Раджив Ганди. Династиялық басқару

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Января 2011 в 19:35, реферат

Краткое описание

Раджив Ганди—Үндістан Республикасының саяси және мемлекеттік қайраткері. Үндістан Парламентінің ұлттық палатасының оппозиция лидері. 1944 жылы 20 тамызда Бомбейде дүниеге келген. Әлемге әйгілі саяси қайраткер—Индира Гандидің ұлы, Джавахарлал Нерудің немересі.

Содержание работы

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Өмірбаян
2. Раджив және Индира Ганди саяси портреті
3. Индира Гандидің өлімінен кейін Радживтің премьер-министр тағына келуі
4. Династиялық басқару. Неру—Ганди әулеті—Үндістанның мақтанышы.
ІІІ. Қорытынды.

Содержимое работы - 1 файл

Раджив Ганди.doc

— 49.50 Кб (Скачать файл)

           Қазақстан   Республикасының                                            Білім   және  Ғылым   министрлігі 
 
 
 
 
 
 

                

           Тақырыбы:  Раджив   Ганди. Династиялық    басқару. 
 
 
 

                                                        Тексерген:  Турунтаева   А.

                                                         Орындаған:  Хасенова  Жансая

                                                                МОк-3-13  тобы 
 
 
 

                                     АСТАНА—2007  

                    Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі  бөлім

  1. Өмірбаян
  2. Раджив  және  Индира  Ганди  саяси  портреті
  3. Индира  Гандидің  өлімінен  кейін  Радживтің  премьер-министр  тағына   келуі
  4. Династиялық  басқару. Неру—Ганди  әулеті—Үндістанның  мақтанышы.

    ІІІ. Қорытынды. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

                           Қолданылған   әдебиеттер: 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

      Раджив  Ганди—Үндістан  Республикасының   саяси  және  мемлекеттік  қайраткері. Үндістан  Парламентінің   ұлттық  палатасының  оппозиция  лидері. 1944 жылы   20  тамызда Бомбейде  дүниеге келген.  Әлемге  әйгілі  саяси қайраткер—Индира  Гандидің  ұлы,  Джавахарлал Нерудің немересі. Кембридж  және  лондондағы  ғылыми-техникалық  «Империя» колледжінде, Делидегі  жазғы мектепте  білім алған.  1968-80  жылдары   азаматтық   авиацияның  ұшқышы, «Индиан   эйрлайнз» корпорациясында қызмет  атқарған. 1981  жылы  саясат  әлеміне келеді. Үндістан  Парламентінің халықтық  палатасына  сайланған. 1983  жылы  жалпыүнді   комитетінің бас хатшысының  бірі  болды. 1984  жылғы 31  қазандағы Индира  Гандидің   өлімінен  соң премьер-министр және  партия  төрағасы  болып сайланады.  Біруақытта, ғылым және  техника, атаомдық  энергетика, ғарыштық  зерттеулер  және  кадрлар министрі   лауазымында болды.  1989  жылы   29  қарашада   премьер-министр  орнынан  өз  еркімен  кетеді.   1984-1986  жылы  қосылмау  қозғалысының  төрағасы, Дели  декларациясының  авторларының  бірі. Бірнеше  рет  КСРО-да  болғпн. Жұбайы—Соня  Майна, Ұлы—Рахул, және  қызы—Приянка. 

         Раджив  Ганди премьер-министр тағына   анасының  өлімінен  кейін 40  минут өткен соң   заңды түрде келеді. Индира  Ганди сол күні  Питер Устинов бастаған  британ  телеарнасының түсіру  тобын күткен  еді.   Ол  өзінің  әдетте  халық   алдына  шыққанда  киетін  оқ  өткізбейтін   желетін кимеген еді. Ол  өзінің  резиденциясынан шыға  бергенде  Беант Сингх пистолетін  алып   шығып   Индираға  оқ  қадайды, ол  жерге құлайды.  Бір жағынан сол кезде Сатвант Сингх автоматынан оқ   жаудыртады. Уақыт—9 сағат  16  минут  еді.  Раджив  Ганди  бұл  уақытта  Батыс  Бенгалияның  Контай  қаласында  сайлауалды  митингісінде  қатысып  жүрген  еді.  Анасы  туралы  естігенде  аэропортқа  жөнелді.

          Күн  батты.  Дели  өрттермен   жарқырап  тұрды.  Сондай-ақ  Калькутта, Патна, Бомбей, Канпур, Лакнау  қаласында да  солай еді. Ренжіген   халық сингхтарды  жаратпады, олардың үйлерін, көліктерін  және  шіркеулерін отқа  орады.       Күн батты. Дели  өрттермен жарқырап  тұрды.  Сондай-ақ  Калькутта, Патна, Бомбей, Канпур, Лакнау  қаласында  да  солай  еді. Ренжіген   халық  сингхтарды  жаратпады, олардың  үйлерін, көліктерін  және  шіркеулерін  отқа  орады.  Үндістанның  жүзден  астам  қалаларында  коменданттық  сағат  жарияланды. Халықтың  ойынша бір  емес, екі сикхтің қолынан олардың қасиетті  Үндістан-анаға тең болған—Индира   қаза  тапты. Раджив  радио арқылы  тез арада халықты қантөгістерді тоқтатуға   шақырады. Индираның орнын Раджив  басатынына  ешкімнің  күмәні  де, қарсылығы да  болған  жоқ.  Басқа елдерде бұл фактор  тек   династиялық   басқару   ретінде   көрініс тапса, Үндістанның өзінде  ол  әділеттілік   болып сипатталады. Яғни  жүзжылдық   бойы   Ганди—Неру әулеті   Үндістанның бүгіні  мен ертеңі   үшін  қызмет  еткен.

          Индира  өз   ұлдарын  бұрыннан  саясатқа   дайындаған, бірақ   кезінде әкесі—Джавахарлал Неру  Индираны  премьер-министрлікке  итермелеген.  Неру  Махатма Гандиден  қатаң тәрбие  алып  өскен, ол  ұлт-босату  күресі   мектебінен  өткен  күшті  қайраткер. Балалық  шағынан   бұл  бағытты  Индира  да  ұстанған. Бірте-бірте  ұрпақ  ауыса  келе  саяси   мәдениет  дәрежесі   төмендей  берді, топтық   мүдделер  мемлекеттік  мүдделерден  жоғары  тұра  бастады.

          1984  жылы   Үндістан  Раджив  Гандиге   дауыс берді, ол  Джавахарлал Неру   мен   Индираның бағытын жалғастыратын тұлға ретінде көрінді.  Раджив  дүниеге келгенде   Джавахарлал Неру  түрмеде отырған.  Индира  өз  әкесін  басқа  түрмеге  ауыстыратыны  жөнінде  естігенде   кішкентай  ұлын  түрменің   әкеледі, сол  жерде  атасы  өзінің  немересімен  алғаш  рет  кездеседі. Раджив  пен  Санджей  егеменді  Үндістанның   премьер-министрінің  немерелері  болып  өседі. Неру   немерелерін  өте  жақсы  көрді, олармен  бар  уақытын  өткізуге  тырысты. Жанұясында  жалғыз  болып  өскен  Индира  балаларына  өзінің  махаббаты  мен  жылуын  сыйлайды.

         Ағайынды  Гандилер  ағылшын  оқу   орындарына  ұқсас   Дехра-Дун   мектебінде  білім  алды. Мектепті  аяқтап  Раджив  Кембридж   Университетінің Тринити   колледжіне  оқуға түседі. Англияда  өзінің  болашақ жары—итальяндық Соня  Майнамен  танысады.  Делиге  қайтып  келген  соң   «Индиан эйрлайнз» авиакомпаниясына  жұмысқа барады. Соня  сари  киюді  және  хиндиде  сөйлеуді  үйренді. Араласатын  жолдастары    мектептегі  және   университеттегі   достары  болды.  Индира  Ганди  Соняны  қатты  ұнататын  еді, немерелері—Рахул  мен  Приянканы  жақсы  көрді.  Белгілі  болғандай  Раджив  өзінің  інісі  Санджейге  қарағанда  саясатқа  көп  араласпайтын  еді, бірақ  Санджей  қайтыс  болғаннан  кейін  Раджив  Парламентке  сайлануға  келісім  берген.  Радживтің   арғы  атасы   Мотилал  Неру  (1861-1931)   Үндістан  , бірақ  Санджей  қайтыс  болғаннан  кейін  Раджив  Парламентке  сайлануға  келісім  берген.  Радживтің   арғы  атасы   Мотилал  Неру  (1861-1931)   Үндістан  ұлттық   конгресінің   партия   лидерлерінің   бірі  еді.  Мотилал  Нерудің   өзі  өзінің  ұлы  мен  немересіне   басқа  діндердің   өкілдері , өз  отанына   сыйластықпен  қаратып, өзінің   жанұясы   солайша жалпыұлттық   статусқа  ие  болды. Негізінен Мотилал Кашмир  брахмандарының  қарапайым жанұясынан  шыққан  белгілі  заңгер  және  саясаткер   болған, оның  Аллахабадтағы «Ананд-Бхаван» атты   үйі   кейін  Үндістанның  ұлттық-босату  күресінің   штаб-пәтеріне  айналдырып   жіберді. Мотилалдың  ұлы—Джавахарлал   он  алты  жасында  оқуға   Англияға  кетеді, онда  ол  Кембридж  университетінде  заңгер  мамандығын  алып  сол  кездерде  оңтүстік   Африканың  вожді—Махатма  Гандидің  өміріне  көңіл  бөле бастайды., кейін  ол  Джавахарлалдың  саяси  ұстазына  айналды.

          1916  жылы  27  жасар   Джавахарлал   Неру   Камала  Каульге  үйленеді, олардың  жалғыз  қызы—Индира   Прийадаршини. Джавахарлалдың  саяси  күресі, көп жылдар  бойы  түрмеде болуы, халық алдында сөз сөйлеулері  және  шешендік  таланты арқылы   оны ұлттық   герой   ретінде белгілі   етеді. Тек   сол Үндістанның   алғашқы басшысы   болды. 1947  жылы  14  тамызда  Үндістан  ағылшын  колониалдығынан  босатылған. 

          Қорыта  келе, Раджив  Ганди  династиялық   басқару  шебінде   белгілі  бір   орынды  иеленген  саяси  және  ұлттық  қайраткер.  Ол--өз   өмірінде  өмірлік  тәжірибесін   пайдалана   отырып, оны  өз  ісінде  қолдана  білген  көрнекті  тұлға.

Информация о работе Раджив Ганди. Династиялық басқару