Табиғи емдік ресурстарға сипаттама

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 21:34, реферат

Краткое описание

Табиғи емдік ресурстар – ауруларды емдеу мен профилактика жүргізуге қолданылатын минералды сулар, шипалы балшықтар, емдік климат және т.б. табиғи объектілер мен шарттар болып табылады. Табиғи ресурстардың емдiк қасиеттерi ғылыми зерттеулер мен көп жылдық тәжірибе негiзiнде федералды атқарушы органдармен бекітіледі.

Содержимое работы - 1 файл

Ресурстар.docx

— 16.15 Кб (Скачать файл)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ    УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 

    СӨЖ 
 

         Тақырыбы: Табиғи емдік ресурстарға сипаттама 

                                                                   Қабылдаган: Жылкыбаева М. И.

                                                                                    Орындаған:   Сагиева А.Ч. 
 
 
 

                               

                                               

                                                   Алматы-2011 ж

 

   Табиғи емдік ресурстар – ауруларды емдеу мен профилактика жүргізуге қолданылатын минералды сулар, шипалы балшықтар, емдік климат және т.б. табиғи объектілер мен шарттар болып табылады. Табиғи ресурстардың емдiк қасиеттерi ғылыми зерттеулер мен көп жылдық тәжірибе негiзiнде федералды атқарушы органдармен бекітіледі.

   Курорттар емдеу әдісіне қарай бальнеологиялық, шипалы балшықпен, климатпен, қымызбен емдейтін болып бөлінеді. Бальнеологиялық курорттарда минералды бұлақтардың шипалы суымен емдейді. Шипалы балшықты курорттарда балшық, лай, тұздың қою ерітіндісі қолданылады. Климатпен емдейтін курорттарда күн сәулесі мен ауа, теңізде, өзен-көлде шомылу арқылы емделеді.

    Минералды сулар – түрлі ауруларға шипа болатын табиғи сулар. Ол жер бетінен сіңген сулардан, шөгінділермен бірге көмілген теңіз суларынан, метаморфизм мен жанартау процестері нәтижесінде босаған сулардан қалыптасады. Тотығу реакциясы басым болатын жер бетіне таяу Минералды сулар құрамында азот, оттек, көмір қышқыл газы, ал тотықсыздану реакциясы басымырақ болатын тереңірек горизонттарда көміртек газдары, күкіртсутек көбірек болады. Минералды сулар кендерінің типтері құрылымдық, гидродинамикалық, гидрогеохимиялық ерекшеліктеріне қарай ажыратылады. Судың шипалық қасиеті ондағы барлық еріген заттар мен арнаулы биологиялық әсері бар құраушылар (CO2, H2S, AsS, т.б.) мөлшеріне қарай анықталады. Минералды сулардағы минералды қосындылардың мөлшері 2 г/л-ден төмен болғанда әлсіз, 2 – 5 г/л-де аз, 5 – 15 г/л-де орташа, 15 – 35 г/л-ден жоғары болғанда минералды, 35 – 50 г/л-де – тұзды, 50 г/л-ден астам болғанда күшті тұзды сулар болып саналады. Минералды 7 – 8 г/л-ге дейінгілерін ішу, ал басқаларын әр мөлшерде тұщы сумен қосып, шомылу арқылы емге пайдаланады. Температурасына қарай салқын (200С-қа дейін), жылы (20 – 370С), ыстық (37 – 420С) және өте ыстық (42ӘС-тан жоғары) болып бөлінеді. Аниондары мен катиондарының шамасына сәйкес Минералды сулар хлоридті, гидрокарбонатты, сульфатты, натрийлі, кальцийлі, магнийлі, газ бен арнаулы элементтеріне қарай көмірқышқылды, сульфидті, азотты, бромды, иодты, темірлі, күшәлалы, кремнийлі, радиоактивті (радонды) болып ажыратылады. Минералды сулардың құрамындағы кальций денедегі ісіктерге қарсы ем болып, жүйке жүйесін нығайтады. Хлорлы магний суы қан тамырын кеңейтеді. Сульфатты сулар негізінен өт пен ішті тазалауға көмектеседі. Йодты сулар тамақтың қалқанша безінің, өкпе - бауырдың қызметін жақсартады. Бромды сулар орталық жүйке тамыр қызметін қалпына келтіреді. Темір қосындысы қанның гемоглобиніндегі темір жетіспеушілігін толықтырады. Гемоглобиннің артуына Минералды сулардағы кобальт, никель, күшәла да пайдалы. Сондай-ақ көмірқышқылды сулар қан тамырларының қабілетін жақсартып, жүрекке әл береді. Кремний қышқылды, күкіртсутекті сулар ревматизм, бруцеллез, радикулит, жүрек, тері, т.б. көптеген ауруларға ем. 

   Шипалы балшықтар.

Емдік балшықтар (пелоитер) – физико-химиялық, химиялық, биохимиялық процесстердің нәтижесінде минералдық, органикалық заттардан қалыптасқан біркелкі масса.  Түрлеріне қарай балшықтар: торфты, сапропелит, сульфидті лай, тұщы су сазды лайлар,   гидротермальды лайлар болып бөлінеді.

 Балшықпен  емдеу, пелоидотерапия (грекше plos —  саз, балшық және therapeіa — емдеу), құрамында тұздар, өсімдік шірінділері,  сондай-ақ, оларды қорек ететін  ұсақ организмдері бар балшықты  және балшық тектес (парафин, озокерит) заттарды емге пайдалану. Шипалы  балшықтар химиялық құрамы, шығу  тегі және пайда болу жағдайларына  байланысты әр түрлі болады. Олар  кейбір физикалық және химиялық  қасиеттеріне (тұтқырлығы, су сіңіргіштігі, жылу сыйымдылығы, жылу сақтағыштығы, т.б.) қарай топтарға жіктелінеді. Арнайы қыздырылған шипалы балшықтар өздерінің бойында қызуды ұзақ сақтаумен қатар, терідегі рецепторларға, дәнекер тіндерге, ішкі секреция бездеріне әсер етіп, организмдегі зат алмасу, регенерация процесінің жүруін реттейді, ауырсынуды басады. Балшықпен емдеу, негізінен, сүйек-буын, жүйке, ас қорыту, жыныс мүшелерінің ауруларына қолданылады.

  Емдік климат

Климатотерапия – белгіленген мөлшердегі климаттық факторларды емдік мақсатта қолдану. Климаттық ерекшеліктер ағзаның табиғи биостимуляторы болып табылады және оның қоршаған ортаның қолайсыз әсерлеріне қарсылығын қалыптастырады.

Ағзаның иммунитеті жоғарылайды, зат алмасу жақсарады  және адамның психологиялық-эмоциялық  денсаулығына оң әсер береді.

Далалық жылы құрғақ климат ауаның биiк температурасы, қарқынды күн инсоляциямен, аз дымқылдықпен, ауаның тазалығымен бейнеленедi. Бұндай климат бүйректердiң жұмысын,  олардың функциясын, зат алмасу процестерін  

Тау климаты таза иондалған ауамен, аз мөлшердегі дымқылдықпен, төмен бұлттылықпен, жоғарғы күн радиациясымен, атмосфералық қысымының төмендігімен, салыстырмалы төмен ауа температурасымен, жиі соғатын желдерімен ерекшеленеді.Тау ауа райының ықпалымен адамда жүректің соғу ритмі жоғарылайды, тынысы тарылады , (бейiмделуден кейiн) содан соң баяулайды. Ненгізгі және минерал алмасу жақсарады, гемоглобин мен қан құрамындағы эритроциттер мөлшері көбееді.

Теңіздік климат жоғарғы атмосфералық қысыммен, жоғарғы  дымқылдықпен, ауада шаң-тозаңның болмауымен, ауа құрамында минералдық тұздар мен олардың иондарының болуымен, құрамында көп мөлшерде оттегінің, озонның болуымен сипатталады. Оған қоса теңіз суының құрамында: калий, натрий, магний, кальций, железо, барий, хром, йод, хлор, марганец, мышьяк, күміс, алтын, уран, радий бар. Бұл заттардың барлығы адам ағзасына тері рецепторлары арқылы  оң әсер береді. Теңіз жағалауындағы климат географиялық орналасуына, теңіз орналасқан материкке және т.б. байланысты.

Информация о работе Табиғи емдік ресурстарға сипаттама