Климат және оның жіктелуі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 20:17, реферат

Краткое описание

Климаттың аудандастыру негіздері. Сендер белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ, жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығын климат деп атайтынын білесіңдер. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны, атмосфера циркуляциясы, жер бедері мен төсеніш бетінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады.

Содержимое работы - 1 файл

климат и жиктелуи.docx

— 23.23 Кб (Скачать файл)

Тропиктік белдеудің шығыс жағалауы климаттық жағдайдың біршама қолайлылығымен ерекшеленеді. Жағалау бойымен жылы ағыстардың өтуіне байланысты батыспен салыстырғанда температура біршама жоғары, жауын-шашын мол. Тау беткейлерінде жылына 1500—2000 мм жауын-шашын түседі.

Субтропиктік белдеудің жазы тропиктік белдеуге өте ұқсас. Антипиклондық режім басым болады. Тропиктік белдеуге қарағанда субтроттктер күн жылуын 20%-дай аз алады (2100 -102 — 2520 •102Дж/см2-ге дейін), сондықтан климаттың маусымдық сипаты айқынырақ байқалады. Қыс кезінде циклондың әрекеттер жиі қайталанады. Белдеу бойынша батыстан шығысқа жүрген сайын климаттың ішкі айырмашылықтары күшейеді. Батыс жағалық бөліктерге жазы құрғақ, қысы ылғалды болатын субтропиктік жерортатеңіздік климат сипаты тән. Құрлық ішіне енген сайын климат континентті сипат алады (мұндай климат жағдайлары тән болатын ірі шөлдерді картадан табыңдар). Материктердің батыс жағалауында климат муссондың сипатқа ауысады. Қыс салыстырмалы түрде озық әрі құрғақ, ал жаз ыстық, ылғалды.

Қоңыржай белдеулерде  жыл бойы қоңыржай ауа массалары  мен батыс желдері басым болады, тропиктік белдеулермен салыстырғанда  едәуір салқын, жыл мезгілдері айқын  байқалады (ол неліктен?). Қоныржай климаттық  белдеу әсіресе солтүстік жарты  шарда өте көлемді болады, сондықтан  радиациялық баланс солтүстігінде 1260-102 Дж/см2-ден оңтүстігінде 2100102 Дж/см2-ге дейін жоғарылайды. Температура  белдеу ішінде солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай өзгереді. Әсіресе қысқы температура құрлықтың  ішкі аудандарында антициклондық режім  әсерінен күрт төмендейді. Мұның әсерінен Еуразияда солтүстік жарты шардың суықтық полюсі орналасқан (карта  бойынша оның орны мен температуралық көрсеткіпітерін анықтаңдар).

Жауын-шашынның жылдық мөлшері, жалпы алғанда, біршама мол болғанымен, белдеу ішінде әркелкі таралады. Материктердің батысында ылғал мол, бұл мұхиттардағы ылғалды ауа массаларының батыс желдер арқылы тасымалдануымен байланысты. Шығысқа қарай aуa ылғалынан айырылып, континенттік сипат алады, жауын-шашын күрт азаяды. Ал Материктің шығыс жағалауларында мұхиттардың ықпалының күшеюіне байланысты жауын-шашын мөлшері артады. Белдеуде батыстан шығыска қарай мынадай климат сипаттары айқын ажыратылады: қоңыржай теңіздік, қоңыржай континенттік, континенттік, шұғыл континенттік, муссондық.

Субарктикалық және субантарктикалық белдеулер оңтүстік жарты шардың поляр маңы аудандарын алып жатыр. Мұнда жылдық радиациялық баланс 630-102 Дж/см2-ден 924-102 Дж/см2-ге дейін өзгереді Жазда қоныржай, қыста арктикалық және антарктикалық ауа массалары басым болады. Жазы салыстырмалы түрде жылы, бірақ қысқа болады, қысы өте қатал. Жылдық, температуралық амплитуда аса үлкен емес. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 200 мм-ден аз, көбінесе қатты күйде түседі.

Арктикалық және антарктикалық белдеулер жарты  шардың полюс маңын алып жатыр. Альбедоның жоғары болуымен байланысты радиацияның  кері шағылуы күшті, сондықтан поляр  жазының өзінде радиациялық баланс төмен. Антициклондық режім жағдайында жауын-шашын аз, соған қарамастан оның мөлшері жылудың жетіспеуі  әсерінен буланушылықтан жоғары болады. Полярлық белдеулердің ішінде, әсіресе оңтүстік жарты шарда мұз құрсанған үлкен құрлық — Антарктиданың орналасуы антициклондық жағдайды күшейтеді. Сондықтан да Шығыс Антарктидада Жер шарының суықтық полюсі орналасқан, мұндағы абсолюттік минимум температура -89,2°С. Жыл бойы орташа температура көрсеткіштері теріс мәнге ие. Жылдық жауын-шашын 100 мм-ден аз. Климаттың өзгеруі. Климат Жердің геологиялық тарихында күшті өзгерістерге түскенін білесіңдер. Климат өзгерістерін Жер шарының көптеген аудандарынан қазіргі кезде де байқауға болады. Оған Күннің қарқынды сәуле шашуы, геомагниттік өpic әсерінід күшеюі, атмосфераның жалпы циркуляциясындағы ғасырлық өзгерістер, соңғы ғасырлардағы адам әрекетінің ерекше қарқын алуы және т.б. себепші болуда. Климат езгерістері Жер шары бойынша жылдық орташа температураның жоғарылауынан (0,5°С—1°С), жылыжай эффектісінің белең алуынан, кейбір аудандарда жауын-шашын мелшерінің күрт артуынан немесе керісінше күрт азаюынан, кейбір мұхит ағыстарының бағыты мен касиетінің өзгеруінен айқын көрінеді. Мысалы, Эль-Ниньо құбылысы шамамен 4—6,12—15 жыл аралатып, Тынық мұхиттық Перу суық ағысы өтетін Оңтүстік Америка жағалауында қайталанады. Атмосферадағы циркуляциялық әрекеттің өзгеруінен пассат желдерінің бағыты жағалаудан ашық мұхитқа қарай ауытқиды. Бұл жағдайда Перу суық ағысының ықпалы әлсіреп, оның орнын экватор маңынан келетін жылы ағыстар басады. бұл құбылыс желтоқсан-қаңтар айларындағы Рождество мерекесіне тұспа-тұс келетіндіктен, жергілікті халық оны Эль-Ниньо, яғни Рождество кезінде туған "нәресте" деп атаған. Бірақ "нәрестенің" қазіргі климатқа тигізетін әсері кейде тіпті жойқын, апатты құбылыстарға себепші болады.

Эль-Ниньо әрекет еткенде дауылдар күшейіп, жиілейді, биік толқындар пайда болады. Жер шарының көптеген аудандарында температура мен жауын-шашын көрсеткіштері өзгереді. XX ғасырда Эль-Ниньо 8 рет қайталанды. Мысалы, 1982 және 1997 жылдары болған құбылыс осы ғасырдағы ең апатты сипат алды. Әсіресе, соңғы қайталануында 4 мыңнан астам адам опат болып, мыңдаған адам баспанасыз қалды, материалдық шығын 20 млрд долларға бағаланды. Эль-Ниньо әсерінен Жаңа Гвинея арқылы өтетін пассаттық циркуляция шығысқа қарай жылжып, экватор маңындағы аралдарда наурыз бен қыркүйек аралығында жаңбыр мүлде жаумаған. Соның нәтижесінде бұл аудандарды бұрын-соңды болмаған құрғақшылық жайлап, ал таулы аудандар бұлттардың түзілмеуінен түнгі үсіктерге шалынған. Бұл ауыл шаруашылығына елеулі нұқсан келтірді, сол себепті мыңдаған адамдар қоныс аударуға мәжбүр болды. Эль-Ниньоның әсері, әсіресе, Америка жағалауларында күштірек байқалды. Беткі судың температурасының 5°С-қа дейін жоғарылап, ол салқын суда тіршілік ететін көптеген теңіз организмдерінің жаппай қырылуына және суық сулы аудандарға ығысып кетуіне себепші болды. Атакама жағалауындағы шөлдік климат уақытша ылғалды экваторлық сипатқа ауысады.

Климаттың жалпы  жылынуы мұздықтардың жаппай жоғарылауына әсер етеді. Бұл өз кезегінде Дүниежүзілік өрілуіне, су тасқындарының жиі қайталануына себепші болатын орташа ауа температурасы 1°С-ка жоғарыласа, Дүниежүзілік денгейі 16 см-ге көтеріледі. Соның әсерінен мұхит жағалық шеткі бөліктерін су басуы мүмкін


Информация о работе Климат және оның жіктелуі