Каспий теңізінің экологиялық проблеммалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 17:42, реферат

Краткое описание

Бұрын бұл жердің кеңестік кезеңге дейін, онан кейін де теңіз суының және оның құрлыққа суғына кіріп жатқан шалқыған саналуан сулы шығанақтары мен теңізден бөлініп қалған көлдері көп болды. Қай кездерде де осы көлдерден, шығанақтардан жергілікті халық балық аулап, олардың түрлі өнімдерін шығаратын шағын да ірі кәсіпорындарына тапсыратын. Оларды балықшылардың тілімен айтсақ «Балық батағалары» дейтін.

Содержание работы

I. Кіріспе бөлім:
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі
II. Негізгі бөлім:
Каспий теңізінің проблемалары
III. Қорытынды бөлім:
Каспий ахуалына басшылардың көз жұма қарағаны қалай?
Пайдаланылған әдебиеттер:

Содержимое работы - 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 73.50 Кб (Скачать файл)

 Теңіздің  тайыз бөлігі мен терең бөліктеріндегі  атқарылатын жұмыстардың ауқымы  әрқилы болып келеді. Әсіресе  оны сейсмикалық жұмыстартар  кезінде ерекше назарда ұстау  қажет. Жүз мың шаршы шақырым  алаң зерттеліп шықты. Сол кезеңдердегі ақпарат ағымдарының хабарлауына жүгінсек, теңіз тіршілігінің жойылуы о баста-ақ байқалған. Атырау экологтарының анықтамаларына қарағанда жер асты дүмпулерінен теңіз тіршіліктері үнемі зақымдалып отырған. Оның шындығын кейінгі кезең толық дәлелді. Итбалық эпидемиясын былай қойғанда, қазір балықтардың қырылуы жаппай етек алуда. Әрі оның көрініс бергеніне де бірнеше жылдың жүзі болды.

 Екінші мәселе, Солтүстік теңіздердегі мұнай  өндіру жолдарын Каспийге қолдана  салуға болмайды. Ең алдымен екі жақтың тіршілігі екі басқа. Ауа-райы мен табиғи ортасы да екі бөлек. Сондықтан Каспий астынан мұнай өңдіруге басқаша қарау керек. Экваториялық өзгешеліктерін де естен шығаруға болмайды. Бұл жерде Кариб өңіріндегі әдістерді қолдану да тиімсіз. Демек Каспий астынан мұнай өңдірген кезде өзге теңіздердегі әдістерді басшылыққа алудың пайда бермесі хақ. Алайда шетелдік компанияларға теңіз тіршілігінің жойылуы ешқандай әсер етпейді. Себебі Қазақстанның табиғаты олар үшін көк тиын.

 Өткен жылдың  шілде айында БҰҰ-ның шешімімен бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мараторий жарияланды. Қара уылдырықты экспорттауға да рұқсат етілмеді. «Атырау балық» бірлестігінің тоңазытқыш цехында 4 тонна уылдырық қалды. Ал сол уылдырықтың Америкадағы құны 14 млн доллар. 2002 жылдың 7 наурызы күні «Хабар» арнасында теңіз жағасындағы бес мемлекеттің уылдырықты экспорттау мөлшері көрсетілді. Сонда Қазақстан 23,5 тонна  уылдырық экспорттауға құқылы болды болып шықты. Бұрынғы кездерде сондай уылдырық бір самолетке тиеліп, шетелдерге жөнелтіліп отырған.

 Қысқасы,  қазір теңіз тіршілігіне қатер  төнуде. Балық қоры мүлдем азайды. Оны броконьерлерден көреді. Олар  бір-бір ұшқыр моторларға мініп  алып, балық сақшыларын маңайлатпай  кетеді дейді. Мемлекеттік қорықшылар  сондай ұшқыр кемелерге неге мінбейді? Балық инспекторларының тікұшақтар алуына да мүмкіншіліктері де бар. Осы тұрғыдан алғанда қызыл балықтарды броконьерлер тауысып жатыр деген пікір – алдамшы сөз. Биылғы бозторғайлардың қырылуына да броконьерлер кінәлі ме? Жоқ, оның бір ғана себебі бар, ол – Батыс, Шығыс Қашағанды қазу кезіндегі теңізге жіберілген лай су, ыссы фонтан, жер астынан атылған инертті газ. Нәтижесінде теңіз тіршілігі қырғыеға ұшырауда. Оны басшылар көрсе де көрмеген, білсе де білмеген болады. Әрине, мұнай керек, бірақ теңіз табиғаты құрыса, ол байлықтың құны көк тиын. Теңіз тіршілігі қалай болғанда да жойылуға тиісті емес.  
 
 

Қолданылған әдебиеттер:

Информация о работе Каспий теңізінің экологиялық проблеммалары