Географиялық белдеулер мен зоналар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2011 в 18:03, реферат

Краткое описание

Географиялықбелдеулер климаттық белдеулерге сәйкес, Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың әрқайсысы 4 негізгі географиялық белдеуге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық белдеулер. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П. Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.

Содержимое работы - 1 файл

географиялық белдеулер мен зоналар.doc

— 53.00 Кб (Скачать файл)

Географиялық  белдеулер мен  зоналар. 

     Географиялықбелдеулер  климаттық белдеулерге сәйкес, Солтүстік  және оңтүстік жарты шарлардың  әрқайсысы 4 негізгі географиялық  белдеуге бөлінеді. Олар: экваторлық, тропиктік, қоңыржай және полярлық  белдеулер. Белгілі климат зерттеуші ғалым Б.П. Алисов Жер шарында бір-бірінен температуралық жағдайлары және ауа массаларының қасиеттері мен әсер ету аймақтары арқылы айырмашылық жасайтын 13 климаттық белдеуді ажыратқан.

    Негізгі  географиялық белдеулердің аралықтарын  өтпелі белдеулер бөліп жатады. өтпелі белдеулерге суб (латынша-«кіші,таяу») деген сөз қосылып айтылады. Олар: субэкваторлық экваторлық және тропиктік белдеулердің, субтропиктік тропиктік және қоңыржай белдеулердің, субполярлық (субарктикалық, субантарктикалық) қоңыржай және полярлық белдеулердің аралығын бөледі. 
 
 

Экваторлық  белдеу. 

     Экватордың екі жағын бойлап, созылып жатады. Белдеудің климат жағдайлары жыл маусымдарына бөлінбей, температура бүкіл жыл бойы біркелкі таралуымен ерекшеленеді. Мұнда жыл бойы ыстық және ылғалды. Қаңтар айының орташа температурасы +240С, жылдық жауын-шашын 2000-3000 мм. Жылу мен ылғалдың молдығы өсімдіктердің қаулап өсуіне, сан алуан жануарлардың мекендеуіне қолайлы. Экваторлық орманда 1га жерде ағаштың жүздеген түрі кездеседі. Ең биік ағаштар 50-60м-ге дейін барады. Мұнан төмен ағаштар тағы да 5-6 қабат құрайды. Ағаш діңінің аралықтарында аз ғана саңылауда шырмалып, өрмелеп лианалар өседі. Жуандығы адам білегіндей ғана кейбір лианалардың ұзындығы 300м-ге дейін барады. Ағаш діңі мен бұтақтарын эпифиттер (грекше эпифит «өсімдікке жабысқан») басып жатады. Экваторлық ұдайы ылғалды ормандарда түрлі пальма, діңі қатты темір ағаш, жемісі тамаққа пайдаланылатын нан ағашы, шоколад ағашы өседі. Өсімдіктер сияқты жануарлары да биіктік қабаттарға бөлініп таралған. Ағаштарда быжынаған бунақденелілер, ағаш бақалары, жыландар, шиқылдаған құстар қаптап жүреді. Оларға маймылдардың бақырған үні қосылады.

   Экваторлық  ормандарда қарашірік жиналмай  шайылып кететіндіктен, топырағы  құнарсыз келеді. Өсімдік тамыры топыраққа бекуі үшін ғана кіреді.  
 
 
 
 
 

Тропиктік белдеу. 

    Солтүстік және оңтүстік жарты шарлардың 20-300С ендіктер аралығын тропиктік белдеу алып жатыр. Материктердің ішкі және батыс бөліктерінде бұл белдеудің шегінде тропиктік шөл зонасы қалыптасқан. Африкадағы атақты сахара шөлі осы зонаға кіреді.  
 
 

Қоңыржай  белдеу.  

    Қоңыржай  белдеу шөл, орманды дала және  дала зоналарынан тұрады. Олардың  аралықтарын шөлейт пен орманды  дала өтпелі зоналары бөледі. Шөл Азияда, Солтүстік және оңтүстік Америкада таралған. Әсіресе Азияның орталық бөлігінде көп жерді қамтиды. Шөлдің табиғат жағдайлары барынша қатал. Жазғы ыстық кейде +500с-қа дейін, шөлдің беті +800-қа дейін қызады. Шөлдің тіршілікке ең қолайсыз жағы-ылғалының тапшылығы. Жылдық жауын-шашын 200 мм-ден кем, ал кей жерлерде 100 мм-ге жетпейді. Буланушылық түсетін жауын-шашыннан 10 есе артық. 
 
 

Полярлық  белдеу. 

    Солтүстік  полюс төңірегі арктикалық, оңтүстік полюс төңірегі антарктикалық (грекше анти-«қарсы») белдеу деп аталады. Екеуін де жаппай мұз басып жатыр. Климат жағдайлары өте қатаң. Арктикалық белдеудің 2-3 апта ғана созылатын жаз маусымы кезінда ауаның температурасы 00С-тан сәл ғана асады., қыста ол 30-40 0С-тан түспей, қақаған аяз болып тұрады. Антарктиданың климаты одан да қатал. Онда жер шарындағы ең төмен температура (-88,3 0С) байқалған. Арктикалық және антарктикалық белдеулер мұзды шөл зонасына жатады. Жануарлардың тіршілігі тек теңізбен байланысқан. Солтүстік мұзды мұхитта тек морж бен ақ аю жүреді. Антарктикалық белдеуде пингвиннің тіршілігі материк жағалауындағы сумен байланысты.

    Жазда  мұздан босаған аз ғана жерде  қына мен аздаған мүк шығады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 Табиғат зонасы Табиғи жағдайы Жануарлары  мен өсімдіктері
Арктикалық  шөл Жазы өте  суық, әрі қысқа; қысқы t-400С Мүк, қына, балдыр, ақ аю, ақ түлкі.
Тундра  мен далалы тундра Жауын-шашын  аз, темпетатура төмен, климаты қатал, күшті жел, қарлы боран жиі  болады Мүк, қына, бұталар, бұғы, бұлан, қоңыр аю, көген, құр
Тайга Жазы біршама  жылы және ұзақ. Тек қана қылқан жапырақты ағаштар өседі. Топырағы күлгін, батпақты. Ағаш текті  өсімдіктер, қылқан жапырақтылар: қарағай, шырша, май қарағай, самырсын, балқарағай.

Зубр, бұлан, марал, елік, қоңыр аю, қабан, Уссурий жолбарысы

Аралас  және жалпақ жапырақты ормандар Тайга мен жалпақ жапырақты ормандар арасында жатыр Қылқанды, ұсақ және жалпақ жапырақты орман: емен, жөке, амур барқыт ағашы, лианалар, корей  самырсыны.

Зубр, аю, нерпа.

Орманды дала және дала Шығыс Еуропа мен  Батыс Сібір жазықтарының оңтүстігінде Алтайға дейін Жалпақ жапырақта  ағаштар: емен, үйеңкі, қайың, көктерек, селеу, боз.

Қасқыр, қарсақ, түлкі, тышқан

Шөлейт  және шөл Каспий маңы ойпаттарынан басталады Жусан, селеу, бетеге, бұйырғын.

Ксерофиттер, сексеуіл, қызғалдақ, қаңбақ.

Жабайы түйе, құлан, ақбәкен, қарақұйрық

Қатты жапырақты мәнгі жасыл ормандар мен бұталар Жазы ыстық, құрғақ, қысы жылы, жаңбырлы. Тас емен, тығын  емені, пинше қарағайы, лавр, грек жаңғағы, зәйтүн, кипарис, майшетен, жүзім, цитрус
Субтропиктік  дала, шөлейт және шөл Жазы өте  ыстық Цитрус, анар, жүзім, жер жаңғағы
Субтропиктік  аыспалы ылғалды муссондық ормандар Жазы ылғалды, қысы біршама құрғақ Манголия, камилия, камфора, лавр, бамбук, емен, шамшат.

Жолбарыс, қабылан, гималай аңы, панда, макака, гиббон

Тропиктік шөлдер Ең ыстық  және ең құрғақ климатты Құрма пальмасы.

Бөкендер, онагр, нар, қорқау қасқыр

Саванналар  мен сирек ормандар Жауын-шашын  әр түрлі түсетін саванналар Пальмира пальмасы, сандал ағашы, тик және майлы ағаштар
Субэкваторлық ауыспалы ылғалды ормандар Аса құрғақ емес, жаңбыр саваннадан көбідек жауады Жабайы пілдер, маймылдар
Экваторлық  белдеудегі ылғалды ормандар Жауы-шашын мол. Температура тұрақты, жоғары Ротанг пальмасы, лианалар, архидея.

Мүйізтұмсық, бұқалар, маймылдар.

Биіктік белдеулер Биіктеген сайын ылғал аттып, температура төмендейді Қодас, қар барсы, аю, арқар, жабайы піл, буйвол, жолбарыс, қабылан.

Терая, пальма, бамбук

 Табиғат зоналарының сипаттамасы. 
 
 
 
 
 
 
 

№163 қазақ  орта мектебі 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 

Тақырыбы: Географиялық белдеулер мен зоналар

Тексерген: Мелденова Меруерт

Орындаған:Асанова  Найля 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      2009-2010 оқу жылы

Информация о работе Географиялық белдеулер мен зоналар