Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2011 в 23:48, реферат
Орман белдемдері, экваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде таралған.Орман белдемдерінде табиғи күйінде ағаш-бұта өсімдігі басым орын алады; ылғал артық немесе жеткілікті жағдайда қалыптасады.
Орман
белдемдері
Орман
белдемдері, экваторлық, субэкваторлық,
тропиктік, субтропиктік және қоңыржай
белдеулерде таралған.Орман
Мазмұны
1 Экватолық және субэкваторлық белдеулер
2 Тропиктік және субтропиктік белдеулері
3 Қоңыржай белдеуі
4
Пайдаланған әдебиет
Экватолық
және субэкваторлық белдеулер
Экваторлық
белдеудің көп жерін: Экваторлық
Африканы, Оңтүстік Америкадағы Амазона
өзенінің алабын, Малайя топаралдарын
және Мұхиттық аралдарды экваторлық ылғалды,
мәңгі жасыл ормандар белдемі (гилея белдемі)
қамтиды. Күлгінденген ферраллит топырақта
сан алуан өсімдік түрлері өседі (пальмалар,
эпифиттер және лианалар). Мұхит және теңіз
жағалауларында мангр тоғайлары кездеседі.
Табиғат жағдайлары маусымға байланысты
өзгермейді. Солтүстік және Оңтүстік жарты
шарлардағы субэкваторлық белдеулерде
экватордан алыстаған сайын ұдайы ылғалды
ормандар ауыспалы ылғалды ормандар белдеміне
өтеді. Мұндағы ағаштардың біразы құрғақшылық
маусымда суды аз буландыру үшін жапырағын
тастайды.
Тропиктік
және субтропиктік белдеулері
Тропиктік
және субтропиктік белдеулердегі орманды
белдемдеріне жазы ыстық, қысы жылы климат
тән. Өсімдік вегетациясы жыл
бойы тоқтамай жүреді. Бұл белдемдердегі
өсімдік вегетациясының қарқыны жылу
мөлшерінің маусымдық өзгерістерінен
гөрі ылғалдану сипатының өзгерісімен
байланысты. Орман тропиктік белдеудің
шығыс аймақтарында, Солтүстік Американың
оңтүстік-шығысында, Орталық және Оңтүстік
Америкада, Африканың және Австралияның
шығысында таралған. Ұдайы ылғалды ормандарда
қызыл-сары латериттік топырақта мәңгі
жасыл ағаштар өседі. Маусымдық ылғалды
ормандарда қызыл ферралит топырақта
мәңгі жасыл ағаш түрлерімен қатар құрғақшылық
кезеңде жапырақ тастайтын ағаштар өседі.
Субтропиктік белдеудегі орман белдемі
– гемигилей муссондық аралас орман' және
жерорта теңіздік құрғақ ормандар мен
бұталар белдемшелерінен тұрады. Гемигилей
бүкіл жыл бойы ылғал өте мол түсетін аудандарға
тән (Солтүстік Американың оңтүстік-шығысы,
Бразилия таулы үстіртінің оңтүстігі,
Оңтүстік-шығыс Африка, Жаңа Зеландияның
солтүстігі). Мұнда қызыл-қоңыр, сары және
қызыл топырақта мәңгі жасыл ормандар
өседі. Азияның, Солтүстік және Оңтүстік
Американың, Австралияның климаты муссондық
шығыс шеткі аудандарында лианалар шырмаған,
орман асты шілігі қалың, көп қабатты аралас
ормандар өседі. Климаты жерортатеңіздік
аймақтарда (негізінен Жерорта теңізі
төңірегі) орманның қызыл қоңыр топырағында
қатқыл жапырақты ормандар мен бұталар
(маквис, гаррига, фригана, т.б.) таралған.
Қоңыржай
белдеуі
Қоңыржай
белдеудің ормандары негізінен
солтүстік жарты шардағы
Пайдаланған
әдебиет
1. Қазақ энциклопедиясы VII-том; әдебиеттер: Вальтер Г., Растительность земного шара. Пер. с нем., т. 1, М., 1968; Мильков Ф.Н., Природные зоны СССР, М., 1977; Власова Т.В., Материктердің физикалық географиясы (Солт. Америка. Оңт. Америка. Австралия мен Океания. Антарктида), А., 1985.