Тихий океан

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 01:28, реферат

Краткое описание

тынық мұхит

Содержимое работы - 1 файл

Тынық мұхит аралдары.doc

— 40.00 Кб (Скачать файл)

Тынық мұхит — көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен  мұхит. Батысында Еуразия мен  Аустралия, шығысында Солтүстік  және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрылықтарымен шекаралас.

 

Тынық мұхиты оңтүстігінен солтүстігіне 15, 8 мың км, шығысынан батысына 19, 5 мың км созылын жатыр. Шекаралас теңіздермен есептегенде 179, 7 млн км², орта тереңдігі 3984м, көлемі 723, 7 млн км³ (теңізсіз есептегенде165, 2 млн км², орта тереңдігі 4282 м, көлемі 707, 6 млн км³). Тынық мұхитының ең терең жері (әлем мұхиттарының ең терең жері) 10994 м (Мариана шұңғымасында).Тынық мұхитындағы 180-інінші мередиан арқылы тәуліктік сызық өтеді.Тынық мұхитында жанартау салдарынан пайда болған аралдар көптеп кездеседі. Олардың көбі маржандар түзіп, ақыр соңында мұхит түбіне кетіп, ал кейбіруелері өз соңынан маржан сақиналарын қалдырған.

 

Арал ауданы мен көптігінен Тынық  мұхиты жоғары сатыда тұр. Мұхитта елді аралдарда кездеседі: Жаңа Гвинея ( 829, 3 мың км²) және Калмантан (735, 7 мың  км²); үлкен аралдары: Үлкен Зонд аралы (1485 мың км² осы қатарлы Калимантан, Суматра, Сулавеси, Ява, Банка). Өзгеде ірі аралдары және архипелагтары: Жаңа Гвинея аралдары (Жаңа Гвинея, Колепом), Жапон аралдары (Хонсю, Хоккайдо, Кюсю, Сикоку), Филиппин аралдары (Лусон, Миндано, Самар, Негрос, Палаван, Панай, Миндоро), Жаңа Зелендия (Оңтүстік және Солтүстік араладары), Кіші Зонд аралдары (Тимор, Сумбава, Флорес, Сумба), Сахалин, Молукк араладары (Серам, Хальмахера), Бисмарк архипилагы ( Жаңа Британия, Жаңа Ирландия), Сүлеймен аралдары (Бугенвиль), Алует аралдары , Тайвань, Хайнань, Ванкувер, Фиджи аралдары (Вити-Леву), Гавай аралдары (Гаваий), Жаңа Календония, Кадьяк архипелагы, Куриль аралдары, аралдар: Жаңа Гебрид, Шарлотта патшайым аралы, Галапагос аралы, Велингтон, Әулие Лаврентия, Рюкю аралдары, Риеско, Нунивак, Сант-Инес, Д’Антркасто аралы, Самоа аралдары, Ревилья-Хихедо, Палмер архипелагы, Шантар аралдары, Магдалена, Луизиада архипелагы, Лига архипелагы, Луайоте аралдары, Карагин, Кларенс, Нельсон, Принсесс-ройал, Хановер, Командор аралдары.

Жаңа Гвинея (New Guinea, индонез. Irian) — Тұнық батыс бөлігіндегі арал, Австралияның солтүстігіне қарай және Малай архипелагының шығысында. Дүниежүзіндегі көлемі үлкен екінші арал (Гренландиядан кейін). Қашықтығы 2400 км шамалас, ұзындығы 650 км ең ені кең жерін өлшегенде, ауданы: 800 000 км². Батысында Папуа мемлекеті мен индонезия провинциясы Папуа, ал шығысында Жаңа Гвинея. Ландшафтөзгермелі, тропикалық ормандардың етегінен жемісіне дейін ылғалдылығы басым, климаты тропикалық. Негізгі қазба байлығы: мыс, алтын. Жаңа Гвинея тұрғындарының көпшілігі тропикалық егіншілікпен айналысады.

Калимантан, Борнео –  Үлкен Зонд аралдары құрамында, Малай  топаралындағы ең үлкен арал. Аум. 734 мың км2. Аралдың басым бөлігі (540 мың км2) Индонезия иелігінде, қалған бөлігінде Малайзияның провинциялары және Бруней мемлекеті орналасқан. Калимантан аралы Оңтүстік Қытай, Сулу, Сулавеси, Ява теңіздерімен қоршалған. Теңіздерден Каримата және Макасар бұғаздары бөліп тұрады. Аралдың жағасы, негізінен, жалпақ, батпақты келген. Геологиялық құрылымы жөнінен Калимантанның Солтүстік-батыс бөлігі мезозойға дейінгі Зонд платформасына, Оңтүстік мен шығысы мезозойлық және альпілік қатпарлы өңірге жатады. Жері, негізінен, таулы. Орталық мен Солтүстік-шығысында жақпар тасты жоталар мен таулы қыраттар орын алған. Аралдың ең биік жері де (Кинабалу тауы, абсалют биіктігі 4101 м) осында орналасқан. Оңтүстік мен батысында төбелі жазықтар мен батпақты ойпаттар басым. Климаты экваторлық және субэкваторлық. Жағалауындағы жылдық орташа температура 25 – 270С, таулы өңірде біршама салқын. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері таулы аймақтарда 5000 мм, жазық өңірлерде 2000 – 3000 мм. Ірі және суға мол өзендері: Капуас, Барито, Махакам. Күлгін латеритті топырақ басым. Калимантан аралының басым көпшілік бөлігін (3/4 бөлігін) мәңгі жасыл орман көмкерген. Өсімдіктің 11 мыңға жуық түрі кездеседі. Аралда биологиялық резерваттар көп. Жануарлардан піл, ірі маймылдар (орангутан, гиббон), аю (салм. 65 кг ең кішкентай малай аюы – бируан тіршілік етеді), керік, жабайы өгіз, т.б. кездеседі; құстың 600-ден астам түрі мекендейді. Арал тұрғындарының негізгі кәсіпшілік ететін дақылдары: күріш, гевея, копра, кокос пальмасы, каучук ағашы. Жағалауларында балық аулау кәсіпшілігі дамыған. Калимантан аралында мұнай мен газдың кен орны мол. Ірі қалалары: Понтианак, Банджармасин, Самаринда (Индонезия), Кучинг (Малайзия), Бандар-Сери-Бегаван (Бруней)Жапон аралдары солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзыннан-ұзақ созылып жатыр. Жапонияның ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б.

Хоккайдо (жапон. 北海道 «солтүстiк теңiзге жол», 1868 жылға дейін Иессо, Эдзо, Мацмай) — Жапонияның ірі төрт аралының бірі. Көлемі жағынан Хонсю аралынан кейінгі екінші орында, аумағы 77,7 мың км2. Жағалауын Тынық мұхит, Охота және Жапон теңіздерінің суы шайып жатады. Хонсю аралынан Цугару, Сахалиннен Лаперуз бұғаздарымен бөлінген. Жағалауы тектоникалық жарылымдарға сәйкес келеді, аз тілімделген. Солтүстік-батыстан және солтүстік-шығыстан келетін тау тізбектері аралдың орта тұсында түйіседі. Солтүстік-шығыс жанартау тізбегі Курил жанартау доғасының жалғасы. Орталық бөлігінде биік орталық массив орналасқан (Асахи тауы , 2290 м). Ең ірі Исикари ойпаты Осима түбегін аралдың басқа бөлігінен оқшаулайды. Оның жағаларын шектейтін жарылымдарды бойлап әрекетті жанартаулар (Усу, т.б.) орналасқан. Климаты қоңыржай, муссондық. Қысы Азия муссонының әсеріне байланысты суық. Қаңтардың орташа температурасы –3 — 11°С. Жазда келетін Тынық мұхит муссоны да температураны төмендетеді. Шілденің орташа температурасы 17 — 21°С. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 800 — 1500 миллиметр. Қыста қар жауады. Күзде тайфун жиі өтеді. Ірі өзендері — Исикари және Тесионың суы мол, су энергиясына бай. Лагуна және жанартау көлдері (Сарома, Куттяро, Сикоцу) таралған. Жерінің 60% орманды: солтүстігінің көпшілік бөлігін қылқан жапырақты (Сахалин майқарағайы, Хоккайдо шыршасы), оңтүстігін жалпақ жапырақты (емен, шамшат, үйеңкі) ормандар жапқан. Теңіз жағалауы ойпаттарын шалғындар мен батпақтар алып жатыр. Хоккайдо Жапонияның ағаш және ағаш өнімдерін дайындайтын негізгі ауданы. Тас көмір, мұнай, күкірт, темір кентастары өндіріледі. Ірі қалалары — Саппоро, Хакодате


Информация о работе Тихий океан