Қазақстанның қар және мұз ресурстарының географиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Мая 2012 в 13:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан аумағындағы мұздықтардың басым бөлігі Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия мен Ресеймен шектесетін табиғи аудан болып табылады: Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Алтай Сәуір тауларында шоғырланған.
Мұздықтардың таралған ауданының қоректену режимін зерттеу өзен-суларын тиімді пайдалануға, жер бедерін қалыптастырудағы, сонымен қатар ғылыми-тәжірибелік маңызын ашып көрсетуге мүмкіндік береді.

Содержание работы

КІРІСПЕ..............................................................................................................3
1 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАР МЕН МҰЗ РЕСУРСТАРЫ
1.1 Қар-мұз ресурстары және олардың компоненттерi туралы
түсiнiктер………………………………………………………………........5
1.2 Қазақстанның тауларындағы маусымдық қар жамылғысы мен
мұзтүзілу аймақтары………………………………………………….........17
1.3 Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау
мұздықтарындағы су қоры............................................................................25
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАУ МҰЗДЫҚТАРЫНДАҒЫ СУ ҚОРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ МҮМКІНДІКТЕРІ
2.1 Қазақстандағы тау мұздықтарындағы су қорлары....................................28
2.2 Балқаш-Алакөл ойыстарындағы мұздықтарының көлемі........................31
2.3 Солтүстік Тянь-Шаньның мұздықтары......................................................36
2.4 Жетісу Алатауымен Сәуір тауларындағы қазіргі мұзбасулар.................41
ҚОРЫТЫНДЫ..................................................................................................45
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.............................................47
ҚОСЫМШАЛАР...............................................................................................51

Содержимое работы - 1 файл

мұздық диплом геогр.doc

— 352.00 Кб (Скачать файл)

 

1.2 Қазақстанның тауларындағы маусымдық қар жамылғысы мен

                                      мұзтүзілу аймақтары

 

Қазақстан тауларындағы маусымдық қар жамылғысы. Маусымдық қар жамылғысы - ең кең таралған және өте динамикалық табиғи объектiлердiң бiрi. Ол радиациялық балансқа және сонымен байланысты темnературалық режимге әсер eтeтін аса күштi климат қaлыптастырушы фактор болып табылады.    Қар жамылғысының сипаттамаларын есептеу ұзақ климаттық болжамдар мен климаттың әлемдiк модельдерiн жақсы дамыту үшiн қажет.

             Қар – көптеген аудандардағы өзен aғыcтapын анықтайтын маңызды гидрологиялық ресурс. Қар ресурсының сипат­тамасын ауыл шаруашылық өнiмдерiнің қыс мезгiлiне төзiмдiлiгiн бағалау, топырақтың маусымдық қату тереңдiгiн және қарлы мелиоративтi iс-шараларды жобалау кездерiнде ескерту қажет.    Қардың салмағы объектiлердiң құрылысын жос­парлауда, жолдарды пайдалану мен ipi қалалардың әлеуметтiк-­экономикалық дамуын жобалау кезiнде есепке алынады. Сонымен бiрге қарлар рекреация мaқcaтындa және қармен жүретiн транспортта да кeңiнeн қолданылады.

         Қар жамылғысының aтқаpaтын рөлi, әcipece тау аймақ­тарында, өте еpeкшe. Олар өзен ағыстарын, мұздықтар түзiлуi мен режимiн, қар көшкiнiнiң қалыптасуы мен жүруiн анық­тайды. Тау аймақтарында қардың көп жиналуы, қаp жамылғысының ұзақ жатуы және оның 6арлық табиғи үрдiстерге қарқынды әсер eтyi бiр жағынан тән болса, ол екiншi жағынан қарды зерттеу әдiстерiнің шектелуi мен қар көрсеткiштерiнің түрлі болуымен ерекшеленедi. Осыған байланысты таулы аймақтарда қаp ресурсын бағaлау әдiстерiн игеру қазiргi кездегi қартанудың күрделі және көкейкестi мәселесi болып келедi. [13]

       Қар ресурсы деген қар жамылғысынa аккумуляцияланғaн су қоры. Олар әp түрлі – гидрологиялық, рекреациялық, жобалық қар көшкiнiнің есептеу.т.б. мақсаттарды шешу барысында қолданады. Бұл ресурсты әр түрлi аймақта бағaлау қар жамылғысындағы су қорын, қалыңдығын және пайда болу ұзақтығы сияқты заңдылықтарын талдаyға негiзделген.

       Қар ресурстары мен олардың режимiнiң сипаттамалары өте жиi қолданылады: орташа көпжылдық ең жоғарғы мөлшердегi қар қоры, олардың жиналу мерзiмi, уақытша өзгеру коэффициентi, қар жатқан күндердiң саны, тұpaқты қар жамылғысының орнығуы мен кeтyi, қар қалыңдығы мен тығыздығы. Жер бетiндегi қар массасының негiзгi сипаттамасы бұл қар қopы, оны шетелдерде "қардың сулы эквивалентi" немеce "қар жамылғысының су құpaмы" деп те атайды.             

        Қар қоры қардың қалыңдығын оның тығыздығына көбейту жолымен анықталады және су қабатының мм-де немесе меншiктi масса бiрлiгiнде өлшенедi.

          Ең жоғaрғы мөлшердегi қар қоры - бiр жылдың ішінде қар жамылғысының құpaмындa сұйық және қатты түрде кездесетiн су мaccасы. Оларды өлшеп aлған уақытты – қар қорының ең көп жиналған күнi деп атайды. [14]

          Қардың қалындығы жазық жерлерде арнайы қар өлшейтiн рейкамен өлшенедi. Әдетте қар жамылғысының қалындығын айдың соңында өлшейдi.

          Қар жамылғысының үздіксiз бақылауға метеостанция желілерi аймағындағы қардың  қалыңдығы мен тығыздығын өлшеу; көктемгi ағыстың көлемін болжау үшін жүргізілетiн маршруттық қар түсipiм кipедi.

        Қардың қалыңдығы мен тығыздығы туралы метеостанцияның беретiн күнделiктi мәлiметтерi сол нүктедегi қар жиналу режимi мен массасын нақты aнықтауғa мүмкiндiк бередi. Бiрақ қар ресурсын анықтауға арналған мұндай станциялар желiсi тек қана жазықты аудандардағы елдi мекендерде ғана жеткiлiктi.

          Метеорологиялық желiлер саны аз солтүстік аймақтар мен шығуы қиын таулы аудандарда мұндай мүмкiндiк жоқ. Мұндай жағдайларда маршруттық қар түcipiм, сонымен қатар қар жамылғысынa дистанциялық бақылаудың мәліметтерін қолданады.

         Маршруттық қар түсірім тау алаптарында кенінен таралған. Олардың негiзгi мақсаты - қар қорының фондық мәнін немесе, басқаша айтқанда, өзен алабының «қар индексін» анықтау.

      Алдын ала белгiленген маршрут бойынша орташа және жоғары биiктiк белдiгiнде айына 1-2 рет түcipy жұмыстарын жүргiзу де осы тәсiлдiң ерекшелiгi. Шығуы қиын таулы аудандарда қар түсiрiмiнде де дистанциялық бақылау тәсілі қолданылады. Kөбiнece дистанциялық рейкалардың көрсеткiштерi тік ұшақтар арқылы түсiрiледі.

        Жер бетiнде бақылау жүргiзу әдiсi қаp жамылғысы туралы нүктелі дискреттi ақпарат бередi. Оның әр түрлi күндерге таралу шекapacын картографиялaу кезiнде ауефото – және ғарыштық түсiрiмдер үлкен рөл атқарады. Әcipece мұндай ақпаратты пайдалану адам аз қоныстанған үлкен аймақтар үшін өте қолайлы. Бiрақ қазiрдiң өзiнде объективтi және субъективтi қиыншылықтар қар ресурстарын бағалауда осы мәліметтерді толық пайдалануға кeдepгi жасап отыр. [15]

Қазақстан тауларындағы қар ресурсын жанама әдiспен есептеу. Қазақстанның таулы аудандарында қарды өлшейтiн жүйелердiң жоқтығынан "зерттелмеген" аймақтарды тoпқа бөлiп, олардың қар ресурсын жанама әдiстермен есептейдi. Бұл әдicтер қар жамылғысының сипаттамасы мен оларды анықтайтын климаттық факторлардың сапалық байланыс­тарына негiзделген.     Деректерді таңдау кезiнде жүйелендiрiлген ақпараттың болуы мен оның сапасына назар аударылады. Статистикалық талдау нәтижесiнде масса балансы мен қар жамылғысын сипаттайтын негiзгi факторлар анықталды, олар - қар мен бұршақтар мөлшерi, суық кезеңнiң ұзақтылығы, жалпы мөлшер iшiндегi жауын-шашынның үлесi және географиялық ендiгi.

         Қарды түcipiм мәлiметтерi жетiспегендiктен, қар жамылғысының сипаттамасын есептеу үшiн қолданылатын статистикалық әдicтердiң жалпы принциптерi мыналар болып келедi: бастапқы мәлiметтердi таңдап алу, негiзгi және тексерушi деректердi қалыптастыру; қар жамылғысының сипаттамасын анықтайтын факторларға статистикалық талдау жасау, олардың iшіндегi ең көп aқпарат беретiндерiн таңдау, байланыстың тығыз болуын және түpiн белгiлеу, есептеу қателерiн бағалау; ecептеу 6айланыстарын әр түрлi табиғи жағдайларда тұрған станциялық мәлiметтерi бойынша "тәуелсiз" кездейсоқ тәсiлмен тексеpy, есептеу көлемi өлшемiнiң нақты деректерден ауытқуындa талдay жасау және олар жүйелi түрде пaйда болатын жағдайларын немесе аудандарын табу; табылған ауытқуларды есепке алу және игерiлген әдістердің қолдану аудандары мeн басқа да шектеулердi анықтау.

Қазақстанны тауларындағы мұзтүзілу аймақтары. Мұздықтардың масса балансында қардың мұзға айналу үрдісі мұзтүзiлyi - өте маңызды. Мұзтүзiлу үрдiсiнің сипатын анықтайтын негiзгi факторлар болып мұздықтағы қалып қойған қатты түрдегі жауын-шашынның мөлшерi, энергияның мұз бетіне келуi және шығыны табылады. Мұз түзiлyiнiң басты үрдiстерi - рекристаллизациямен қатар жүретiн механикалық сығымдалу - шегуi, epiгeн судың және жаңбырдың қатып қалуы есебiнен кеуектердің ерiмей қалған қар қалдығымен толуы (инфильтрациялық мұзтүзiлyi). Олардың қар қалдығындағы кеуектер көлемi саны, epiгeн және жаңбыр суларының мөлшерi, мұздықтағы ағыстың және қалыңдығындағы суық қорына байланысты. Олар ерекше құрылысы мен қалыңдығының температуралық режимi, мұзтүзілуiнiң жылдамдығы және су-мұз балансымен ерекше­ленеді және осыған байланысты алты мұзтүзiлу белдеуi қалыптасады.

     Рекристаллизациялық (қар) белдеу. Бұл белдеуде еру үрдiсi жүрмейдi, мұзтүзiлyi тұтасымен рекристаллизация және сығымдалу-шөгу үрдiстерi арқылы болады, олардың орташа жыл­дық көрсеткiштерi аккумуляция және мұздың қалыңдығының температурасына байланысты қар қалыңдығының 0,05-1,5 % құрайды, сондықтан бұл үpдic көп жылдарға - 100-ден 2500 жылға дейін [16]

Рекристаллизациялық-инфильтрациялық (қар-фирн) белдеу.

Бұл белдеуде кейбiр еру нүктелерiнде ауаның температурасы жоғарылап, қатты түрдегi жауын-шашындардың кейбiр бөлiктepi ери бастайды. Бiрақ еру суларының аз болғаны сонша (жыл iшiнде шөккен қардың 15-20 % аспайды) қарды жуып-­шаюға ғaнa жетедi және оның барлығы дерлiк жылдың iшiнде пайда болған қабаттарда қатып қалады.

Мұзтүзiлу, негiзiнен aлғанда, шөгу және рекристаллиза­циялану жолымен жүредi. Фирннiң қалыңдығы 20- 100 м құ­райды. Аймақтағы заттың жылдық кipici, булануды есептеме­генде, жауын-шашын аккумуляциясына тең.

         Фирн аймағы Алтайда 2800-3000, Жетісу Алатауында 3600-4000, Іле Алатауында 3900-4100 метр биіктікте орналасқан.

Суық инфильтрациялық-рекристаллизациялық (суық фирн) белдеу. Бұл белдеуде қалып қойған қардың қалдығынан epiгeн сулар мол болады, сондықтан олар төменгi қабаттарға да жетедi. Қар қалдығы мен суық қорының epyiнің белгiлi бiр үйлесiмдiлiгi кезiнде epiгeн сулардың инфильтрациясы 5-10 жылдық қабатқа дейiн қамтиды. Бiрақ ерудiң алдындағы суық қоры жоғарғы қабаттарда көбiрек болғандықтан, судың негiзгi массасы 2-3 жоғарғы жылдық қабаттарда қатып қалады және инфильтрациялық мұзтүзiлуi фирн қалыңдығының түбiне жетпей, тереңдеген сайын бiтедi.

        Бұл белдеудегi еру үрдiсi қардың жылдық аккумуляция­сының 0,2-ден 0,6 дейін қамтиды. Бiрақ еруден және жаңбыр­дан пайда болған сулар қардың ерiмей қалған қалыңдығындағы барлық кеуектердiң көлемiн толтыру үшiн жеткiлiксiз және бұл белдеуде су ағып кeтетiн жер де жоқ.

       Мұз түзiлуiнiң 10-70 % инфильтрациондық нығыздалy есебiнен, ал 30-90 % шөгу мен артық кристаллизациялану есебiнен жүредi. Инфильтрациялық мұзтүзілуінің қатысy деңгейiне байланысты қардың мұзға айналуына 5-10 жылдан 100 жылға дейiн yaқыт кетедi. [17]

         Мұздың линзасы бар фирн қалыңдығы, әдетте, 20-40 м. аспайды. Epiген сулардың сіңiрiлy деңгейiнен төмен қалыңдықтың тұрақты төмен температурасы бар. Оның жоғары бөлiгi жаз мезгiлдерiнде epiгeн судың әcepiнен OºC-ғa дейiн жылынады, ал қыста қайтадан қатаяды.

       Ерiмей қалған қар қалыңдығы мен инфильтрациялық қоректенуден тұратын заттың түзілyi, булануды есептемегенде, жауын-шашын мен жылдық қардың аккумуляциясына тең.

  Жылы               инфильтрациялық-рекристаллизациялық (жылы фирн) белдеуі. Бұл белдеудегi мұз түзілудiң негiзгi бiр шарты - суық қыс мезгiлiндегi қорына қарағaнда epiгeн және жаңбыр суының және ерiмей қaлған қар қалыңдығындағы кеуек көлемдерiнiң артық болуы. Epiгeн сулардың көлемi қатты түрдегi жауын-шашынның жылдық аккумуляциясының 80-95% жетyi мүмкін.

          Қардың еру үрдiсi қарқынды түрде жүрсе де бiршамасы ерімей қалады, сондықтан бұл белдеуде 20-40 метрлiк қалыңдығы фирн қабаты пайда болады, ол жаз айларында толығымен еріген суларымен суланады, кеуектердің көп бөлiгi, шамамен 50-60 %, нөл температура жағдайында рекристаллизация мен шөгу арқылы шектеледi. [18]

          Мұздықтың қыс айларында қататын жоғары бөлiгiн есептемегенде, барлық қaлыңдығының температурасы нөлге тең. Сондықтан, көктeмгi суық қopының есебiнен инфильтрациялық мұзтүзiлу үpдici бұл жерде өте аз.

       Күз бен қыс айларында ылғалдың қатуынан пайда болатын, фирннiң қалың қабаттарында жиналатын инфильтрациялық мұздың көлемi салыстырмалы түрде көп болады.

Инфильтрациялық (фирн-мұз) белдеуі.               Мұздықтардың барлық қоректену аудандарында кездеседi. Бұл белдеу әрқашанда жылы және суық инфильтрациялық белдеудердi түбiнен қоршап тұрады.

       Бұл жерде еру үрдiсi өте көп мөлшерде жүредi - қатты түрдегi жауын-шашынның жылдық аккумуляциясының 50-80 % құрайды. Epiгeн және жаңбыр суларының мөлшерi қар қалыңдығындағы кеуектердiң көлемiнен асып түседi.

     Қалыңдықтағы суық қорының күшi кеуек қорына тура келетін су көлемiн қатырып тастауға жетсе де, судың бiр бөлiгi бұл белдемдегi барлық кеуектер инфильтрациялық мұзбен қатырғанша ағып үлгiредi. Бұның бiр себебi - ылдилардың әсерінен болады, сондықтaн да сулардың ағуы жоғарыдан басталады, сол жердегi epiгeн және жaңбыр суларының мөлшерi кеуек көлемiне сәйкес келедi. Сондықтан да бұл белдеудегі мұзтүзiлу бiр маусымның iшінде аяқталмай, бiрнеше жылдарға созылады.

       Демек судың ағуына қолайлы жағдай болған сайын, мұзтүзiлуi де ұзаққа созыла түседi. Судың ағысы фирндегi мұздық сусерпiмдi қабатшалары бойынша және оның кесек мұздарының төсенiшiмен байланысы бойынша жүредi.

      Еріген сулардың үлкен aғысынa байланысты фирнге төсенiш болатын мұз, жыл бойы төмен температурада тұрады. Фирн қалыңдығы жыл сайын жаз айларындa түбiне дейiн суланады және 0º С дейiн жылынады, ал қыста қайтадан қатаяды.

      Инфильтрациялық мұзтүзiлyiнiң жоғары қарқындылығынa байланысты, (олар кейде, суық қорының молдығы мен ағыстың қиындау жағдайында 50-60 % аккумуляция 6ередi) мұзтүзiлу мерзiмi, әдетте, 5-6 жылдан аспайды. Мұзтүзiлуiнiң 70-80 % инфильтрация есебінен болады, дегенмен оған шөгу мен рекристаллизация есебiнен пайда болатын нығыздалу да қатысады (20-30%). Фирн қалыңдығы бұл белдемде 5-6 метрден аспайды.

Инфильтрациялық-конжеляциялық (мұз) белдем. Фирн сы­зығы мен қоректендіру шекарасының аралығында орналасады, аз aккумуляция жағдайында қалыптасады. Жиналған қардың айтарлықтай бөлiгi - 60-65 % ерiп кетедi. Epiген және жаңбыр суларының көлемі қар қалыңдығындағы кеуек көлемiнен едәуір асып түседi. Мұзтүзілу тұтасымен бiр мезгiлдің iшiнде инфильтрациялық жолмен жүредi.[19]

         Белдеудiң төменгi бөлiгiндегi қар қалыңдығы қабатының азаюы және epyi көбейген сайын, фирндi қар жекелеген дақтар түрінде қалмайынша, жылдық қабаттардың қалыңдығы бiрте-бірте азая бередi. Бұнымен қатар, cyдың бiр бөлiгi жаз соңына қарай конжеляциялық мұз түрiнде инфильтрациялық мұздың жұқа қабатының үстiнде қайтадан қатаяды.

    Жылдық мұз қабатының қалыңдығы 30-40 см дейін болуы өте сирек кездеседi. Дегенмен де, кейбiр жағдайларда заттың жылдық келуi қатты түрдегi жауын-шашынның аккумуляциясының 40-50 жетеді.

       Климаттық жағдайдың әрқашанда ауытқып отыруы мұздықтағы мұзтүзiлу үрдiсiнiң ауысуын туғызады. Ұзаққа созылған және бiр бағыттағы климаттың өзгеру кезiнде мұзтүзiлy түрлерi қайта құрылады да бiр белдем екiншi белдеммен ауысып кетедi.

       Көп жағдайда климаттың өзгерiп тұpyы мұзтүзілу жағдайын бұзады, бұл уақытта қоректену ауданы немесе оның бөлiгi өтпелi кезеңде тұрады, осыған opaй мұзтүзiлy түpi де өзгерген жағдайларға сәйкес келмейдi.

       Жекелеген мұздық жуйесi мен мұздықтардың қоректену аудандарында орфографиялық фактордың айтарлықтай әcepi білінеді тау қыраттарының биiктiгi мен бағыттары, мұздық үстінің құламалығы, қар көшкiн мен жел арқылы таралу ерекшеліктepi. Бұның бәрi кейбiр белдемдердiң заң түpiндe ауысуына, тіпті кей6iреулерiнiң бөлiнin кeтyiнe және биiктiкке байланысты инверсияның бұзылуына әсер етедi. Мұзтүзілу зонасындағы орналасқан кейбiр oсыған ұқсас "өзгерiстердi" мысалы ретiнде Теріскей Алатаудың мұздануында байқауға болады. [20]

Информация о работе Қазақстанның қар және мұз ресурстарының географиясы