Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2011 в 15:07, реферат
Қазақстан сыртқы саяси басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастаманы іске асыру айрықша орын алады.
Қазақстан мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім
шаралары жөніндегі кеңес
Қазақстан сыртқы саяси басымдықтары жүйесінде Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы бастаманы іске асыру айрықша орын алады. Кеңесті шақыру жөніндегі идеяны алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1992 жылғы қазанда өткен БҰҰ Бас ассамблеясының 47-сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан басшысы бастаманың негізгі мәні әлемнің өзге өңірлеріне қарағанда әлі тиісті тетігі қалыптасып болмаған Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ықпалды әрі әмбебап құрылымын қайта құруға деген ұмтылыс екенін атап көрсетті. Бастапқы кезеңнің өзінде АӨСШК идеясы құрлықтағы саяси ахуалға ықпал ете алатын халықаралық ұйымдар мен бірқатар Азиялық мемлекеттер тарапынан қолдау тапты. Бастаманы іске асыру барысында 1993-1994 жылдары Азия елдері сыртқы істер министрліктері сарапшыларының үш кездесуі өткізілді. Осы кездесулер қорытындыларында Кеңес құжаттарын әзірлеумен айналысатын Арнайы жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Форум қызметінің негізгі бағыттары:
Азиядағы
бейбітшілікті, қауіпсіздік пен
тұрақсыздықты қамтамасыз етуге
көп жақты тәсілдер жасау жолымен
ынтымақтастықты нығайту
АӨСШК құрылымы мен инститтары:
Саяси органдары: 1) Мемлекет және үкімет басшыларының кездесуі (Басқосу – ең жоғары орган 4 жылда бір рет жиналады), 2) Сыртқы істер министрлерінің кездесуі (СІМК - екі жылда бір рет жиналады), 3) Аға лауазымды тұлғалар комитеті (АЛТК – жылда екі рет жиналатын құрылым).
Көмекші органдары: 1) АӨСШК Атқарушы директоры модераторлық ететін түрлі тақырыптағы Арнаулы жұмыс топтары (АЖТ) 2) Мамандырылған сарапшылардың кездесулері (МСК).
Әкімшілік органы: Алматы қаласында (Қазақстан Республикасы) орналасқан тұрақты түрде жұмыс істейтін халықаралық Хатшылық. АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Д.Бақышев (Қазақстан), Атқарушы директордың орынбасары Қорхан Қаракоч (Түркия), кәсіби персонал (Қазақстан, Ресей, Үндістан, Иран және Пәкістан).
1993-1994 жылдар аралығында Азия елдері СІМ сарапшыларының кездесулері өтіп, «Азия кеңесі рәсімдер ережелері», «Азия кеңесі принциптерінің декларациясы» және «Азия кеңесі құрылымдары мен институттары» атты Азия кеңесінің базалық құжаттарын жасап, әзірлеу үшін Арнайы жұмыс тобы (АЖТ) құрылды. 1996-1997 жылдары Азия кеңесі сыртқы саяси басшыларының орынбасарлары деңгейінде Алматыда екі Кеңес өткізілді. 1998 жылғы қазанда Алматы қаласында АӨСШК мәселелері бойынша 12 мемлекеттен келген 24 сарапшыларының қатысуымен халықаралық коллоквиум өтті.
2009 ж. 20 ақпанда Дели қаласында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетінің (АЛТК) кезекті отырысы өтті. Қатысушылар АӨСШК АЛТК алдында өткен Арнайы жұмыс тобының отырыстарының тиісті ұсыныстарын қарастырып, мақұлдады. Кеңесте 2002 жылдан бері төрағалық етіп келе жатқан Қазақстанның мандаты 2010 жылы бітеді. Осыған байланысты 2008 ж. тамызда Алматыдағы 3-ші АӨСШК Сыртқы істер министрлерінің отырысында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл орынға АӨСШК-тің белсенді мүшелерінің бірі Түркия Республикасын сайлауды ұсынған болатын. Бұл екі бауырлас мемлекет арасындағы қатынастардың жоғары деңгейі және түрік тарапының әртүрлі халықаралық, аймақтық бірлестіктерде жинаған мол тәжірибесін ескере отырып жасалған еді. 2009 жылы қаңтар айында мемлекетішілік процедуралардың нәтижесі бойынша Анкара Қазақстанның ұсынысымен келісетіндігін мәлімдеді. Бұл жөнінде Түркия Президенті А.Гүлдің АӨСШК Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың атына жіберген жолдауында айтылған. Түркия АЛТК-тың осы отырысында өз кандидатурасын ресми түрде ұсынды. Ол 2009 жылғы 8 мамырда мүше мемлекеттермен келісілді. АӨСШК ережесіне сәйкес Кеңеске мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының кезекті 3-ші саммиті 2010 жылы осы елде (шамамен маусым айында Стамбул қаласында) өтеді. Сенім шаралары тізбесін орындау мәселесі де жақсы жүріп жатыр. Егер бұрын АӨСШК шеңберінде жыл сайын тек 2-3 арнайы шара өткен болса, осы жылы Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Корея Республикасы, Түркия, Иран және Израильде бірнеше кездесулер, семинарлар және форумдар өткізу жоспарланып отыр. Осылайша, үстіміздегі жыл Кеңесті дамыту кезіндегі ірі табыстарға толы жыл болғалы тұр. Қазір Қазақстанға «Әскери-саяси тұрғыдан сенім шараларын іске асыру туралы Төрағаның тұжырымдамасы» атты құжатты дайындау міндеті жүктелді. Бұдан кейін осының негізінде барлық мүше мемлекеттердің ортақ позициясын көрсететін «Ортақ ұстаным» құжаты дайындалады. Экономикалық өлшемдегі туризм бағытының үйлестірушісі (Тәжікстан) дайындаған Ынтымақтастық тұжырымдамасы бекітілді. Қазақстан адами өлшем бойынша сенім шараларын жүзеге асыру жөніндегі жобаны үйлестірушісі ретінде АӨСШК-ің гуманитарлық саладағы сенім шаралары жоспарын орындау аясында 2009 жылға арналған Іс-шаралар жоспарын таратты. Моңғолия экологиялық өлшемнің үйлестірушісі ретінде бекітілді, ал жаңа қауіптер мен қатерлерге қарсы күресуге жауапты Түркия 2009 жылы қараша айында мүше елдердің Полиция мекемелері басшыларының 1-ші кездесуін өз аумағында өткізетіндігін мәлімдеді. Қатысушылар Кеңес жұмысына қатысты жалпы мәселелерді де қарастырды. Мысалы, кездесуде 2009-2010 жылдарға арналған АӨСШК іс-шараларының күнтізбесі қабылданып, «АӨСШК-ің дамуын зерттеу» сараптамалық материалы бекітілді. 2009 жылғы 27 наурызда Бишкек қаласында АӨСШК шеңберінде «Конфессиялар арасындағы сұхбат – тұрақты қоғамдастыққа жол» атты семинар өтті. 2009 жылғы 1 мамырда Астанада жыл сайынғы Қазақстан халықтары достық фестивалі шеңберінде өтетін Азия кеңесі елдерінің халықтары этно-мәдени бірлестіктерінің форумы өтті. 2009 жылғы 9 маусымда Мәскеу қаласында АӨСШК Сенім шаралары тізімдемесін Іскерлік мүмкіншіліктеріне жәрдем көрсету және шағын және орта кәсіпорын саласында ақпаратпен алмасу салада іске асыру бойынша Мамандырылған сарапшылар кездесуі өтті. Кездесу барысында аталған саладағы АӨСШК сенім шаралары бойынша Тұжырымдама мен 2010-2010 жылдарға арналған Іс-қимыл жоспарының жобалары талқыланды. 2009 жылғы 23-24 маусымда Алматы қаласында Азия кеңесінің кезекті Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) отырысы өтті. Кездесу барысында мүше-мемлекеттер АӨСШК Сенім шаралары тізімдемесін экологиялық, экономиқалық және әскери-саяси өлшемдегі іске асыру міселелері, Азия кеңесінің жалпы мәселелері сондай-ақ АӨСШК Хатшылығына қатысты мәселелері талқылады. Сонымен қатар АЖТ Сауд Арабиясы Корольдігінің Азия Кеңесінің бақылаушы-мемлекеті болуға өтінішін қабылдап, оны АӨСШК АЛТК-ның қарауына тапсырды. Таиланд Корольдігі АСЕАН-ның аймақтық форумының Төраға ретінде АӨСШК Төрағасымен әскери-саяси және экономикалық өлшемдегі өз көзқарасы және тәжирибесімен алмасуға ниет білдірді. Келесі АЖТ жіне АЛТК отырыстары 2009 жылғы қазан айында Пекин қаласында өтеді. Сөйтіп, Кеңеске қатысушылар 2006 жылғы 2-ші Саммит пен 2008 жылғы 3-ші СІМК шешімдерін орындау мақсатында және 2010 жылы өтетін Жоғарғы дәрежедегі үшінші кездесуді дайындау үшін осындай нақты қадамдар жасап жатыр.
2007 жылы 12-14 наурыз аралығында Бангкок қаласында өткен АЛТК-ның отырысында «Сенім шараларын іске асыруға арналған Бірлескен ұстаным» атты құжат қабылданды. Аталған құжат АӨСШК-нің Сенім шаралары тізімдемесін және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты нығайтуға және Тізімдеменің жеке бағыттарындағы жұмыстарды айқындауға арналған әр түрлі жобаларды іс-жүзінде іске асыруға жол ашты. 2007 жылы 22-23 желтоқсанда Тегеран қаласында наркотрафикке қарсы күрес аясында сенім шаралар жөніндегі Бірінші МСК өтсе, 2008 жылы 31 қаңтар және 1 ақпан аралығында Анкара қаласында жаңа қауіп қатерлерге қарсы күресу аясында сенім шараларды іске асыру мәселелері жөніндегі МСК өтті. Бұл іс-шараларда аталған бағыттар бойынша тұжырым жобалары әзірленді. 2008 жылы 6-7 мамырда Алматы қаласында АӨСШКның АЖТ кезекті отырысы өтті. Кездесуге қатысушылар келесі мәселелерді қарастырды: Сенім шаралары тізімдемесін іске асыру, Азия кеңесі Хатшылығының дамуы, АӨСШК IІІ-ші сыртқы істер министрлерінің кездесуіне дайындау. 2008 жылы 11 маусымда Сеул қаласында ҚР Корей Республикасындағы Елшісі Д.Бақышевтің төрағалығымен АЛТК-ның кезекті отырысы өтті. Осы кездесуде алдағы IІІ-ші СІМК-нің күн тәртібі мен бағдарламасының жобалары қабылданды, сонымен бірге IІІ-ші СІМК-нің декларациясы бойынша пікірталас болды. 2008 жылы 27-28 қыркүйекте Душанбе қаласында АӨСШК мүше мемлекеттер арасында туризм саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі Концепция жобасын талқылауға арналған МСК өтті. 2008 жылы 26-29 қазанда Тель-Авив қаласында Азия кеңесінің озат ауыл шаруашылығы бойынша семинар өтті. Аталған семинарда сарапшылар ауыл шаруашылығы саласындағы ұлттық тәжірибелер, жаңа технологиялар және тиімді даму әдістерімен алмасты. 2008 жылы 4-6 қарашада Алматы қаласында АӨСШК-нің Қаржы сарапшыларының кездесуі өтті. Гуманитарлық өлшемдегі АӨСШК сенім шараларын іске асыруда үйлестіруші орган - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігімен осы өлшемдегі 2008-2009 жж. араналған іс-шаралар жоспарын және тұжырымдаманы іске асыруда. Аталған жоспарға сәйкес 2008 жылда Қазақстан аумағында екі халықаралық конференция өтті: 2008 жылы 27 маусымда Алматы қаласында Қазақстан халықтары ассамблеясымен бірлесіп, Министрлік Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп, «Толеранттық және дінге еріктілік Орта Азияның жетістігі ретінде» атты халықаралық конференция өткізілді; 2008 жылғы 12 тамызда Астана қаласында Президенттік мәдениет орталығында «Орталық Азия елдеріндегі мәдениетаралық өзара іс-қимыл» атты тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Азия кеңесінің экономикалық, экологиялық және жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру аясында жекелеген сенім шараларының үйлестірушісі болып табылатын басқа мүше мемлекеттер тиісті бағыттарда тұжырымдамаларды дайындаған: Корей Республикасы – энергетикалық қауіпсіздік, Тәжікстан – туризм, Иран – наркотиктер мен прекурсорларды заңсыз өндіру және айналымға шығаруға қарсы күрес, Ресей – шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласында, Түркия – жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру аясындағы сенім шараларын іске асыруға арналған іс-шаралардың жоспарын әзірледі.
Азия кеңесінің Бірінші СІМК-і
1999 жылы
14 қыркүйекте Алматыда өткен
Азия кеңесінің Екінші СІМК-і
2004 жылы
22 қазанда Алматыда Азия
Азия кеңесінің Бірінші Басқосуы
2002 жылы
4 маусымда Алматыда Азия
Азия кеңесінің Екінші Басқосуы
2006 жылғы
17 маусымда Алматы қаласында
Информация о работе Қазақстан мен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім