Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 20:03, реферат
Индуизм – Үндістанда пайда болып, қазіргі кезде дамып келе жатқан діни дәстүр. Бұл дінді ұстанушылардың жалпы саны жер бетінде 700 миллионнан асады деген деректер бар. Оңтүстік Азия елдерінде (Үндістан жұртшылығының 83%-ы, Непалда, Шри-Ланкада, Бангладеште индуизмді ұстанады. Оңтүстік-Шығыс Азия (Малайзия, Индонезия, Сингапур) мен Африканың кейбір өңірлерінде де аздап таралған.
Индуизм – Үндістанда
пайда болып, қазіргі кезде дамып
келе жатқан діни дәстүр. Бұл дінді
ұстанушылардың жалпы саны жер бетінде
700 миллионнан асады деген деректер бар.
Оңтүстік Азия елдерінде (Үндістан жұртшылығының
83%-ы, Непалда, Шри-Ланкада, Бангладеште
индуизмді ұстанады. Оңтүстік-Шығыс Азия
(Малайзия, Индонезия, Сингапур) мен Африканың
кейбір өңірлерінде де аздап таралған.
ХХ ғасырдан бастап индуизм Еуропа мен
Америка елдерінде тамыр жайып, жаңаша
ерекшелігімен жұртшылықтың бірден назарын
аударды. Бұған осы дінді зерттеуге арналған
18 томдық “Индуизм” атты энциклопедияның
дайындалып жатқандығы дәлел десе де болады.
Бұл энциклопедияға көптеген елдерден
1250 ғалымның 10000-нан астам ғылыми мақалаларын
енгізу көзделіп отыр.
Индуизм термині Синдху өзенінің парсы
тіліндегі атауы “Хинду” деген сөзден
негіз алған. Кейіннен бұл сөз тек өзен
мен оның жағасындағы Үнді елін ғана білдірмей,
сол елдегі халықтың атауына айналған.
Индуизм дінінің ерекшелігі, мұнда құдайлардың
саны өте көп, бәріне ортақ бір құдай жоқ.
Діннің негізін салушы да, белгілі пайғамбар
да жоқ, бірақ көптеген жеке білімдерді
таратушы, рухани ұстаздар бар. Бір ортақ
қасиетті кітап жоқ, оның орнына әр бағыттың
негізі болып саналатын жазбалардың беделі
өте күшті. Бұл дінде жалпы мойындалатын
сенім символдары мен талаптары болмағанымен,
индуистердің дүниетанымында ерекше орын
алатын ұғымдар (дхарма, карма, сансара,
мокша, Брахман, атман, варна, каста т. б.)
бар.
Индуизмдегі құдайларды бір атпен атау,
бір түрге біріктіру мүмкін емес. Мұнда
құдай тұжырымдамасы әр түрлі, себебі
индуизм Үндістанда ғасырлар бойы жинақталған
жазбалардың барлығын өзінің қасиетті
кітаптары ретінде қабылдаған, сондықтан
да осы кітаптарда аталған 33 құдайдың
(11-і аспандағы, 11-і ауадағы, 11-і жердегі)
бәрі индуизмде мойындалады. Брахман –
әлемді жаратушы, бастапқы бірліктің барлық
тірі және өтпелі шындықтың мәңгілігін
жүзеге асырушы. Бірақ Брахманның адам
алдындағы еңбегі дәстүрлі индуистік
түсінік бойынша көрнекті болмады. Сондықтан
да Брахманға онша сыйынбайды, оған арналған
храмдар саны да санаулы ғана.
Индуистердің көпшілігі Шива мен Вишнуға
табынғандықтан, шиваиттер мен вишнуиттер
болып екіге бөлінеді.
Шиваның негізгі қызметі жою және өзгерту,
сонымен қоса ол – өмірлік күштің және
еркектік бастаманың иесі. Шиваға Лингама
формасында еркектік өмір жасаушы бастама
ретінде табыну өте көп таралған.
Шива перілерге қарсы күрестерде ерекше
батылдық көрсеткендіктен, оны көбінесе
қатал жоюшы ретінде қабылдайды. Бұл ипостасында
Шива ырғақ пен би құдайы да болып келеді.
Бидің қозғалысындағы Шиваның төрт қолы
оның құдіреттілігі мен мүмкіншіліктерін
бейнелейді. Қастарының ортасындағы үшінші
көз де жоюшылық күшті білдіреді.
Индуистер, әсіресе шиваиттер, Ұлы Шиваға
өте көп функцияларды таңады. Соның бірі
шакти – Шиваның өзінің бөлек рухани энергиясы.
Шакти тек қажетті жағдайларда ғана көрінеді.
Индуистердің түсінігі бойынша шактидің
көмегімен адам өзінің негізгі мақсатына,
мокшаға (жанның туу мен өлім тізбегінен
босатылуы) жетеді. Шактиді киелі әйелдік
бастама Шиваның зайыбы Шакти құдай деп
қабылдайды. Бұл Шактидің көрінісі ретінде
көптеген әйел құдайлар пайда болды. Солардың
ішінде Дурға мен Калиге сыйынушылар өте
көп.
Вишну – индуизмдегі сақтаушы қызметіндегі
құдай. Ол қарапайым және адамдарға өте
жақын. Оның зайыбы Лакшми құдай нәзік
әйел махаббатының бейнесін символдайды.
Вишнудың аваторлары (басқа құдай түріндегі
көріністер) өте көп. Төрт бейнеде ол жануар
болып көрінеді. Вишнудың қалған белгілі
бес аваторлары: Парашурама, Рама, Кришна,
Будда және болашақта келетін Калка құдайы
болып есептеледі. Будданы Вишнудың аваторы
ретінде қабылдау буддизмнің индуизм
жүйесіне кіргізілгенін көрсетеді. Рама
– “Рамаяна” поэмасындағы патшаның ұлы,
тақтың мұрагері, батыр бейнесі. Халықтың
санасында ол құрметке бөленіп, Раманың,
Вишнудың аваторына айналған. Ал тағы
бір белгілі эпостық жырдың кейіпкері
Кришна да Вишнудың аваторы болып есептеледі.
Кришна жалпы үнділік жоғарғы құдай дәрежесіне
көтерілген. Жыр бойынша батыр жауынгер
Арджунаның атқосшысы болып жүріп, оған
аспан заңы мен эпикалық заңдардың жоғарғы
мәні туралы әңгіме айтады. Кришнаның
бұл философиялық тұжырымдары Бхагавад
– Гита тарауы түрінде Махабхарата жырына
енгізілген. Кейіннен Кришна ақылшы философтан
көңілді, жеңіл ойлы бақташы құдайға ауысады.
Осы ипостасында ол Үндістан әйелдерінің
сүйікті және өте белгілі құдайы ретінде
дәріптеледі. Көктемгі діни мейрамдарда
Кришнаға арналған көп діни ғибадаттар
жасалады. Кришнаға табыну қазіргі кезде
Америка және Батыс Еуропа елдерінде вайшнавизм,
Кришна санасы қоғамдары арқылы кең таралған.
Индуизмнің қасиетті жазбалары Ведалар
болып есептеледі. Олар шрути – “тыңдау,
естілу” деп аталады. Оның екі себебі
бар: олар жоғарғы құдайдан естілген және
шәкірттер ұстаздарының әңгімелерінен
осы текстерді қабылдаған. Қазіргі индуизмде
құдайға құлшылық еткенде осы ведалық
мәтіндерден мантралар оқылады. Мантраларды
(қасиетті сөздерді) тек санскрит тілінде
оқу керек.
Брахмандар – абыздардың сыйыну мен құлшылық
ету оқулығы қара сөзбен жазылған. Бұлар
ведалық әдебиеттердің екінші бөлігі
болып есептеледі. Абыздар жеті Брахмандық
мәтіндерді ерекше бөліп айтады.
Келесі Араньяки мәтіндері де Құдайға
құлшылық, медитация туралы айтады. Ал
Упанишадтарда индуизм философиясының
мистикалық тұжырымдамасы берілген. Упанишад
– қатар отыру деген ұғымды білдіреді.
Гуру (рухани ұстаз) қасына отырған таңдаулы
шәкіртіне қасиетті ілім туралы кеңес
берген. Дәстүр бойынша Упанишадтар 108
мәтіннен тұрады. Оларда индуизм философиясының
мәнін ашатын категориялар берілген:
* Жеке жан (Атман) және Әлемдік жан (Брахман)
* Брахман мәңгі өмір сүреді, бірақ формасы
болмайды.
* Әлем бұл – елес (иллюзия, майя).
* Жан тізбектелген өмір циклынан (сансарадан)
өтіп отырады, оның келесі тіршілігі өзінің
іс-әрекетіне (кармасына) байланысты.
* Жанның азаптан босатылу қасиеті бар
(мокша).
* Жаратылған әлемдегі барлық заттар бірлікте
болады.
Үнділіктердің белгілі эпостық жырлары
“Махабхарата” мен “Рамаяна” да қасиетті
мәтіндер (смрити) құрамына кіреді. “Махабхаратаның”
алтыншы кітабының бір бөлігі болып есептелетін
“Бхагават-Гита” да индуистер үшін өте
құнды кітап.
“Бхагават-Гита” мәтіндерінде Жоғарғы
Құдай туралы ұғым ерекше орын алады. Сонымен
қоса, мұнда адам өмірінің мәні туралы
философиялық тұжырым жасалады. Адамдағы
ең маңызды нәрсе тәнде емес, сезімде емес,
оның рухында. Әлемде Жоғарғы Рух Атманнан
басқа еш нәрсе жоқ. Атман әр адамда бар,
сондықтан өлуге де, біреуді өлтіруге
де болмайды. Адамның тәні өледі, ал оның
негізі – мәңгілік рух қалады. Осы шындықты
адам түсініп, өлімнен қорықпай, өзінің
адамдық міндетін орындауы керек. Яғни,
адам ең бірінші өзін-өзі түсінуі керек.
Алдына рухани мақсат қойған қауымдастықты
Үнді жерінде арийлықтар қоғамы деп атаған.
Олардың әлеуметтік құрылымы варнашрама-дхарма
деп аталады. Бұл қауымдастық төрт таптан,
төрт рухани даму сатысынан тұрады. Олар:
брахмандар (ой-өрістері жоғары тап), кшатрилер
(әкімшілік), ваишилер (саудагер-фермер)
және шудралар (жұмыскерлер).
Варнашрама-дхарма – тұқым қуалаушылық,
касталық жүйеге айналған құрылым. Бұл
құрылымды алғашында Жоғарғы Құдай Бхагаван
қалыптағандықтан, адамдар оны табиғи
түрде, ойға қонымды қабылдаулары керек
деп есептеледі. Адамдар осындай табиғи
таптарға бөлініп, рухани жетілу сатысында
бірлікте болса, қоғам жоғары жетістікке
жетеді.
Төрт варнадан басқа жоғарыда айтылған
төрт ашрама немесе өмірдің рухани сатылары
бар: брахмачари (некесіздікті ұстанатын
шәкірттік кезең), грихастха (отбасылық
өмір), ванапрастха (қоғамдық өмірден бас
тарту), санньяси (тариқаттылық).
Қазіргі Үндістанда варнашрама-дхарма
қасиетті кітаптарда жазылғандай, таза
варнамшрам қоғамы жоқ деп сенімді тұжырым
жасауға болады. Мұны индуистердің өздері
де мойындайды. Себебі, қазіргі заман Ведаларда
жазылған Кали-юга ғасыры, бүкіл әлемнің
тоқырау заманы деп түсіндіріледі. Осы
замандағы Құдайға жетудің бірден-бір
жолы оған қажетінше құлшылық ету. Индуистердің
осы жолдағы діни рәсімдері үш категорияға
бөлінеді: нитья, наймиттика, камьия.
Нитья – бұл күн сайын жасалатын рәсім.
Әр үндіс таңертең Күнге арнап сумен құрбандық
шалады немесе отбасы құдайларының алдында
пуджи (құдайларға құрмет көрсету) өткізеді.
Наймиттиканы адам өмірінің ерекше кезеңдерінде
жасайды. Бұл отбасына кіріс болғанда,
балаға есім бергенде, некелескенде өткізілетін
рәсім.
Діни рәсімдердің үшіншісі – камьия –
діни саяхат. Бұл діни парызды орындау
қажет деп есептесе де, әркімнің таңдауына
ерік беріледі. Индуистер үшін діни саяхат
табиғи өмір салтына айналған десе де
болады. Діни мейрам кездерінде, әсіресе
ана құдайға арналған қысқа діни саяхатты
индустар жаяу жасайды. Қасиетті қалалар
мен әулиелер орналасқан алыс жерлерге
ұзақ саяхатқа шығады. Индуизмде Ганг,
Ямуна, Синдху (Инд), Сарасвати (жер астында
орналасқан), Нармада, Г