Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 18:22, курсовая работа
Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысы 1945 жылы 25 сәуір мен 25 маусым айлар аралығында Сан-Франциско қаласында өткен «халықаралық ұйымды құру» жөніндегі Біріккен Ұлттар конференциясында 50 мемлекеттің өкілдерімен дайындалды. Конституциялық құжат болып табылатын Жарғы - халықаралық ұйым ретіндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметін реттейді және әр түрлі салалар бойынша жүргізілетін барлық қатынастарда мемлекеттердің жүріс-тұрысын бақылап, қадағалауда басты роль атқарады.
Кіріспе……………………………………………………………...…..…………...3
1 Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы мен құрылымы…………………………………………………………...............……5
1.1 БҰҰ-ның Жарғысы…………………………………………………...…………5
1.2 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы………………….…….………5
1.3 Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы……………………........................7
1.4 Бірікке Ұлттар Ұйымының қоғамдық ақпарат департаменті…………...........7
1.5 Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы………………….………8
2 Қазақстан мен БҰҰ-ның Арнайы Мекемелері………………..........9
2.1 Қазақстан мен БҰҰ-ның Даму Бағдарламасы(ПРООН)…………….….........9
2.2 Қазақстан мен БҰҰ-ның ББҒММҰ (ЮНЕСКО) ………………………........10
2.3 Қазақстан мен БҰҰ-ның ЕЗБҚААБ (УКНСПП ООН)…………………........11
2.4 Қазақстан мен АЭХА (МАГАТЭ)……………………………………….........12
2.5 Қазақстан мен БҰҰ ЖКБІБ (УВКДБ ООН)…………………………….........13
2.6 Қазақстанмен БҰҰ- ның ӨДҰ (ЮНИДО) ……………………………….......14
3 ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ Біріккен Ұлттар Ұйымы…………………….........15
3.1 Біріккен Ұлттар Ұйымындағы Қазакстанның қызметі…………………......15
3.2 ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері……………………….......21
Қорытынды………………………………………………………………….......30
ҚОЛДАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі…………………………………….......32
1.5 Біріккен Ұлттар Ұйымының дамыту бағдарламасы
БҰҰ-ның дамыту бағдарламасы – аса ірі қаржыландырушы ұйым. Әр түрлі даму шараларына, сондай-ақ, БҰҰ-ның дамыту ісін үйлестіріп отыратын негізгі органдарына қаражат бөледі. Мақсаты – нашар дамыған елдерге жә-не шаруашылық жүргізудің жоспарлы тәсілінен нарықтық экономикаға көшкен мемлекеттерге жәрдемдесу.[2] Бағдарлама негізінен: 1.Адамды жанжақты және орнықты дамытып, жеке мүдделерді ардақтау бағытында жүйелі де пәрменді күш жұмсау. 2.Жеке адамды орнықты дамытудың негізгі мақсаттарына, кедейшілік проблемаларын жоюға, жұмыс орнын ашып, баянды тұрмыс ахуалын қалыптастыруға, әйелдердің жағдайларын жақсартуға, табиғи ортаны қорғауға арналған өзіндік ресурстарды шоғырландыру. 3.Ең сенімді тіректі рөлін атқара отырып осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту міндеттерін атқарады. 1993 жылы қарашада Қазақстанда ұйым өкілдігі ашылды. 5 жылда 4,3 млн. Доллардың жобалары іске асырылды. Осы жобалар аясында жергілікті проблемалардың шешімін тауып, мысалы, электр станцияларын салу жөніндегі келіссөздер өткізу, уақыт талабына сай әлеуметтік-ұйымдастырушылық жұмыстар жүргізілді. Жұмыссыздар үшін оқу курстарын ашу шаралары қолға алынды. Макроэкономика мәселелері бойынша кеңесшілік қызмет (құны - 300000 АҚШ доллары) көрсетіліп, мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру ісін тиімді өткізуге жәрдем берілді. Әсіресе, осы ұйымның қолдауымен 1993 жылы су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының балаларына көмек (құны – 25000 АҚШ доллары) беріліп, баспанасыз қалған тұрғындарға қамқорлық жасалды. БҰҰ-ның дамыту бағдарламасы Қазақстан Президентінің әкімшілігімен, Үкіметпен, Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттікпен бірлесе отырып, келешекте де тиімді басқаруды, кедейлікке қарсы күресу, әлеуметтік саланы дамытуды, табиғи ортаны қорғауды, т.б. шараларын ұйымдастыруға жәрдемдесе беруді көздейді.
1965 жылы құрылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыту Бағдарламасы (ПРООН) өзіннің Қазақстанмен ынтымақтастықтағында басты назарды ұлттық мамандарды дайындауға, нарықтық реформаларды іске асыруға, экономикамыздың әр түрлі секторларындағы жаңа құрылымдары жөнінде консультативті көмек көрсетуге аударады.
Қазіргі уақытта БҰҰ Дамыту Бағдарламасының кеңесшілері мен сарапшылары Қазақстан өкіметіне еліміздегі жүргізіліп жатқан бірнеше ірі ұлттық бағдарламалды іске асыруға көмек көрсетуде, оларға: Ұлттық Жекешелендіру Бағдарламасы, Қоршаған Ортаны Қорғау мен Қалыпты Даму Әрекеттерінің Ұлттық Жоспары, Әйелдер Жағдайларын Жақсарту Әрекеттерінің Ұлттық Жоспары, Әлеуметтік Даму Әрекетте-рінің Жоспары, Салауатты Өмірді Қалыптастыру Бағдарламасы, ж.т.б
1993 жылдан бастап, БҰҰ Дамыту Бағдарламасы Қазақстан өкіметіне нарықтық реформаларды іске асыруға, экономикамыздағы әр түрлі салалары мен еліміздің барлық аймақтарына нақтылы көмек көрсетеді.
Қазіргі таңда Қазақстандағы бірнеше экономикалық пен саяси рефор-малардың іске сәтті асырылғандығы есепке алынып, еліміздің ары қарай дамытуының приоритетті бағыттары анықталды, ең маңыз-ды мәселелерді шешуге бірлескен күштердің орталықтандырылған әрекеттері жұмыс істеуде, олардың ішінде:
Жақын арада Қазақстан мен БҰҰ Дамыту Бағдарламасы арасында-ғы ынтымақтастық шеңберінде бірнеше жаңа бағдарламаларының іске асырылуы қарастырылуда, олардың ішінде:
Жалпы қарастырып алғанда, Орталық Азия мемлекеттері арасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Дамыту Бағдарламасының Қазақстандағы жұмысы ең табысты болып саналады.
Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім Беру, Ғылым және Мәдениет Мәселелері жөнінддегі Ұйымына (ББҒММҰ) 1992 жылдың мамырында кіріп, оның келесідей Конвенцияларына қосылды:
ББҒММҰ Қазақстанды Орталық Азия аймағындағы ерекше мәдени, тарихи, рухани орталық ретінде мойындап, оған барынша көніл бөлуде. Нақтылы үлгілерге мынаны жатқызуға болады: ББҒММУ Абайдың 150 жылдығының, М. Әуезов пен Қ. Сәтбаевтың 100 жылдықтарының, М.Х. Дулатидің 500 жылдығының, Түркістан қаласының 1500 жылдығының, Тараздың 2000 жылдығының және жақында өткен Махамбеттің 200 жылдығының салтанаттарына белсенді қатысты. Осы салтанаттардың өткізілуің БҰҰ-ның каленьдарына орналатқан.
Осымен қатар, ББҒММҰ «Қазақстанның мәдени жәңе табиғи мұра объектілерінің алдын ала Тізімін» қабылдаған, оған ерекше аталынып кеткен Хожа Ахмет Яссауи Кесеңесі кірген.
2001 жылдың тамызында Қазақстанға ББҒММҰ – ның Бас Хатшысы К. Мацура келіп, Еуразиялық Университетте Отрар кітапханасың қайта қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды қабылдау туралы келісімдерге қол қойған.
Қазақстан ББҒММҰ – ның екі аймақтық бастамаларының құрылтайшысы болып тұр. Оларға біз:
Кеңес Одағының құлауы мен Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа енуіннен бастап, еліміз бүткіләлемдік есірткілердің заңсыз айналу үрдісінің мәселелерімен соқтырылды.
Глобализацияға бағытталған тенденциялары мен транспорттық инфрақұрылымының дамуы – еліміздегі есірткілердің контрабандасың да бірге дамытқан. Осыған себеп болғаны:
Бүткіл Орталық Азия мен бұрынғы КСРО елдеріндегі есірткі бизнесінің гүлденуі – Қазақстандағы есірткілерді бақылауының жағдайың да шиелендірді. Еліміздегі есірткі заттарының заңсыз пайдалануы мен олардың заңсыз айналуы кең етек алып, экономикамызға, құқылық тәртібімізге, ұлттың денсаулығы мен геноқорына, жалпы қоғамдағы әлеуметік – психологиялық атмосферамызға кері әсер етуде.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткілерді Бақылау жөніндегі Халықаралық Бағдарламаның (ЮНДКП) көпжылдық тәжирибесің ескерте отырып, Қазақстан Республикасы аталған ұйыммен есірткілердің заңсыз пайдалануы мен айналымы саласында ынтымақтастықты орнатып, белсенді дамытуда. Бұл ұйым есірткілерді бақылаудың халықара-лық қызметінің бағытталуында шешуші рөлді атқаруда. Біріккен Ұлт-тар Ұйымының қата құру шеңберінде, ЮНДКП Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның Халықаралық Қылмысты Алдын Алу Орталығымен (ЦПМП) біріктірілгеннің нәтижесінде - Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі Заттарды Бақылау мен Қылмысты Алдын Алу Басқармасы (ЕЗБҚААБ) құрылған.
Қазақстан Республикасы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының ЕЗБҚААБ арасындағы ынтымақтастықтың негізі ретінде, 1996 жылдың 4 мамырында Ташкенттегі өткен Орталық Азия елдерінің есірткілердің өңдірісінің, заңсыз айналымының, таратылымының мен психотропты заттар мен прекурсорлардың бақылауы жөніндегі Меморандумға еліміздің сыртқы істер министрінің қол қоюы болды.
Қазақстан Республикасы бұл салададағы Біріккен Ұлттар Ұйымының үш негізгі Конвенцияларына да қол қойған. Олар:
Біріккен Ұлттар Ұйымының ЕЗБҚААБ ұсыныстары бойынша, Қазақ-стан Республикасының «Есірткі заттар, психотропты, прекурсорлар мен олардың заңсыз пайдалануы мен айналымына қарсы ету шаралары ту-ралы» Заң қабылданған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2000-2005 жылдары арасында Наркомания мен Наркобизнеске Қарсы ету Стратегиясың қабылдаған. Оның негізін-де әр жылда Наркомания мен Наркобизнеске Қарсы ету Мемлекеттік Бағдарламасы жасалынады. Республикамыздың Ішкі Істер Министрлі-гінде де, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде де, басқа да құқылық тәртіпті сақтаушы органдарда есірткілерге қарсы ету арнайы басқармалары мен бөлімшелері құрылған. Аталған мекемелердің басқа мемлекеттер мен Интерпол сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы белсенді түрде, үлкен қарқынмен дамуда.
1993 жылдың Желтоқсанында республикамыздың «Ядролық Қаруды Таратпау жөніндегі Келісімге» қол қоюы – оның 1994 жылдың 14 Ақпанында Атомдық Энергия жөніндегі Халықаралық Агенттікке (АЭХА) 121 мүшесі ретінде кіруге жағдай жасаған. Келісім шарттарына сәйкес 1994 жылдың 26 маусымында Алматыда Қазақстан Республикасы мен АЭХА арасында «Ядролық Қаруды Таратпау жөніндегі Келісімге» байланысты «Гарантияларды қолдану туралы Келісімге» қол қойылып, 1995 жылдың шілдесінде Қазақстан Республикасы Президентінің Үкімімен жарияланған.
Келісімге сәйкес республикамыздың барлық ядролық қызмет АЭХА гарантиялары астында. Еліміздің белсенді ядролық объектілеріне: Ақтаудағы Маңғышлақ Атомдық энергокомбинатының БН – 350 реакто-рына, Өскемендегі «Үлбі Металлург Зауытына», Курчатов қаласындағы және Алатау кентіндегі Ұлттық Ядролық Орталықтың зерттеу реактор-ларына және республикамыздың басқа да ядролық объектілеріне АЭХА инспекциялары жиі өтуде. Инспекциялардың мақсаты - Қазақстанның ресми мәлімдеген ядролық материалдардың саның мен сақтау жағдай-ларың тексеру (верификациялау)
АЭХА – ның өз мүше-елдерімен техникалық ынтымақтастық бағдар-ламасы атомдық энергияның және ядролық-физикалық технологилар-дың қауіпсіз мақсаттарына пайдалану денгейінің жоғарлауына, қорша-ған ортаны қорғауына, өңдірісте, ғылымда, әлеуметтік салада жаңа ілгерішілді әдістердің пайда болуына бағытталған.
Қазақстан Республикасының АЭХА – ның техникалық ынтымақтас-тық бағдарламасына қатысуы – елімізге қазіргі замаңғы ядролық тех-нологияларға, олардың өмірдің кез-келген облыстарында қолданылуына, сәйкес ақпараттарды алуға жол беріп, еліміздің ядро-лық энергияның мен ядролық-физикалық технологилардың бейбіт мақсаттарында пайдаланылуының қауіпсіздік деңгейін әлемдік деңгей-ге жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл бағдарлама арқылы және жалпы АЭХА – мен ара қатынасу ар-қылы республикамыздың халықаралық ғылыми байланыстарымыз е-дәуір кеңейтіліп, Қазақстанның халықаралық көрінісің де жоғарлатады.
Соңғы жылдары ішінде АЭХА – ның бірнеше жобалары шеңберінде бұл ұйымның Қазақстанға жұмсалатың қаржы-қаражатның басым бөлі-гі елімізде шығарылатың жаңа құралдар ман технологияларды сатып алуға жұмсалады. Бұл еліміздің ғылыми дамуына пайдалы әсер етеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Жоғарғы Комиссарының Босқындар Ісі жөніндегі Басқармасы (БҰҰ ЖКБІБ) Тәжікстандағы азамат соғысы салдарымен байланысты Орталық Азияда 1993 жылдың ақпанынан бастап қызмет етуде. ЖКБІБ – сы Душанбе мен Ташкенттегі өз өкілеттіктерің ашып, тәжік босқындарының Ауғанстаннан репатриациялауға және отанына оралған соң, бұрын тұрған аймақтарына реинтеграция-лауға нақтылы шаралар жүргізген.
ЖКБІБ Қазақстан Республикасындағы өз өкілеттілігін тек 1995 жылда ашқан. Оның негізгі міндеттеріне:
Қазіргі кездегі БҰҰ ЖКБІБ – ның Қазақстан Республикасындағы қызметі негізінен екі бір-бірімен тығыз байланысқан компоненттерден тұрады. Бұл компоненттер негізінде ЖКБІБ – ның барлық бағдарламалары іске асырылады. Оларға біз:
1. Дәстүрлі емес қызмет: ең қажет ететін босқындар мен олардың жаңұяларына шектелген материалды және медициналық көмекті көрсету. Осы облыстағы бағдарламалар республикамыздың мемлекеттік те, мемлекеттік емес ұйымдары да арқылы іске асырылады.Сонымен қатар, ЖКБІБ – сы тәжік босқындарының отанына ерікті түрде оралуына арналған бағдарламаны асырады. ЖКБІБ мәліметтері бойынша - Қазақстан Республикасында 17-20 мың босқындар бар. Олардың көбісі Ауғанстаннан, Тәжікістаннан, Шешенстаннан, Ираннан келген.
Информация о работе ҚР-дағы Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдіктері