Тараз қаласының тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:19, реферат

Краткое описание

Көне деректерге сүйенетін болсақ, Тараз қаласы Талас өңіріндегі саяси мәдениеттің ірі орталығы болған республикадағы ежелгі қалалардың бірі. Онда көптеген елдің көпестері, мемлекетаралық іспен шұғылданған елшілер, әртүрлі діни ағымды таратушы миссионерлер мен жол кезбелер, тарихшылар болып кеткен. Соңғы кезде көне қала жұртындағы археологиялық қазба жұмысы барысында ірі қоғамдық ғимараттардың тұғырлары мен қабырғаларын безендіруге пайдаланған көптеген ою-өрнегі бар бедерлі тақтайшалардың табылуы Таразда сәулетті сарайлар мен қоғамдық ғимараттардың болғандығын растайды.

Содержание работы

1 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ДАМЫҒАН РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР
1.1 Тарихи - мәдени
2 ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ТУРИЗМ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Туризмнің қазіргі жағдайы мен болашағы
2.2 Тараз қаласындағы туризмнің даму мәселелері

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Содержимое работы - 1 файл

Рекрация.docx

— 85.17 Кб (Скачать файл)

Енді  филология ғылымының докторы, профессор  Жанғара Дәдебаевтың айтуы бойынша  Тектұрмас атаның әу бастағы қасиет тұтып қойған аты Сұлтан Махмұдхан  екен. Тектурмасты Әулие ата бек  болып қызмет атқаруға сарайына шақырады. Бірақ, ол бек болудан бас тартып, жеке, дара әулиелік жолға түседі. Бектіткен  бас тартқандықтан, ел оны тектұрмас  деп атап кетеді. Жұрт тектұрмас  атаның мазарын қасиет тұтып, оның басына шырақ жағып, құрбандық берген.

      Тағы  да осындай жорамалдар баршылық. Біздің ойымызша, тектұрмас қандай да болмасын жеке тұлғаның есімі емес. Бұл орынның  осылайша аталуы мынада: осындай бір  халықтың жадында терең із қалдырған  адамды жұрт әулие тұтатыны белгілі: осында келіп, мінәжат етеді, перзент  көрмей жүргендер түнеп жатып, жалбарынып, Алладан перзент сұрайды, ауырғандар жазылып кетуін тілейді екен. Яғни бұл жер ешқашан адамсыз болмайды, тек тұрмайды.

      Сонымен, қорыта айтқанда, бұл жерде жерленген  адам – атқарған ісімен көзі тірісінде  әйгілі болған көрнекті тұлға, ол қарахандықтар  әулетінен шыққан билеушілердің  біреуі. Қарахан мемлекетінің патшасы  Мұса 960 жылы Исламды мемлекеттік  дін деп жариялады. Содан бастап әлгі аты беймәлім тұлға бар ғұмырын  осы жаңа дінді жергілікті түркі  тілдес халықтар арасында таратуға, соны уағыздауға арнаған. Сондықтан да оның іс-әрекеті жұрттың жадында сақталған, оны әулие деп таныған. Дүниеден озғаннан кейін оның моласының үстіне XIII ғасырда сол қарахандықтардың билеушілері кесене орнатқан. Кесене Тараз қаласының шығыс жағында  Талас өзенінің оң жағалауында төбе үстінде орналасқан. Шамамен XIII-XIV ғасырларда салынған. Кесене 1935 жылы толық  қирап  қалған, ол тек 19 ғасырдың 80 жылдары  түсірілген фотосурет арқылы ғана белгілі. Күйдірілген кірпіштен салынған, күнбезі болған, іргесі төртбұрышты  басып келген. Кіретін арқа тәрізді  қақпасы батысқа Тараз қаласына қарай қараған. Қазір оның орнына 2002 жылы ортағасырлық үлгідегі жаңа кесене салып, қалпына келтірілді. Кесене орналасқан төбеден төменде жатқан Тараз  қаласының бар көрінісі жақсы  көрінеді. Кесененің дәл қасында  қазақтың ұлы батыры Мәмбет батырдың моласының үстіне салынған кесене бар. Тектұрмас – сәулеттік кешен, сондай-ақ зиярат ету орны болып  табылады [11].  

     Айша  бибі кесенесі – XI-XII ғасырлар. Айша бибі орта ғасырда өмір сүрген ару қыз. Ол Зеңгі бабаның қызы. Айша бибі Тараздан келген жас батыр Қараханның өнеріне ғашық болған. Жігіт те қызды ұнатқан. Бірін-бірі ұнатқан  екі жас бас қосып, өмірлік  серік болуға уағдаласады. Алайда, аяқастынан еліне жау шапқанын естіген Қарахан  дереу еліне аттанады. Әуелі кезде  хабар болмаған соң, алаңдаған Айша бибі күйеу жігіт еліне барып  бір хабарын білейін, аман болса  алдыңызға келіп ақ батаңызды  алып қосылармыз деп, әкесінен рұқсат сұрайды. Бірақ қыз әкесі келісімін  бермейді. Айша бибі әкесі Зеңгі  бабаны тыңдамай 40 қыз жолды ертіп, Қараханның еліне өз бетімен аттанады. Әкесі Айша бибіге теріс батасын  береді. Айша бибі Қараханның еліне  таяғанда дем алмақшы болып су бойына тоқтап жуынады. Сол кезде  жерде тұрған сәукеленің  ішіне  жылан кіріп кетеді. Айша бибі оны  байқамай, сәукелесін киейін дегенде  жылан шағып алады. Қыздардың  хабарын естіп Қарахан да келеді. Бірақ Айша тілге келмейді. Ең болмаса  о дүниеде қосылайық деп Қарахан  сол жерде Айшамен некесін  қидырады. Қарахан сол Айша бибі қабірінің үстіне күмбез тұрғызады. Кесенені 12 ғасырда, қазіргі Жамбыл ауданының Айша бибі ауылында салдырған.  

      ҚР  Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «2004-2006 жылғы  мәдени мұралар» мемлекеттік бағдарламасы жарлығын жүзеге асыру мақсатында облыс  әкімінің 2004 жылғы 26 ақпанындағы шешімі №40 мәдени басқармасында «тарихи  – мәдени ескерткіштерді қалпына  келтіру және сақтау» туралы мемлекеттік  мекеме ашылды. «Дирекцияның» негізгі  міндеті Жамбыл облысында көп  жылғы археологиялық және тарихи археологиялық зерттеу нәтижесінде  аңықталған тарихи-мәдени мұраларды  қорғау, сақталған ескерткіштер облысымыздың тарихи-мұрасының бағалы қоры. Жамбыл облысында 2006 жылы 1080 ескерткіш есепке алынды, оның ішінде 844 археологилық, 111 тарихи, 97 архитектуралық, 28 монументальды  өнер туындысы. Ескерткіштердің ішінде 29-ының Республикалық мәні бар, ал қалған 1051 ескерткіштің жергілікті мәні бар.

      Жамбыл  Жабаев ескерткіші Жамбыл алаңында орналасқан. 1961 жылы ақынның 115 жылдың мерей тойына арналып салынды. Жобаның авторы – сәулетші В. Сашенко мүсінші  Қазақ ССР-інің халық суретші  Х. Наурызбаев. Мүсін Ленинградта  жасалған. Қола мүсін тік бұрышты  ашық қызыл плитадан жасалған биік таста тұр. Жамбыл ұзын шапанда, бөрік  киген, сол қолында домбыра, оң қолы жоғары көтірілген.

      Жамбыл  Жабаев халық ақыны, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында туған. Халық ауыз әдебиетінің  ірі өкілі. Қазан төңкерісіне  дейінгі өлеңдері сүйікті шығармашылығы  – айтыс. Батырлар туралы өз халқын қорғаған ерлік істері туралы жырлаған ақын. Соғыс жылдарында Қоршаудағы Ленинград қаласын қорғаған батырларға арнап жазаған «Ленинградтық  өренім» атты өлеңі көп ұлтты  кеңес әдебиетінің ең үздік шығармасы. 1934 жылы Алматыда республикалық айтыстың лауреаты, СССР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 1941 жылы Ленин және Еңбек  Қызыл Ту орденімен марапатталған.

      Мұхамед Хайдар Дулати. Ескерткіш 1998 жылы Сүлейменов көшесіндегі университеттің бас  корпусының алдына Мұхамед Хайдар Дулати мырзаның 500 жылдығына арналып салынған.Авторы – О. Әуезов.

Мүсіншілер  – Д.Ж. Әлдеков, Н.А. Рүстемов. Ескерткіштің биіктігі 3 м. Постамент қызыл граниттен  жасалған. Мұхамед Хайдар Дулати –  көрнекті мемлекеттік қайраткер, дипломат, тарихшы, публицист. М.Х. Дулатидің бас  еңбегі «Тарих және Рашиди» Орта Азия халықтарының тарихы туралы.

Ол өз шығармасының кейіпкері, мемуаршы, осы  қасиеттері орта ғасыр әдебиетінің  ұлы ескерткіші Орта Азия жалпы әсіресе, қазақ халқы үшін ерекше. «Тарих және Рашиди» Алтын Орданың құлауынан  кейінгі мемлекеттің дамуы және Қазақ мемлекеттінің құрылуы. 1533 жылы М.Х. Дулати өз өмірін қорғап қалу мақсатымен Индияғакеледі, онда Кашмирді жеңіп алып қалған бар өмірінде оны  билейді.

      Бауыржан  Момышұлының ескерткіші 2000 жылы 12 қазанда  Ұлы Жеңістік 55 жылдығына және батырдың 90 жылдығына арнап салынды. Авторлар ұжымы: мүсіншілер: М. Рүстемов, Д. Әлдеков. Сәулетшілер: С. Дамбай, Н. Баекеев. Биік ірге тасты қолында қылышы бар  ұлғы тұлға айбынды жауынгер, философ  интернационалист, жазушы. Екінші шешуші дүние жүзілік соғыстың батырының  ескерткішінен халық көптеген ұрпақтың айбында батырларының бейнесін көреді. Ол каһарлы соғыс мектабін өткен  ажал көріне бірнеше рет қараған, әр ұлттың жауынгерін жеңіске жету мақсатында тәрбиелеген. Ол үнемі үкімет оппозиясында болып, өзінің тәуелсіз мінезімен, әділетсіздікті сынап отырған. Кеңес  Одағының Батыры халық батыры Бауыржан Момышұлының өмір жолы туралы Отан тарихына арналған кинотаспаларда, энциклопедияларда  бейнеленген, оның образы ТМД елдері мен Шетел галлереяларында. Баукеңнің  атымен оның туған жері Жуалы ауданы аталады, онда оған арналған мұражай, сонымен  бірге Кременевка ауылы да Баукеңнің  атымен аталады, алаң, көше, мектеп, лицейлерге Баукең аты берілді. 

ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА ТУРИЗМ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

      Туризмнің қазіргі жағдайы  мен болашағы 
 

      Бүгінгі таңда туризм саласы ең тиімді табыс  көзі болып табылатыны, экономикалық негізгі және динамикалық салалардың бірі екені көпшілікке мәлім. Кейбір деректерге қарағанда дүние жүзі бойынша туризмнен түсетін табыс  мұнайдан түсетін табыстан кейін  екінші орын алады екен. Көптеген елде туризм жалпы ұлттық өнімнің артуына, қоғамды жаңа жұмыс орындарымен  қамтамасыз етуіне, сыртқы сауда байланысының белсендірілуіне өте үлкен ықпал  етеді.

     Біздің  облысымызда туризм саласы кәсіпкерлер  қызметі арасында енді-енді бас көтеріп  келе жатқан сала, сондықтан да, берілген бағыт өзінің одан әрі дамуын және мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді  қажет етеді.

     Біздің  облыс Тянь-Шань тауының оңтүстік-батыс  бөлігінде ораналасқандықтан болар, табиғи тарихи ресурстарға бай өлке. Тартымды климат, таза ауа, аса бай  табиғи бағалы, сирек, эндемикалық, ерекше өсімдік, хайуанаттар әлемі, ғылыми, экономикалық және табиғи туризм үшін тартымды аумақ. Туристік кластерін  дамытуға қолайлы жер.

     Облыс өзінің ерекше, сан түрлі табиғи жануарлар мен өсімдік әлемімен ерешеленеді. Мұнда қызыл кітапқа  енгізілген ерекше бағалы 50 өсімдік  түрімен қатар барлығы 3 мыңнан аса  өсімдік түрі бар. Облыста 158-ден  аса тағы жануарлар өмір сүреді.

     Облыста 4 мемлекеттік қорғауға алынған табиғи аймақтары бар. Ұлы Жібек жолының  бойында орналасқандықтан тарихи ескерткіштері  көп, бұл ескерткіштер тек Қазақстанның ғана емес әлемдік мәдениетке туризмнің  тарихи-танымдық, экологиялық, спорттық, ғылыми түрлерін танып білуге мүмкіндіктер береді.

     Туризм  саласының дамуына жекеменшік туристік ұйымдар ықпалын тигізеді. Қонақ  үйлері, демалыс үйлері, транспорттық компаниялар және мейрамханалар, кафе, дүкен және мұражайлар туристік бизнес саласымен тығыз байланысты. Соңғы  жылдары туристік бизнеспен айналысуға бел байлаған азаматтар саны облысымызда  көбеюде. Мысалы 2006 жылдың 1 қаңтарына  дейін облыс бойынша 11 туристік фирмада  ғана турагенттік және туротраторлық  қызметпен айналысуға мүмкіндік  беретін мемлекеттік лицензия болатын  болса, 2007 жылдың 1 мамырында олардың  саны 19-ға жетті. Бұл туристік фирмалардың 18-і Тараз қаласында,  ал 1-і  Жуалы ауданында орналасқан. Олардың  офистері бар.

     Туристік  компаниялар көлемді спекторлық қызмет түрін көрсетеді;

  • алыс және жақын шет елдерден туристерді қабылдау және оларды орналастыру;
  • ішкі туризм, Қазақстан пансионаттарында демалдыру және емдеу;
  • Қазақстандағы тарихи орындарға тур жасау, шөп тур тағы басқалары.

 Облыс шеңберінде орта мектеп базасында жұмыс істейтін 2 экологиялық клуб бар, “Снежный барс”, “Горный клуб”, “Жабағалы-Манас” және “Росток” қоғамдық бірлестіктері балалар және жасөспірімдер туризмі мен альпинизмімен айналысады, сонымен қатар 9 балалар лагері бар. Тараз қаласында туризм саласының даму қарқыны жеке туристік ұйымдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің белсенді жұмысы арқасында біраз жетістіктерге жетті. Ал, негізінен алғанда мемлекет тарапынан жеке компаниялар мен ұйымдарға қолдау көрсету жоғары деңгейде жасалып келеді. 2006 жылы Тараз қалалық әкімиятының қолдауымен қала ішінде бірнеше туристік объектілер ашылды: “Қазақстан Республикасының бірінші Президентінің саябағы”, “Комсомол” өзенінің жағалауында жазғы демалыс орны. Тараз қаласында орналасқан туристік объектілер модернизациялау кезеңінен өткізілді. Тектұрмас сәулет кесенесінің қасында “Неке сарайы” құрылысы жеке кәсіпкердің өз қаржы есебінен соғылып, іске қосылды.

     Облысымызға келген қонақтарға, туристерге қызмет ететін 14 қонақ үй бар. Олардың үлкендері  “Жамбыл”, “Тараз”, “Газовик”.

     “Жамбыл”  – Тараз қаласындағы қонақ  үй. Төле би даңғылы мен Әйтиев көшесінің  қиылысында орналасқан, қала орталығы архитектуралық кешенінің ажырамас бөлігі. Төрт қабатты ғимарат 1961 жылы тұрғызылған, 1995 жылы қайта құрылды. Қонақ үйде 1-3 бөлмелі 73 жайлы номерлер бар. 20 люкс (1 орынды, 2 орынды және апартамент), 40 орташа (1 орынды, 2 орынды, 3 орынды) бар. Онда мейрамхана, бар, казино, бизнес-орталығы, экскурсиялық қызмет, гид-аудармашы  қызметтері, интернет, факс, конференц-залы, шаштараз, косметологиялық кабинеті, сауна, бильярд, кір жуу, автотұрақ, телефон, радио, теледидар, тоңазытқыш, шағын бар, ванная, балкондары бар.

     “Тараз” қонақ үйі – Тараз қаласында, Жамбыл даңғылында орналасқан. Қонақ  үйде 200-ден аса номерлері бар. Сонымен бірге мейрамхана, түнгі  бары, химиялық тазалау, шаштаразы, көлік  тұрағы, теледидар, радио, балкон, душ, ваннасы бар.

      2003 жылы 24 қазанда Тараз қаласында  « Евразия » атты керемет  көңіл көтеру кешені ашылды. Қала  тұрғындарына арналған бірінші  классты, қазіргі заманғы кинотеатр  техника деңгейімен дизайн және  сервис деңгейі жоғары әлемдік  стандарттарға сәйкес келеді.

      Керемет кинозал 100% қатысу эффектісін құрайтын жаңа кинопроекционалды және дыбыстық құралмен ( система Dolby Digital Surround Ex ), қамтылған. Көрсетілімнің ерекше анықтылығы мен  тұнықтылығынан экранда болып жатқан құбылыстарының шындық иллюзиясына батқандай боласыз. Ал көріністі экранда 200 есе үлкейтіп көрсеткеннен тамаша киноәлеміне тап болғандай боласыз.

      Кинотеатрдың  репертуарын ресейлік кинопрокатқа шығатын ең жақсы фильмдер құрайды. Репертуарды құрастырудағы профессионалды басқару әр көрерменге өзінің талғамы  бойынша фильмді тауып алуға  кепілдік береді. Сонымен қатар анимация, комедия, боевик, триллер, фантастика және мелодрама көрушілерде көңіл  аударусыз қалмайды.

      2008 жылы 10 ақпанда « Евразия »  көңіл көтеру кешені өзінің  қала тұрғындары мен қонақтарына  жаңа ультрасәнді « Паутина  » атты түнгі клубты сыйға  тартты.

      Көңіл көтеру кешенің 2-ші қабатында көңіл  көтерудің толық паркі орналасқан. Бұл жерде әр адам өзінің талғамына  байланысты қызықтарды таба алады.

      Ең  кішкентай қонақтар үшін ойын бөлмелері  мен  карусельдер, ал жылдамдық пен  азарты сүйетіндер, жеңіс сезіміне бөленуді сүйетіндер үшін – « Bumper Cars » автодромы ұсынылады. Мұнда  тек үлкен азаматтар ғана емес, сонымен қатар балалар да өздерінің  жылдамдық пен логикасын көрсете  алады және жылдам реакциясы мен  көлік айдау класын көрсете алады.

Информация о работе Тараз қаласының тарихы