенмен де, Абай шығармаларында ғылымды жүйелеу жөніндегі пікірін белгілі бір дәрежеде нақтылы деректермен білдіреді. Мәселен, Қырық бірінші сөзінде. «… дүниеде есепсіз ғылымның жолдары, бар, сол әрбір жолда бір медресе бар…», – деп, ғылым салаларының молдығын, нақтылы атауларын жеке-жеке атап өтеді. Ақынның Отыз сегізінші сөзінде ғылым салаларын біршама жүйелеу принципі ұшырасады. Ғалым, хакімдер туралы пікір қозғағанда:«… адам баласының ақыл-пікірін ұстартып, хақ бірлән батылдықты айырмақты үйреткендігі…» – деп, қоғамдық ғылымдарды өз алдына дербес топтастырады. Абай Отыз сегізінші сөзіндегі «адамның білімі», «алланың ғылымы», «өзіндік ғылым», «дүниенің ғылымы», «заһири ғылым», «дүниені танымақтық» тәрізді ғылым салаларын Фарабидің филос. тұжырымдарында қолданылатын атау сөздермен не қазақы ұғымға сай балама түрдегі атаумен қарастырады.    

   1.Туған жері 
     Әбу Наср Әл-Фараби Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қаласы — 950, Сирия, Шам) — қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген. 
        2. Оқу жолы 
     Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған. 
        3.Шығармашылық жолы 
     Әбу Наср Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Наср Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Наср Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Наср Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады. Қасиетті Құран Кәрім тек діни қағидалар жинағы ғана емес, сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу Наср Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына парыз болған — иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрім мен Хадис Шариф — парыз-сүннет амалдарына негіздеп отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеологиканың ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мынадай дерек сақталған. Тегі түркі болып табылатын баһадүр қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт Әмір ислам жолын бұзған “қармат” елін талқандаған соң, Әбу Наср Әл-Фарабимен кездеседі. Меккеге барар жолды кесіп “қажылық” жасауға мұрша бермеген қарматтардың жеңілгеніне қуанған Әбу Наср Әл-Фараби іштей “қажылық” етуге ниет етіп, араб халифының саид-задаларымен әңгімелеседі. Осы әңгімеде ғалым ислам бірлігін сақтау үшін мазһабтар арасын жақындастыру керек деген ой айтып, өзінің араб, парсы және түркі нәсілдері арасындағы алауыздықтарды жоюға күш салып жүргендігін мәлімдейді. “Бабалардан қалған өсиетте түркі халқы әділетшіл делінген еді. Сол сөздің ақиқаттығы мен әділеттілігіне енді көз жеткізіп отырмыз” деп Саид-задалар Әбу Наср Әл-Фарабидің қолын құрметпен қысады. 
   Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдадқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдад халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдад шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдадта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты. Әбу Наср Әл-Фараби өзінің философия көзқарастарында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель қағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланысты қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан қарастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, “Аспан астындағы дүние” ілімінен неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл — тек “аспан астындағы дүниенің” қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы — жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам болса дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты, ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру, соған қол жеткізу. Философ адамды өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу ісіне үлкен мән берді. Бұл мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық, тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды бір-бірімен өзара сабақтастықта қарастырады. Рухани жоғарғы мақсат нышандарын адамдарды өзара байланыстыратын бастаулардан — жан-дүние үндестігінен, әдеміліктен, қайырымдылықтан, бақыттан іздестіреді. “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мемлекет қайраткерлерінің қанатты сөздері” және т.б. саяси-әлеуметтік трактаттарында қайрымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде ақыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті. Әль-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді. Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді: Бірінші шарт —философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады: 1 — философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні; 2 — оның шыққан қаласы; 3 — философияға мекен (медресе) болған орынның аты; 4 — философиялық ағымды тудырған басты себеп; 5 — философиялық талдауға түскен мәселелер; 6 — философияның алға қойған мақсаты туралы; 7 — философияның практикалық мәні, нәтижесі. Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы — грек философы Пифагор, яғни пифагоршылар мектебі. Бұл жерде Фараби ежелгі Грециядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін ортаға салады. Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді. Үшінші шарт — философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу. Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат — жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла-тағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз Әбу Насыр әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе. Бесенші шарт— Философия ғылымына кірісудің төте жолын тану. Бұл жерде Фараби білім, ғылымға жетудің ең бір дұрыс жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен қатар философияны тек жаратылыстану ғылымдары арқылы ғана танып білуге болады деген пікірлер айтады. Алтыншы шарт — Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу. Жетінші шарт — Аристотельдің өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап етуінің себебін білу, Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде айтылған түсініктердің сырын ашу. Оның кейбір ғылыми түсініктерді терең жұмбақ түрінде келтіруінің үш түрлі себебі бар. Бірінші, оқушының табиғи қабілетін сынап, үйретуге тұратынын немесе тұрмайтынын айыру. Екінші, философия ғылымын көрінген адамның бәріне бірдей рәсуа қылмай, оны алып жүретіндерге ғана пайдаландыру. Үшінші, ғылым іздеу жолында адам бейнеттеніп, ой-пікірін шынықтыру керек. Осы үш себептен Аристотель еңбектерінде жұмбақ (аллегория) қолданылады. Сегізінші шарт — философ адамның міндеті мен тіршілік ережесін және қалпын түсіну. Тоғызыншы шарт — Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нәрселер қажет екенін білу. Фараби бұл жерде Аристотельдің логика ғылымын, шығармаларын оқу тәртібін келтіріп, оны жоғары бағалайды. Бұл орайда түйіндеп айта келгенде Фараби философияны үйрену үшін ежелгі грек ойшылдарынан бастап өзіне дейінгі ғалымдардың ой-пікірлерін сарапқа салады да, соңында өз ойларын айтады. Фарабидің пікірінше, ғылым мен философия адамы болу үшін қойылатын ең бірінші талап — ол адамның жан тазалығы, ар тазалығы, бүкіл адамға, өз халқына деген таза махаббаты, ғылым мен білімге деген қалтқысыз құштарлығы мен берілгендігі. Бұл шарт орындалмаған күнде адам философияны үйрене алмайды, үйрете де алмайды деп көрсетеді Фараби. Аристотельдің “Никомахтың этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, Әбу Наср Әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын “ең ерекше” игілік — ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса, солай бет-алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әбу Наср Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Әбу Наср Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”) трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы. Фараби “Азаматтық саясатта” қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде…” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз. Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады. Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал Әбу Наср Әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада ол дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады. Әбу Наср Әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі” деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның тараулары, метафизика және оның тараулары; 5) азаматтық ғылым және оның тараулары, заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бұл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады. Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде өзара тығыз байланысты үш салада еңбек еткен. Олар: 1) математиканың методол. мәселелері (математикалық ғылымының пәні, негізгі ұғымдары мен әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық жаратылыстану, 3) математиканың кейбір нақты тарауларын жасауға қатысуы. Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті тарауға бөледі (арифметика, геометрия, оптика, астрономия, музыка, статика, механика — әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол — алгебраны математиканың дербес бір саласы ретінде қарастырып, алгебра пәнін алғаш анықтаған оқымыстылардың бірі. Осыған байланысты Әбу Наср Әл-Фараби сан ұғымын оң нақты сан ұғымына дейін кеңейту туралы аса маңызды идея ұсынды. “Ғылымдардың шығуы” деп аталатын трактатында математиканың шығу тегі мен себептерін ашуға тырысады. “Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарының кіріспелеріндегі қиын жерлерге түсініктеме” деп аталатын еңбегінде матем-ның методол. мәселелері жөнінде құнды-құнды пікірлер айтқан. Ол ұзақ уақыт мінсіз, мүлтіксіз саналып келген Евклид “Негіздерін” сынауға, өңдеуге, түзетуге болатынын іс жүзінде көрсетіп, математиктерге дұрыс жол сілтеген. Әбу Наср Әл-Фараби математиканың философия ірге тасын қаласумен қатар, оны табиғат құбылыстарын зерттеуге батыл қолданудың қажеттігін іс жүзінде танытты. Әбу Наср Әл-Фараби пікірінше, математика анық,ақиқат білімді береді және басқа ғылымдардың дамуына күшті ықпал жасайды. “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын еңбегінде ол ғылыми астрологияны астрономиядан бөліп қарап, Аристотельдің логикалық шығармаларында айтылған қағидалар мен жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне сүйене отырып, белгісіз, кездейсоқ құбылыстарды алдын ала болжауға болатынын немесе болмайтынын ажыратуға тырысады.Әбу Наср Әл-Фарабидің бұл пікірлерінің кейіннен ықтималдар теориясының философия, логикалық негіздерін қалыптастыруда маңызы зор болды. Ол математикалық, жаратылыстану саласында ірі еңбектер жазған. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы математигі және астрономы Птоломейдің “Алмагесіне” көлемді түсініктеме жазған. Бұл еңбек “Алмагеске түсініктеме” деген атаумен белгілі. Астрономия және математикалық тарихында үлкен маңызы болған Әбу Наср Әл-Фарабидың бұл трактаты тригонометрияны дамытуға да игі ықпал жасады. Ол өзіне дейінгі және тұстас математиктердің еңбектеріне сүйене отырып, тригонометрия сызықтар жөнінде өз ілімін жасады. Мұндағы негізгі бір жаңалық Әбу Наср Әл-Фараби синус, косинус, синус-ферзус, тангенс, котангенс сызықтарын бірыңғай радиусы тұрақты шеңбер ішінде қарастырды. Олардың арасындағы бірсыпыра қатынастарды ашты, кейбір қарапайым қасиеттерін айқындады. Ол тригонометрияның кестелер жасауда аса қажет болып табылатын бір градус доғаның синусы мен косинусын анықтауда елеулі табыстарға жеткен. Әбу Наср Әл-Фараби осы айтылған тригонометрия мағлұматтарға және басқа да қосымша математика материалдарға сүйене отырып, “Алмагесте” қарастырылған астрономия және география мәселелерін математика жолмен шешудің ең жеңіл әдістерін ұсынады. “Геометриялық фигуралардың егжей-тегжейі жөнінде табиғи сырлары мен рухани әдіс-айлалар кітабы” геометрия салу есептерін сұрыптап, бір жүйеге келтірген. Жүзден аса есептің салу әдістері көрсетілген. Бұлардың ішінде: парабола салу, бұрышты трисекциялау, кубты екі еселеу, дұрыс көп бұрыштар салу, көп жақтар салу, жазық фигураларды түрлендіру т.б. бар. Әбу Наср Әл-Фараби адымы тұрақты циркуль мен бір жақты сызғыш жәрдемімен шешілетін есептерді мол қарастырды. Осы еңбекте 3, 4, 5 т.б., яғни өлшемді куб салу есебін ойша қалай шешу идеясы бар, оның “Болжамдағы геометрияға кіріспе” атты трактат жазғаны мәлім, бірақ ол еңбегі бізге жетпеген. Осыған қарағанда Әбу Наср Әл-Фараби көп өлшемді абстракция геометрияның идеясын алғаш айтушылардың бірі деп жорамалдауға негіз бар. Әбу Наср Әл-Фарабидің трактатын математикалық тарихшылары осы уақытқа дейін атақты Хорасан математигі Әбу-л-Уафаға теліп келгені анықталды. Әбу Наср Әл-Фараби арифметикалық саласында “Теориялық арифметикаға қысқаша кіріспе” деп аталатын еңбек жазған. Оның көптеген логикалық еңбектерінде математикалық логиканың элементтері де кездеседі. Әбу Наср Әл-Фарабидің математикалық идеяларын, мұраларын Әбу-л-Уафа, Әбу Әли ибн Сина (Авиценна), Әбу Райхан Бируни, Омар һайям сияқты шығыс ғұламаларымен қатар Роджер Бэкон, Леонардо да Винчи тәрізді Еуропа ғалымдары да көп пайдаланған. Физика саласындағы Әбу Наср Әл-Фарабидің көрнекті еңбегі “Вакуум туралы” деп аталады. Мұнда ол вакуум жоқ екенін ежелгі гректерде сирек кездесетін тәжірибеге сүйенген логикалық қорытындылар арқылы дәлелдеуге тырысқан. Әбу Наср Әл-Фараби бұл еңбегінде вакуум мәселесінен басқа да физиканың әр түрлі мәселелерін қарастырып, сол кездегі ғылымның дәрежесіне сай өз шешімдерін дұрыс тапқан (дененің жылудан ұлғаюы не кішіреюі, түсірілген кернеуге, қысымға байланысты ауа көлемінің ұлғаю немесе кішірею заңдылықтары, ауаға түсірілген кернеудің берілуі, т.б.). Әбу Наср Әл-Фараби химия, медицина, география, минерология т.б. жаратылыстану ғылымдары бойынша да шығармалар жазған: “[[Алхимия өнерінің қажеттігі туралы” атты трактатында өз тұсындағы алхимиялық білімдерді талдап, алхимияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыстану ғылымының бір саласы ретінде қарастырады. Әбу Наср Әл-Фараби медицина саласында “[[Адам ағзалары жөніндегі Аристотельмен алшақтығы жөнінде Галенге қарсы жазылған трактат]]”, “Жануарлар ағзалары”, “Темперамент туралы” т.б. еңбектер жазған, онда негізінен медицинаның теория мәселелерімен айналысып, медицина өнерінің пәнін, міндет-мақсатын анықтап беруге тырысады. Әбу Наср Әл-Фарабидің филосия және натурфилософия еңбектерінде жаратылыстанудың көптеген мәселелеріне тоқталады. Жаратылыстану саласында жазған трактаттары да, бұл салаға қосқан жаңалықтары да қыруар. Физикалық құбылыстарды талдайтын еңбегі оннан асады. Оның таразы туралы, механизмдер туралы, оптика мен бос кеңістік (вакуум) туралы көптеген құнды тұжырымдары әлемге әйгілі. Ол механикаға математика мен геометрия әдістерін жан-жақты пайдаланды, тәжірибені логикалық терең ойлау нәтижелерімен ұштастырды. Астрономида күн апогейі орнының тұрақты болмайтынын өз тәжірибесі арқылы бақылап анықтаған. Сәуленің таралуын геометрия оптика заңдылықтарымен дәлелдеп береді. Сәуленің жиналу, сыну, тарау, шоғырлану заңдылықтарын геометриялық дәл әдістермен тапқан Әбу Наср Әл-Фарабидің шұғыла туралы түсінігі Еуропа ғылымына 17 ғасырда ғана мәлім болды. Оны неміс астрономы И. Кеплер арабшадан аударып “фокус” атаған. Мұны Әбу Наср Әл-Фараби сегіз ғасыр бұрын “күйдіру”, “оттық орын” мәнінен шығарып “мұхарақ” атаған. Ол және өз қолымен ойыс айна, яғни парабола, линза жасап, бұларын ғылымда қолданған да болатын. Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы астрономы Клавдий Птоломейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз тарапынан да теориялық (математикалық), практикалық мәні зор қорытындылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш ре Шолпан планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды, “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми астрономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы т.б. көрінерлік қасиеттеріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын-ала болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп қарайды. Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты. Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт: 1. Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы; 2. Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы; 3. Сабақ процесінің алатын орны. Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді. Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді. Этиканы ол, ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол [адам] баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінеді. Фараби жасаған қортындының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: ол өмір шындығының өзіне тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — тән мен жан қасиеттерінің сұлулығын көрсететін белгі деп санайды. 
     4. Әмбебап-музыкант 
Әбу Наср Әл-Фараби әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған. “Музыканың ұлы кітабы” — ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физика-математика жайында жазған тарихи үлкен туындысы. Мұнда музыкалық акустика мәселелері барынша кең қамтылып, дыбыстың табиғаты, тегі, таралуы т.б. жайында көптеген дұрыс, соны пікірлер айтылған. Музыканың тәжірибелік (эксперименттік) және теориялық (математикалық) негіздерін жасап, физика-математикалық заңдылықтардың белгілі музыка аспаптарда қалай жүзеге асу жолдарын көрсетеді. Әбу Наср Әл-Фараби ғылми танымның жалпы (универсал) теориялық үш шартын анықтап, соның негізінде музыка теориясын жаңадан қалыптастырды. Ол шарттар: біріншіден, ғылымның барлық түпкі негіздерін — принциптерін білу; екіншіден, осы принциптерден сол ғылымға жататын қажетті қорытындыларды, нәтижелерді шығара білу; үшіншіден, осы ғылым жайлы бұрын-соңды айтылмаған ой-пікірлерді талдай білу, дұрысын терісінен ажыратып, қателерін түзете білу. Музыканың математика теориясын жасау жолында Әбу Наср Әл-Фараби математиканың көптеген түбегейлі мәселелерін қамтиды. Олар: қатынастар теориясы, комбинаторикалық талдау мәселелері, функционалдық тәуелділіктер және оны кескіндеу, аксиоматика идеясы т.б. Өзінің барлық саналы ғұмырын ислам діні мен ғылымды бір-бірінен айырмай, егіз өргізуге арнаған ұлы бабамыз хижра жыл санауының 339 жылы ережеп (ражаб) айында, Шам шаһарында (Дамаск) қайтыс болғанда оны сол елдің әміршісі Сайф ад-Даула өз қолымен жерлеген. Ұлы ғалымның мүрдесі Сириядағы Баб әс-Сағир зиратында жатыр. 
     5. Медицинаға қосқан үлесі 
Орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына «Медицина каноны» атгы және басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосты. Ғылыми бағыттардың жіктелуіне арналған «Бесінші трактатында» адам тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндай келіп, мида жүйке орталықтары мен сезімтал және козғалтқыш жүйкелер болатындығы туралы пиар айтады 
Әбу Насыр әл-Фараби – Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті – тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» – деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды кала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек – табиғи жылылыктың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешкандай мүшесі билемейді» және т. б. Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім токтата алмайды. Әл-Фараби тек өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне өз көзкарасын білдірген. Әл-Фараби – артына ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға катысты «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің күрылысы мен қызметі» және т. б. еңбектер жазған. 
     6.Ғалым мұралары жету кезеңдері 
Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады: 1. Орта ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-Надим, әл-Баиһақи, Ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус т.б.); 2. Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л. Козегартен, Г. Зутер, Ф. Диетереци, К. Брокель, Дж. Сартон, М. Штейншнейдер, Д. С. Марголиус, т.б.); 3. 20 ғасыр, әсіресе Кеңес Одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В. В. Бартольд, Е. Э. Бертельс, Б. Ғафуров, С. Н. Григорьян, В. П. Зубов, А. Сагадеев, Ю. Завадовский, түріктер А. Сайылы, Х. Үлкен т.б.); 4. Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы (Ә. Марғұлан, А. әл-Машани, О. Жәутіков, А. Қасымжанов, А. Көбесов, М. Бурабаев, Ә. Дербісәлиев, І. Жарықбаев, Ш. Хайруллаев т.б.). Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 ғасырлардың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш Сәтбаев еді. Әбу Наср Әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық конференция өткізілді. 
Бұл күндері ҚР ҒМ Ғылым Академиясының философия институтында шығыс философиясы және фарабитану бөлімі жұмыс істейді. Мұнда ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылып, ғылыми түсініктемелері мен алғысөздері жазылып, 20-дан астам трактаттары жарық көрді. Бұл бөлім Әбу Наср Әл-Фарабидің диалектикасы, гносеологиясы мен әлеуметтік философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп келеді. ҚазМУ-де Фарабитану орталығы құрылған. Мұнда да Әбу Наср Әл-Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары маркстік көзқарастардан арылған жаңа, тың бағыттар бойынша жүргізілуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Ибн Әби Усайба: Фараби - шынайы философ, терең білімді данышпан еді, философияға қатысты пәндерді толық игерген болатын. Ол риезиет (математика, геометрия) ғылымдарына жетік, білгір, ірі ғұлама, мал-дүниемен ісі жоқ, қарапайым адам еді. Ол тағамға шыдамды, қанағаты мол жан болатын. Ол өзінік мінез-кұлқы жығынан ежелгі дәуір философтарына ұқсайтын. 
Әбу Наср тәуіпшіліктен де едәуір хабардар еді. Тәуіпшіліктің теориялық жағын жақсы білетін. Бірақ тәуіптік тәжірбиені іс жүзінде қолдану және оның ұсақ-тұйек емін жасау ісін айтарлықтай терең меңгермеген болатын. 
.. .Әл-Фараби Дамаскіге алғаш барған кезінде бір бауға қарауыл еді, сол бау ішінде отырып ұдайы хикмат - философия ғылымымен айналысатын. Әбу Наср бұл жерде ежелгі дәуір ғалымдарының көзқарастары - шығармалары мен оларға жазылған түсініктерді бас алмай оқып отыратын. Ол өзі жарлы кісі еді, тіпті түні бойы ұйықтамай, шығарма жазумен айналысатын, кедейлігі сондай, өзіне қарауылдығы үшін беретін шамның нұрын пайдаланатын еді. 
Біраз уақыт Әбу Наср осылай өмір сүрді. Кейін оның есімі төңірекке мәлім болып, беделі артады, жазған шығармалары да мәшһүр болып кетеді. Сөйтіп, оның шәкірттері де көбейеді. Соның нәтижесіде ол өз заманының бірден-бір аса ірі ғалымы дәрежесне иеболды. 
Ел билеуші әмір Сайф ад-Даула (Абул Хасан ибн Абдуллох ибн Хамдан ат-Тағлабий) Фарабимен әңгімелесуді ұнататын болған, әмір оныңбіліміне таңданып, оған көт ізет-құрмет көрсетеді. Сол арқылы әмірдің, Әбу Наср қатысатын жиындарының да даңқ-дәрежесі артады, бұған әмірдің өзі де рақаттанады. 
...Кейбір шейхтардың айтуына карағанда, Әбу Наср әл-Фараби бір жолы Мысырға (Египетке) сапарлап барған, кейн Дамасісге қайтып келіп, осы жерде Сайф ад-Даула Али ибн Хамдан әмірлігінде, осы елде әр-Розий халиф болып тұрған кезде қайтыс болды. 
Сайф ад-Даула өзінің жоғары мәртебелі он бес әкім кісілерімен бірге Әбу Насрдың жаназасында болды. Елдің айтуынша, Әбу Наср өте қанағатшыл адам болғаны үшін әмірші Сайф ад-Дауланың ерекше құрметне бөленген екен. Алайда, соған қарамастан Фараби күніне төрт дихрам күміс ақшадан басқа ешкандай сый-сияпатты пайдаланбайды. Сол төрт дихрамды тіршілікке зәру болған нәрселерге ғана жұмсайтын болған. Ол «тұрмыс-тіршілігім не болады» деп қайғырмайды екен. Тіпті баспана етерлік үй-жайды да, өзіне келетін бірен-саран пайданы да ойламай өіпті. 
...Елдің айтуына қарағанда, Әбу Наср қозы жүрегі мен райхан шәрбатын өзіне тамақ еткен екен. Әбу Наср алғашқы кезде қазы болып істеген дейді. Ғылым дүниесіне тереңрек бойлаған соң бұл жұмысты тастап, бар жан-тәнімен білімін асыра түсуге кірісіп кетіпті, мал-дүниеге ешқашан қызыкпаған екен. 
Ол қарауылдау үшін кешкісін бауға барады екен де, шырақты жағып, кітап оқуга кіріседі екен. 
Музыка саласында да ол білімді болыпты. Бұл салада да онын, зерттеулері шарықтау шегіне жетіп, барынша кемелденіпті, музыка өнерінде одан озып кету мүмкін емес екен. 
Жұрттың айтуына қарағанда, ол ғажайып бі рмузыка аспабын жасапты, міне, сол аспаптан адамның жан жүрегін елжіретіп жіберетін сиқырлы бір ражап әуен естіледі дейді.

Информация о работе Шығыс ойшылы Әль-Фараби тарихы және саясаты