Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2012 в 23:22, реферат

Краткое описание

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Содержимое работы - 1 файл

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы.docx

— 28.64 Кб (Скачать файл)

 

 

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы

1. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. 

 

        Мемлекеттік сатып алуды құқықтық реттеу принциптері

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы:

1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

2) осы Заңда көзделген  жағдайларды қоспағанда, әлеуетті  өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін теңдей мүмкіндік беру;

3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік;

4) мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;

5) отандық кәсіпкерлерді қолдау принциптеріне негізделеді. 

 

       Мемлекеттік сатып алу процесі

1. Мемлекеттік сатып алу процесі:

2) мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді;

3) өнім берушіні таңдауды және онымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуды;

4) мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуын қамтиды.

Осы тармақтың ережелері осы Заңның 41-1-бабында жүзеге асырылуы көзделген мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.

3. Тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының) негізінде тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.

Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс беруші тиісті бюджет (бизнес жоспар, кірістер мен шығыстар сметасы) бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бекітеді және онда мынадай мәліметтер:

4. Тапсырыс беруші тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын бекіткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны уәкілетті органға жібереді не табыс етеді.

5. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.

 

 

 

          Мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулер

1. Әлеуетті өнім беруші, егер:

1) осы әлеуетті өнім  берушінің басшылары және (немесе) осы әлеуетті өнім берушінің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары өнім берушіні таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не өткізілетін мемлекеттік сатып алуда тапсырыс берушінің немесе ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

2) әлеуетті өнім беруші және (немесе) оның қызметкері тапсырыс берушіге не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға өткізілетін мемлекеттік сатып алуды дайындау жөнінде сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсетсе, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мемлекеттік сатып алуға қатысуын қоспағанда, өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын объектінің құрылысына арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысса;

3) мемлекеттік сатып алуға қатысуға үміткер әлеуетті өнім беруші басшыларының мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қатыстары бар болса және осындай заңды тұлғаларды мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу үшін негіз болған жол берген бұзушылықтары сот шешімімен танылса;

4) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;

5) баланстық құны тиісті негізгі құрал-жабдықтар құнының он процентінен асатын әлеуетті өнім берушінің және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) мүлкіне тыйым салынса;

6) әлеуетті өнім берушінің  және (немесе) ол тартқан қосалқы мердігердің (бірлескен орындаушының) қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті өнім беруші мемлекеттің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға құқылы емес.

2. Әлеуетті өнім беруші мен әлеуетті өнім берушінің аффилиирленген тұлғасының бір конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ.

3. Мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мүддесіне орай жүзеге асырылатын болса, оның осындай сатып алуға әлеуетті өнім беруші ретінде қатысуға құқығы жоқ.

4. Осы баптың талаптарының  бұзылуына жол берген әлеуетті өнім беруші не өнім беруші осы Заңда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілуге тиіс. 

 

       Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындау тәртібі

1. Тапсырыс беруші мен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бір тұлға болатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны, сондай-ақ тапсырыс берушінің алда болатын мемлекеттік сатып алуда мүддесін білдіретін оның лауазымды адамын айқындайды.

2. Тапсырыс берушінің өзі тікелей не мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты өз құрылымдық бөлімшесінің атынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы бола алады.

Тапсырыс беруші өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекемені не оның аффилиирленген тұлғасын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы етіп айқындауға құқылы.

3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мынадай талаптарға:

1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін орындауға жауапты құрылымдық бөлімшесі болуға;

2) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы қызметінің бейіні тапсырыс беруші үшін сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің ерекшелігіне сай болуға тиіс.

4. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өзі мемлекеттік басқару органы болып табылатын өзінің ведомстволық бағынысындағы мемлекеттік мекеме, заңды тұлға не бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мемлекеттік басқару органы болып табылатын заңды тұлғамен аффилиирленген тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

Мемлекеттік кәсіпорын онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

Дауыс беретін акцияларының (үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлға өзімен аффилииренген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі өзіне қатысты құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлға үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.

5. Бірыңғай мемлекеттік сатып алуды өткізу мақсатында:

1) Қазақстан Республикасының  Үкіметі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;

2) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімі бірнеше тапсырыс беруші үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;

3) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекемелер немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы;

4) тапсырыс беруші тапсырыс берушіге ведомстволық бағынысты бірнеше мемлекеттік мекемелер немесе онымен аффилиирленген тұлғалар үшін олардың ішінен мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысын айқындауға құқылы;

5) өздеріне қатысты Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі құрылтайшы (уәкілетті орган) не акционер болып табылатын заңды тұлғалар үшін ол мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде әрекет етуге құқылы. 

 

 

       Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері

Мемлекеттік сатып алу мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

1) конкурс тәсілімен. Конкурс екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып өткізілуі мүмкін;

2) баға ұсыныстарын сұрату;

3) бір көзден алу;

4) ұйымдастырылған электронды сауда-саттық;

5) тауар биржалары арқылы. 

 

Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор:

1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуді, енгізуді, ақпараттық - техникалық сүйемелдеуді және пайдалануды жүзеге асырады;

2) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімді техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

3) мемлекеттік сатып алу веб-порталының құрылуын, жұмыс істеуін және оны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

4) осы Заңға сәйкес өтеусіз негізде міндетті түрде жариялануға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады;

5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызмет көрсетеді;

6) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне өтеусіз негізде консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;

7) мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік сатып алу жобаларын басқаруды және оны техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады;

8) мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілікті, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде қазақстандық мазмұнның көлемі туралы есептілікті техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

9) мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар интеграциясы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттандыру саласында ұлттық оператормен өзара іс-қимыл жасайды. 

 

        Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау

1. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды мына органдар:

1) Қазақстан Республикасының бюджет кодексінде белгіленген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік қаржы бақылау органдары;

2) уәкілетті орган бақылау  объектілерін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді орындау арқылы жүзеге асырады.

2. Мыналар:

1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптамалық комиссия, сарапшы;

2) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысушы, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету үшін бірлескен атқарушылар ретінде тартатын тұлғалар;

3) ұйымдастырылған электрондық  сауда-саттықта мемлекеттік сатып алуға қатысушы тұлғалар;

4) мемлекеттік сатып алуға тауар биржалары арқылы қатысатын тұлғалар бақылау объектілері болып табылады.

3. Бақылау объектілеріне қатысты жоспарлы тексерулер күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық жүзеге асырылмайды.  

 

 

 

       Мемлекеттік сатып алу туралы шарттың күшіне енуі

1. Мемлекеттік сатып алу туралы шарт оған тапсырыс беруші мен өнім беруші қол қойғаннан кейін не конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді өнім беруші толық енгізгеннен кейін күшіне енеді. Егер мемлекеттік сатып алу туралы шарт тіркелуге жататын болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелгеннен кейін күшіне енеді.

2. Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес тіркеуге жататын мемлекеттік сатып алу туралы шартты тапсырыс беруші оны жасағаннан кейін не өнім беруші конкурстық құжаттамада көзделген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді толық енгізгеннен кейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынады. 

 


Информация о работе Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы